Осы абларға сәйкес, ғылыми жетекшіммен ақылдаса отырып, мен



Дата12.04.2022
өлшемі17,11 Kb.
#30686

Осы абларға сәйкес, ғылыми жетекшіммен ақылдаса отырып, мен

  1. Қазіргі заманауи мектепте бұл ұйымдардың Евклидтік тәртіппен берілетінін ескере отырып 1) 7) ұғымдарды өткеннен кейін, тақырыпты қорытындылау сағатын ұйымдастырудағы, оны Фарабилік тәртіпте ұрындыру тұрғысында жүргізуді ұсынамын.

  2. Тақырыпқа шолуды Фараби еңбегінде келтірген тәсілмен қысқа – нұсқа жасауды көтеріп отырмын.

  3. Мазмұны 1° және 2° ойлармен анықталған педагогикалық тәсілді Фараби қағидасы деп атап еліміздің мектеп оқулығына ф – бөлісімен NФ түрінде таңбаланған параграф енгізуді ұсынамын. Бұл ұсыныс ұлттық трактоттық тәрбие негізінде беріліп отырғандығына көңіл аударамын.

Фараби еңбегінде бұл сандық пікірлерін бөлек, басқа мазмұндағы толықтырулар келтіріледі.

Бұл бағыттағы Фарабише оқыту тәсілінен диссертациялық зерттеулерімді толық келтіретіндігімді айта келе, енді ғұлама ұстаздың Евклидтің бесінші кітабының кіріспесіне түсініктемелік толықтыруларына ауысайық [1. 251 – 255б]

Фараби бұл жерде де құнды сандық пікір келтіреді. Евклид өз еңбегінде үлес және бөлік ұғымдарын ажыратпайды. Фараби бұл ұғымдарға екі түрлі мағына беру керектігі туралы ойды ұсынады. Фарабише: тең бөліктерден тұратын бүтіндей өлшеуші бөлік – үлес деп аталады; ал тең емес бөліктермен өлшенетін бөлік – бөлік деп аталатыны. Қазіргі математика тілінде айтсақ, үлес бөліктің жеке түрі, ол бөліктері өзара тең болғанда қолданылады. Демек, үлес – бүтіннің өлшем бірлігі бола алады және бүтіннің шамалысы бүтін санмен анықталады. Мұндай жағдай болмаған кездегі бүтіннің бөліктерін, өлшемдік жағдайда, бөліктер деп атауды жөн санайды.

Ұстаз бұл жерде де оқушыға бүтіндей оның бөліктері арқылы өлшеп, бүтіндердің қайсысы үлкен не кіші екендігін анықтап салыстыруды енгізудегі ұтымды жолды ұсынып отыр. Әрине, екі бүтін денелер бірдей үлеспен өлшенетін болса, оның қайсысы үлкен дене, қайсысы кіші дене екенін оңай айтуға болатындығынан шығып отыр. Сөйтіп, үлес – есебі бүтінге, ал бөлік – бүтінге сәйкес екеніне мән беріп отыр.



Одан әрі фигураларды салыстыруда біртекті фигура ұғымын енгізді. Сызықтар біртекті, беттер – екінші біртекті, денелер – үшінші біртекті фигуралар санайды да өлшемдік салыстырулар тек біртекті фигуралар арасында болатындығына көңіл бөледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет