Оқшау сөздер,ТҮрлері қ. ЖҰбанов атындағЫ



Pdf көрінісі
Дата25.11.2023
өлшемі2,85 Mb.
#127030
Байланысты:
Оқшау сөздер



ОҚШАУ
СӨЗДЕР,ТҮРЛЕРІ 
Қ
.
ЖҰБАНОВ
АТЫНДАҒЫ
АӨУ
 
Орындаған:Есқазы Аида
қтә-302


Сөйлем арқылы айтылатын ойға қатысты сөздер өз
ара мағыналық жəне грамматикалық байланыс
негізінде тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер қызметінде
жұмсалса, бірқатар сөздер мен сөз тіркестері
сөйлемнің құрамына еніп, оның мағынасын дəлдеуге
қатысты болғанмен, сөйлемдегі басқа сөздермен
синтаксистік байланыста болмайды. Сондықтан
соңғылар сөйлем мүшесі қызметін атқармай,
сөйлемдегі басқа мүшелерден оқшауланып
айтылады.


ОҚШАУ СӨЗДЕР – СӨЙЛЕМДЕГІ БАСҚА
СӨЗДЕРМЕН СИНТАКСИСТІК
БАЙЛАНЫСҚА ТҮСПЕЙ, ДАУЫС ЫРҒАҒЫ
АРҚЫЛЫ ЕРЕКШЕЛЕНЕТІН СӨЗДЕР МЕН
СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ.


ЗЕРТТЕЛУІ:
Қазақ тіл білімінде оқшау сөздердің морфологиялық
құрылымы, синтаксистік сипаты сияқты грамматикалық
табиғаты осындай және басқа да мәселелерді қарастырған
қазақ тіл біліміндегі А. Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов,
М.Балақаев,T.Қордабаев, І.Кеңесбаев, С.Жиенбаев,
С.Аманжолов, М.Томанов, А.Ысқақов, К.Аханов, Ш.Сарыбаев,
Р.Сыздықова, Қ.Есенов, Е. Жанпейісов, Б.Манасбаев,
Б. Хасанов, Р.Өміров, Б.Шалабаев, Н. Уәлиев, М.
Бимағамбетов, Н.Егіншібаева, Л.Дүйсембекова, Г.Садырова
т.б. ғалымдардың еңбектері жұмыстың теориялық
негіздемесі ретінде алынды.


ОҚШАУ СӨЗДЕР ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАРАЙ ҮШ
ТҮРГЕ БӨЛІНЕДІ: 
01
02
03
ҚАРАТПА СӨЗДЕР
ҚЫСТЫРМА СӨЗДЕР
ОДАҒАЙ СӨЗДЕР


Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне
аудару үшін қолданылатын сөздер
қаратпа сөздер деп аталады. Көркем
әдебиетте, әсіресе, поэзиялық
шығармаларда қаратпа сөз жансыз
заттарғақаратылып та айтыла береді.
Қаратпа сөз сөйлем ішіндегі басқа
сөздерден үтір арқылы ажыратылады.
Қаратпа сөз сөйлемнің 
басында
келсе,
одан кейін үтір қойылады. Мысалы,
Балалар, бұл жол басы даналыққа.
Аягөз, қайда барасың? Туған жер,
тауыңда туып, тасыңда өстім! 
Қаратпа сөз сөйлемнің 
ортасында
келсе, екі жағынан үтір қойылады.
Мысалы, Атқа қонайық, жігіттер,
аттанатын да уақыт болыпты.


ҚАРАТПА СӨЗ СӨЙЛЕМНІҢ СОҢЫНДА КЕЛСЕ,
АЛДЫНАН ҮТІР ҚОЙЫЛАДЫ. МЫСАЛЫ, ТҮНДЕ
ЖЫЛАМАС БОЛАР, ҚАРАҒЫМ.
ҚАРАТПА СӨЗ СӨЙЛЕМ БАСЫНДА КЕЛІП, КӨТЕРІҢКІ
ДАУЫСПЕН АЙТЫЛСА, ОДАН КЕЙІН ЛЕП
БЕЛГІСІҚОЙЫЛАДЫ. МЫСАЛЫ, ШЫҒЫС ҰЛЫ! ӨТКЕН
ЖЫЛЫ БАСТАН КЕШІРГЕН АУЫР КҮНДЕРДІ ЕСІҢЕ
АЛШЫ.
КӨТЕРІҢКІ ДАУЫС ЫРҒАҒЫМЕН АЙТЫЛҒАН ҚАРАТПА
СӨЗ СӨЙЛЕМ СОҢЫНДА КЕЛСЕ, ОДАН КЕЙІН ЛЕП
БЕЛГІСІҚОЙЫЛАДЫ. МЫСАЛЫ, СОНАУ ТУҒАН ӨЛКЕҢ
АРҚАНЫ ЕСІҢЕ ТҮСІРШІ, ШЫҒЫС ҰЛЫ!
 
 


Сөйлеушінің түрлі көзқарасына
байланысты қолданылатын сөздер не сөз
тіркестері қыстырма сөздер деп аталады.
Қыстырма сөздер мағынасына қарай былай
топталады:
1. Сөйлемдегі ойға сендіру мақсатындағы
қыстырма сөздер: әрине, әлбетте, рас,
шынында, шынын айту керек, жасыратыны
жоқ, турасын айтқанда, әділіне келгенде,
т.б. 
ҚЫСТЫРМА СӨЗДЕР
01
02
2. Сөйлемдегі ойға күмән келтіру
мағынасындағықыстырма сөздер: сірә, мүмкін,
шамасы, меніңше, қалай екені белгісіз, т.б.
3. Алдыңғы айтылған ойға қорытынды жасау
мақсатындағы қыстырма сөздер: қысқасы, тоқ етері,
демек, түйіп айтқанда, сайып келгенде, жалпы
алғанда, т.б.
4. Көңіл күйге байланысты қыстырма сөздер: бәсе,
бақытымызға қарай, амал не, өкінішке орай, сәті
түсіп,
5. Ойды санамалап айту үшін қолданылатын
қыстырма сөздер: ең алдымен, екінші жағынан,
біріншіден, т.б.


Айтылған ойға сөйлеушінің немесе
жазушыныңтүрлі сезімін, көңіл күйін білдіру
мақсатындаайтылған сөздің түрі 
одағай сөздер
деп аталады. Одағай сөздердің тыныс белгісі –
үтір. Мысалы, Па, шіркін! Керемет екен! Ертерек
білмегенімді қарашы, әттеген-ай!
Логикалық көтеріңкі екпінмен айтылған одағай
сөз үтірмен ажыратылып, сөйлем соңына леп
белгісі қойылады.


Пайдаланатын əдебиеттер
1. Балақаев М., Сайрамбаев Т.
Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997
2. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі.
Алматы. 1992.
3. Бектұров Ш. Қазақ тілі. Алматы.
2006


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет