Сорап берілісі



Дата17.10.2022
өлшемі79,84 Kb.
#43541
Байланысты:
ортадан тепк сщраптар


Гидравликалық машиналар дегеніміз электрқозғалтқыштың механикалық энергиясын тасымалданатын сұйықтың ағын энергиясына айналдырып, қысымын көбейтеді немесе қозғалыстағы сұйық тегеурін энергиясын механикалық энергияға айналдыратын (гидравликалық құбырлар) машиналар. Гидравликалық жетек дегеніміз сораптан және сәйкес реттегіш және таратқыш аппаратурасы бар гидроқозғалтқыштан тұратын гидравликалық жүйе және жұмысшы сұйық көмегімен беріліс беруді қамтамасыз етеді.


Сұйық қоспаларды кәсіпорын ішінде аппараттар мен қондырғылар арасында және кәсіпорыннан тыс басқа жақтарға тасымалдауға арналған гидравликалық машиналар сораптар деп аталады.
Сораптар үш түрге бөлінеді: қалақшалы немесе ортадан тепкіш, көлемді және ағынды.
1. Қалақшалы /ортадан тепкіш/ сораптардағы қысым, қалақшалы доңғалақтардың айналуындағы ортадан тепкіш күштің сұйыққа әсерінен пайда болады. Бұларға ортадан тепкіш, құйынды және осьтік сораптар жатады.
2. Көлемді насостардағы қысымдар айырмасы сұйықтардың белгілі бір көлемін жабық камерадан жылжымалы немесе айнамалы денелер арқылы ығыстырып шығарғанда пайда болады. Бұларға поршенді /плунжерлі, диафрагмалы/ және роторлы /тісті доңғалақты, пластинкалы, винтті/ сораптар жатады.
3. Ағынды насостарда сұйықтарды тасымалдау үшін жұмысшы сұйықтың /ауа, бу, су т.б./ кинетикалық энергиясын пайдаланады.
4. Сұйықтардағы сығылған газ немесе ауа жәрдемімен тасымалдау үшін газлифт /эрлифт/ және монтежюлар қолданады.
Сорап берілісі немесе өнімділігі – сораптың уақыт бірлігінде тасымалдайтын сұйық мөлшері;
Сораптың тегеуіріні - тасымалданатын сұйықтың салмақ бірлігіне берген салыстырма энергиясы сипаттайды. Тегеуірін насостың 1 кг сұйыққа берген энергиясы арқылы, осы сұйықтың қанша биіктікке көтерілетінін көрсетеді
Сораптың куаты - сұйыққа энергия беру үшін жұмсалған салыстырмалы энергия мен сұйық мөлшерінің көбейтіндісіне тең. Теориялық (пайдалы) қуат және электроқозғалтқыш шығындаған толық қуат деп бөледі.
Сораптың пайдалы әсер коэффициенті – пайдалы қуаттың толық қутқа қатынасы. Ол үш пайдалы әсер коэффициентің туындысына тең (п.ә.к.): көлемдік, гидравликалық және механикалық. Көлемдік п.ә.к. сұйық көлемінің шығынын ескереді (берілістің аздығын). Гидравликалық п.ә.к. және механикалық п.ә.к. – сорап тегеуріні мен машина элементтері арасындағы үйкелісті азайтуға арналған.

Сорап жұмыс істегенде сұйық жұмыс доңғалағының қалақшалар арасындағы каналмен күрделі қозғалыспен; қалақша бойлап салыстырмалы жылдамдықпен және жұмыс доңғалағымен бірге айналмалы жылдамдықпен қозғалады. Жылдамдық векторы «» жылдамдық құрайтын екі вектордың геометриялық қосындысы.


1. ауыспалы жылдамдық векторы «» - жұмыс доңғалағымен бірге айналмалы жылдамдықпен қозғалады;
2. салыстырмалы жылдамдық векторы «»жұмыс доңғалағының қалақшалар арасындағы каналмен күрделі қозғалады.
Қалақшалы машиналардың негізгі теңдеуін Л. Эйлер енгізді, ол идеальды жұмысшы доңғалақ моделі шексіз жұқа қалақшалар және ағыс теориясының шексіз санынан шығады
.



Бұл теңдеуді барлық ортадан тепкіш машиналар үшін қолдануға болады. Жоғарыда көрсетілген теңдеу, ортадан тепкіш сорап туғызған теориялық тегеурін сорап сорған сұйықтың қайдан шыққанына байланысты емес. Сонымен қатар, жұмысшы доңғалақтың диаметрін және айналыс санын жоғарылату, кез-келген жоғары тегеурінді туғызуы мүмкін. Қалақшалы сораптардың тегеуріні мен берілісі өзарабайланысты екеніне де көңіл аудару керек. Бір параметрін өзгерту екінші параметрінің өзгеруіне әкеліп соғады.
Жұмысшы доңғалақтың қалақшалар түрі де сорап тегеурініне әсер етеді. Доңғалақтардағы калақшаларды, артқа қарай қайырылған, радиальды қалақшалы және қалақшалары алға қарай қайырылған деп бөледі. Ең жоғары теориялық тегеурін қалақшалары алға қарай майысқан жұмысшы доңғалақта пайда болады, ал ең кіші тегеурін қалақшалары артқа қайырылған қалақшаларда болады
Ортадан тепкіш сораптардың теориялық сипаттамасы, теориялық тегеурін нің беріліске тәуелділігін тағайындайды. Бұл сипаттама идеал сұйық және шексіз қалақшалар саны бар жұмысшы доңғалақ сипаттамаларын сәйкес келеді.

Конструкциясы және дайындалатын сорап түрлеріне, өлшемдерінің әртүрлілігіне сәйкес сораптар жұмысының нақты шарттары әртүрлі болып келеді. Сондықтан олардың жаңа түрлерін жасағанда, оларды модель түрінде тәжрибелік зерттеуден өткізеді және алынған мәліметтерді нақты сорап жасауға пайдаланады. Және де белгілі бір гидравликалық сапаға ие болатын модель, осы сериядағы барлық машиналармен гидравликалық ұқсас болуы керек.


Қалақшалы сораптардың ұқсастық заңдары, геометриялық өлшемдері мен жұмысшы доңғалақтың айналыс сандары ұқсас сораптардың берілісін, тегеурінін және қуатын тағайындайды.
Ұқсас сораптар үшін көрсетілген формулалар басқа да мақсатта қолданылуы мүмкін – сол және басқа да сораптардың жұмысшы доңғалақтың айналыс санын өзгерткен кездегі берілісті, тегеурінді және тұтынатын қуатты өзгерткендегі есептерді шығарғанда пайдаланады, егер осы үш шама қандай да бір айналыс саны үшін белгілі болса. Бұл айналыс саны бірдей болған кездегі модельді сорапты сынауды одан әрі жеңілдетеді, ал айналыс санының мәні басқа болса, онда пайдалы әсер коэффициентің шамасын анықтау жеткілікті.
; ; .

Қалақшалы доңғалақ пішінінің жылдам жүрісіне әсері
Бұл формуланы пропорциональдық немесе ортадан тепкіш сораптың пропорциональдық заңы деп атайды.
Іс жүзінде олар сораптардың пайдалану шарттарын анықтау үшін қажет.
Барлық ұқсас сериялы, ұқсас тәртіппен жұмыс істейтін сораптардың негізгі ұқсастық критериі болып жылдамжүрістілік коэффициенті табылады
.
Бұл коэффициент сораптар түрінің сипаттамасы болады және сораптардың қолдану аймағын анықтайды. Келтірілген формуладан көріп отырғанымыздай, жоғары жылдамжүрістілік коэффициенті бар сораптар көп жағдайда аз
тегеурінде үлкен беріліс беретін сораптар үшін қолданылады, ал жылдамжүрістілік коэффициенті кіші болатын сораптар аз берілісте үлкен тегеурін туғызады. Сондықтан жоғары тегеурінді сораптардың айналыс саны көп емес (баяуайналатын сораптар), ал аз тегеурінді сораптар – көпайналысты (жылдамжүрісті сораптар) болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет