Қоршаған ортаны ластауды экономикалық бағалау



Дата07.09.2022
өлшемі44,35 Kb.
#38599
түріКодекс

Дәріс 4
Қоршаған ортаны ластауды экономикалық бағалау

Кәсіпорын шамадан көп қоршаған ортаны ластаған кезде едәуір шығынға ұшырайды. Қоршаған ортаны ластаудағы экономикалық бағалау дегеніміз, ҚР экологиялық кодексінің 108 бабы бойынша тұтынушылардың табиғи қорлар мен қоршаған ортаны қалпына келтіруге кеткен шығынның құндық көрінісі болып табылады. Қоршаған ортаны қорғаудың лауазымды өкілеті қоршаған ортаға келген залалдың бір айлық фактілері бойынша жиын өткізу арқылы экономикалық бағалау жасайды. Қоршаған ортаға зиян келтірудің экономикалық бағалауы атмосфералық ауа, су қорларының жоғары көрсеткіші. Сонымен қатар, өндіріс қалдықтарын орналастыру мен қолданудың жоғары көрсеткіштері, соның ішінде радиоактивті түрлері, тура және жанама әдістер арқылы анықталады. Экономикалық бағалаудың тура әдісі нақты шығындарды анықтаумен сипатталады. Бұл әдімс қоршаған ортаны қалпына келтіруге, азайып келкен табиғи қорлардың орнын толтыруға, тиімді, техникалық және технологиялық шаралар арқылы табиғи тірі ағзалардың өмір сүрулеріне жағдай жасайды. Қоршаған ортаны қорғаудың лауазымды өкілеті ең бірінші органдардың табиғи ортаға келтірген залалдарын қалпына келтіру шараларын қарастырады. Қоршаған ортаны қалпына келтірудегі тиісті міндеттемелер мен жүргізілетін шаралар арнайы кепілді хатта баяндалады және оның жүргізілу уақыттарын нақтылы көрсетілуі қажет. Экономикалық бағалаудың тура әдісінде қоршаған ортаны қорғаудың лауазымды өкілеті тәуелсіз сарапшыларды тартуына болады. Тәуелсіз эксперт ретінде экологиялық тексерушілер, инженерлік және жоба жасаушылар мекемеснің мамандары бола алады.


Ал экономикалық бағалаудың жанама әдісі эконмикалық бағалаудың тура әдісі қолданылмаған жағдайда осы жанама әдіс қолданылады. Бұл жанама әдіс әр ингредиент тигізген залал қосындысың қоршаған ортаға тигізген әр түрлі ықпалдарымен анықталады. ҚР Өкімет қаулысының № 535 2007 жылдың маусым айының 27 – не сәйкес қоршаған ортаны ластаудың экономикалық бағалауының ережелері бекітілген.
Қоршаған ортаны шамадан көп ластанса, онда экономикалық бағалау арнайы аспаптармен немесе арнайы есептелінген формулалар арқылы есептелінеді.
Экологиялық қауіп деңгейі мен экологиялық заңнама бұзылса, онда арнайы белгілермен жинақталған лауазымды адамдар арқылы анықталады, ол туралы төменде айтылады.
Экономикалық бағалаудың жанама әдісі формула қолдануды талап етеді. Атмосфералық ауаның шамадан көп ластануы i көрсеткіші бойынша анықталады:
(4)
Мұндағы, i көрсеткіші бойынша мемлекеттік және экологиялық өндірістердің тексеру кезіндегі табылған ластанудың нақтылы шығаралу мөлшері, гр/сек; i көрсеткіші бойынша нормативті ластану, гр/сек; 3600/1000000 – гр/сек тонн/сағ айналдыру коэффициенті; Т – зиян тигізілген кезеңдегі құрылғының жұмыс уакыты. Бұл уақыт экологиялық және мемлекеттік тексерудің соңғы мәліметтерін алады, бірақ ол 90 күннен аспауы керек (сағатпен).
ластанатын заттардың атмосфералық ауадағы тәуліктік – орташа шоғырлануы;
экологиялық қауіптілік коэффициенті;
экологиялық тәуекелділік коэффициенті;
Экологиялық қауіптілік коэффициенті №1 кесте бойынша анықталады.

Кесте №1


Экологиялық қауіптілік деңгейі

Белгілер

Экологиялық қауіптілік коэффициенті

0

Мекеме аумағындағы қалдықтарды арнайы орындарға (полигондар, складтар) орналастыру, қаттау.

1

1

Мекеменің шеткі аумағына қалдықтарды орналастыру; технологиялық негізгі қалдықтардың керексіз көздері;

1,5

2

Мекеме аумаына шығарылатын технологиялық негізсіз шығарылымдар; орманы жоқ жерлерге және ауыл шаруашылық жерлерге қалдықтарды орналастыру;

2

3

Мемлекеттің орман қорлары бар жерлерге қалдықтарды, шығаралымдарды орналастыру. Сонымен қатар, арнайы күзетілетін табиғат аймақтардың, 1 және 2 зонадағы курортты жерлер апаратын қалдықтар.

3

Экологиялық тәуелділік коэффициенті №2 кесте бойынша анықталады.


Кесте № 2



Экологиялық тәуелділік деңгейі

Белгілер

Экологиялық тәуелділік коэффициенті

0

Бұзушылық, зиян келтірген мекемелердің соңғы үш жылдағы берілген түрді бұзушылығы болып табылады.

1

1

Зиян келтірген мекемелердің соңғы үш жылдағы берілген түрдің бірден үшке дейінгі бұзушылықтары;

1,1

2

Зиян келтірген мекемелердің соңғы үш жылдағы берілген түрдің төрттен онға дейінгі бұзушылықтары;

1,5

3

Зиян келтірген мекемелердің соңғы үш жылдағы берілген түрдің оннан асып кеткен бұзушылықтары;

2

Су қорларын шамадан көп ластаудың экономикалық бағалауы 5 – ші формула бойынша анықталады.


(5)
Мұндағы, i көрсеткіші бойынша мемлекеттік және экологиялық өндірістердің тексеру кезіндегі табылған ластанудың ағынды сулардағы
көрсеткіші, мгр/л; i көрсеткіші бойынша нормативті ластану, мгр/л;
3600/1000000 – гр/сек тонн/сағ айналдыру коэффициенті; су қорларын ластаудағы ластаушы заттың мөлшерлі концентрациясы;
экологиялық қауіптілік коэффициенті;
экологиялық тәуекелділік коэффициенті;
Y – зиян келген уақыттағы судың көлемі (қоршаған ортаға тигізілген залалды анықтаған уақыттан бастап соңғы тексеруге дейін);
Ластанудың зкономикалық бағалауы i көрсеткіштегі өндіріс қалдықтары мен шамадан көп пайдалану 6 – шы формуламен анықталады.
(6)
Мұндағы,
белгілі бір уақыт кезіндегі i индексіндегі қалдықтарды орналастырудың нақтылы көлемі, тонна немесе ;
белгілі бір уақыт кезіндегі i индексіндегі қалдықтарды орналастырудың нормативті көлемі, тонна немесе ;
i индексіндегі қалдықтарды орналастыру үшін төленген нормативті төлемнің ставкасы, тенге/тонна немесе тенге/мың, ;
Экономикалық ластауды бағалау кезінде қоршаған ортаны радиоактивті қалдықтармен шамалы ластау нормативті төлеумен сипатталынады. Радиоактивті ластау – табиғи уранмен ластау болып табылады, оның 1 тоннасы 12 ГБк уландырғыш затқа тең келеді.
Уландыру бойынша Янтарлық индекс қалдықтарына жататын өндірістік қалдықтардың 1 тоннасы радиоактивтілігі 12 ГБк тең келетін альфа – сәулеленумен теңеседі. Сондықтан, 1 ГБк альфа – сәулеленуінің төлеу ставкасын алу үшін бекітілген 1 тонна Янтарлық тізімді 12 – ге бөлеміз. Ал уландырудың Красный индексті түріне өндірістік қалдықтардың 1 тоннасы радиоактивтілігі 12 ГБк болатын трансуранды қалдыққа тең болады. Сондықтан, 1 ГБк трансуранды – сәулеленудің төлеу ставкасын алу үшін бекітілген 1 тонна Красный тізімді 12 – ге бөлеміз.
Қауіптілігі жағынан бета – сәулелену альфа – сәулеленуден 10 есеге аз. Сондықтан альфа – сәулеленудің 1 ГБк төлеу ставкасын 0,1 ге көбейтеміз.
Осыдан экономикалық ластауды бағалаудың қоршаған ортаны радиоактивті қалдықтармен шамалы ластауы 7 – ші формуламен анықталынады.
(7)
Мұндағы,
i – ші сәулеленудегі радиоактивті қалдықтарды қалдықтарды орналастырудың нақтылы радиоактивтілігі, ГБк;
i – ші сәулеленудегі радиоактивті қалдықтарды қалдықтарды орналастырудың нормативті радиоактивтілігі, ГБк;
1 ГБк сәйкес келетін сәулеленудің төлеу ставкасы, тенге/ГБК;
10 – арттыру коэфициенті;
экологиялық қауіптілік пен экологиялық тәуелділік коэффициенті.
ҚР экологиялық кодексіне сәйкес қауіпті қалдықтарға төмендегі заттардың бір немесе бірнеше түрлері жатады:

  1. жарылғыш заттар;

  2. жанғыш сұйықтықтар;

  3. жанғыш қатты заттар;

  4. өзінен - өзі жанатын заттар мен қалдықтар;

  5. қышқылды заттар;

  6. органикалық пероксидтер;

  7. улы заттар;

  8. ұзаққа созылатын немесе созылмалы аурулар тудыратын уландырғыш заттар;

  9. жұқпалы аурулар туғызатын заттар;

  10. тоттанатын заттар;

  11. уландырғыш заттар;

  12. қалдықтар немесе заттардың сумен байланысқанда пайда болатын өртке қауіпті газдардың бөлінуі;

  13. қалдықтар немесе заттардың сумен байланысқанда пайда болатын жұқпалы ауру туғызатын газдардың бөлінуі;

  14. жоғары белгілердің біреуіне ие болатын қалдықтар мен заттар;

Қауіпті қалдықтарды тасымалдауды бақылауда Базель конвенциясы бойынша тасымалдау, пайдаға асыру, сақтау мақсаттарында қауіпті қалдықтардың 3 деңгейі қарастырылған:

    1. жасыл – индексі G;

    2. янтарлы – индексі А;

    3. қызыл – индексі R;

Қалдықтарды кодтау білім саласы қажет етеді. Оларды пайдалану, қалпына келтіру, қауіпті құрамды элементтермен жұмыс істеу, қауіптілік түрін анықтау да білімді қажет етеді, сондай – ақ, қалдық пайда болатын объектілерде экономика саласы өте қажет. Қауіптілік деңгейін анықтау мен қалдықтарды кодтау арнайы топтастырушы маман арқылы жүзеге асырылады. Бұл маман қоршаған ортаның арнайы өкілетті органымен бекітіледі. Егер арнайы топтастырушы маманда берілген қалдық түрі болмаса, онда қауіптілік деңгейі мен кодтау қоршаған ортаның арнайы өкілетті органымен қарастырылады, дәлелденеді. Қауіптілік деңгейі мен кодтау жұмыстары технологияның өзгеруі, басқаша шикізат түріне ауысқан кезде немесе қалдықтардың сипаты өзгерген кезде өзгертіледі. Қалдықтарды кодтаудың белгілі бір түріне жатқызу табиғат зерттеушісінің өз бетімен жүзеге асырылды немесе қоршаған ортаны қорғауда, сол салада қызмет көрсетуге лицензиясы бар заң иесін тарту арқылы жузеге асырылады. Қалдықтарға паспорт құрастырылады. Шаруашылық қызметте пайда болатын қауіптілігі жоғары қалдықтарға паспорт құрастыру мен бекіту арнайы жеке тұлға немесе заң иесімен жүзеге асырылады.
Қауіптілігі жоғары қалдықтардың паспорты төмендегі бөлімдерді игеруі қажет:

  1. қалдықтар аты;

  2. өндірістік ғимараты бар жеке тұлғаның аты – жөні, тұрғылықты жері, сонымен қатар, ғимараттың орналасқан жері, ғимараттың реквизиттары мен аты;

  3. қалдықтардың пайда болуы;

  4. қауіпті қалдықтардың сипатталу тізімі;

  5. қалдықтардың химиялық құрамы мен оның компоненттерінің сипаттамасы;

  6. қалдықтарды өңдеудің жолдары;

  7. қалдықтармен жұмыс кезіндегі сақтық шаралары;

  8. қалдықтарды тасымалдауда талап етілетін шарттар мен жүк тиеу мен түсіру жұмыстары;

  9. ескерту шаралары;

  10. қосымша ақпараттар;

Өнеркәсіпті қалдықтарға 8 блоктан тұратын код беріледі:
Су бетіне төгілген мұнайдың экономикалық ластаудың бағалануы. Ластанудың мөлшерін анықтаудағы негізгі факторлар:

  1. Су объектісінің ластану ауданы;

  2. Төгілген мұнайдың салмағы;

  3. Су объектісінің ластану деңгейі;

Су объектісінің ластану ауданы мемлекеттік – экологиялық тексеруші арқылы арнайы құралдар әдісімен, аэрофотосурет арқылы есептелінеді. Су қорларының мұнаймен ластануының есебі келесі 8 формула арқылы есептелінеді:
, (8)
Мұндағы,
Мн – су объектісінің бетіне төгілген мұнай салмағы, тонна;
ПДКмунай – берілген су объектісіндегі мұнайдың шектеулі концентрациясы;
БС – өкімет органдарымен бекітілген 1 тонна ластайтын заттардың нормативті төлеу ставасы, тенге/тонна;
10 – арттыру коэффициенті;

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет