Отбасы-адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі



Pdf көрінісі
Дата16.02.2017
өлшемі1,73 Mb.
#4188

«

Отбасы-адам  ғұмырының  тірегі  ғана 

емес,  қоғамның  да  басты  негізі. 

Отбасында  адам  бойындағы  асыл 

қасиеттер 

жарқырай 

көрініп, 

қалыптасады.  Отанға  деген  ыстық 

сезім 

– 

жақындарына, 

туған- 

туыстарына  деген  сүйіспеншіліктен 

басталады». 

Н.Ә.Назарбаев 

 

                           



Қазақ отбасы 

 

Кең  байтақ  Отанымыздағы  әрбір  отбасы  егеменді  еліміздің 

негізін  қалаушы  кішігірім  мемлекет.  Қазақ  «Отан  отбасынан 

басталады»дейді.  Олай  болса,  Тәуелсіздігімізді  баянды  ету  әрбір 

отбасындағы тәлім-тәрбиеге байланысты екенін ұмытпауға тиіспіз. 

Ол үшін әрбір әулет отбасы құндылығын қастерлеуге, ұлықтауға 

көңіл бөлгені жөн. Отбасы құндылығы дегеніміз не? Ол зәулім сарай 

тұрғызып,  елден  ерекшелену  емес.  Жиған  мал-мүлікті,  байлықты 

дәріптеу болмауға тиісті. Отбасы құндылығы – ең алдымен ол, салт-

дәстүрімізді  әрбір  отбасыны  дәріптей  білуі,  өнегелі  өмір  сүре  білу 

үрдісін ұрпаққа ұлағаттап отыру. 

Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  «Біздің  бір  ғана 

отанымыз  бар  –  Ол  Тәуелсіз  Қазақстан»  деген  сөзі  әрбір  қазақты, 

әрбір Қазақстандықты әсіресе өскелең жас ұрпақтың жүрегіне жігер, 

жауапкершілік жүктеуі тиіс.  

Балаларын  бесікке  бөлеп,  үкі  тағып,  нәрестесіне  ертегі  айтып 

беру  үрдісі  қайта  жалғасын  табу  керек.  Бесігінің  жанына    кітап  

қойып,    жас    нәресте    үміт    артатын      уақыт  жетті.  Баласына, 

немересіне есі кіре бастасымен қолына кітап ұстатып, кітапқа деген 

сезімін  оятатын  ұлағатты  әке,  ана,  әже,  ата  керек.Ғалымдар  баланы 

құрсаққа  біткеннен  бастап  тәрбиеге  алу керек  деп  жүр.  Отбасыдағы 

тәрбие  бала  өмірінің  баспалдағы.  Жақсы  бала  жақсы  ортадан  ғана 

шығады. Адам бойындағы игі жақсылықтардың бәрі алдымен ананың 

ақ сүтімен келеді.Тектіліктің тамыры бабаларымыздың ержүрек, адал 

болуында жатыр. Оған жас ұрпақты баулу уақыт, заман талабы. Ерік-

жігері  күшті,  ұлтжандылығы  мен  отансүйгіштігі,  патриоттық  сезімі 

жоғары жас ұрпақ тәрбиелеу уақыт талабы. 


                

 

Ел  болашағы,  ұлт  келешегін  терең,  байыппен  ойлаған  бүгінгі 



заманның  кез-келген  отбасы,  үйінде  жас  бүлдір-шіндерді, 

жасөспірімдерді  кітапқұмарлыққа  баулу,  оның  ішінде  ана  тіліндегі 

кітаптармен  сусындатқаны  абзал.  Қазіргі  жаһандану  дәуірінде 

рухани  мәңгүрттіктен  сақтану  мен  халықтық  тәрбиенің  мазмұнын 

сақтап қалу үшін өткен тарихымыз бен ұлттық құндылықтарымызды 

зерделеуде  отбасы  тәрбиесінің  мәні  ерекше.Отбасы  –  тәрбиенің 

бастапқы  әліппесі,  яғни  бала  бойына  ең  алғашқы  мейірімділік  пен 

қайырымдылық,  адалдық  пен  жауапкершілік    қасиеттерін  

қалыптастыратын  өмір мектебі,  тәрбие  діңгегі.  Ұрпақтан-ұрпаққа  

беріліп  отыратын  дәстүрлер  мен  ізгі  мұраттар,  адамды  өзара 

түсіністікке  тәрбиелейтін  сүйіспеншілік  тек  ынтымақты  отбасынан 

ғана бастау алып дамып жетіледі. Олай болса,«отбасы – адамдардың 



жай уақытша ғана басқосқан тобы емес, ол белгілі бір мақсатқа 

негізделіп,  біртұтас  мәнді  де  тәрбиелі  өмір    сүретін    ерекше  

жақын  топтың   әлеуметтік бірлестігі» болып табылады. 

Осы  тұрғыда,  Әл-Фараби  «Үй  қаланың  бір  бөлігі,  ал  үйлер 



қалада орналасқан, демек олардың мақсаттары да әртүрлі. Солай 

бола  тұрса  да,  бұл  әртүрлі  мақсаттарға  қол  жеткенде,  олар 

қалаған  мақсатына  жетуге  бағытталған  өзара  көмек  болып 

бірігеді» деп әрбір отбасы мемлекеттің бір бөлігі екенін, мемлекеттің 

өркендеп  дамуы  әрбір  отбасының  дұрыс  жетіліп  дамуына  тікелей 

байланыстылығын  көрсетеді.  Сол  себепті  де  ата-ана  тәрбиесінің 

ұлттық  құндылықтарды  насихаттаудағы  ықпалы  мен  әсерін 

ешнәрсемен айырбастауға болмайтын құдіретті күш деп білеміз. 

Шығыс  ғұламаларының  бірі  Ж.Баласағұнның  мазмұны  тұнып 

тұрған  өнегеден,  тәрбие  толғаныстарынан  тұратын  «Құтты  білік» 

поэмасы  –  қазақ  халқының  тарихында  ерекше  орны  бар  тағылымы 

мол мұра. Оның әр бетінен жалпыға ортақ отбасының көптеген ішкі-

 


сыртқы  сипаттамаларын  көруге  болады.  Мәселен,  «Құтты  білік» 

поэмасының 1578-бәйітінде: 



            

Анадан да шарана білімсіз боп туады, 

            

Білім оқып үйреніп, дана жолын қуады.  

            

Адам естен басқаны білімімен алады, 

            

Білім,  оқу-тоқуды  еңбегімен  табады,  -десе,  ұлы  ақын 

Абай өмірдің мәні байлық пен мансапта емес, мәдениет пен әділдікте, 

білім мен ғылымда екенін түсіндіре келіп «Тегінде адам баласы бір-

бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа 

нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық» деп адамның 

ең негізгі артықшылығы тәрбиесінде екенін айтады.Сондай-ақ, Абай 

баланың  дүниеге  көзқарасын  дамытып,  мінезін  орнықтыруда 

отбасының ықпалы жоғары екендігін және балаларды тәрбиелеу үшін 

ата-аналардың өздері жақсы тәрбиеленген болуы керектігін, баланың 

өсіп-жетілуінің  бәрі  отбасы  мен  өскен  ортасына  байланысты 

болатынын,  көргендері  мен  байқағандарының  салдары  екенін,  сол 

себепті  бала  жақсы  тәрбие алу  үшін  оның  әлеуметтік ортасын,  оған 

әсер  етуші  ықпалдардың  жағымды  болуын  дәріптейді.  Бұдан  біз, 

Баласағұн  мен  Абай  арасындағы  отбасы  тәрбиесіне  қатысты  ортақ 

рухани  үндестікті,  табиғи  тұтас  құбылысты,  тамыры    терең 

философиялық көзқарасты аңғарамыз. 

Отбасы  тәрбиесін  жақсарту    мәселелерін  қарастырған  қазақ 

әдебиетінің  көрнекті  өкілдерінің  бірі  С.Көбеев  «Баланы  семьяда 

тәрбиелеу»  кітабында  жастарды  адамгершілікке,  шыдамдылық  пен 

еңбексүйгіштікке  баулудың,  ата-аналарға  баланы  жастайынан 

отбасында тәрбиелеудің нақтылы жолдарын көрсетеді және ата-анасы 

баласын әдепті де өнегелі етіп тәрбиелеуі үшін оның әрбір әрекетінің 

дұрыс болуын қадағалап, бақылап отыруы керектігін ұсынады.Қазақ 

халқының отбасы тәрбиесіндегі қағаз бетіне түспеген заңы іспеттес, 

өмірдің  тұрақты  бір  қағидасына  айналған  «Адам  ұрпағымен  мың 

жасайды»  деп  болашаққа  үміт  артуы,  елі  мен  жұртын  мың  жасатар 

ұрпағының  дені  сау,  өресі  биік  азамат  болуы  –  бүгінгі  өмір 

қажеттілігі. Сондықтан мың жасатар ұрпағымен мәңгілік өмір сүруді 

аңсаған біздің халық тамырын тереңнен алатын тәрбие бастауларын 

жаны мен тәні сау, рухы биік ұрпаққа ғана табыс етуді армандаған.  



 

 

 

 

 


Отбасы – бала тәрбиесінің баспалдағы 

 

«Тәрбие  басы  –  тал  бесік»  деген  даналықты  халқымыз  тауып 



айтқан.  Қазақ  «Ана  бір  қолымен  бала  тербетсе,  екінші  қолымен 

әлемді тербетеді» дейді. Осы қанатты сөздің тәрбиелік мәні тереңде 

жатыр. 

Алып  анадан  туады.  Ананың  ақ  сүтін  ақтау  әр  перзенттің 



парызы  ғана  емес,  мойнындағы  қарызы.  «Анаңды    Меккеге  үш  рет 

арқалап  апарсаң  да,  бір  түндік  ұйқысына  татымайды»  деген  дана 

халқымыз.  Қазақ  халқындай  қыздарға  құрмет  көрсетіп,  бір  үйдің 

көркі емес, бүкіл ұлттың ұйытқысы ретінде аялаған ел әлемде кемде-

кем. 

Сол себепті қазақ халқы өзінің тарихи даму кезеңдерінде атадан 



балаға  мұра  болған  тәрбие  тағылымдарын  табиғатпен  тығыз 

байланыстыра білген. 

Халқымыздың  табиғатпен  етене  жақындығы,  оған  деген  аялы 

қамқорлығы  әр  отбасында  сәби  құлағына  құйылатын,  ана  әлдиі 

арқылы  жететін  «Ботам,  құлыншағым,  қара  орманым,  аспандағы 

жұлдызым,  маңдайдағы  құндызым»  деген  теңеулерден  де  анық 

көрінеді. Ал «Өркенің өссін, көсегең көгерсін», «Бір ағаш кессең, он 



ағашотырғыз»,  «Ағаш  ексең  аялап,  басыңда  болар  сая  бақ»  деген 

мазмұндық  мәні  жоғары  теңеулер  –  отбасындағы  өсімдік  әлемімен 

үндес келетін тәрбие бастаулары. 

Баланың табиғат аясында жүріп, оның әсемдігінен ләззат алуы, 

аң-құстардың  сан  қилы  дыбысын  бір-бірінен  ажырата  білуі,  табиғат 

құбылыстарын  бақылауы  баланың  эстетикалық  сезімі  мен 

талғамының  қалыптасуына  әсер  етеді,  баланың  шынайы  әдемілікті 

сезіне білуі мен өмірдегі бояусыз шын сұлуды бағалап, сұрықсыздан 

жирене  білуі  оның  эстетикалық  қызығуы  мен  талғамын  дамытуда 

үлкен  ықпалы  бар.  Табиғат  сұлулығынан  нәр  алып,  көркемдігін 

суреттеп,  көңіл  күймен  жеткізе  білу,  «көкірегі  сезімді,  көзі  ойлы» 

талғампаздыққа  тәрбиелеу  Абайдың  эстетикалық  мұраттарының 

басты  мақсаты  болғанын  білеміз.  Осы  тұста  қазақ  халқының 

тағылымды  дәстүрін  танытқан  «Абай  жолы»  эпопеясына  тоқтала 

кетсек, «... Семейде үш жыл оқып он үштегі Абай аттан түскен бойы, 

сәлемдесу үшін, анасына қарай жүгіреді, сонда ақылды да, байсалды 

ана Ұлжан: «Әй, балам, анда әкең де тұр, әкеңе барып, сәлем бер!»-

дейді.  Бір  сәтке  балалық  сезім  жеңіп,  қателік  жіберіп  алғанын 

түсінген  Абай,  әкесі  Құнанбай  тұрған  топқа  қарай  адымдай 

 


жөнеледі». М.Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша 

дәстүрінен  хабардар  ету  үшін  ғана  емес,  оның  тәрбиелік  зор  мәнін 

жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны белгілі. 

Отбасындағы жиі айтылатын тыйым сөздер баланы жаман әдет, 

іс-әрекеттен бойын аулақ ұстауға баулып, болашақ ұрпақты ізгілікке, 

адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеудің тиімді қағидалары болып 

саналады. Күнделікті отбасы тіршілігінде  баланың қарапайым еңбек 

іс-әрекеттеріне араласуы олардың қызығуларына, жауапкершілігіне , 

еңбек дағдыларын меңгеріп, өзгенің еңбегін бағалап, оған құрметпен 

қарауға  тәрбиелейді.  Отбасындағы  ересек  адамдардың  еңбек  іс-

әрекетіне байланысты ақыл-кеңесі бала бойында еңбек туралы ұғым-

түсініктерді  қалыптастырумен  қатар  еңбек  мәдениетіне,  өзгенің 

еңбегін бағалай білуге дағдыландырады. 

Отбасындағы  тәрбие  ата-ананың  жекебасының  ықпалымен 

жүзеге  асатыны  белгілі,  тіпті  баланың  мінез-құлқы  да  отбасындағы 

психологиялық  ахуалға  байланысты  бейімделеді.  Мәселен,  бала 

мінезі  көпшілік  жағдайда  әке-шешесінің  мінезіне  өте  ұқсас  келеді. 

Осы  жағдайға  қарап  кейбір  ата-аналар  мінез  туа  бітті  қасиетке  ие 

емес  пе  екен  деген  ойға  келеді.  Бала  мінезінің  әке-шешесінің  мінез 

ерекшеліктеріне ұқсас келуі, біріншіден, отбасында барлығына ортақ 

жалпы  жағдайдың  әсер  ететіндігі  болса,  екіншіден,  баланың 

ересектерге еліктеуінен болады.  

Қай  кезеңде  де  отбасы  тәрбиесі  жөнінде  толғанған  ойшылдар 

мен ағартушы педагогтер адам бойындағы жағымды және жағымсыз 

мінез-құлықтар  әлеуметтік  құрылыстың  нәтижесі,  сондықтан 

халықтың экономикалық тұрмыс жағдайларына сәйкес болып келеді, 

сол себепті «Туа жаман болмайды, жүре жаман болады» деп отбасы 

тәрбиесінің  қоғамға,  оның  материалдық-рухани  байлығына  тәуелді 

екендігіне  көз  жеткізген.  Ендеше  біз  бұл  бағытта    мынадай  игі 

шараларды іске асыруға міндеттіміз: 

-

 

қазақ  отбасылық  тәрбие  құралдарын  (мақал-мәтел, 



аңыз-әңгіме, тыйым сөздер ырым-болжамдарды) шағын кітаптар 

сериясымен шығару; 

-

 



ата-аналар  мен  мектеп  мұғалімдерін  отбасылық 

тәрбиені ұлттық құндылық ретінде бағалай білуге даярлау; 

-

 



қазақ  отбасы  тәрбиесін  насихаттайтын  ақпараттық, 

тақырыптық стендтер мен фотомонтаждар дайындау; 

-

 



тақырыптық радиохабарлар, бейнефильмдер шығару; 

 


-

 

қазақ  отбасы  тәрбиесіндегі  әдет-ғұрып  пен  салт-



дәстүрді  насихаттайтын  тәрбиелік  маңызы  бар  іс-шараларды 

ұйымдастырып отыру. 

     


Француз 

ағартушысы 

Ж.Ж.Руссо, 

швейцарлық 

И.Г.Песталоцци,  орыс  педагогтары  К.Д.Ушинский,  А.С.Макаренко, 

қазақтың ұлылары Абай, А.Байтұрсынов, 

Ә.Бөкейханов,  М.Дулатов,  М.Әуезов  отбасы  тәрбиесін  көп 

қарастырған.Философиялық  тұрғыда  «отбасы»-  қоғамның  ажырамас 

құрамы,  өмірде  зор  мәні  бар  кішігірім  ұйым  деп  саналады.  Ал 

педагогикалық-психологиялық тұрғыда «отбасы» ата-ана мен балалар 

арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да отбасы мүшелерінің 

қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады. 

Қыздардың  ақылды,  тәрбиелі  болуына  арналған  ән  мен  жыр, 

аңыз-әңгімелер  ұлттық  тәрбиенің  негізгі  өзегі  болып  табылған. 

Ұлтымыздың  өткен  өміріне  көз  салсақ,  небір  қилы  замандар:  Кеңес 

дәуіріндегі ұжымдастыру (1920-28 жж.), аштық (1932-33 жж.), саяси 

қуғын-сүргін  (1937-38  жж.),  соғыс  (1941-45  жж.),  соғыстан  кейінгі 

қайта  қалпына  келтіру  қазақ  халқының  өсіп-өнуіне  үлкен  зардап 

әкелсе де, аналарымыздың еш мойымай, тағдыр талқысына төзімділік 

танытып, қазақ әйеліне тән әдептілігі мен тазалығын, парасаттылығы 

мен сыпайылығын, мейірімділігі мен инабаттылығын сақтай отырып, 

ұлағатты,  текті  ұрпақ  өсіруге,  ибалы,  әдепті  қыз-келіндерді 

тәрбиелеуге, қазақ әйелі деген абыройлы атқа селкеу түсірмеуге зор 

ықпал еткені анық. 

Қазіргі  қазақ  баласының  мінез-құлқының  қалыптасуында 

отбасылық тәрбие басым болуы керек. Әрине, ол шаңырақтан бастау 

алады.  Отбасынан  басталған  тәрбие  бертін  келе  баланың  санасына 

әсер етіп, одан болашақта елін сүйетін ұлтжанды тұлға өседі. Жалпы, 

ұлт деңгейінде қарайтын болсаңыз, кеңестік дәуірде отбасында бала 

тәрбиелеуде  шектеу  болған.  Ол  қазақ  ұлтының  санасында 

қабілетсіздікті,  жасқаншақтықты  тудырды,  яғни    «ол  нәрсені  мен  

істей алмаймын» деген сенімсіздік, жалтақтық пайда болды.  

Баланың  келешекте  жақсы  адам  болуына  сыртқы  орта 

факторлары  ,  оның  ішінде,  негізгісі  –  тәрбиенің  алатын  орны  зор. 

Қазақ  халқында  мынадай  сөз  тіркестері  бар:  «тегіне  қарап»  немесе 

«тегі  мықты»,  тағы  сол  сияқты.  Яғни  бұл  жерде  «тегі»  деген  сөз 

ғылыми  тілде  айтқанда  –  «гені»  деген  сөз.  «Шешесін  көріп,  қызын 

ал»  деген  халық  мәтелі  тегін  айтылмаған.  Тәрбиенің  негізгі  көзі 

анасында,  оның  тектілігінде.  Отбасын  құруға  ата-анасы,  ауылы  мен 

 


елі  араласып,  ұзатылатын  қыз  бен  түсетін  келіннің  тектілігі 

анықталған.  Бұл  –философиялық  категория.  Қыздары  еркіндікте 

бұлаң  болып,  жарына  адал  баруына  ата-анасымен  бірге  ортасы  да 

жауапты  болған.  Сондықтан  қазақта  тірі  жетім  болмаған.  Үлгілі 

келін,  тәрбиелі  қыз  өсіру-  қазақ  бәйбішелерінің  педагогикалық 

қалыптасқан ұжымдық тәрбиесінің жемісі. Кешенді тәрбиенің үлкен 

мағыналы  отбасы  мүшелерінен  басқа  туған-туыстарына  ат  қоюдан 

көрінеді. Ол ұлттық тәрбиенің кепілі де. Жаңа түскен келіннің іскер, 

инабатты,  ізетті,  мейірбанды  болуы  да  отбасы  тәрбиесінен.  Олар  өз 

үйінен  алған  тәрбиесін  келген  жерінде  сол  отбасының  қалыптасқан 

әдет-ғұрпына  үйлестіріп,  жақсы  келін  атануға  тырысқан.  Осы 

айтылған әдет-ғұрыптарды жастардың бойына сіңіру болашақ жақсы 

ұрпақтың қалыптасуының негізі болып табылады. Жастардың, бүгінгі 

ұрпақтың,  әсіресе,  қыздарымыздың  шынайы  болмыс,  бітімін, 

шығармашылық  әлемін,  биік  таным-парасатын  кеңінен  танытуды 

жүйелі насихаттау отбасы тәрбиесімен сабақтасуы тиіс. 

 

Отбасының берекесі – 



әдет-ғұрпымыз, салт-дәстүріміз

 



Отбасына  байланысты  әдет-ғұрып,салт-дәстүрлердің  ортақ 

ұқсастықтары мен өзіндік ерекшеліктері бар.Отбасын құру кезінде екі 

тағдыр  мен  екі  әлем  бірігеді  деп  есептеліп,үйленуге  байланысты 

әдеп-ғұрыптарға  байланысты  ерекше  мән  берілген.  Үйлену  тойына 

дайындық «құдалықтан» басталады. 

Қазақ  дәстүрінде  құдалық  жолмен  балаларын  үйлендіру  ерте 

кезден  келе  жатқан  әдет-ғұрыптардың  бірі.Қазіргі  кезде  де  бел 

құда,бесік  құда,қарсы  құда,балалары  ержеткеннен  кейінгі  келісімге 

негізделген  құдалық  және  т.б.түрлері  сақталған.Бірін-бірі  жақсы 

білетін,араласып жүрген кісілердің бел құда,бесіктегі қыз  бен ұлды 

болашақта үйлендіруге байланысты бесік құда болысуға сөз байласу 

мен құдалықтың жүзеге асуы сирек те болса кездеседі. 

Қазақ  отбасы  –  сыйластық,  жарастық  ортасы.  Қазақ  отбасы  – 

бала тәрбиесінің ең алғашқы баспалдағы.  

Ал  «Келін  түсіру»,  «Қыз  ұзату»,  «Жаңа  отау  құру»  -  үлкен 

ұлағатты  әдеттердің  барлығы  өткеннің  қалдығы  деп  түсіндірілді. 

Кеңес  дәуірінде  отбасының  құндылығы  да  мүлдем  басқаша 

қалыптасты.  Біз  әлі  содан  арыла  алмай  келе  жатырмыз.  Сондықтан 

қазақ халқының қалыптасқан отбасын құрудағы тәрбиелік мәні күшті 

 


салты мен әдет-ғұрпын, ұлағатты аналардың қалдырып кеткен үлгісін 

қайта жаңғыртуымыз керек. 

Қазақтың  құда  түсуі  кездейсоқ  ұғым  емес.  Қызына  «тастай 

батып, судай сің» деп бата берген. Қазіргі жолдан қосылған жігіт пен 

қыз отбасының тұрақсыздығы сондай үлгінің кемістігінен болар. 

Қазақта  жеті  атаға  дейін  қыз  алыспау  дәстүрі  жүйелі  түрде 

дамыған.  Бұл  дәстүрді  шетелдің  беделді  ғалымдары  да  ұлттық 

құндылық  деп  бағалайды.  Өйткені,  адам  организміндегі  көптеген 

гендік  мутациялар  (өзгерістер)  осы  туысаралық  немесе  қандас 

некелер  арасында  туындайды.  Мұны  қазақ  ерте  заманда  байқаған, 

жеті атаға дейін қыз алуға тыйым салып отырған. Сондықтан, ұрпағы 

текті, дарынды болған. 

 

               

 

 



Қазақтың  «Күйеуді  қызым  үшін  сыйлаймын»  деген  сөзінде  де 

үлкен  мән  бар.М.Әуезов  «Абай  жолы»  эпопеясын-да  Құнанбайды 

асқан  сүйіспеншілікпен  жетер  жеріне  жеткізе  суреттейді.  Құнанбай 

Абайға әке  ғана емес, заманның үлкен қайраткері, әрі үлкен тұлғасы. 

Ал,Абай  ойы,  Абай  даналығы,  Абай  тереңдігі–тазадан  тазалыққа, 

биіктен  биіктерге  шақырар  жанның  жарық  жұлдызына  айналған.   

Мұндай  эпопеяны  халқын  шын  сүйген  адам  ғана  жаза  алады.  Бұл 

эпопеясы  болмаса  қазақ     өмірі,    оның     кім      екендігі      дәл     

сондай  құдіреттілікпен    дүниеге    танылмас    еді.    «Абай    жолы» 

халқымыздың  ақыл-ойын  биікке  көтерген,  әрбір  отбасының  сүйіп 

оқитын,  тәлім-тәрбие  алатын  туындысы  болды.Қазақ  халқы  қызды 

еркелетіп,  қолпаштаумен  бірге,«Қызға  қырық  үйден  тыю»  деп, 

болашақ  жар,  адал    келін  болу  үшін  қыздардың  тәрбиесіне  ерекше 

мән 


берген.Сол 

секілді 


«Беташар»,«Үлкендерге 

сәлем 


беру»,«Шілдехана»,«Ат 

қою», 


«Бесікке 

салу»,«Қырқынан 

шығару»,«Тұсаукесер»,  өзге  де  салт-дәстүрлер  отбасының  бекуіне 

негіз болған. 

 


Қазақ  қыздары  отбасын,  әке-шешесін,  ағайын-туыстарын 

құрметтеп,  отбасы  бірлігін  сақтаған.Қоғамның  қуат  тірегі  –  отбасы. 

Сол  отбасының  бекем  болуы  көбіне  әйел  адамдарға  байланысты. 

Алайда  әйелдер  құқығы  исламға  дейін  мүлдем  адам  төзгісіз  еді. 

Арабтар  әйел  затының  ар-намысын  қорлап,  қажет  десеңіз  қыздарын 

тірідей  жерге  көмді,  әйелдер  құқығы  тек арабтарда  ғана  емес,  бүкіл 

дүние  жүзі  халықтары  арасында  мәз  болмай,  ар-намысы  тапталып 

жатты. 


 

                              

 

 

Үнділерде  әйелдер  мүлік  қатарында  қаралып,ерлерінің  жеке 



меншігі  саналды.  Сати  заңы  бойынша  өлген  ерімен  бірге  әйелі  де 

өртенген.Мұндай  өлім  қасиетті,еріне  шын  берілу  тұрғысында 

саналғанымен  кімнің  өлгісі  келеді?  Сөйтсе  де  оларды  күштеп  өртеп 

отырған.  Оны  үстіне  жесір  қалған  әйелдерге  тұрмыс  құруға  тыйым 

салу  заңы  тағы  болды.Осындай  тағылық  заң  тек  ХІХ  ғасырдың 

ортасында  ғана  күшін  жойды.  Басқа  елдерде,мысалы,  Жапонияда 

әйелдерге  көпшілік  табынатын  орындарда  табынуға  тыйым 

салынған.Қытайда  да  шіркеуге  әйелдерді  енгізбеген.  Рим  Заңы 

бойынша әйел еріне басыбайлы болып,өзіне тиісті дүние-мүлікке де 

ие бола алмаған. 

Ислам  діні  ерлер  мен  әйелдерді  теңестіріп,бірдей  құқық 

берді.Әйелдер  еркін  дем  алып,өзінің  қасиетті  борышы  аналық 

парыздарын  еркін  атқаруға  мүмкіндік  алды.  Ислам  әйелдерге 

құрметпен  қарауға  үндеді.Тірідей  қыздарын  көметін  тағылық 

қағиданы  жойды.Кімде-кім  үш  қыз  бала  тәрбиелеп  өсірсе,  ол 

жәннатқа  кіреді  деп  есептейді.Мұндай  көзқарас  әлбетте,әлемде 

тыныштық 

пен 


берекет, 

бақыт 


болып,ұрпақтың 

жалғасуына,адамзаттың өсіп-өркендеуіне игі әсер етті. 

 


Құранда ерлер мен әйелдер тек тең құқықты ғана емес, бірін-бірі 

толықтырып,кемелдендіріп  отыратын  жаратылыстар.Иманды  ерлер 

мен иманды әйелдер бірдей мейір-шапағатқа ие болады. 

Ислам  діні  отбасының  бұзылмауына  ерекше  мән  береді, 

шаңырақ  шайқалмауын  көздейді.Сондықтан  шариғат  заңында  неке 

мәселесі  ерекше  орын  алады.  Өйткені  кішкентай  сол  отбасынан 

қоғамқұрылады.  Отбасы  нық,  әрі  тату  болса,қоғамда  да  жайлы 

тұрмыс  орнайды.Ер  мен  әйел  адамзаттың  ұрпақ  тарататын  негізгі 

факторы.Олар 

бір-бірінсіз 

өмір 

сүретін 


болса,ұрпақ 

жалғаспай,тоқырауға  ұшырайды.  «Ердің  де  өзіне  тән  тиісті     



міндеттері    бар.  Міне,    осы      тиісті міндеттерін дұрыс бөліп 

атқарса, онда қуаныш та, өмір мәні де толық болады», - делінген 

Құранда.  Исламның  қағида-ережелері,қазақ  халқының  қағида-

ережелерімен  астарласып,қабысып  кеткен,  әрі  ұзақ  жылдар  бойы 

өмірде  қолда-нылып  келген.Өз  ата-бабаларымыз  екі  етпей  орында-

ған,әрі  заңдарына  айналдырған  осынау  қағида-ережелерді  есте 

ұстаған  ләзім.Жас  ұрпаққа  мұсылмандық  қағидаларын  таныстырып 

түсіндіру әрі парыз,әрі сауабы мол іс. 

Қазір  Қазақ  елі  ұлттық  жаңару  дәуірін  басынан  өткізуде.  Жаңа 

дәуірдің жастарын тәрбиелеуде бұрынғы ғасырлар бойы қалыптасқан 

ұлттық  мәдениетін,  әдет-ғұрпын,  рухани  байлығын  отбасының 

орнығуына  негіздей  отырып,  қоғам,  ата-ана  тәрбиелік  мазмұнда 

жұмыс жасай білу керек. 

Қазіргі  жастарымыздың  бір  шоғыры  имандылыққа  бұрылып, 

ұлттық  салт-дәстүрімізді,  әдет-ғұрпымызды  қайта  тірілтуге, 

жаңғыртуға  өз  үлестерін  қосуда.  Жаман  қылықтан,  теріс  әдеттен 

арылып,  имандылыққа  ден  қойса,  кешеден  бүгінге  жеткен  ұлттық 

салт-дәстүрімізді,  бай  әдет-ғұрпымызды  кеңінен  насихаттауға  үлес 

қосса,  ұлттық  өнерімізді  әлемге  танытып  елін,  жерін  сүйсе  деген 

ниет.  Көшпелі және рулық – тайпалық негізде құрылған халықтарда 

туыстық  байланыстар  қоғамдық  қарым-қатынастың  негізін  қалайды. 

Рулас  ағайын,  туыс  жақын  туыс,  аталас,  бір  ата  баласы,  бір  әке 

баласы арасында туыстық байланыстан туындайтын парыз бен қарыз 

міндеттер  өте  көп.  Олар  қазақтың  ғұрыптық  заң-салттарымен 

бекітілген. Қазақ отбасында негізгі туыстық қатынас – ерлер жағымен 

есептелген.  Сонымен  қатар  әйел  жағымен  де  туыстық 

байланыстардың  атаулары  бар.  Қыздан  туған  балаларды  жиен  деп 

атап, балалар үшін шешесінің туыстары «нағашы жұрт» деп аталды. 

 


Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, 

көңілін жықпауға тырысқан. 

Жалпы  алғанда,  қазақтың  туыстық  қатынас  атаулары  90-ға 

жетеді.  Көнекөз  шежіреші  қариялар  бір  атадан  келесі  атаның 

баласын,  туыстық  тармақтарды  еш  қиналмастан-ақ  тарқата  береді. 

Осылайша,  тарихи  оқиғалар,  аңыз-әңгімелер  атадан  балаға 

жалғастырылады. 

Туыстық  жүйенің  ең  негізі,  бел  ортасы  –  отбасы  саналады. 

Барлық  алыс-жақын  туыстық  –  осы  отбасынан  есептеледі.  «Ата  – 

асқар тау, ана – бауырдағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген 

даналық  сөзден  алар  тағылым  аз  емес.  Және  шындығы  да  осы  ғой. 

Ауылымыздың  ақсақалдары,  ақ  жаулықты  аналары  ағайын-туыс 

арасының  берекесі,  ақылшысы  болып  келеді.  Олардың  әрқашанда 

мәртебесі  биік,  сый-құрметке  лайық.  Өйткені,  үлкенді  сыйлауды, 

қадір  тұтуды  қазақ  баяғыдан  қалыптастырған.  Ұлт  салты  бойынша 

көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамды сыйлаумен 

қатар,  басшы  деп  таныған.  Үлкенді  сыйлау,  ақылын  тыңдауды 

көргенділік деп білген.Дәстүрлі қоғамда ата-әженің тәрбиесін өрмей 

өскен бала болмаған. Ата-әжелер өз ұрпағын немере-шөберелерін ұлт 

руханиятымен  байытып  отырған.Қазақ  дәстүрінде  тұңғыш  немере 

атасы  мен  әжесінің  бауырында  өскен.  Сондықтан  да,  немересін  өз 

балаларынан  да  артық  көріп,  тәрбиелеген.  Кейде  тұңғыш  немере 

кенже ұлының орнын басып, атасының ата шаңырағына ие болып та 

қалатын  жайт  кездеседі.  Әке  -  әулет  басшысы,  отбасы  мүшелерінің 

тірегі,  асырап  сақтаушысы,  қамқоршысы.  Отбасындағы  ұл 

тәрбиесінде  -  әке  орны  ерекше.  Абзалы  отбасы  -  өмірге  келген  әр 

адамның  тірегі  ғана  емес,  қоғамның,  елдің  алтын  арқауы,  берік 

тұғыры екенін әрқайсымыз сезінуге тиіспіз. 

«Ұлтыңды  сақтаймын  десең  -  қызыңды  тәрбиеле,  рухыңды 

сақтаймын  десең  -  ұлыңды  тәрбиеле»  деген  тәсілді  ұмытып  бара 

жатқан  сияқтымыз.  Ата  мен  ана  бала  тәрбиесінің  қамқоршысы 

ретінде  отбасындағы  тәлім-тәрбиенің  алтын  арқауын  босаңсытпауы 

керектігіне  көңіл  бөліп,  болашақтағы  шаңырақ  шырақшыларының 

тәрбиелі,  өнегелі,  ұстамды  болып  өсуіне  ықпал  жасау  керектігінің 

маңызына  тоқталды.  Үй  ішінен  бойға  сіңірген  әдепті  дағды,  аялы 

алақан  жылуы  жастардың  өміріне  тигізер  ықпалы  өте  зор  екенін 

ұмытпайық ағайын. Теріс жолға түсіп, нәпақасын содан тауып жүрген 

әйелдердің іс-әрекетіне ислам діні де қарсы. Қыз бала қанша жерден 

білімді, дәулетті, белгілі әрі беделді болса да, оның өмірдегі ең үлкен 

 


үміті  әрі  бақыты  –  ол  отбасын  құру,  және  оның  ең  басты  арманы  – 

үлгілі әйел, құрметті ана және  отбасының сүйеніші болу керек. 

Төңкеріске  дейін  қазақ  арасында  патриархалық-рулық 

қатынастың  сілемі  сақталып  келгенін-олардағы  туысқандық  қарым-

қатынастан  да  анық  көруге  болады.  Айталық  жеті  атаға  дейін  қыз 

алыспау,яғни  экзогамия  заңына  негізделген  бұл  жора  олардың 

санасындағы өте әріге кететін тектік жақындықты ұмытпаушылықты 

көрсетеді.  Жоғарыдағы  айтылған  мұрагерлік  хақы  да  туысқандық 

қатынастың  әріге  кететінін  дәлелдейді.  Мәселен,тікелей  мұрагері 

немесе  әмеңгері  қалмаған  жағдайда  мал-мүліктің  де,  жесірдің 

де,өлген  адамға  туысқандық  жақындығына  қарай  немере,шөбере 

немесе  аталас  және  руластарының  иелігіне  өтуі-қазақ  арасында 

туыстық  қатынастың    беріктігіне    дәлел  бола  алады.  Туыстық 

қатынас өлгеннің артында қалған мұраға иелік етуге ғана байланысты 

емес.Өйткені  туысқандық  қарым-қатынас  бір-біріне  әр  түрлі 

жағдайда  көмек  көрсету  кезінде  де  анық  байқалады.  Мәселе,қыз 

ұзату,келін  түсіру,енші  бөліп  беру  сияқты  қуаныш  кезінде,немесе  

кісісі  өлген  үйге  аза  салу,оның  жетісі,қырқы,жүзі  және  жылын 

беру,әки  әр  түрлі  кездейсоқ  апаттарға  (жұт,өрт)т.б.ұшырап,мал-

мүліктен  жұрдай  болған  туысқа  туыстық  жақындығына  немесе  өз 

шама  шарқына  қарай  «қосқаным»  деп  көмек  көрсету  әдеті  бұған 

дәлел.Мұндай көмек қазақ арасында «жылу», «немеурін», «үме» деп 

аталған. Осындай туыстық,қала берді рулық ауызбірлік , ынтымақтық 

нәтижесінде  «көп  жиылса  көл»  болар  деген  мақал  қалыптасса 

керек.Бір –біріне көмек беру әдеті өте ертеде қалыптасқан, яғни оның 

түп  тамыры  рулық  құрылысқа  кететіні  даусыз.  Сондықтан  да  ол 

кездегі  әрбір  ру  мүшесінің  қоғамдағы  орны,салмағы  бірдей  болды. 

Келе-келе  жеке  меншіктің  ,  таптың  шығуына  байланысты  өзара 

сілетсіз  көмектің  де  мәні  өзгерді,таптық  сипат  алды.Туыстық  көмек 

дегенді желеу етіп,ауқатты,ықпалды адамдар өздеріне көбірек көмек 

жинаса,яғни  оған  маңайдағы  толып  жатқан  ел  түгел  үлес 

қосса,кедейлерге  арналған  көмекке  қосылатын  үлестердің  мүшелері 

де  тым  шағын  болумен  бірге,оған  азғантай  ғана  жақын  туыстар 

қосылатын.  «Алмақтың  да  салмағы  бар»  немесе  «Бай-байға  ,  сай  -

сайға  құяды»  деген  мақалдың  өзі  осының  дәлелі.Қазақ  арасында 

рулық қатынастың болымсыз сілемі болмаса,ежелгі замандағы оның 

қоғамдық  берік  түрі  сақталды  деуге  болмайды.  Қазақ  қауымындағы    

бай  құдіреттілікпен      дүниеге    танылмас    еді.        «Абай    жолы»  мен 

кедей  арасындағы  таптық  қайшылықтың  айқындала  түсуі,  товарлы 

 


ақшалы қарым-қатынастың жедел енуі рулық қатынастардың негізін 

шайқалтып,оның  күйреуіне  әкеліп  соқты.Ел  арасында  қалыптасқан 

«Туыстан  жүріс  жақын»  немесе  «Аталастың  аты  озғанша, 

ауылдастың тайы озсын» деген мақалдар мұны ашық дәлелдейді . 

Қазақ  арасындағы  туысқандық  қарым-қатынас  тек  ерлер 

тарпынан ғана болып қоймайды,қыздар ұрпағы,жиендер мен нағашы 

арасындағы  қарым-қатынас  та  ерекше  көңіл  аударуды  қажет 

етеді.Нағашыға жиен батыл келеді,халық дәстүрі бойынша нағашысы 

жиеніне «қырық серкеш беруі» керек. Сондықтан болар,жиен көңілі 

түскен нәрсесін : жүйрік ат, қыран бүркіт,қаршыға,алғыр тазы,берен 

мылтық  т.б.  осы  сияқты  бұйымтайын  нағашысы  қолынан 

бермесе,жиен жолынан алуға ерікті,ол үшін жиен айыпты болмайды. 

Жиеннің  қандай  еркелігі  болсын,нағашы  жұрты  көтереді  де 

,оған  әрдайым  қамқорлық  жасап  отырады.Сондықтан  да  халық 

даналығы жігіттің үш жұртының болатынын айта келіп: «Өз жұртың-

күншіл,  қайын  жұртың-сыншыл,ал  нағыз  қалтқысыз  тілеуқорың  - 

нағашы  жұртың»  дейді.Жиенді  баласындай  ерекше  ардақтау-қазақ 

халқының қанына сіңген дәстүр . 

Әдетте  жиен  нағашы  атасынан  гөрі,нағашы  ағаларына 

(шешесінің  туған  аға,інілеріне)  өте  батыл  келеді.Олардың 

әрқайсысындағы  мұндай  қарым-қатынас  (авункудат)  аналық  рудың 

қалдығын  байқатады.Жиенді  қадірлеу  -  ескі  гректер  мен  герман 

тайпаларында  да  ерекше  болған.  Қазақстанның  байтақ  жеріне  кең 

жайылған  үш  жүзге  кіретін  барлық  тайпалардың  тілінде  бірнеше 

диалектілік  ерекшеліктер  байқалғанымен,туыстық  және  құдандалық 

жақындық  жүйесіндегі  атауларда    жергілікті  ерекшеліктер  мүлдем 

жоқ деуге де  болады. Олай болса,бұл ғұрыптық қазақ арасында осы 

уақытқа  дейін  сақталуы,  басқа  халықтар  сияқты,қазақтардың  да  өз 

дамуында  аналық  ру  дәуірін  өткізгендігін  дәлелдейді.Олай  болса, 

қазақтың туыстық және құдандалық жақындық жүйесіне байланысты 

қалыптасқан  атаулар  бүкіл  қазақ  жұртшылығына  ортақ  деуге 

болады.Мұны ел арасында айтылған нақыл сөздері-мізден , жазылған 

жинақ  деректерден,  қазақ  диалектолог-тарының  1961  ж.  шығарған 

диалектологиялық  сөздігі  де  толық  дәлелдейді.Қазақ  арасындағы 

туыстық  және  жа-қындық  қатынастарға  байланысты  қалыптасқан 

жүйенің  мұншалықты  кеңдігі  мен  тұрақтылығы    Л.Морганның- 

қоғамның төменгі  сатыдан  жоғары  сатыға  өтіп,өзгеріп отыруына 

байланысты  отбасы  да  ылғи  жаңарып,өзгеріп  отыратын  болса, 

туыстық  жүйенің,  керісінше,  мейлінше  баяу  дамып,  тек  отбасында 

 


болған  келелі  өзгерістерге  ғана  байланысты  өзгеретіндігі  туралы 

тұжырымдарына шынайы айғақ болғандай. 

Әрбір  отбасы  өз  перзентіне  жастайынан    жеті  атасын  

ұғындыруы  шарт.  Жеті  ата  қазақ    халқының  дәстүрлі  салт-

санасындағы  адамның  ата  жағынан  тегі  таратылуы-ның  нақтылы 

жүйесі.  Бала  өзінен  бастап  әкесі,  атасы,  бабасы,  т.б.  жеті  атасының 

нақтылы  есімдерін  кішкен-тайынан  жаттап  өседі.  Бұлардан  тараған 

ұрпақтар  бір  ата-ның  балалары  болып  саналады,  ал  екінші  жағынан 

саналады. Ал   екінші    жағынан    баладан   тарайтын   ұрпақ әкеден 

төмен  қарай  жалғаса  береді.  Жеті  ата  әкеден  төмен  емес,  жоғары 

таратылады. Олай болса жеті ата:      

1.  Бала  2.  Әке.  3.Ата.  4.Арғы  ата.  5.Баба.  6.Түп  ата.  7.Тек  ата. 

(Ата тегі деген сөз осыдан шыққан) Ататек атаулары: ата, әке, бала, 

немере,  шөбере,  шөпшек,немене.  Қазақ  халқы  жеті  атаға  дейін  қыз 

алыспаған. 

Баланы  бағып-қағып,оқытып  өнер-білім  игертіп,есейген 

соң,«Отбасы- бақыт,байлықтың ұйытқысы», «отбасы жоқ адам басқа 

да,малға да жарымайды», «үйі жоқтың күйі жоқ»,«бас құралмай, мал 

құралмайды»,  «өнегелі  отбасының  баласы  өркөкіректік  істемейді»,-

деп өздері қалаған адамымен үйлендіріп,артынан үлгілі-өнегелі ұрпақ 

қалдыруды  өте  игілікті  іс  санаған.  «Үй-іші  ала  болса,  кереге  басы 

пәле 


болады» 

деп 


отбасы 

ішіндегі 

алалықты, 

ұрыс-


керіс,берекесіздіктен  шеттеп  отырған.Сондай-ақ,  «би  болмасаң    би 

болма,би  түсетін  үй  бол»  деп  ел-жұртқа  сыйлы,  қонақтарға  жайлы 

отбасы  құрып,ұл-қыздарын  адамгершілікті  ардақтап,ұлағатты 

ұл,тәрбиелі қыз өсіруге жетелеп отырған.  Отбасындағы  бұл тәрбие 

жанұяны ардақтап,тату-тәтті, үлгілі-өнегелі отбасын құруға баулиды. 

Қазақтың ертеден келе жатқан салт-дәстүрі қыз айттыру. Әр ата-

ана  өз  ұлының  болашақ  қалыңдығын  ерте  ойластырады,өзінің  теңін 

іздейді.   «Анасын көріп қызын ал»  деген қағиданы қатаң ұстайды. 

Яғни болашақ құдасын орынды жерден,жақсы кісілерден,аталы іргелі 

ауылдан  қарайды.  Лайықты  деген  адамдарына  әдейі  барып  

балаларының  болашағы туралы әңгіме қозғайды,өздерінің құда болу 

ниетін  білдіреді. Мұны «қыз айттыру»- дейді.  Көбіне     бірін-бірі     

жақсы  білетін,  өте  сыйлы,дос  кісілер  арасында  бесікте  жатқан 

балаларды атастырады ,   мұны «Бесік құда» дейді. 

Қазақтың  қыз  көру  салты  бойынша  «Пәлен  жерде  жақсы  қыз 

бар»  дегенді  естіген  жар  таңдаған  жігіттер  өнерлі  дос-жолдастарын 

ертіп  қыз  ауылына  барады.  Қазақта  «қызды  кім  көрмейді,  қымызды 

 


кім ішпейді» деген мақал қыз іздеген жігіттерге  жол ашады. Ондай 

жігіттерге ешкімнің наразылық білдіруге,тосқауыл жасауына хақысы 

жоқ.  Керісінше  жігіттерді  салтанатпен  қарсы  алған.  Ауылдың 

бойжеткен  өр  мінезді,  еркін  қыздары  мұндайда  «қыз  көретін  жігітті 

біз көрелік» деп белсене шығып, жігіттермен өнер сынасқан. Жігітке 

олар  да  сын  көзбен  қарап,өз  ойын  ашық  айтқан.  Бірін-бірі  сынаған 

қыз  жігіттер  айтысқа  түскен.  Осыдан  кейін  ұнатқан  жастар  сөз 

байласып,жігіт жағы құда жіберген. Жігіт пен қыз бірін-бірі ұнатқан 

жағдайда    құдалық  жолы  жасалған.Құда  болуға  баталасқан  екі  жақ 

келіскеннен кейін бір-біріне    сый-сияпат     ұсынады. 

  

              



 

 

Жігіт    жар  «қарғыбау»  ұсынғаннан  кейін,  қыз  әкесі  жаушыға 



«шеген шапан» жабады. Бұл  уәде пісті деген сөз. «Жаушы» жіберген 

жақ жігіт ауылы келе жатқан өз жаушыларының үстіндегі жаңа яғни 

«шеген шапанын» көріп, оларды шашу шашып қарсы алады.      

Ертеден  және  қазір  де  жалғасып  келе  жатқан  әрі  жарасты 

дәстүрлердің бірі- Құда түсу. Жігіттің әкесі немесе жақын  туыстары 

қызы бар үйге құда түседі. Құдалар құрметке лайық сыйлы адамдар 

деп саналады. 

Қыз  әкесі  келісім  берген  соң  құдалықтың  жөн-жоралғыларын 

жасайды.  Оның  түрі  өте  көп,мысалы:құда  аттанар,құда  тарту,ат 

байлар,  құйрық  бауыр  тағы  басқа  ырымдар  мен  кәделер,  алымдары 

болады.  Құдалықты  басқарып  барған  адам  «бас  құда»  деп  аталады. 

Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әкелері бір-біріне «бауыздау 

құда» деп аталады.  

 


                     

 

 



Құда  түсу  –қазақтың  ең  үлкен  той-думаны  мәртебелі,  жарасты 

әрі мән-маңызы бар салт-дәстүрлерінің бірі. Онда түрлі ойын-сауық, 

әзіл-қалжыңдар, палуан күрес, айтыс,өлеңдер айтылады.Екі жақ бір-

бірін  сынап  отырады.Қазақтың  салт-дәстүрлері,ырымдары  мен  кәде 

түрлері  өте  көп.  Солардың  ішінде  қыз  алуға  келген  құдаларға 

жасалатын құрмет те аз емес.Олар тартатын күлкілі азап одан да көп. 

Олар «құдаларын құдайындай сыйлай» отырып,  «құда тартар» - 

атты кәделі дәстүрден аттап өтпейді.Бұл ойын-күлкіге,сауыққа,сынға 

құрылған  салт.  Мұнда  құда  тартар  кәдесін  сұрай  келген  әйелдер 

бастаған топ құдаларға лап қояды да,оларды көкпар тартқандай тарта 

жөнеледі.  Әрине,бұған  қарулы  жігіттер  мен  жас  әйелдер  араласады. 

Олар құдаларды теріс қаратып өгізге мінгізеді,  «кірлеп  кетіпті ғой» 

деп  өзенге  де  апарып  сүңгітеді,аяғын  жоғары  қаратып  үйдің 

шаңырағына  да  асып  қояды.  Не  керек  жұрт  күлетін  қиын  да  кейде 

ерсі қимылдарға барады.Бұған құдалар ашуланбайды.Қолынан келсе  

олар  да  құдағи  жағына  күш  көрсетіп,  оларды  қоса  құшақтай 

кетеді.Құда түсу рәсімі келісілген соң дәстүр  бойынша күйеу жағы  

«қалың  мал»    төлеуге  тиіс.Бұл  –  қазақ,қазақ  болғалы  бұлжымаған 

ежелгі  дәстүр.Оның  мөлшері  құдалардың  дәрежесі  мен  дәулетіне 

байланысты  екі  жақ  келісе  отырып  шешеді.«Бұрынғы  кедейлер 

арасындағы  қалың  мал  мөлшері  5-6  малмен  тынса,ірі  байлар 

арасында екі жүз, бес жүз, мың жылқыға дейін жеткен.Би мен байлар, 

хан  мен  төрелер  арасында  қалың  мал  үстіне  «бес  жақсы»  деп 

аталатын  бес  түйеге  қосып  бір«жетім  қыз»  (күң),«аяқ  жақсы»деп 

беретін  үш  түйеге  қоса  бір«еркек  жетім»  (  құл)  бергендігі  кейбір 

деректер арқылы белгілі.Қалың малдың «қырық жеті»,«отыз жетінің 

бүтіні»,«отыз  жеті»,«отыз  жетінің  жартысы»  т.б  түрлері  бар.Мұның 

сыртында той мал,сүт ақы,күйеу апаратын ілу,өлі-тірі апаратын,тағы 

басқа көптеген бағалы кәде,жоралар да болады. 

Құдалықтың  негізгі  белгісі-  киіт  және  олардың  арасында 

жүретін,соған  лайықталған    сый-сияпат,  мал,  киім,  мүлік.Олар 

құдалар  дәрежесіне,  дәулетіне  байланысты  әртүрлі  болып  келеді.  

 


Мысалы:  бұрын  құндыз  жағалы  тон,қасқыр  ішік,кілем  тағы  басқа 

қымбат бұйымдар,  киімдер мен  заттар,  жүздеген  мал берілген. 

 

 

 



Қазіргі  кезде    «қалың  мал»  төленбесе  де,  оның  киіт  кигізу 

сияқты  дәстүрлері,басқа  да  жол-жоралғылары  жасалып  жүр.Қазақ 

дәстүрінде  орны  бөлек  «Құйрық-бауыр  жедің  бе,құда  болдым  дедің 

бе»  дәстүрі.Қазақта  құда  болған  жағдайда  арнайы    «құйрық-бауыр» 

әкелінеді.Әкелген әйел  «бауырдай жақын,құйрықтай тәтті болыңдар» 

деп  тілек  білдіреді.  Одан  барлық  құдалар  ауыз  тиеді.    «Құйрық 

бауыр»  салтында  да  қалжың  өлеңдер  мен  қағытпалар  да  айтылмай 

қалмайды. 

Құда,құда дейсің-ау  әй, 

Құйрық-бауыр жейсің-ау 

Құйрық-бауыр жемесең, 

Несіне құда дейсің-ау 

Үлкен құда,бас құда 

Кіші құда,жас құда. 

Құйрық-бауыр әкелдім, 

Ауызыңды аш,құда.  

Үлкен құда ардақты-ай, 

Кіші құда салмақты-ай.  

Құйрық бауыр асатам,   

Тістеп алма бармақты-ай. 

Үлкен құда әнекей-ау,   

Кіші құда мінекей-ау. 

Құйрық- бауыр асаттым, 

Кәделерің  кәнекей-ау! 

Әр елде, әр ауылда әр салт-дәстүрдің  осындай өзіндік әуендері 

мен ән жырлары бар. 

Екі жақ келісімі нығайған  соң күйеу  жағынан құдаларына бір 

білікті адамды  бас етіп  «өлі-тірі» яғни кәделі мал жіберіледі.  «Өлі-

 


тірі»  деген    «өлі  мен  тірі  арасында  адалмыз  құдай  қосқан 

құдалығымыз  ақиқат»  деген  ұлттық  ұлағатты  ұғымды  білдіреді.Бұл 

үлкен кәделі әрі маңызды жол –жоралығы, құдалық бекінді деген сөз.   

Қазақ дәстүрлерінің ішінде қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны 

бір  бөлек.  Себебі  сәукеле  әйел  киімдерінің  ішіндегі  ең  асылы  ғана 

емес,  оның  жұбайлық  өміріндегі    елеулі  кезінің  естен  кетпес  ыстық 

сәті. Ол-бұлғақтап өскен оң жақтағы және ақ босаға  аттар алдындағы 

қимас  та  қызықты  сәттерінің  бірі.  Бұл  аз  болса  келіншекке  сәукеле 

кигізудің өзі бір ерекше салтанат. 

 

                 



 

 

Бұл  салтқа  құда-құдағилар  шақырылады, шашу  шашылады.  Ақ 



бата  арналады.  Сәукеле  байғазысының    бағасы  да  олқы  болмайды. 

Сәукелелі келіншек ажарлы да базарлы келіншек.Оны жұрттың бәрі 

көруге ынтық .Оның көрімдігі де соған лайық болу керек. Жас отау, 

сәукелелі  келіншек,  ойын-сауық,көңілді  күлкі  жаңа  өмірдің  бақыт 

есігін ашқандай  әсер етеді. Қазақ  отбасы   «Ұлын-ұяға,қызын қияға 

қондыру»-әр  ата-ананың  тілегі,парызы.  Соның  ішінде  қыз  ұзату 

үлкен  той,думан  әрі  қызық.  Бұл  күні  ата-ана  қуанады,әрі  жылайды. 

Қуанатыны  –  қыз  өсірді  және  оны  құтты  жеріне  қондыруы, 

жылайтыны-әрине қимастық  көңілі.  

Қызды алуға құда (тақ  санмен) бес не жеті кейде одан да көп 

адам    келеді.Мұның  ішінде  бас  құда,құдалар  және    күйеу  жолдас 

болады.  Солтүстік    және    Орталық  Қазақстанда  тек  ер  адамдар 

барады.  Құдалар  әдетте  кешкілік    баруы  керек.  Мұнда  ойын-сауық, 

құдалық  рәсімдері  мен  кәде-жоралар  жасалады.  Жақын  туыстары 

құданы  үйіне  шақырады.  Дәстүр  бойынша  ұзатылатын  қызды  таң 

ата,күн  шыға  жөнелтеді.Оның  алдында  қыз    «Қоштасу  жырын», 

жастар    «Жар-жар»,    «Ау-жар»,    «Аушадияр  айтылады».    Соңында 

құда аттандырар кәдесі  беріледі. 

 


Жоғарыда келтірілген көптеген  деректерді қорыта келіп , қазіргі 

қазақ  отбасында,  халықтың  материалдық  және  рухани  мәдениетінде 

жарты  ғасыр  ішінде  маңызды  өзгерістер  болды.  Еліміздегі  жаңа 

құбылыстың  барысында  әйел  мен  еркектің          еріктілігі  мен  тең 

құқылылығына  негізделген  моногамиялық  отбасы  қалыптасты. 

Мұндай  жаңа  отбасының  мақсаты  –  отбасы  бірлігін  сақтай  отырып, 

балаларды  тәрбиелеу  және  өз  қоғамына  адал  еңбек  етіп,  азаматтық 

борышын ақтау болып отыр. Елімізде жаңа құрылыстың жеңуі неке 

құру  мәселесіне  де  ең  жоғары  адамгершілік  принциптеріне  сай  - 

жаңалықтар енгізді. Неке құру үшін жастардың еріктілігі,өз тағдырын 

өзі шешіп, сүйіспеншілік сезімі негізінде жар таңдауға шын мәнісінде 

бостандық, ерлі-зайыптылардың тең құқылығы іске асырылуына көп 

жағдай жасалынды.  

Қазақ  отбасының  өткені  мен  бүгіні,халқымыздың  бай  салт-

дәстүрлері  мен  әдет-ғұрыптары  ,  халықтың  озық  әдет-дәстүрлерін 

кеңінен  насихаттау,одан  ғибрат  алуға  үндеу,  тозық  дәстүрлерден 

аулақ болуға шақыру. «Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, 

теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді» 

деп  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  айтқандай,  әрбір  қазақ  отбасына 

күннің 

шуағындай 



шаттық, 

жылылығындай 

мейірімділік, 

қуаныш,береке тілейміз. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



Пайдаланылған әдебиеттер 

 

1.

 



Ж.Аймауытұлы. Психология. Алматы. «Рауан», 1995. 332-б. 

2.

 



Абай. Қара сөздер. Алматы. 1990. 

3.

 



Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасы.  

«Қазақстан мұғалімі», 5 ақпан, 1993. 2-3 бет. 

4.

 

Ж.Баласағұн. Құтты білік. Алматы. «Жазушы», 1986. 358-б. 



5.

 

Әл-Фараби. Әлеуметтік-әтикалық трактаттар. Алматы. 1974. 343-б. 

6.

 

С.Көбеев. Баланы семьяда тәрбиелеу. Алматы. «Мектеп», 1965. 12-б. 



7.

 

О.Жақсанов. Мәдениет. Алматы.  Шілде, 2012. 25-27-бет.  

8.

 

А.Манкеш. Қазақстан мектебі. Алматы. №7, 2012. 48-50-бет. 



9.

 

Ә.Бейсенова. Егемен Қазақстан.  №204, 2013. 6-бет. 

10.

 

Оңтүстік Ұстаздары. №16, 2014.5-бет. 



11.

 

Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 



 

1-

том.Алматы. «Арыс», 2005.  



12.

 

Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 



 

2-

том. Алматы. «Арыс», 2006.  



13.

 

Х.Арғынбаев. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. Алматы. «Қайнар».2005. 

14.

 

Байзақов А. Отбасы-тәрбие іргетасы.[Мәтін]: //Оңтүстік ұстаздары.- 



2014.-

15 қаңтар.-3 б. 

15.

 

Сейілова А. Отбасының тыныштығы-қоғамның тұрақтылығы [Мәтін]  



//Егемен Қазақстан 2014.-24 сәуір.-2 б. 

16.


 

Нуруллаева Г. Бала-басты байлығымыз, ал ең асылы-оның тәрбиесі. 

[Мәтін]//Оңт.ұстаздары.-2014.-31 қаңтар.-5 б. 

17.

 

Сманов Б. Ата –ана және бала [Мәтін] //Егемен Қазақстан.-2014.-16  



мамыр.-9 б. 

18.


 

Пірәлиев С. Интеллектуалды ұлт қалыптастыру-инновациялық даму  

кепілі [Мәтін]//Егемен Қазақстан.-2012.-18 мамыр.-4 б. 

19.

 

Жарқынбаева Д. Отбасы – отанның отауы:[Мәтін] // Егемен Қазақстан.- 



2010.-

5 қараша.-9 б. 

20.

 

Мәуленқұлов Ж. Ата дәстүрден адаспайық. [Мәтін] // Оңт.Қазақстан.- 



2011.-

8 қыркүйек-2 б. 

21.

 

Ағаш бесіктен жер бесікке дейін. (Халықтық  дәстүр тәрбиесі)-Алматы:    



 

«Өнер», 2011.-140 бет. 

22.

 

Ағаш  бесіктен жер бесікке дейін. (Ырым-салт жорамалдар)-Алматы.  



«Өнер», 2011.-160 бет 

23.


 

Кенжеахметұлы С. Қазақ  халқының  салт-дәстүрлері.-Алматы: 

«Алматыкітап» 2007.-284бет. 



 

Document Outline

  • Қазақ отбасы 1
  • Қазақ отбасы 2
  • Қазақ отбасы
  • Қазақ отбасы 3
  • Қазақ отбасы 4


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет