Орталықтандырылған білім беру жүйесі орталықтандырылмаған қарағанда жақсы



Дата05.05.2023
өлшемі18,35 Kb.
#90703

СӨЖ 9
Орталықтандырылған білім беру жүйесі орталықтандырылмаған (қарағанда жақсы
Бүгінгі таңда мемлекет болып қалыптасудағы ең басты жүйе – білім беру жүйесі. Себебі, болашақ өскелең ұрпақтың қолында. Білім беру әріп танып, жазумен ғана шектелмейді. Жастарға қажеті – сапалы білім. Ақпараттармен толық танысу үшін, технологияларды дұрыс меңгеру үшін, әлемдік рейтингте жоғары көрсеткішке жету үшін де тұрақты білім беру жүйесін орнатуымыз қажет. Сол себепті де қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты құрал – сапалы білім. Білім алуда жақсы деңгей көрсететін оқушы сабаққа белсенді қатысып, жақсы баға алады, білім қорытындысында өз мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Алған білімдері шешімдер мен іс-әрекет таңдауда тұлғаның дамыту қажеттеліктеріне сәйкес келмей жататын кездер жиі кездеседі. Оқушылар ОЖСБ, әсіресе ҰБТ-да өз білімдерін дәлелдей алмай жатады. Халықаралық PISA, TIMSS зерттеулерінің нәтижесі біздің еліміз әлем бойынша төменгі нәтижелер қатарында тұр. Әлемдегі өзгерістерге сәйкес құндылықтар білім маңызын қайта қарауды қажет етеді. Осы мәселелерді шешу үшін мұғалімдердің жұмыс жүйесіне өзгерістер енгізу керектігі туындап отыр. Әлем елдеріндегі білім азығы – Сингапур, Жапония, Финляндия елдерінің білім жүйесіндегі ерекшеліктерін бір-бірімен салыстырар болсақ, білім сапасын көтеру мәселесі қарастырылатынын көруге болады. Ондағы мақсат дамыған елдердің басым жақтарымен, әлсіз жақтарын қалай бақылайтынын анықтау.

Жапон елі


Жапонияда орта білім беру 3 сатыдан тұрады (6+3+3): бастауыш мектеп (1-6 сыныптар) сегакко; төменгі орта мектеп (7-9 сыныптар) – тюгакко; жоғары орта мектеп (10-12 сыныптар) котогакко. Жапонияда бастауыш пен төменгі орта мектеп барлық азаматтар үшін міндетті және тегін болып табылады. Бастауыш мектепте жапон тілі, математика, жаратылыстану (физика, химия, биология), қоғамтану (этика, тарих, этикет), музыка, бейнелеу өнері, дене тәрбиесі, үй шаруашылығы негізгі сабақтар ретінде жүреді. Төменгі орта мектептегі негізгі сабақтар: жапон тілі, қоғамтану, математика, жаратылыстану ғылымдары, музыка, өнер, дене тәрбиесі, шетел тілдері, әлеуметтік сабақтар, пәнаралық сабақтар, таңдау бойынша пәндер (ауыл шаруашылығы және коммерция, өндірістік өнер және үй шаруашылығы).
Төменгі орта мектепті бітіргеннен кейін оқушылар жоғары орта мектепке, техникалық колледждерге, арнайы орта мектептерге бөлінеді. Жоғары орта мектепте екі бөлім бар: жалпы білім беретін және кәсіби бөлімдер. Жалпы білім беретін бөлім екіге бөлінеді: жалпы және академиялық (гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық). Жалпы бөлімде қолданбалы сипатты мазмұндағы пәндер жүреді. Кәсіби бөлімде оқу мерзімінің жартысынан көбі кәсіби дайындыққа кетеді. Шетел тілі, негізінен, 7-сыныптан бастап қана оқытылады. Жоғары мектеп оқытуды арнаулы бағыттар бойынша ұйымдастырады (оқушылардың 50-нан астамы жалпы академиялық курстарды, қалғандары кәсіби арнайы курстарды таңдайды). Төменгі орта мектепке емтихансыз, жоғары орта мектепке емтихан тапсырып түсе алады. Білімді тексеру тәсілі – жазбаша тест. Бастауыш және орта мектепте 5 дәрежелі шкала қолданылады: S (өте жақсы), А (жақсы), В (қанағаттанарлық), С (нашар), D (өте нашар). Сонымен қатар білімді бағалауда американың кейбір мектептері секілді кредиттік жүйе де қолданылады. Орта білімді аяқтау үшін кем дегенде 80 кредит (1 кредит – 35 сағат) алуы қажет. Арнайы пәндер немесе профильдік пәндер бойынша арнаулы бағыттарға түсушілер ең кем дегенде 30 кредит жинауы керек. Жапонияда жоғары сапалы білім алу үшін дзюку деп аталатын міндетті емес, ақылы мектептер қызмет етеді. Балаларын оқытқысы келетін атааналар ақшасын аямай оқуға жұмсайды. Жапондықтар орта мектептің бастауыш және орта буындарында білім беру мен тәрбиелеу ісінде «Кокоро» идеясын басшылыққа алады.
«Кокоро» дегеніміз – «жүрек, ақыл-ой, ізгілік» деген ұғымдардың жиынтығы. Ұзақтығы 6 жылға созылатын бастауыш мектептің басты міндеті білім жиынтығын беру мен қабілеттерін қалыптастыру емес, ең алдымен «Кокоро» идеясын іске асыру, яғни жастардың биік адамгершілік қасиеттерін, ұлтжандылық менталитетін орнықтыру болып есептелінеді.

Сингапур елі


Сингапур елінің білім жүйесі аз уақыт аралығында табысқа қалай жетті? Бұл елде білім беру жүйесінде нені басты назарға алады екен? Әр елдің білім беру жүйесі ерекше, мақсаттары әр түрлі және өзіне тән тарихи даму сатыларынан өтіп дамыған. Сингапур соңғы 45 жыл ішінде құрылып, білім жүйесінде жоғары нәтижеге жетіп, әлемге танылды. Сингапурдың мектеп оқушылары халықаралық тестілеуде тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетеді.
Білім инфрақұрылымы шағын және экономика құрылымымен өте жақсы интеграцияланған білім беру институттарының қызмет көрсету сапасы жедел дамып, дамыған елдердің қатарына қосылды. Білім әлемдік экономикаға бағытталып, табысқа жету мақсатында әлеуметтік және шаруашылық қажеттілікке бейімделе негізделген.
Білім саласындағы зерттеушілер әлем бойынша осы елдің оқу жүйесі жоғары деп бағалады. Біріншіден, PIRLS зерттеулеріне сүйенсек, сауаттылығы жағынан әлемде алдыңғы қатардың бірінде, екіншіден, сингапурлық оқушылар 1995 жылдан бастап математика және жаратылыстану ғылымдарынан халықаралық (TIMSS) тестілеуден әлемде жоғарғы нәтиже көрсетіп келеді, үшіншіден, 2008 жылдан бастап консалтинг компаниясы Сингапур білім жүйесін әлемде ең тиімді деп атады (әсіресе педагог мұғалімдерді дайындау саласы), төртіншіден, 2007 жылы IMD зерттеулер нәтижесі бойынша жүйесі кең ауқымды экономикалық талаптарға сай бейімделген. Сингапурдың ішкі нарығы көлемі жағынан шағын болған соң толық импорттау стратегиясы мүмкіндігін пайдалана алмады, су, азық-түлік және барлық ресурстарымен қамтамасыз ету үшін Малайзиямен тығыз байланыста болды. Бұл бетбұрыс Сингапурда өмір сүретін көп ұлтты білім жүйесіне оң әсерін берді. Негізгі өндіріс саласы кеме жасау және жөндеумен айналысқан бұл елдің 45 жыл бұрын ұлт нышанын көрсететін не білім жүйесі, не әскері, не флоты, тіпті елін дамытуға ресурстары да болмаған. Мемлекет тек өзінің әлемдік белсенді сауда жолдарының қиылысында сәтті орналасуын және адами капиталды ресурстарын ғана арқау қыла алды. Тәуелсіздік алған соң мемлекеттің даму жолдарын іздестіріп, жан-жақты анықтай бастады. Табиғи ресурстардың болмауына байланысты жоғарғы кәсіби нарық құру, шетелдік инвесторларды тарту және экспорттауға бағытталған экономикаға көшу үшін үкімет интеллектуалды модернизация жолын таңдады. Білім жүйесінің алдындағы міндет – елді сауатты және техникалық білімді мамандармен қамтамасыз ету. Бірнеше ұлттардың білім құрылымдарына біркелкі стандартты енгізу арқылы оптимизациялау мәселесі туындады. Барлық пәндерді бір тілде жүргізу таңдалды, ол – ағылшын тілі. Сингапурдың барлық азаматын ағылшын тілінде сөйлеуге әзірлеу, дайындау жүйесі халықаралық өндіріс, сауда және білім саясатын жүргізуге бағытталса, ал қытай тілі Азиялық бизнеске тиімді. Бүгінгі уақытта Сингапурда он жылдық білім жүйесі, алты жастан бастап сан қырлы, түрлі оқу бағдарламалар аясында білім алады. Осы жүйе әр оқушының бейім-қажеттілігіне қарай таңдау және мектеп кеңесінің берген бағдарламасымен оқуға мүмкіндік туғызады. Оқушыларға мектепте қосымша спорт, шығармашылық іс-әрекеттерге көп көңіл бөлінеді екен. Барлық білім жүйесі әлемге ашық топта жұмыс істей алатын көшбасшыларды тәрбиелеуге бағытталған. Сыныптың тығыздығы 40 балаға дейін екен, мұғалім сабақты сегіз топқа бөліп, топтық әрекеттермен өткізеді.
Сонымен, еліміздің оқу жүйесін Сингапурдағы білім беру жүйесімен салыстырсақ, екі елдің өзіндік ерекшеліктері байқалады. Сингапурда әр оқушының бейім-қажеттігіне қарай таңдау мүмкіндігі беріледі және әлемдік экономиканың саясатына сәйкес ағылшын тілінде дәріс беріледі. Білімнің даму сатысында адамның өмір бойы білім алуына, жаңа технологияларды игеріп, өзіне жауапкершілік пен міндеттер алуына ынталандыру ортасы құрылған, негізгі идеясы қабілетті, дарындыларды қолдауға, көшбасшыларды тәрбиелеуге арналған. Сабақтарын бақылайтын болсақ, әр топтан оқыту, қарым-қатынас, жеке тұлғаны қалыптастыратын жұмысты байқауға болады. Соңғы кезде біздің елімізде де көп тілділікке терең көңіл бөлініп отыр. Ағылшын тілін жаппай меңгеруге біртіндеп көшуде. Көптеген мектептерде тіл игеру бірінші сыныптан енгізіліп, кей мектептер жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту жолдарын қарастыруда.

Финляндия елі


Әлемдегі білім беру жүйесі ең үздіктердің қатарында Финляндия елі. Олар оқу-тәрбие үрдісінде қандай алдыңғы қатарлы ғылыми технологияларды қолданады? Финлиядияның білім жүйесінің қысқаша тарихымен танысатын болсақ, 2000 жылғы PISA зерттеулері қорытындысы бойынша Финляндия білім жүйесі бірінші орынға ие болды. Бұл елдің білім беру жүйесіндегі реформасына және оны бағалауына тоқсалсақ, дұрыс құралған реформа – білімнің табысты болуына, баланың қоғамға сай бейімделуіне ықпал етеді. Елдің экономикалық дамуы, заманына сай мектептің бағалануы, білім жүйесінің дамуы реформаның негізгі аспектілерімен сипатталады. Реформаның негізгі аспектілері оқу бағдарламасын қайта құру, реформаның дидактикасы, мектепті және білім сапасын басқару. Білім жүйесі балабақшадан басталады. Бүкіл қоғам болып баланың дамуына зиян келтірмей балабақшадан мектепке көшіру жағдайын ойластырады. Негізгі мектеп бітірсе де емтихан тапсырылмайды, дифференциалды сыныптар жоқ, бар сыныптар біркелкі. Мектептен кейін бала бір-ақ рет матрикулляциондық емтихан тапсырады. Мектептерінде оқушылардың әлеуметтік шығындарын мемлекет төлейді. Финляндияда оқушыға сенім, мұғалімге сенім және мектепке сенім деген принциппен жұмыс істейді. Финляндияда әрбір мұғалім өзінің қоғаммен қалай бағаланытынын біледі. Халықаралық зерттеулер нәтижесі бойынша біріншіден, параллель оқытулардан бас тартып, бірыңғай мектепке көшулері білім сапасын жоғарылатты. Екіншіден, жүргізілген білім саясаты мен педагогика өзгерістері, білім жүйесін басқа елдермен салыстырғанда бірінші орынға шығарды. PISA қорытындысын сараптасақ, жоғарғы сатыда математикадан, жаратылыстанудан оқу сапасы жоғары. Реформаның негізгі принциптерінің бірі дамытуға бағытталған білім берудің мазмұны мен құрылымының тең құқықтылығы, қоғамда және тәрбиеде тең құқықтылықты дамыту. Барлық тұрғындардың жалпы білім деңгейін көтеру, бір жылда туған балаларға ұзақ, жеткілікті мерзімді (9 жыл) жалпы арнайы білімнің берілуін біркелкі ұйымдастыру. Үздіксіз білім берудің қамтамасыз етілуі білім жүйесінің біртұтас барлық тармақтарында келесі жоғары сатыға «үздіксіз білім» принципі бойынша жылжу мүмкіндігіне негізделген. Оқушылардың оқудағы қиындықтарды барлық деңгейде жеңе білуі оқудағы проблемаларға ерекше көңіл аудартады. Оқу материалдарында басты назар нақты мақсаттар мен оқу тапсырмаларына бөлінеді. Мақсатқа жетуі қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы қадағаланады. Қалыптастырушы бағалау материалды оқу кезінде қай бөлімінде қиындық туындады, қандай оқушының оқуда проблемалары бар екенін ажырата алуға көмектеседі. Оқудағы қиындықтың алдын алу дереу оқытуды түзету арқылы іске асырылады, өзіне, өз күшіне сену, қабілеттеріне және оқуға деген оңтайлы көзқарас табысқа деген ұмтылыспен іске асады. Мұғалім мақсатына сай сабағын жоспарлап, әр мақсаттың маңызын түсініп оқушының оқуы үшін іс –әрекетін алға жылжуын бақылай алады, оқу үрдісіне әр баланың ерекшелігін ескере отырып түзетіп, ынталандыра отырып кері байланыс жасай алады. Елде белгілі бір сыныпты бітіргенде баланың білім деңгейін тексерудің бірыңғай жүйесі қарастырылмаған. Арнайы таңдау экономикалық, аймақтық, әлеуметтік және жыныстық критерийлер бойынша жүргізіледі.Осыған қарамастан екі немесе үш есе көп мектептер сапаны ерікті бағалауға қатысады. Жыл сайын математика, ана тілі және әдебиетті бағалау ауысып келіп отырады. Бес жыл сайын әр пән бойынша сапа тексеріліп отырады. Мектептерге рейтинг жасалмайды, әрбір мектептің сапасы жарияланбайды, өздеріне ғана айтылады. Тек мектептердің орташа сапасы ғана жарияланады. Мектептерге сапаны тексеру туралы нақты нұсқау беріледі, осыған орай әр мұғалім кері байланыс береді. Оқыту қорытындысының мақсаты теңқұқылы білім принципіне негізделген, оқу жетістігі біркелкіліке тең, мектептің негізгі сатысының қорытынды кезеңінде барлығы бірдей жоғарғы деңгейге жету керек деген талап қойылады.
Финляндияның білім жүйесінің біздің елмен ұқсастығы білім алудың балабақшадан басталатындығы, оқушыға, мұғалімге және мектепке сенім деген принциппен жұмыс істейтіндігі, білім алу оқушының табысқа жетуіне бағытталған, бағалаудың әр түрлі әдістерін пайдаланады. Бұл елдің мектептері статусқа бөлінбейді, барлық балаға нәтижеге бағытталған білім мен тәрбие бірдей берілу керек. Сингапур, Жапон, Финлиядияның білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында жүргізілген реформаларын зерттей келе елімізде білім жүйесін дамытуға байланысты белгілі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Пайдаланган әдебиеттер


1 Интернет желісі
2. Нұрғалива Г.Қ ,Құсайынов А.Қ. Мусин Қ.С. Салыстырмалы педагогика. А,1999
3. А.Қ.Құсайынов, М.Т.Есеева Салыстырмалы педагогика әдіснамасы мен әдістеріА.,2008ж.
4. Соколова М.А. Кузмина Е.Н. Родионов М.Л. Сровнительная педагогика, М.1978

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет