Орта тас ғасыры (Мезолит). І нұсқа Мұздықтың ери бастаған кезеңі



Дата19.09.2023
өлшемі32,5 Kb.
#108535

§4. Орта тас ғасыры (Мезолит). І нұсқа
1. Мұздықтың ери бастаған кезеңі:
а. қола дәуірі в. энеолит с. палеолит д. неолит е. мезолит
2. Мамонт, мүйізтұмсық сияқты ірі аңдар жойылып кеткен дәуір:
а. кейінгі тас ғасыры в. неолит с. ерте тас ғасыры д. мезолит е. энеолит
3. Ежелгі тас дәуірі – палеолит пен неолит арасын жалғастыратын дәуір:
а. Темір в. Мустье с. Мезолит д. Қола е. Энеолит
4. Орта тас ғасыры қамтитын кезең:
а. б.з.б. 12-5 мың жыл в. б.з.б. 5-3 мың жыл бұрын с. б.з.б. 75-12 мың жыл бұрын
д. б.з.д. 7-5 мың жыл е. б.з.б. 1 млн. 750 мың жыл бұрын
5 Б.з.б. VІІІ мыңжылдықта Қазақстан аумағында қолайлы климат орнаған дәуір:
а. Темір дәуірі в. Мезолит с. Палеолит д. Энеолит е. Неолит
6. Мезолит дәуірі шамамен созылды:
а. 7 мың жылға в. 5 мың жылға с. 6 мың жылға д. 8 мың жылға е. 4 мың жылға
7. Мезолиттің үлкен жаңалығы (1-2 см) ұсақ жаңқа тастардан жасалған құралдар атауы:
а. қырғыш в. микролит с. бифас д. тескіш е. ретушь
8. Мезолит заманының басты жаңалығының бірі:
а. Тобырдың қалыптасуы в. Садақ пен жебенің жасалуы с. Мал ш/ның қалыптасуы
д. Теселі егіншіліктің дамуы е. Тас құралдарын ойлап табу
9. Бұдан 10 мың жыл бұрын мезолит дәуірінде адамдар шаруашылығында пайда болған жаңалық:
а. Егіншілік в. Мысты пайдалану с. Қыш құмыра жасау
д. Тастан құрал жасау е. Көшпелі мал шаруашылығы
10. Ерлер мен әйелдердің арасында еңбек бөлінісі қалыптасқан дәуір:
а. Палеолит в. Қола с. Неолит д. Мезолит е. Энеолит
§4. Орта тас ғасыры (Мезолит). ІІ нұсқа
1. Б.з.б. 12-5 мыңжылдықтарды қамтитын дәуір:
а. палеолит в. темір с. неолит д. қола е. мезолит
2. Мезолит дәуірінің қамтитын кезеңі
а. Б.з.б. 140-40 мың жыл. в. б.з.б. 80-40 мың жыл. с. Б.з.б. 12-5 мың жыл.
д. Б.з.б. 30-10 мың жыл. е. Б.з.б. 200-140 мың жыл.
3. Қазақстан аумағындағы белгілі мезолиттік тұрақтар саны:
а. 10-нан астам в. 20-дан астам с. 40-тан астам д. 50-ден астам е. 30-дан астам
4. Атбасар маңында орналасқан мезолит дәуірінің қонысы:
а. Қызылсу в. Әкімбек с. Тельман д. Тәңірқазған е. Дүзбай
5. Мезолит тұрақтардың аз болуының негізгі себебі:
а. Тайпааралық соғыстардың в. Жиі қоныс аударуынан с. Адамдар санының азаюынан
д. Ұсақ аңдардың қырылуынан е. Мұздықтың басуынан
6. Жебелі садақ пен бумеранг дүниеге келген дәуір:
а. Мустьер в. Палеолит с. Энеолит д. Мезолит е. Неолит
7. Мезолит дәуірінің ерекшеліктері:
а. Жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдарды өсіру в. Тас құралдарын пайдалану
с. Қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуы д. Қыш құмыра жасау е. Тобырдың қалыптасуы
8. Қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр болатын мезолиттік баспана табылған өзен аңғары: а. Торғай в. Шу с. Жайық д. Есіл е. Арыс
9. Орта тас ғасырындағы балалар тобынан ересектер тобына өту ғұрпы:
а. Жетілдіру в. Бағыштау (инициация) с. Дағдыландыру д. Үйрету е. Кәмелеттік

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет