Ортағасырлық Қазақстан аумағындағЫ Қараханидтер



Дата09.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#66592

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ҚАРАХАНИДТЕР

Қарастырылатын мағлұматтар:

  • Қарахан мемлекетінің құрылуы;
  • Қарахан мемлекетінің саяси жағдайы;
  • Қарахан мемлекетінің мәдениеті мен шаруашылығы;
  • Өнер;
  • Құлауы

Қарахан мемлекетінің қалыптасуы

  • Х ғасырдың орта шенінде Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағында Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы Баласағұн қаласы болды. Қарахан әулетінің негізін салушы-Сатұқ Боғра хан. Боғра хан елді түрік кезеңінде басқарды. Қарахандар әулеті Яғма тайпасының өкілдерінен болды. Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін, сияқты түрік тілдес тайпалар кірген. Қарахан мемлекетінің құрылуын тездеткен жағдайлардың бірі - қарлұқ қағанатының ыдырауы болатын. Қарахан мемлекетінде жер иеленуді “Иқта”, ал иеленушілерді “иқтадар” (парсы сөзі) деп атаған. Арабша жерді иеленушілерді “муқта” деп атаған. ХІ ғасырдың 30-жылдарында Қара-хандықтар мемлекеті шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Батыс бөлікке-Мауреннахр, Ходжент жерлері кірді. Астанасы Бұхара қаласы болды. (кейін Самарқантқа ауысты). Шығыс бөлікке Жетісу, Шығыс Түркістан жерлері, Тараз, Испиджаб, Шаш қалалары кірді. Орталығы Баласағұн, кейіннен Қашғар қаласы болды

Қарахан мемлекетінің саяси жағдайы

  • 1128 жылы Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнның билеушісі Арыслан өздеріне қысым жасап, тыныштық бермеген қаңлылар мен қарлүқтарға қарсы күреске қара-қытайларды көмекке шақырды. Қарақытайлар көсемі Елюй Даши Баласағұнды басып алып, Қарахандар әулетінің билеушісін тағынан тайдырды. Сойтіп, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Осыдан кейін қарақытайлар жаулап алу жорықтарын жалғастырып, мемлекет шекарасын Енесейден Таласқа дейін кеңейтеді. Олар қарлұқтарды бағындырып, Шығыс Түркістанды қосып алды. 1137 жылы кдрақы-тайлар Ходжент қаласы жанында Мәуеренахрдың билеушісі Махмудхан әскерін талқандады. Қарақытайлар Орта Азияға қарай жылжып, Салжүк сүлтаны Санжарға соққы беріп, 1141 жылы Самарқанд қаласын басып алды. Осыдап кейін Елюй Дашы өзін ең жоғарғы лауазымды атақ гурхан (ұлыхан) деп жариялады. Қай-тар жолда гурхан әскерлері Бүқараны оңай басып алып, Баласағүн аймағына келіп орналасты. XII ғасырдың 30-40 жылдарында қазіргі Оңтүстік Қазақстанның, Бүқара мен Самарқандты қоса алғанда, Мәуеренахр аймағының жері қарақытай иелігіне кірді. Қарахандар әулетін қарақытай-лар өз боданына (вассал) айналдырды. Осы ұлан-байтақ өңірді мекендеген халықтар, соның ішінде түрік тайпалары мен ұлыстары Қарақытай мемлекетінің құрамына кірді. Қарақытайлар өзіне бағынған үлыстардың хандарын және аймақтардың билеушілерін өкімет басынан тайдырмады. Олар Қарақытай өкіметіне бодан ретінде бағынды да, өз биліктерін жергілікті жерлерде жалғастыра берді. Қарақытай өкіметі олардан тек алым-салық алуды ғана білді. Алым-салықтың екі түрі болды. Оның бірі - үй басынан алынатын бір динар түтін салығы, екіншісі, егіншілер өнімінің оннан бірі көлемінде алынатын астық салығы еді.

Мәдениеті мен шаруашылығы

  • Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «иктадар» деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды. Мемлекеттік дін ретінде — Ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұни есімі кең мәлім болды

Өнер

    • Қарахан мемлекеті кезеңінде тұрғызылған сәулет өнерінің озық үлгілері. 10 – 12 ғ-да Жетісу, Сырдария алқаптарында қала, мешіт, монша, кесене (Айша бибі, Аяққамыр, Алаша хан күмбезі, Бабажы қатын кесенесі, Жошы хан күмбезі, т.б.) тас көпір салу ісі өркендеді. Архит. құрылыстарға күйдірілген қышты пайдалану ғимараттардың композиц. типтерін қалыптастыруға, арка, күмбез құралымын (конструкциясын) кеңінен қолдануға, көркемдеу әдістерінің алуан түрін іске асыруға жол ашты. Олардың сыртқы қабырғалары, күмбездері мен күмбезге ұласатын тұстары өрнекті кірпіш өрілімімен нақышталса, ішкі еңселері ғимарат құрылымымен үндес ою-өрнекпен әсемделді. Құрылыстарда қашап, құйып, жасалған 8 қырлы, жұлдыз гүлді, кілем өрнегі тәрізді нақыштар көптеп пайдаланылды.Барлық құқықтар қорғалған.

Қарахан кесенесі

Қарахан кесенесі

  • Қарахан кесенесі-ортағасырлық сәулет ескерткіші. Қараханидтер әулеті өкілдерінің біреуінің бейіті үстінде салынған. Кесене Қазақстан аумағындағы ортағасырлық сәулет өнерінің әсем үлгісі. Шамамен ХІ ғасырда салынған.Ол Тараз қаласында орналасқҚан.

Қарахан мемлекеті құлдырауы

  • Қарахандықтардың екі бөлігі арасындағы өзара қырқыстар мен орталық биліктің әлсіреуін көшпелі қарақытай (қидан) тайпалары пайдаланды. Он екінші ғасырдың бас кезінен бастап Жетісу үнемі қидандардың шапқыншылығына ұшырап отырды. 1141-інші жылы Жетісудың негізгі аумағындағы саяси билік қарақытайлар қолына өтіп, олар қарахандық билеушілерді өздеріне тәуелді етті. Алайда қарақытайлар тек салық алумен шектелді. Олар өз бодандарының мемлекеттік құрылымына, дініне, мәдениетіне тиіспей, мұрагерлік қаған билігін де сақтады. Соған қарамастан қарақытайлардың үстемдігі қарахандардың саяси құлдырауының бастамасы болды.
  • 1210-ыншы жылы наймандармен соғыста Шығыс Қарахан әулеті талқандалды. 1212-інші жылы Самарқанда Хорезм шахы Мұхаммед Батыс Қарахан әулетінің соңғы өкілін тағынан тайдырды. Бір кездегі аса қуатты Қарахан мемлекетінің тарихы осылайша аяқталды.
  • Қарахандар дəуірі Қазақстан аумағында феодалдық құрылыстың нығаюының маңызды кезеңі болды.

Қолданылған әдебиеттер:

  •  1.Уикипедиялар
  • 2.Бакина Н.С., Жанақова Н.Т. Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. - Алматы: Атамұра, 2017;
  • 3.Гумилев Л. Көне түріктер,1994жыл


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет