Эссе
Тақырыбы: Функционалдық сауаттылық - әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы.
Жастар – кез келген қоғамның қозғаушы күші және болашағы деп айтсақ қателеспейміз. Себебі, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі «Қазақстанның болашағы жастардың қолында» деп, әрбір болашағы айқын, жалындап өсіп келе жатқан жастарға үлкен сенім білдірген болатын. Сол сенімді ақтап, елімізді өркендету үшін, болашағымызды жарқын ету үшін жастардың ең басты қаруы – білім болуы шарт. Ал, білімді жастарды дайындап, үлкен өмір жолына шығарып салатын ол әрине білім ордасы мектеп болып табылады. Кез келген бала немесе жасөспірім білімнің кірпішін мектеп қабырғасында қалайтыны айдан анық дүние. Қазіргі таңда елімізде жастардың білім алып, сауатты, көзі ашық азамат пен азаматша болып қалыптасуына, өсуіне мемлекет тарапынан қолдаулар мен оңтайлы жағдайлар жасалған. Атап айтар болсақ, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдап, оны жүзеге асыру кезеңдері мен жоспарын елбасы өз жолдауларына талқылаған болатын. Еліміз үшін, әрбір болашағы жарқын жастар үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлауға, шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы. Бұл дағдылардың барлығы мектеп қабырғасында қалыптасатыны айтпаса да түсінікті дүние. Ұлттық жоспардың мақсатына сай, әрбір мектеп қабырғасындағы білім алушы, яғни, оқушылар пән бойынша бір ғана білімді меңгеріп қана қоймай, өз өміріне болашақта азық боларлықтай өмірлік білімді меңгеріп, үйреніп шығуына жұмыс жасау. Ал, бұл жауапкершілікті әрине әрбір педагог, әрбір білікті ұстаз өз шәкірттеріне сапалы түрде меңгерте алуы тиіс. Баланың бойына оқып жатқан пән арқылы, адами қасиеттерді, сонымен қатар білімге деген ұмтылысын тудыру әрбір педагогтың шеберлігі деп білемін. Балаға білім беру үдерісінде оның ойлау, елестету, қиялдау, көркем түрде жаза алу және ойлай алу, сауаттылығы сынды қабілеттерін бір жүйеге қоя білуде білімді, білікті ұстаздың негізгі ұстанымы болса керек. Қорытындылай келе, функционалдық сауаттылықтың негізі бала бойына мектеп қабырғасынан қаланып, қалыптасатынын ұғындық. Ал, мектептегі білімге тікелей жауапты тұлға – педагог. Педагогтың білімділігі мен шеберлігі жастардың болашағы үшін аса маңызды болып саналады. Дәл осы білім жолындағы үрдісті біз болашақ жастар, болашақ ұстаздық қызметте жұмыс жасайтын әрбір студент жастар санамызға дұрысынан сіңіре отырып, еліміз үшін, еліміздің болашағы үшін өмір бойы білім алып, алған білімді өмірімізге қолдана алуымыз тиіс.
Орындаған: Үсіпбек Ботагөз
Курс: 2
Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті
Қабылдаған: Нүптекеева Г.
Достарыңызбен бөлісу: |