Отбасы бақыт мекені Отбасы адам өмірінің ажырамас бөлі



Дата06.09.2023
өлшемі17,88 Kb.
#106266

Отбасы бақыт мекені
Отбасы - адам өмірінің ажырамас бөлігі. Отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Жанұя мүшелерінің сыйластығы, махаббаты, бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болса жетіп жатыр. Джонни Дэп айтқандай- «Отбасы - әлемдегі ең маңызды нәрсе. Егер сіздің отбасыңыз болмаса, сізде ештеңе жоқ деп есептеңіз. Отбасы - сіздің өміріңіздегі ең берік байланыс.» осыдан туындайтын сұрақтарға жауап берейін.
Неліктен отбасы маңызды? Отбасы - бұл әркімге бірдей берілмейтін игілік. Бірақ, бұл нығметтің қадірін білмейтін адам өте көп. Кейбір адамдар тәуелсіз болу үшін отбасынан тыс уақыт өткізеді, оның маңыздылығын білмейді. Менің ойымша, Отбасын қадірлей білуіміз қажет, ол біз үшін өте маңызды, өйткені адам баласы өмірді отбасы арқылы тани бастайды, яғни ең маңызды базалық танымды отбасынан алады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі,» – деп бекер айтылмаса керек. Отбасы – баланың рухани құндылықтарды бойына сіңіретін ортасы. Бірлігі жарасқан отбасынан шыққан адам ғана өзінің отбасын бақытты ете алады, өмірде жолы болатын тұлға ретінде қалыптасады.
Менің де отбасым ең бақытты жанұя деп ойлаймын. Қасымда әлемдегі ең мейірімді жан – анашым бар. Кез келген уақытта қысылмай көмек сұрай алатын, мен дегенде жаны бөлек бауырларымның, әпкелерімнің ортасындамын. Таңертең анам бетімнен сүйіп оятады. Үнемі бар білгенін айтып, ақылын-кеңесін аяған емес. Бауырлар, мен әпкелермен сабақ дайындаймыз, ойнаймыз. Кейде ренжісіп қалатынымыз да бар. Сонда да оларды қатты жақсы көремін. Бәріміз бір дастархан басында жиналып, шұрқырап әңгімелескенде, ерекше бір тәтті сезімге бөленемін. Ең қымбат сәттер екенін жан жүрегіммен сезінемін. Ал демалыс күндері уақытымызды бірге қызықты етіп өткізуге тырысамыз. Табиғатқа шығамыз не болмаса кино не мультфильм көреміз. Үйде болғанның өзінде неше түрлі ойындар ойнап, анамның дәмді-дәмді тамақтарын жейміз. Жалпы анамның ыстық тамағының иісі үйіміздің берекесін, молшылығын білдіретін негізгі белгі деп білемін. Шаршағанда, сабақтан келгенде қандай рахат,қарнымыз тойып мәз-мейрам боп қаламыз. Анамыз біздің қуанышымызды көріп екі есе бақытқа бөленеді. Ата-анам әрдайым бізді жақсылыққа, ешкімнің ала жібін аттамауға, адалдық пен мейірбандылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеп қана қоймай, өздері да үлгі бола біледі.
Алайда қазіргі таңда отбасы әлеуеті нашарлап бара жатыр. «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген бар. Расында отбасы тату болмаса, шаңырақ шайқалады. Оған екі жағдай әсер етуі мүмкін. Сыртқы жағдайы – тұрғын үйі, яғни, баспанасы болмауы, ерлі-зайыптылардың жұмыс істемеуі, отбасына табыс көзінің кірмеуі.Ал ішкі жағдайы- екі жастың сүйіспеншілігі, олардың арасында махаббат сезімінің болуы, бір-біріне жанашырлығы, жеке бастарының мінез-құлықтарының сәйкес келмеу, баска да адами қасиеттеріне байланысты. Қазіргі көп ажырасудың басты себептеріне жас жұбайлардың тез танысып, бірден үйлене салуынан қызғаншақтық, өмірге көзқарастары мен мінездерінің үйлеспеуі, күйеуінің немесе әйелінің ішімдік ішіп, темекі шегіп, алькоголизмге салынып кетуі, жұбайлардың опасыздығы, ерлердің озбырлығы, балалы болғысы келмеушілік, енелеріне төзбеушілік болып жалғасып кете береді. Қысқасы үй-жай болғысы келмейтіндер сынықты сылтау етіп, ажырасуға бейім тұрады. Осы кез еліміздің де, халқымыздың да тұрмысы жақсарып, әлеуеті артқан шақ. Отбасының қалыптасуы мен дамуы қоғамның алға басуымен сәйкестеніп жатса, экономикалық, саяси-әлуметтік, рухани тұрақтылық жанұяны да тұрақтандырары сөзсіз. Ол үшін жастардың, жас жұбайларымыздың санасы бұрынғыдан жаңаша, рухани жанғыруы тиіс. Сонда ғана еліміздің отбасы мүшелері бақыт құшағына еніп, айдын көлде қос аққудай қалқып, халқымыздың саны артып, өркениетті 30 елдің қатарына ілінетін болады.
Қорытындылай келе айтарым, бізге ерлі-зайыпты жастарымызға, қылықты келіндеріміз бен жолбарыстай қайратты ұлдарымызға ата-бабаларымыз сенім артыруда.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет