Ортағасырлық археология: көшпелі тайпалардың заттай мәдениеті Ортағасырлық археология: қалалар мәдениеті



Дата21.12.2022
өлшемі20,65 Kb.
#58842

Ортағасырлық археология: көшпелі тайпалардың заттай мәдениеті
Ортағасырлық археология: қалалар мәдениеті

Жетісу ескерткіштері. Жетісудың Қазақстан жағындағы аумағынан


ортағасырлық көшпенділерінің бірен-саран ғана обалары қазылған, ал бұл уақыттың мәдениеті кездейсоқ табылған олжалар бойынша ғана белгілі болып отыр.
Моңғол заманына жататын ыдыстар, ІХ-Х ғасырлармен мерзімделген
нефрит қапсырмалар, белдікті әшекейлеп тұрған қола қапсырмалар мен
жапсырмалар ерекше қызығушылық туғызады.
Ат қоса жерленген түркі замандағы қабірдің бірі Алматыдан шығысқа
қарай 20 км жердегі Алатау кентінен қазылған, ол VІ-VІІ ғасырлармен
мерзімделінген. Мола шұңқыры 1,2-1,4 м тереңдіктен анықталған, оның ұзындығы 2,3 м, ені 1,3 м. Шұңқырдың оңтүстік бөлігінен аяғы бүгілген, бас сүйегі солтүстік -батысқа қаратылған жылқы қаңқасы аршылған. Шұңқырдың солтүстік бөлігінде адам қаңқасы орналасқан. Жерленген
адам шалқасынан жатқызылған, басы оңтүстік-шығысқа қаратылған. Моланы
тазалау барысында садақтың сүйек жапсырмасы алынған. Тілі қозғалмалы,
қалқаншасында адам бейнеленген қола айылбас табылған. Белбеу
жапсырмалары нәзік торлы қапсырмалардан тұрады. Сонымен бірге күміс қаңылтыршамен қапталған ағаш түйме, ілгекті темір үзеңгі алынған.
VІІІ ғасырмен мерзімделінген тағы бір оба Тараз қаласынан шығысқа
қарай 40 км жердегі Қызыл-Қайнар қойнауынан аршылған.
Оба диаметрі 7 м, биіктігі 0,3 м. Тас үйінді астынан ұзындығы 2,1 м, ені
1,2 м қабір шұңқыры аршылған. 1,3 м тереңдіктегі текпішектен
қабырғаларының астында темір үзеңгі жатқан жылқы қаңқасы аршып
алынған.
Адам сүйектерінің орналасуына қарағанда, ол ұзынынан басы солтүстік-шығысқа қаратылып жатқызылған. Онымен бірге қабірге садақ (сүйек
жапсырмалары ғана сақталған), ағаш қабығынан істелінген қорамсақ, үш
қалақты жебе қойылған. Белбеу тұсынан рама және жүрек тәрізді қола
қапсырма, сілеусін басымен аяқталатын сүйек алқа алынған.
Обаны зерттеген автор Жетісуды сол замандарда мекендеген қарлұқ
тайпаларымен байланыстырады.
Кейінгі уақыттағы қабірлерге Талдықорған қаласы маңындағы Қадырбай,
Алматы қаласынан батысқа қарай 160 км жерде орналасқан Қарақұдық
қойнауларындағы қоршаулар мен обалар жатқызылған.
Қарақұдық қорымындағы қоршауларға жерленгендер топырақ
қабатында жасалынған шұңқырға басы солтүстік -батысқа бағытталып,
ұзынынан шалқая қойылған; Қадырбай қорымындағы қоршаулар – шикі
кірпішпен жабылған ұңғыма қуыстан тұрады, оларға да осы жерлеу ғұрпы тән. Бұл молалардың қабірінен ислам ықпалы (бағыты, құрал-сайманның болмауы) аңғарылады. Олар ХІІІ-ХVІ ғасырлармен мерзімделінеді.Тянь-Шань, Қырғызстан аумағындағы ортағасырлық көшпенділер жерлеу ескерткіштері (оба, қоршау, т.б.) біршама жақсы зертелінген. Тянь-Шань көшпелілерінің обалары мен ғұрыптық ескерткіштері екі хронологиялық кезеңді қамтиды.
Ерте кезеңге (VІ-Х ғасырлар) жеке немесе топты обалар тән. Қорымға
тән негізгі белгі олардың аумағында тас плиталарынан жерге қазылып,
көмілген шаршы немесе тікбұрышты тұрпаттағы ғұрыптық қоршаулардың болуы. Ғұрыптық қоршаулардың батыс не болмаса шығыс жағында тас мүсіні немесе құлпытас орналасады. Сөйтіп, обалар мен ғұрыптық (еске алу) құрылыстар біртұтас кешенді құрады. Оба үйінділері топырақтан, тастан тұрғызылған; тас пен топырақ араластырып үйілгендері де бар; топырақпен көтеріліп, тас сауытпен жабылғандары да ұшырасады. Үйінділер әдетте үлкен, жоспары бойынша сопақша болып келеді, шаршы секілділері сирек. Обалардың диаметрі 3-6,5 м, тікбұрышты обалар 4х4 м-ге дейін жетеді немесе 8х5,6-5,5 м. Кейде оба үйіндісінен күл, керамика, мал сүйектері секілді берілген астың қалдықтары да табылып жатады.
Мүрде қабір шұңқырына, үңгімелерге, катакомбаларға қойылды. Адам
мен жылқы арасына тастан далда жасалған ескерткіштер де ұшырасады.
Өлікті жерлеу ғұрпы жүзеге асырылған. Қайтыс болған адам шалқасынан
жатқызылған.
ҮІ-Х ғасырлардағы қабірлердің басты айырмашылық белгісі жылқының
адаммен бірге жерленуі болып табылады, екеуінің басы қарама -қарсы жаққа
немесе бір жаққа бағытталуы мүмкін. Жылқының денесін адам денесімен бір
деңгейге қойды не болмаса бір саты төмен немесе жоғары қойды.
Атсыз жерленген адам қабірі де кездескен. Жерленгендердің бағытталуы
да әркелкі. Тек жылқы ғана жерленген молалар да ұшырасқан.
Аттар бүкіл әбзелдерімен бірге жерленген. Молаға кейде жылқы
жүгендерінің бөлшектерімен бірге қой да қойылды. Мүрдемен бірге қабірге
керамика, пышақ, айна, белдік, қару-жарақтар – жебе ұштары, сүйек
жапсырмалы садақ, қорамсақ, қылыш қойылған болатын. Айылбастар, жебе
ұштары, белбеу жиынтығынан алынған қапсырмалар ерекше қызығушылық туғызады. Олар біртегіс болып жасалды не болмаса жан -жануарлардың, балықтың бейнелерімен, өсімдік суреттерімен сәнделді. Жиынтық белбеулер (кісе белдіктер) әскери және әлеуметтік рәміздік қасиеттерге ие болды.
Қабірлерден әшекей бұйымдар арасынан қола сырғалар, сақиналар,
жүзіктер табылған. Сырғалар көбіне жүзік секілді пішінде жасалынды.
Сондай-ақ қабірлерден керамика, ағаш ыдыстар алынған. Әйел адамдардың қабірінен қола айналар шығып отырады.
Металдан жасалған қыруар заттар қалалық орталықтарда, отырықшылық
аумақтарда дайындалғандығы анық. Ал ХІ-ХІҮ ғасырлардағы көшпелі түркі мәдениетіндегі жерлеу дәстүрі
біршама өзгереді. Молаларға биіктеу жерлер, тау баурайлары таңдап алынды. Қорымдар обалардың шағын бөлігінен (25-ке дейін ғана) тұрды, жекелеген обалар да ұшырасады, оба үйінділері тастан, топырақтан көтерілді. Үйінділері дөңгелек, сопақ, тікбұрышты. Сопақ үйінділі обалар астында ислами дәстүрде жерленген қабірлер болады.
Б.з. II-V ғасырларында егер Шығыстан жүре бастасақ, Жібек жолы
Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжоу маңындағы Хуанхэ өткеліне баратын да, одан әрі Нань-Шаннінң солтүстік сілемдерімен жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен барып шығады. Осы арадан сара жол екіге айырылып, Такла-Макан шөлін солтүстік және оңтүстік жағынан айналып өтетін. Терістік жолы Хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына жететіп ортадағы жол Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға, сосын Бедел асуы арқылы
Ыстық көлдің оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан, Хотан, Яркенд, Бактрияларды басып өтіп, Үндістан мен Орта теңіз аймағына қарай шырқап кететін; бұл Оңтүстік жолы деп аталатын. Ал, Солтүстік жолы Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұхара, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға, Мысырға баратын.
VІ-VІІ ғасырларда бұрынғы жол (Ферғана арқылы) қысқа әрі қолайлы болуына қарамастан, Қытайдан шығып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы Батысқа қарай өтетін жол бәрінен де жанданып кетеді. Жолдың бұлай ауытқуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары орын тепті. Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол VII ғасырда ішкі қырқыс салдарынан қауыпты болып қалған еді, үшіншіден, аса бай түрік қағандары мен олардың айналасындағы кісілер, теңіздің арғы бетінен келген тауарларды аса көп тұтынатындар қатарынан
саналатын. Сөйтіп, VII-XV ғасырларда бұл жол маңызды болып, елшіліктер және сауда керуендерінің дені Жібек жолының осы тармағымен жүретін. Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз өзгеріп отырған, оның бір телімдері айрықша маңыз алып, көркейіп жатса, екінші бір телімдері жабылып, ондағы қалалар мен сауда бекеттері қаңырап бос қалып жатты. Мәселен, VI-VIII ғасырларда негізгі күре жол Сирия – Иран – Орта Азия – Оңтүстік Қазақстан – Талас алқабы – Шу алқабы – Ыстық көл шұңқыры – Шығыс Түркістан болған. Осынау жолдың бір тармағы, дәлірек айтсақ, тағы бір бағыты
Византиядан шығып, Дербент арқылы Каспий өңірі даласына – Маңғыстау – Арал өңірінен өтіп, Оңтүстік Қазақстанға жеткен. Бұл жол Сасанидтер Иранына қарсы, Батыс түрік қағанаты мен Византия арасында сауда-елшілік одағы жасалған кезде, Иранды айналып өтетін болған. IX-XII ғасырларда жолдың бұл желісі, Орта Азия мен Таяу Шығыс арқылы Кіші Азия мен Сирияға, Мысыр мен Византияға баратын жолға қарағанда, едәуір аз пайдаланылған, ал XIII-XIV ғасырларда ол қайтадан жанданады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет