Ортадан тепкіш сораптардың негізгі параметрелері 3



бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі49,38 Kb.
#20706
  1   2   3


Жоспар


Кіріспе 1

1. Ортадан тепкіш сораптар 3



2. Ортадан  тепкіш  сораптардың негізгі параметрелері 3






















Кіріспе


Сорап дегеніміз сырттан əсер ететін күш қуатына (механикалық, электрлік жəне т.б) байланысты су немесе басқа да сұйықты көтеруге жəне оны тиісті қысыммен тұтынушыға беруге арналған құрылғы. Алғашқы үздіксіз су көтеруге арналған құралдардың қатарына периметріне ожау ыдыстар орнатылған доңғалақтарды жатқызуға болады. Оларды адам қолымен немесе жануарлар күшімен айналдырылатын болған. Осындай доңғалақты су көтергіштердің біздің жыл санауымызға дейінгі 1000 жыл бұрын жасалған түрі Египет жəне Қытай жерлерінен табылған. Соның балшықтан жасалған құмыралармен жабдықталған түрінде, доңғалақ айналған кезде, су өзеннен құмыраға ілініп алынады да, ең жоғарғы нүктеден асқанда, яғни құмыра төмен қарай еңкейген кезде, науаға құйылады. Одан кейінгі уақытта, доңғалақты су көтергіштердің жетілдірілген түрлерінің бірі - ол инженер Джакоб Леопольд (1674–1727) жасаған, ішкі жағында майыстырылған 9 құбырлары бар қондырғы. Оның артықшылығы - айналдыру үшін су ағысының қуаты пайдаланылады, құбырға енген сулар оның иілген жерінде ортаға бағытталып, айналу күшін арттырады. . Сораптың өрт сөндіруге арналған алғашқы түрін жыл санаудан бұрынғы І - ші ғасырда гректің атақты ғалымы Герон жазған болатын. Бұл жазу бойынша сораптың ағаштан жасалған поршенді (піспекті) құрылымы бұдан да бұрын белгілі екендігі айтылады. Поршенді сораптың ілгері дамуы XVIII ғасырдың екінші жартысында металл өндірісінің қарқын алуына жəне бу машиналарының пайда болуына сəйкес келеді. Бұл сораптар өткен XX ғасырдың 20 – 30 – шы жылдарынан бастап ортадан тепкіш жəне роторлы сораптарға ауыса бастады. Өйткені олар электр қуатымен жұмыс істейтін, құрылымы жағынан қарапайым, пайдалануға ыңғайлы болатын. Жалпы, сырттан тебетін күш қуатын пайдалану арқылы сұйық заттарды тасымалдауға болатын идеяны XV ғасырда өмір сүрген Леонардо до Винчи дəлелдеген. Осындай сораптан, спиралды корпустан жəне төрт қалақшалы жұмыс доңғалағынан тұратын алғашқы құрылымын француз ғалымы Д.Папен 1703 жылы ойлап тапты. Ол жасаған сорап «помпа» деп аталып кетті.Ортадан тепкіш жəне өстік сораптар құрылымдарын жетілдіру мен олардың теориясын дамытуда атақты ғалымдар Л.Эйлер, О. Рейнольдс, Н.Е. Жуковский, С.А.Чаплигин жəне т.б еңбектері үлкен роль атқарды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет