FAUGET
Орталық Азияның
ортағасырлық мәдениеті.
Жібек жолы
Орта Азияның ортағасырлық қалалары
және қала мәдениеті. Орта ғасырдағы Орта
Азия мәдениеті - көптеген ұлттардың,
қоғамдардың, діндер мен этникалық топ
мұраларының көркем жиынтығынан
құралған. Азия мәдениетінің маңызды
бөлігі-көркем өнері,музыкасы және
әдебиеті. Мұнда әлемдік діндер яғни
индуизм,ислам және христан діндері
дамыған өркениеттер қалыптасқан. Орта
ғасырда тарихы және географиялық
әдебиеттерде Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс,
Орталық Қазақстанда, Талас, Қырғыз, Іле,
Жоңғар Алатауының
бөктерлерінде,Қаратаудың күнгей
беттерінде,
Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениеті жасағын
тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден
бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол, Еуропа мен
Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын
жалғастырған көпір болған. Оның Қазақстан жерін
кесіп өтетін тұсында, VI ғасырдан бастап екі бағыт:
Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең
өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс
Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан
Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай
Батыс елдеріне өткен.
Objective nº 2
Objective nº 3
Қазақстанның ортағасырлық қалаларында жүргізілген қазба жұмыстары
кезінде археологтар Қытай мен Византия, Иран мен Үндістан елдерінің теңге
сарайларында нақыштап соғылған теңгелер мен ділдәлар қазып алған.
Сонымен бірге сол жерде жасалған әрі сауда керуендерінен келген басқа
бұйымдар да табылған. Алматы маңындағы ежелгі Талхир қаласының орнын
қазған кезде Иранда жасалған қола табақ, қытай фарфоры мен жапон фаянс
тостағанының сынығы және т.б. бұйымдар қолға түсті. Әсіресе, беті түрлі
танғажайып оюлармен, тамаша суреттермен безендірілген табак ерекше
қызықтырып, ықылас тудырады. Қызыл түсті жапон фаянс тостаған
сынығының іші мен сыртында айдаһар, тау мен теңіз, «алтын» киім киінген ер
кісі мен әйел әсем бейнеленген.
Objective nº 2
Objective nº 3
Жібек жолы арқылы тауарлармен қатар ортағасырлық
өнер: сәулет, мәдениет, әуен мен би өнері, көркем
қойылымдар да жан-жаққа таралған. Иран, соғды, түрік
бишілері мен әртістері Қытай хореографиялық мәдениетіне
зор үлес қосқан. Ұлы Жібек жолы бойымен дін өкілдері де өз
уағыздарын шет елдерге тараткан. Бүкіл Орта Азия мен
Шығыс Түркістан арқылы Үндістаннан, Қытай, Корей, Жапон
халықтарына будда, ал Сирия, Иран, Арабия елдеріне
христиан діндері енген.
Objective nº 2
Objective nº 3
Еуропа мен Азияны, Шығыс пен Батысты ұштастырған
бұл жол түрлі мәдениеттің дамуына ықпал етіп, алыс-
жақын елдердің өзара қарым-қатынас жасауына өте
қолайлы еді. Қазақ даласында өмір сүрген сол
замандағы отырықшы қала тұрғындары мен көшпелі
тайпалар адамзат мәдениетінің дамуына әсерін
тигізген. Халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарып, білім
деңгейлері көтерілді. Саусағынан өнер тамған қолөнер
шеберлері өздерінің таңғажайып туындыларын
дүниеге әкелді.
Objective nº 2
Objective nº 3
Ұлы Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым елеулі
жетістіктердің бірі. Керуен жолдарының тарамдалған жүйесі Жерорта
теңізінен Қытайға дейін Еуропа мен Азияны кесіп өтіп, ерте дүние мен орта
ғасыр дәуірінде сауда байланыстары мен Батыс пен Шығыс мәдениеттері
арасындағы тілдесуінің маңызды құралы қызметін атқарды. Жолдың
неғұрлым ұзақ үзігі Қазақстан мен Орта Азия арқылы өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |