Орта мектебінің оқушылары соңғы 10 жылда



Дата02.06.2023
өлшемі14,55 Kb.
#98219

Жарқын орта мектебінің оқушылары соңғы 10 жылда жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Мектепте оқушылар түрлі мектепшілік сайыстарға аудандық, облыстық.республикалық жарыстарға ,интернет арқылы қашықтықтан өтетін олимпиадаға қатысып әртүрлі жетістіктерге жетті.
Аудандық жайдарман лигасының «Маусымашар-2013» фестивалінде өнегелі өнер көрсеткені үшін мектеп оқушыларының құрамасы жетістікке жетті. Облыстық жайдарман фестивалінде өнегелі өнер көрсетіп , Облыстың Жайдарман чемпионатынын ¼ финалінде жеңімпаз атанды. Тимирязев ауданының әкімі кубогіне жастар жылы аясында талантты да белсенді жастар арасында ұйымдастырылған КВН ойында «Жарқын KZ» командасы дипломмен марапатталды. Сондай-ақ аудандық көркемсурет байқауының жеңімпаздары жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ Сахабин Мереке, Хамзина Азиза, Еркеш Айдос, Кыдырмаев Алишер. Мектебіміздің оқушыларын Досанбаева Ақмарал Құдабайқызының жетекшілік етуімен аудандық мәдениет үйінде және облыстық көркемөнерпаздар байқауына қатысты. Астана қаласында көркемөнерпаздар байқауы Кәкімбек Салықовтың 90 жылдығы, Сафуан Шаймерденовтың 100 жылдығы, Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығы, сонымен қатар "Балалар жылына" орай ұйымдастырылған болатын. Осы байқауда оқушылар домбыра ансамблінің орындауында "Сал күрең" атты күйді өз нақышына келтіріп орындап шықты. Сондай-ақ Супиева Гүлнұр домбырамен "Сәулем-ай" әнін орындап көрермендердің көңілінен шыға білді. Өнерлерің өрге жүзіп, осындай биіктен көріне беріңіздер. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған аудандық мерекелік шарада Жарқын орта мектебінің "Шабыт" домбырашылар ансамбілі "Салкүрең" күйін орындады. Сонымен қатар 4-ші облыстық «Сайра домбыра» атты оқушылар арасындағы дәстүрлі ән байқауына Дүйсен Марал қатысып жүлделі 3-ші орынға ие болды. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған аудандық шығармашылық жұмыстар конкурсының нәтижесінде жеңімпаздарымыз Базарбай Дильназ 2-ші орын , Алдаберген Салтанат 3-ші орынға ие болды. Ал «Тұлпар мініп, ту алға!» атты республикалық байқау жеңімпазы Елубай Жасмин марапатталды.
Мектебімізде спорттық іс-шаралар өз дәрежесінде өтіп үлкен жетістіктерге жетті.
Жерлесіміз Қыстабаев Фархад Ғұмырбекұлы 24 Сурдлимпиада ойындарында қарсыластарынын асып түсіп, алтын медальді женіп алды. Фархад онкүндікте барлығы 5400 ұпай жинап, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Мектеп түлектері облыстық, аудандық дәрежеде өткізілген спорттық жарыстарда «Баскетболдан», «Футболдан», «Волейболдан» мектебіміздің
ұлдар және қыздар командалары І-ІІ орындарды жеңіп алды. Атап айтсақ облыстық спорттық жарыстарда Қайыржанов Әлібек пен Балтабай Досжан жүлделі орынды иеленді.
11 сынып оқушысы Базарбай Мағжан мен 9 сынып оқушысы Супиева Гүлнұр аудандық шахмат жарысынан жүлделі 1орынға ие болды. Сондай-ақ 3 сынып оқушысы Аблай Әмірхан аудандық жүгіруден жүлделі 1орынды иеленді. Жарқын орта мектебінің командасы аудандық баскетбол жарысынан жүлделі 1-ші орынға ие болды. Жарқын орта мектебінің командасы аудандық жарыста футзалдан 1-ші орын алды. Сондай-ақ «Мен чемпион» балалар спорт ойыны бойынша облыстық турнирінің 1-ші кезеңінде 1-ші орын алды.
Мектеп жанын көгалдандыру мақсатында гүлзарларға гүл егіліп, үлескі ішіне көкеністер егілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет