Омонимдер.Синонимдер.Антонимдер
Айтылуы бірдей болғанмен, мағыналары бөлек-бөлек сөздерді омоним дейді. Мысалы, аяқ деген сөз әрі ыдыстың бір түрі және адамның дене мүшесі мағыналарын білдіреді. Бұл мағыналардын арасында байланыс жоқ. Демек, аяқ деген сөз бірдей айтылғанмен әр мағынасы бөлек-бөлек сөз болып табылады.
Сондай-ақ сыр — біреудің құпия ойы және сыр — бояу, жас — адамның нешеге келуі және жас — көзден ағатын су және жас — жастық кез т. б. Омоним сөздерді көп мағыналы сөздермен шатастыруға болмайды.
Мағыналары бір-біріне жақын, мәндес сөздерді синоним дейді. Мысалы, әдемі, сулу, келбетті, немесе қысқа, шолақ, келте, немесе кушті, мықты, берік т. б. сөздердің мағыналары бір-біріне жақын, сондықтан да көбіне-көп оларды бірінің орнына екіншісін қолдана беруге болады: әдемі қыз — сұлу қыз, келбетті қыз немесе күшті жігіт, мықты жігіт, берік жігіт т. б.
Белгілі бір ұғымды білдіретін мәңдес сөздер тобы синонимдік қатар жасайды. Мысалы: аброй, бедел, қадір немесе мықты берік, күшті, бекем дегендер синонимдік қатар құрайды. Бірақ жалпы ұғымды білдіретін сөздер мен жеке ұғымды білдіретін сөздер немесе бір заттың әр жақты түрін біддіретін сөздер синонимдік қатар жасай алмайды. Мысалы, киім деген сөзге шалбар немесе көйлек синоним бола алмайды, өйткені шалбар да, көйлек те киімнің жеке-жеке түрлері.
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейді. Ащы-тұщы, жақсы-жаман, аз-көп, алыс-жақын т. б. Болымсыздық мағынаны білдіретін қосымшалар арқылы жасалған сөздер антоним бола алмайды: Қарлы — қарсыз, желді — желсіз т. б. Антоним болу үшін сөздердің тұлғалары бөлек, мағыналары бір-біріне қарама-қайшы болуы шарт. Кейде антоним сөздер жалпылық мағыналы қос сөз түрінде де қолданылады.
Мысалы: Жоғары — төмен үйрек-қаз ұшып тұрса сымпылдап.
Достарыңызбен бөлісу: |