Отбасы бақытына
апаратын отыз жол
Отбасы бақытына
апаратын отыз жол
Доктор Мұхаммед Мансұр
Доктор Мұхаммед Мансұр. «Отбасы бақытына апаратын отыз жол».
Аударған: Ақатаев Е.Б.
Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады: «Оның белгілерінен - жандарыңа жұбаныш болу-лары үшін, сендерге өздеріңнен жұбайларыңды жаратуы, сондай-ақ араларыңа сү-йіспеншілік пен рақымдылықты ұялатуы» («Рум» сүресі: 21).
Исламдағы отбасының рөлі – өте зор, өйткені ол салиқалы тұлғаны тәрбиелеп шығара-тын дұрыс қоғамның негізі болып табылады. Исламның жанұяға деген қамқорлығы мұ-сылман адамға, ең алдымен, діндар жұбай ұсынуынан басталады. Мұнан кейін отбасы өмі-рі махаббат пен мейірімділікке негізделеді. Ерлі-зайыптылардың арақатынасы иманның жетекшілігінде болуы қажет. Өйткені қоғам ішінде олардан басқа ешкім салиқалы ұрпақ-ты тәрбиелеп шығара алмайды. Әркім өз қалауына еріп кетпесі үшін, ислам отбасына қа-тысты құқықтарды, міндеттерді және қарым-қатынасты жүргізу жолдарын нұсқады. От-басы бақыты осы нұсқаулардың ұқыптылықпен атқарылуына байланысты. Сол себептен олар бір-бірінің құқықтарына қамқорлық етулері қажет. Сонда ғана келісімде, тыныш-тықта, сүйіспеншілікте және амандықта өмір сүреді.
Алдарыңызға ұсынылып отырған бұл кітаптың көрінісі қарапайым болғанымен, ерлі-зайыптылар үшін қажетті әрі маңызды мәселелерді қамтиды. Онда отбасы бақытына апа-ратын отыз шарт келтірілген. Ендігі кезек ерлі-зайыптылардың өздеріне байланысты, егер олар бұл шарттарды өз араларында тірілтетін болса, онда Аллаһ тағала айтқандай: «Кім түзу амал қылса, мейлі ер, мейлі әйел болсын, әрине, егер мүмін болса, оның өмірін құтты қыламыз, сонымен қатар олардың сыйақысын істегендерінен де артығырақ бағалаймыз» («Нахл» сүресі: 97).
بسم الله الرحمن الرحيم
Кіріспе
Аллаһ тағала айтады: «Иман келтірген соң, имандарын зұлымдыққа1 араластырма-ғандар, міне соларға аманшылық болады және олар - тура жолдағылар» («Әнғам» сүресі: 82).
Адамның бақыты жаны мен тәнінің тыныштықта болуымен жүзеге асады. Адам баласы өзін жоқтан бар етіп, ризығына бөлеген Раббысын танып білмейінше, дүниеге келудегі мақсатын түсінбейінше, өмірін толығымен шариғатқа сай жүйелемейінше, және дүниенің ақиретпен салыстырғандағы құнсыздығына көзі жетпейінше, сөйтіп Раббысының разы-лығы мен жәннатын ғана армандамайынша жаны тыным табады деп айту қиынға соғады.
Адамның тән тыныштығы дене қажеттіліктерінің өтелуімен қалыптасады, бұған оның ішіп-жеуі, қозғалыс-әрекеті, еңбек етуі мен тынығуы, денесінің дамуы, білім үйренуі, ой-лап табуы, жыныстық қатынасы мен ұрпақ өндіруі, сондай-ақ қоғамдық қатынастары кі-реді. Алайда мұның бәрі исламның талаптарына сай оның әдебі аясында атқарылуы қажет. Әйтпесе адамды басқа жаратылыстардан ерекшелеп тұрған ақылы өз қызметін жо-ғалтады да, құмарлығын қандырған жануарлардан айырмашылығы болмай қалады.
Аллаһ тағаланы танымаған адам дене қажеттіліктері мен құмарлығын қамтамасыз етем деп дүниеге келудегі жалғыз-ақ мақсатынан, яғни Аллаһқа құлшылылық етуінен адасып, дүниенің қызықтарына беріліп, өмірі құрдымға кетеді. Аллаһ тағала құран кәрімде былай дейді: «Адамдар үшін әйелдерге, ұл балаларға, алтын, күміс және асыл тұқымды жылқылардан жиылған мол дәулетке құштарлану, сондай-ақ мал мен егінге әуесте-ну махаббатты тым әдеміленіп, аузына қаратты» («Әли Ғимран» сүресі: 14).
Адам жаны мен тәнінің қажеттіліктерін бірдей қаматамасыз етуі қажет, рухани қажет-тіліктерін қамтамасыз етіп, тән қажеттіліктерін тәрк етуі пайғамбарымыздың (алайһи ас-солату уа ас-салам) ұстанған жолына қайшы келеді. Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай деген еді: «Пәлен қыламыз, түген қыламыз деп айтатындай ол адамдарға не болды екен? Аллаһпен ант етемін, шындығында, сендердің іштеріңде Аллаһтан ең қатты қорқатын және ең қатты сақтанатын - мен емеспін бе, алайда бірде ораза ұстасам, бірде аузым ашық болады, бірде намаз оқысам, бірде жатып ты-нығамын, сондай-ақ әйелдерге де үйленемін. Ал енді кім менің сүннетімді қаламаса, ол - менен емес».
Рухани дүниесін ұмытып, тәнінің қажеттіліктерін ғана қанағаттандырып жүрген адам-дардың өмірін Аллаһ тағала Құран Кәрімде малдың өміріне теңейді, негізінде, бұл имансыз адамдарға тән ерекшелік: «..ал кәпірлер болса, мал сияқты құмарлықтарын қанды-руда және қарындарының тойғанына мәз» («Мұхаммед» сүресі: 12).
Құдай қосқан қосағын тауып, адал некенің негізінде құрылған мұсылман отбасының ая-сында ерлі-зайыптылардың әрқайсысы тыныштық рахатын жан-тәнімен бірдей сезінетін болады. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Сендерді жұп қылып жараттық» («Нәбә» сүресі: 8).
Ислам тәлімінде мұсылман отбасының бақытты өмір кешуіне түрткі болатын бірнеше факторлар бар, олардың ұқыптылықпен атқарылуы ерлі-зайыптылардың әрқайсысынан та-лап етіледі. Құрметті оқырман бауырлар мен қарындастарымыз бұл факторлармен өздеріңізге ұсынылып отырған «Отбасы бақытына апаратын отыз жол» атты осы кітапша арқылы таныса аласыздар.
1 Бұл аяттағы зұлымдық сөзінің мағынасы көп құдайға табынушылықты көздейді
Бірінші бөлім:
Ислам дінінің отбасы бақыты үшін
белгілеген жолдары
1 - Жақсы жар таңдау
Ерлі-зайыптылардың тату-тәтті өмір кешіп, отбасы бақытқа бөленуі үшін, екеуінің бір-дей дәрежедегі отбасында тәрбие алулары маңызды рөль атқарады. Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) жар таңдау тұрғысында былай деген: «Әйел затына үйле-ну төрт нәрсеге негізделеді: байлығы үшін, атағы (тегі) үшін, сұлулығы үшін және ді-ні үшін. Сен діні барын таңда, әйтпесе көп жақсылықтан құр қаласың!»1.
Тағы бір хадисте: «Егер өздеріңе (құда түсуге) келген кісінің діні мен мінезіне разы болсаңдар, дереу оны үйлендіріңдер! Егер бұлай істемесеңдер, жердің беті бүлікке жә-не ірі күйзеліске ұшырайды»2.
Діндар дегенімізде жігіттің де, қыздың да бойында тәрбиенің негізінде ғана қалыптаса-тын адамгершілік пен инабаттылық сипаттарды айтамыз. Олардың ең негізгілеріне шын-шылдық пен ақпейілділік, опалық пен тақуалық, сыпайылық пен жомарттық, сабырлық пен шүкірлік, сауаттылық пен әдептілік сияқты мінез-құлықтар жатады.
Айша анамыздан, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбарымыздың (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай дегені айтылады: «Ұрпақтарыңның жан тәрбиесі үшін жақ-сы ана құрсағын таңдаңдар, сондай-ақ өздеріңе сай әйелдерге үйленіңдер!»3.
«..өздеріңе сай..» дегеніміз - ерлі-зайыптылардың ой-санасы мен білімділік дәрежелері-нің, әлеуметтік және қаржы жағдайларының сай болуы, сондай-ақ табиғаттары мен ғұмырларының үйлесуі. Әбу Бәкір мен Омар, Аллаһ тағала оларға разы болсын, пайғам-барымыздың (алайһи ас-солату уа ас-салам) қызы Фәтимаға құда түскенде, екеуіне: «Ол - тым кішкентай ғой»-деп жауап береді. Ал Әли, Аллаһ тағала оған разы болсын, келіп сөз салғанда, пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) Фәтиманы Әлиге некелейді4.
Жігіт пен қыздың әрқайсысы болашақ жарының табиғаты мен сипаттарына егжей-тегжейлі танысуы таныстары тарапынан сұрастыруы арқылы іске асады. Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) Үмма Сулайымды бір әйелге құда түсуге жіберген кезде былай дейді: «Табандарына назар аудар, мойны мен иықтарынан жағымсыз иіс шықпай ма екен, соны біл», тағы бір сөзінде: «..тістерінен жаман иіс шықпай ма екен, соны біл»-дейді5. Бұл хадисте әйел затының өзін таза ұстауы көзделеді. Тәні мен киіміне кір жұқпайтын, асына қылшық тұрмайтын жинақы да таза әйел күйеуіне сүйкімді болады, осыған қатысты өзін таза ұстаған әйел заты үйіне де, балаларына да ұқыпты болады. Сол себептен исламның санасында тазалық иманның жартысы болып саналады.
Бір-бірлеріне жан-жақты сай болып қосылған ерлі-зайыптылар, Аллаһ қаласа, бақытты өмір кешеді. Ал енді пәленшенің бір әйелге дінін былай қойып, сұлулығы немесе атағы үшін ғана үйленуі бақытқа жолықтырады деп пайымдау тым қиынға соғады.
2 - Жанашырларыңмен ақылдасу және истихара6 намазын оқу
Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай деді: «Кім истихара дұғасымен Аллаһ тағалаға жалбарынса еш түңілмейді, кім кесетін болса еш өкінбейді және кім малын үнемдесе кедейлік өмір кешпейді»7.
Жігіт те қыз да бір-бірін таңдау барысында, ең алдымен, екінші жақты танитын тәжіри-бесі бар салиқалы адамдармен, таныстарымен ақылдасуы қажет. Мұның нәтижесінде істің егжей-тегжейі айқындала түседі, егер жарасып жатса қосылып, жараспай жатса қосылмай-ды, ал бұл салада тәжірибеден жұрдай және екінші жақты жақсы танымайтын адамдармен ақылдасатын болса, ол өз отбасының болашағын қатерге ұрындырары сөзсіз.
1 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
2 Ат-Тирмизи жеткізді
3 Ибн Мажа жеткізді
4 Ан-Насаи жеткізді
5 Ахмад және ал-Хаким жеткізді
6 Истихара дегеніміз Аллаһ тағаладан жақсылық тілеу деген мағынаны білдіреді
7 Ат-Табарани жеткізді
Мұнан кейін Аллаһ тағалаға жалбарынады, екі рәкат истихара намазын оқып дұға етеді. Өйткені адамның дүниесі мен ақиреті үшін қандай істің жақсы және қандай жардың қайырлы екенін тек қана Аллаһ тағала біледі. Жәбир, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деген еді: Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) құран оқуды үйреткені секілді бүкіл істерімізде истихара оқумызды да үйретіп, бізге былай дейтін: Сендерден біреу бір іспен мазаланған болса, парыздан бөлек екі рәкат намаз оқып, кейін мына дұғаны айтсын: «Аллаһым, біліміңе сай сәттілікке жолықтыруыңды сұраймын, құдіретіңе сай жақсы тағдыр жазуыңды тілеймін және орасан зор кеңшілігіңнен сұраймын, өйткені Сенің құдіретің (әр нәрсеге) жетеді, ал менің шамам жетпейді және Сен (мен үшін ненің жақсы екенін) білесің, ал мен білмеймін, әрине, Сен - өткен және болатын құпиялардың бәрін білушісің! Аллаһым, Сенің біліміңде бұл іс дініме, өміріме және соңғы сағатыма жақсылық әкелетін болса, (ерте ме кеш пе,-деді ол) дереу оны тағдырыма жаза көр, іске асуын жеңілдетіп, оны маған берекелі ете гөр! Ал Сенің біліміңде бұл іс дініме, өміріме және соңғы сағатыма жамандық әкелетін болса, (ерте ме кеш пе,-деді ол) оның бетін менен аулақ етіп, мені де одан аулақтата көр, сондай-ақ жақсылықты қайда болса да тағдырыма жазып, мені онымен қанағаттандыра көр»-деп, бұйымтайын айтсын,-деді1.
3 - Құрбыңа алғаш назар салуың және махаббат сезімінің оянуы
«Кім сендерден бір әйелге (бойжеткенге) сөз салған болса, деді Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам), - бұл әйелге үйленуіне қызықтырып тұрған жерлеріне көз салуға шамасы жетсе, қарап алсын»2.
Ол мүмкін болса, қыздың шырайы мен қолына (білезіктен саусақтарға дейінгі бөлігіне) қарауына болады, ал кейбір ғұламалардың айтуынша, бүкіл денесін де көруіне болады, өйткені хадистің мәтіні сөз салған адам үшін қыздың денесін көруіне шек қоймады, деген-мен бұл істің барысында екі жақтың сезімдеріне кірбің түспеуі аса қадағалануы қажет. Сахабалардың бірі Жәбир, Аллаһ оған разы болсын, бір әйелге сөз салудан бұрын, оны ты-ғылып көретін. Осылайша әркім жарын көруі үшін екінші жақтың сезімдерін жаралап алмайтындай қолайлы жолдарды пайдаланғаны жөн. Қыз да оған қарайды. Нәтижесінде екеуі бір-бірінің бойынан салиқалы отбасын құруға себеп болатын факторлар мен сипаттарды тауып жатса, жүректері орнығып, іс өз мақсатына жетеді. Ал егер бір-біріне ұнамды көрінбесе, онда бұдан кейін екеуі ешқашан көріспеген күйде болулары қажет және араларында болған нәрселер екі жақ үшін де ашылмас аманат күйінде қала береді.
Алғашқы назар екі жақтың көңілдерін бір-біріне не тартады, не қашырады. Ал-Муғира ибн Шуғба, Аллаһ оған разы болсын, айтады: Бір әйелге сөз салған едім. Сонда Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) маған: «Сен оған қарадың ба?»-деді, мен оған: «Жоқ»-дедім, ол: «Дереу барып оны көр, өйткені отбасы өмірлерің әрдайым жақсы-лықта болуы үшін, осылай дұрысырақ болады»-деді3.
Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) айтады: «..Аллаһ тағала жандарды (табиғаттары мен қалауларын, ізденістері мен мақсаттарын) әртүрлі етіп жаратып жердің бетіне шоғырландырды, бір-бірімен жарасқандары бірігеді, ал жақтырмаған-дары ажырайды»4.
Осы хадисті негізге ала отырып мынадай тұжырымға келеміз, егер екі жақтың көңілде-рі бір-біріне тартпаса, тіпті діні мен мінезі жақсы болсын, үйленбегендері дұрыс. Өйткені мұндай қосылудың пайдасынан гөрі зарары көп болады. Ал енді көңілері бір жерден шығып, табиғаттары үйлесіп жатса, жүректері бірігіп екі жақ арасында махаббат сезімі оянады. Кейін бұл махаббаттың артуы өзара түсінісу мен өзара мейірімділікке негізделген көркем арақатынаспен жүзеге асады.
1 Әл-Бұхари жеткізді
2 Ахмад жеткізді
3 Ахмад жеткізді
4 Мүслім жеткізді
Аллаһ тағала құран кәрімде айтады: «Оның белгілерінен - жандарыңа жұбаныш бо-лулары үшін, сендерге өздеріңнен жұбайларыңды жаратуы, сондай-ақ араларыңа сүйіспеншілік пен рақымдылықты ұялатуы» («Рум» сүресі: 21).
Бір кісі пайғамбарымызға (алайһи ас-солату уа ас-салам) келіп: Біздің арамызда бір же-тім қыз бар, оған сөз салғандардың біреуі - ауқатты адам, ал екіншісі - кедей адам. Біз бол-сақ оны ауқатты адамға бергіміз келеді, ал қыздың өзі кедей адамды қалайды,-дейді. Сонда пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам): «Бір-бірін сүйгендер үшін, некеге отырудан орындырақ шешім көрінбейді»-деп жауап береді1.
Шынайы махаббат сезімінің арқасында олардың әрқайсысы бір-бірі үшін құрбан болуға әзір тұрады және опалы болады, кемшіліктерін кешіреді, міндеттерін атқаруда өзара қол-дау көрсетеді, әрдайым бір-бірін бақытты етуге асығады. Осылайша олар дүние тіршілік-терінде шаттыққа бөленіп, ақиретте Раббыларының разылығына қол жеткізеді. Исламның талабындағы таза махаббат жақсылыққа ғана жетелейді. Аллаһ тағала құран кәрімде ай-тады: «Аллаһты жақсы көретін болсаңдар, дереу маған ілесіңдер»-де («Әли Ғимран» сүресі: 31).
4 - Сөз салу және некеге отыру
Болашақ ерлі-зайыптылар мен құдалар арасында өзара танысу мен мәмілеге келу секіл-ді ғұрыптарынан бастау алып, екі жас арасында махаббат сезімінің оянуына түрткі болатын сөз салу рәсімі исламда сүннет амалдарына жатады. Алайда сөз салу рәсімінде жігіт пен қыз некелесеміз деп мәмілеге келіп жатса, сосын белгілі жағдайларға немесе себептерге байланысты екі жақтың бір-біріне деген көңілдері өзгеретін болса, онда бұл уәденің мін-детті түрде атқарылуына шарт қойылмайды.
Екі жақтың некелесу турасында бекіткен келіссөздерінің ұзақтығы қаншалықты болуы-на хадистер шек қоймады. Бұл істің қалай және қашан болатынын шариғат екі жақтың ер-кіне тапсырады. Некеге бірнеше күннен кейін отыра ма, әлде бірнеше аптадан кейін бе, әлде бірнеше айдан кейін бе, тіпті бірненше жылдан кейін бе, оны өз жағдайларына қарап келісе жатады. Бұл хабарды неке рәсіміне дейін құдалар өз арасында ғана сақтай ма, әлде туысқандары мен көршілеріне де жеткізе ме, оны өздері біледі, ең маңыздысы екі жақтың мүддесіне келіссөздің жақсылықпен аяқталуы.
Осы аралықта екі жақтың бір-бірлерін жақсырақ танып, байланыстарының жараса түсу-лері мен махаббаттарын арттыра түсетін кейбір нәрселерді айтқанымыз жөн:
Бір-бірінің хал-жайларын біліп тұрулары
Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) айтады: «Кім Аллаһ үшін науқас адамға барып, көңілін сұраса, немесе бауырының жағдайын білсе, бір періште оған: «Әрдайым жақсы бол және жорытқанда жақсылыққа жолық, сондай-ақ жәннаттан жақсы орын тап»-деп дауыстайды»2.
Бір-бірлерінің хал-жайларын біліп тұрулары арқылы табиғаттары мен көзқарастарын тереңірек тани түседі. Мұның бәрі шариғат ережелеріне сай жасалады. Әңгіме барысында қыз баланың туыстарынан біреу (анасы немесе әпкесі) болуы қажет. Адам баласының әл-сіз табиғаты үшін қам жейтін шариғат екеуінің оңаша қалуына тиым салады. Көзқарас-тары мен өмірдегі мақсаттарының ақиқаты айқындалуы үшін, екеуі әртүрлі мәселелерді әңгіме етуіне болады, діндеріне қатысты тақырыптарды, елдегі және әлемдегі жаңа-лықтарды, келелі мәселелерді қозғап, пікір алмасуларына, жұмыстары жайлы, отбасы бақыты мен бала тәрбиесіне қатысты да бір-бірінің ойларын білулеріне болады. Ислам әдебінің шеңберінен шығармайтын әңгіме әуеніне түсіп кетулерінде ешқандай айып жоқ.
Бір кемпір пайғамбарымызға (алайһи ас-солату уа ас-салам) келіп: «Әй, Аллаһтың ел-шісі, мені жәннатқа кіргізуін сұрап, Аллаһ тағалаға дұға етші»-дейді, ол: «Әй, пәлен-шенің анасы, расында, жәннатқа кемпір кісі кірмейді ғой»-дейді, мұны естіген кемпір жылаған
1 Әл-Хаким жеткізді
2 Ат-Тирмизи жеткізді
бойы кері бұрылып кете береді. Сонда пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) оған былай дейді: Оны қуып жетіп, жәннатқа кемпір күйде кірмейсіз,-деп ха-бар беріңдер, өйткені Аллаһ тағала құран кәрімде былай деген: «Әлбетте, оларды қайтадан жаратамыз. Пәктігі сақталған қыздар етеміз. Ерлеріне ғашық болған, жас-тары бірдей арулар етеміз»1.
Осылайша, бір-бірлерінің хал-жайларын сұрасқанда екі жақтан да пайғамбарымыз айт-қандай, ұстамдылық пен орташалық талап етіледі: «Істердің ең жақсысы - орташасы»2.
Бір-бірлеріне сыйлық тартулары
Сыйлықтың құндылығы - бағасында емес, маңыздылығында. Бір-бірлеріне сыйлық тар-ту арқылы екі жақтың жүректері жақындап, көңілдері жараса бастайды бастайды, нәтиже-сінде бақытты отбасының құрылуына жол ашылады.
Өзара махаббаттарын сездіртулері
Бір кісі пайғамбарымыздың (алайһи ас-солату уа ас-салам) қасынан тұрып кеткен соң, оның қасына басқа кісі келіп: «Әй, Аллаһтың елшісі, мен анау кісіні жақсы көремін»-дей-ді. Сонда ол (алайһи ас-солату уа ас-салам): «Сен оған бұны білдірдің бе?»-деп сұрайды, ол: «Жоқ»-деп жауап береді. Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам): «Бар да біл-дір!»-дейді. Ол ана кісіні қуып жетіп: «Мен сені Аллаһ үшін жақсы көремін»-дейді, ол да: «Мені Аллаһ үшін жақсы көргеніңдей, Ол да сені жақсы көрсін»-дейді3.
Бір-біріне деген махаббаттарын білдірулері арқылы, екі жақ арасындағы махаббат сезі-мі сақталып қана қоймай, тіпті одан әрі күшейе түседі. Некелесуге дейінгі аралықта бір-бірлерін жақсы көретіндігін білдіру дегенімізде екеуінің арасында пайда болған байланыс-тың үзілмеуін тілейтін көркем сөздердің айтылуы, сондай-ақ әркім өзінің өмірлік сыңарын енді тапқандығын білдіруі көзделеді.
Бұл нәрсені білдірудің еш айыбы жоқ, өйткені Амр ибн ал-Ас, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың елшісінен (алайһи ас-солату уа ас-салам): «Адамдардың ішінде сізге ең сүйікті-сі кім?»-деп сұрағанында, ол (алайһи ас-солату уа ас-салам): «Айша»-деп жауап береді, ол: «Ал ер адамдардан кім?»-деп сұрағанында, ол (алайһи ас-солату уа ас-салам): «Оның әкесі»-дейді4. Осылайша пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) адамдарға әйелін жақсы көретіндігін және өзіне ең сүйікті адам екенін білдірген еді.
Екі тараптың үйленуге дайындалуы
Үйленуге дайындалу кезеңінде қыздың жұрты екінші жаққа үлкен талаптар қойып, көп күш салмағаны абзал. Өйткені қалың малға қызығып, бір-біріне разы екі жастың жолын байлап қоймауы қажет. Өйткені балаларының иманды отау құруы - бірінші орында тұрған мәселе, ал екінші орындағы қажеттіліктер бірте-бірте өз орындарын табады. Осыған қатысты Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай деген еді: «Үйлену тойларының қайсысы жеңіл азық-түлікпен қамдалған болса, сонысының берекеті мол болады».
Асылында, барлық міндеттерді шариғат ер адамның мойнына жүктейді, Аллаһ тағала айтқандай: «Балалы болған әкелер, (оны емізген) әйелдерін тамақтандыруға және киіндіруге міндетті» («Бақара» сүресі: 233). Егер ел ішінде қалыптасқан әдет-ғұрыптарға сай, жастардың отау тігу қарсаңындағы қиыншылықтарды екі жақтап көтеретін болса, мы-салы, үй мәселесі күйеу баланың жұртынан, ал жабдықтар қыз баланың жұртынан келіп жатса, ислам бұны қолдамаса, теріске шығармайды. Бұндай әрекетке пайғамбарымыздың
1 Ат-Тирмизи жеткізді
2 Әл-Байһақи жеткізді
3 Әбу Дәуд жеткізді
4 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
(алайһи ас-солату уа ас-салам) мынадай хадисі қызықтыра түседі: «Құлдың бауырына деген жәрдемі тоқтамаған сайын, Аллаһтың құлына деген жәрдемі еш тоқтамайды»1.
Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) Фатима қызын Әлиге ұзатқан кезде, Аллаһ тағала екеуіне де разы болсын, барқыттан тігілген көйлек, мес және былғары жас-тық секілді нәрселерді дайындайды2.
Әрине, кім бұдан көбірек нәрсе беруге мүмкіндігі жетсе, ислам оған шек қоймайды. Бұл жайында Аллаһ тағала құран кәрімде былай дейді: «Ауқатты кісі баршылығына сай жұмсасын, ал кімдікі өлшеулі болса, Аллаһтың бергенінен ғана жұмсасын. Аллаһ ешкімге бергенінен артық нәрсені жүктемейді, сондай-ақ Ол қиыншылықтан соң жеңілдік тудырады» («Талақ» сүресі: 7).
Бұл іске үлес қосқан әркім ниетіне қарай сауапқа ие болады, пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) айтқандай: «Шындығында, іс-қимылдар - ниеттермен байлау-лы»3. Болашақ ерлі-зайыптылардың отау тігудегі ұлы мақсаттары толығымен алғашқы қадамдарына тәуелді болады. Екеуі міндетті түрде өздерінің ниеттеріне үңіліп, тексеруден өткізбесе болмайды. Өйткені олар бұл некелерімен жан дүниелерін арам жолдан сақтап, таза әрі адал жолдың рахатына аяқ басады, сөйтіп салиқалы қоғамның бой көтеруіне дән шашатын салиқалы мұсылман отбасын аяғынан тұрғызады.
5 - Некенің қиылуы
Екі жастың некесі мейлі мешітте, мейлі үйде қиылған соң, бұл рәсімге қатысушылар ерлі-зайыптыларға Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) үйретіп кеткен шырай-лы дұғамен тілектерін білдіреді, ол дұғаның арабша мәтіні:
بارك الله لكما و بارك عليكما وجمع بينكما فى خير
«Ба ракаллаһу ләкума уа ба рака алайкума уа жамаға байнакума фи хайр».
Қазақша мағынасы: «Аллаһ екеуіңе береке берсін және үстеріңе де береке төксін, әрі араларыңды жақсылықта қоссын!»4. Бұл дұға - ерлі-зайыптылардың тұрақты да бақыт-ты өмір сүрулеріне жеткізетін маңызды себептердің бірі. Шынайы тілек Аллаһ тағаладан ғана тіленеді, сондай-ақ кез келген игі істің сәттілігі дұғаға тәуелді болады. Ал енді ша-раппен, ойын-күлкімен және Аллаһ тағаланың аты аталмаған, бірақ өздеріне лайықты кө-рінген тілектермен басталған неке шынайы бақытқа апарады деу қиынға соғады.
6 - Алғашқы түн
Ислам адам баласының табиғи қажеттіліктерінен болған тән рақаты сезімін тек қана адал некенің негізінде қосылған ерлі-зайыптылар арасында, шариғат әдебіне сай төсек қа-тынасы арқылы жүзеге асуын қалайды. Адал әрі таза төсек қатынасында бір-бірлерін ләз-затқа бөлегендері үшін, ерлі-зайыптылардың екеуі де сауапқа бөленеді. Әбу Зарр, Аллаһ тағала оған разы болсын, Аллаһтың елшісінің (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай деге-нін айтады: «Сендерден біреу әйеліне жақындасатын болса, садақа бергендей бола-ды», сонда олар: «Әй, Аллаһтың елшісі, сонда қалай болғаны, біздің біреуіміз құмарлы-ғын қанағаттандырғаны үшін сауапқа ие бола ма?»-деп сұрайды, ол: «Қалай ойлайсың-дар, егер ол құмарлығын арам жерге салса, күнәға ие болмай ма? Сол сияқты, құ-марлығын адал жерге салатын болса, бұл үшін сауапқа ие болады»-дейді5.
Төсек қатынасына ерлі-зайыптылардың әрқайсысы жуынып, тазалынып, әсемденіп, жә-не хош иістеніп барып кірісулері қажет. Аллаһ тағала құран кәрімде былай дейді: «Аллаһ-тың құлдары үшін жаратқан әшекейлі нәрселері мен таза ризықтарын кім арам етті,-де» («Ағраф» сүресі: 32).
1 Мүслім жеткізді
2 Әл-Байһақи жеткізді
3 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
4 Ат-Тирмизи жеткізді
5 Мүслім жеткізді
Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбарымыз туралы былай дейді: «Аллаһтың елшісінен (алайһи ас-солату уа ас-салам) аңқыған хош иіс туралы айтар болсам, одан жақ-сырақ иісті мұрным ешқашан сезіп білген емес»1.
Ерлі-зайыптылар төсек қатынасына әзір болғаннан кейін, міндетті түрде «бисмилла-мен» және дұғамен бастаулары қажет, өйткені мұсылман адам өзінің әр ісінде Раббысынан береке тілейді, ал Аллаһ тағаланың атымен басталмаған кез келген іс береке әкелмейді. Мұсылман адамның әрбір ісі құлшылыққа жатады, тіпті ол әйеліне жақындасу болса да, мұны жоғарыда айтылған хадистен байқадыңыз. Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) айтады: «Аллаһты мадақтаумен басталмаған әрбір маңызды іс ешқандай бе-реке таппайды»2.
Мұнан кейін ерлі-зайыптылар бір-бірлеріне сезімдерін толығымен аша алатындай оңа-ша да алаңсыз жерде болулары қажет. Ерлі-зайыптылардың жан дүниесі екі жаққа да қа-жет төсек ләззатына енуі үшін, төсек қатынасы бір-бірінің көңілдерін көтеретін кіріспе сөздермен сүйемелденуі қажет, денелері жанасып, бір-бірінің құшағына енулері, бір-бірін аймалап сүюлері, осындай қимылдармен толықтырылуы талап етіледі. Адал некеге отырған жұбайлар үшін, исламның көзқарасында бұл нәрсе еш айыпталмайды, қайта құп-талады, бұған қатысты пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай деген: «Сен-дер әйелдеріңе жақындасқан кезде, жануарлар секілді бірден құлай салмаңдар, бірақ араларыңда сезім елшісі болсын», сонда одан: «Сезім елшісі дегеніңіз не?»-деп сұралды, ол: «Сүю және сезім оятатын сөздер»-деп жауап қатты3.
Төсек қатынасы барысында екі мүшенің әртүрлі жолдармен кездесуіне болады. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады: «Әйелдерің - егістіктерің, олай болса егістіктеріңе қала-ған қалыптарыңда жарасыңдар» («Бақара» сүресі: 223). Қадағаланатын нәрсе, мүшенің тыйым салынған жерге жақындамауы. Бұған қатысты Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай деген: «Әйелінің артқы жынысына жақындасқан адам - лағынетке ұшыраған малғұн»4.
Әйелінің етеккірі келген уақытта, толық тазарғанға дейін, күйеуінің оған жақындасуы-на болмайды. Бұл жайында Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады: «Олар сенен етеккір (кезіндегі жақындасу туралы) сұрайды, оларға: Ол - зиянды нәрсе,-де, етеккір кезін-де әйелдеріңе жақындаспаңдар» «Бақара» сүресі: 222. Еттекір кезінде жақындасу екі жақтың жан дүниесі мен денсаулықтарына үлкен залал әкеледі.
Төсек қатынасында екі жақтың да сулары бөлінуі нәтижесінде ләззат татуы қадағала-нуы қажет. Қайсысы бірінші болса, құрбысын ыңғайсыз жағдайда қалдырмауы үшін, оның да ләззатқа жетуін, жетпесе де рахаттануын күткені жөн. Бұл нәрсе пайғамбарымыздың (алайһи ас-солату уа ас-салам) мына хадисіне негізделеді: «Сендерден біреу әйеліне жа-қындасқан кезде, оның да жағдайын ойласын, егер ол әйелінен бұрын болып қойса, әйелі де қажетін аяқтағанша, бітіруге асықпасын»5.
Тіпті ғұсылдың өзін, ерлі-зайыптыларға бірігіп құйынуларына болады. Бұл жайында Айша анамыздың, Аллаһ тағала оған разы болсын, мына сөзін келтірейік: Мен де Аллаһ-тың елшісі де (алайһи ас-солату уа ас-салам) ортамызға қойылған бір ыдыстан су алып, бірге жуынатынбыз, су алғанда қолдарымыз соғылысып қалатын. Менен озып кететіні соншалық, тіпті: «Маған да қалдырыңыз, маған да қалдырсаңызшы»-деуімнен басқа амалым қалмайтын және екеуміз де жүніп күйде болатынбыз»-деді6.
Төсек қатынасында, исламның талабына сай, орташалық пен ұстамдылық мәселесі есепке алынғаны дұрыс, әрине бұл нәрсе кейде екі жақтың табиғаты мен құмарлық қажет-тілігіне, кейде тіпті қоршаған ортаның жағдайына да байланысты болып жатады. Аллаһ-
1 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
2 Әбу Дәуд жеткізді
3 Әл-Байһақи жеткізді
4 Ахмад жеткізді
5 Әбу Яғла жеткізді
6 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
тың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай деген екен: «Сендерден біреу бір әйелге қызығып қалса, сөйтіп жүрегін сезім билесе, дереу әйеліне келіп шаһуатын бассын, өйткені бұл жүрегіне қонған сезімді қайтарады»1.
7 - Қайшылықтар мен келіспеушіліктер кезінде екі жақтың да шариғатқа жүгінуі және әділдікті ұстануы
Ерлі-зайыптылар өздерінің мінез-құлықтары мен теріс қылықтарына билік айтатын жү-йеге әуел бастан келісіп алулары керек, егер араларында қандай да бір қайшылық туатын болса, бірден соған жүгінетіндей. Кейбіреулер ел ішінде қалыптасып қалған әдет-ғұрып-тарға сүйенеді, тағы біреулер әке-шешелерін араластырады, енді біреулер жолдастарының айтқандарын істейді, ал олардың ешқайсысы қате кеңес бермейтіндігіне кепілдік бере ал-майды, сол себептен кей уақытта мұндай ақыл-кеңестерден жақсы нәтижелер шығып жа-тады, кейде керісінше бағыт алады, бірақ қанша дегенмен келелі мәселенің бір жағы қа-растырылса, екінші бір жағы ескерілмеуі мүмкін, сондай-ақ осы мәселе бір тараптың пай-дасына шешіліп, екінші тараптың зиян шегуі әбден ықтимал. Мұның нәтижесінде, екі арадағы қайшылықтар қайта-қайта жаңарып, құдалардың да арасы суып жатады.
Сол себептен ерлі-зайыптылар жер шарын қанша шарласа да, исламның жүйесіндей мыңға бір дауа болатын жүйені ешқашан таба алмайды. Аллаһ тағала құран кәрімде айта-ды: «Сені әлемдерге рахым етіп қана жіберген едік» «Әнбия» сүресі: 108. Бұл аяттағы «рақым» сөзі дүние ақиреттегі бақытты көздейді.
Ислам, Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтқандай, - адамзат өмірінде кездесетін кез-келген саланың егжей-тегжейін қамтитын кәміл жүйе: «Және саған бүкіл нәрсені баяндауы үшін, кітапты бірте-бірте түсірдік» («Нахыл» сүресі: 89).
Бұл жүйеге тән ерекшеліктердің бірі, мұсылман адам оңаша немесе көпшіліктің ара-сында бола ма, көңілді не көңілсіз бола ма, шаттықта немесе қиыншылықта бола ма, бәрі-бір, әділдік пен тақуалықты ұстануы қажет.
Аллаһ тағала мұны құлдарына ескертіп, Құран Кәрімде былай дейді: «Біреулердің өш-пенділігі сендерді әділдіктен ауытқытып, қылмысқа апарып жүрмесін, әділ болың-дар, ол - тақуалыққа жақынырақ» («Маида» сүресі: 8).
Ислам отбасы мүшелерінің әрқайсысына құқықтарын және міндеттерін әділ түрде үлес-тіріп берді. Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам): «Барлығың - қамқоршы-сыңдар, әрі барлығың - қол астыларыңа қарайтын нәрсеге жауаптысыңдар. Әмірші де - қамқоршы, ер кісі де - отбасына қамқоршы, әйел кісі де - үйі мен балаларына қамқоршы. Барлықтарың қамқоршы саналасыңдар және қол астыларыңа жауап-тысыңдар»-деді.
Әйелінің немесе балаларының қақысы ата-ананың қақысымен түйісіп қалған жағдайда, Аллаһ тағала бұйырғандай, алдымен әке-шешенің қақысы атқарылады: «Адам баласына әке-шешесіне қайырымды болуын өсиет еттік» «Ахқаф» сүресі: 15. Пайғамбарымыз-дан (алайһи ас-солату уа ас-салам): «Әй, Аллаһтың елшісі, адамдардың ішінде жақсы қарым-қатынасқа ең лайықтысы кім?»-деп сұралған уақытта: «Анаң, тағы да анаң, тағы да анаң, кейін әкең, сосын одан кейінгілер, сосын олардан кейінгілер»-деп жауап бе-реді2.
Пайғамбарымыздың (алайһи ас-солату уа ас-салам) мына сөзіне көңіл бөлейік: «Мүмін ақылды, парасатты және қырағы болады»3. Мүмін дегенге ер адам ғана емес, әйел кісі де жатадаы. Мүмін ешқашан шатақ шығармайды, ұрысып-керісіп үйдің берекесін қашыр-майды, болмашы нәрселер үшін ілінбейді, құрбысының да қақысын береді, ата-анасын да риза қылады, баршаның көңілінен шығады, жалпы айтқанда, бәріне де үлгереді.
Анасы мен әйелі бір уақытта қатты ауырып қалған жағдайда, мүмін екі жаққа да бірдей көңіл бөлуі қажет, мысалы анасына өзі қарағысы келсе, әйелінің қасына әпкесі, сіңлісі не-месе жеңгесі секілді, туысқандарынан біреуді тағайындайды, әрине, егер мүмкін болса, ал
1 Мүслім жеткізді
2 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
3 Ал-жамиғ ас-сағир
мүмкін болмаса, бір уақыт анасының қасында, бір уақыт әйелінің қасында қалады, өйткені ислам әділдікті бұйырады. Аллаһ тағаланың иман келтіргендерге: «Мүмкіндігінше қол-дан келгенін істеп, Аллаһтан қорқыңдар»1-деп бұйыруы осы мәселеге орынды келеді.
8 - Бір-бірлерін жақсырақ танып білу
Ерлі-зайыптылар бір-бірінің мінезін, ұстанымын, көзқарасын неғұрлым жақсырақ таны-ған болса, солғұрлым бір-бірінің көңілін табуға бейімделгіш келеді. Бір-бірінің жан дүние-сін түсінулері мен қателіктерін кешірулері арқылы екі жақтың бойындағы жаман қылық-тар бірте-бірте сейіліп, орны жақсы қасиеттерге толады. Әрине, бұл үшін екеуі де аянбай еңбек етулері керек. Олардың жағымсыз жақтары әрдайым араларында ғана қалуы қажет, сондай-ақ оларды сырт көздерге ашпай, адал насихаттың рухымен, өз араларында ғана ем-деулері дұрыс болады. Осының нәтижесінде, екеуінің жан дүниесі бір-бірінен адалырақ және жақсырақ жанашыр табылмайтын дәрежеге жетеді. Аллаһ тағала құран кәрімде айта-ды: «Олар сендерге - киім, сендер оларға - киімсіңдер» («Бақара» сүресі: 187).
Екеуінің арасында, қолдан келгенше бір-бірінің бойындағы қасиеттерден танып білме-ген ешнәрсе қалмауы қажет, нені жақсы көреді, нені жеккөреді, қандай нәрсе қуантады, қандай нәрсе көңілін қалдырады, қандай нәрсе ашуын келтіреді. Әбу ад-Дарда әйеліне былай деген екен, - Аллаһ оларға разы болсын, - «Егер мен ашуланған болсам, көңілімді тауып риза ет, ал егер сен ашуланған болсаң, мен сені риза етемін, әйтпесе екеуміз бір-бі-рімізге серік бола алмаймыз».
Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) Айша анамызға, Аллаһ тағала оған ра-зы болсын, былай дейді: «Сенің маған риза болып тұрған кезіңді де, ашуланып тұрған кезіңді де, әлбетте, мен білемін», ол: «Оны қайдан білесің?»-деп сұрадым, ол: «Маған риза болсаң: Жоқ, Мұхаммедтің Раббысымен ант етемін,-дейсің, ал маған ашулы болсаң: Жоқ, Ибраһимның Раббысымен ант етемін,-дейсің»-деді, сонда ол: «Әй, Аллаһтың елшісі, Аллаһқа серт, расында, солай. Ашуланған кезімде сенің атыңды айтпай қоятынмын»2.
9 - Сырласу, өзара түсінісу және жақындық
Аллаһ тағала айтады: «Істері араларында кеңеспен шешіледі» «Шура» сүресі: 38.
Ерлі-зайыптылар мен балалары арасында жүргізілетін әңгімелер, сырласулар және ке-ңесулер арқылы отбасы ортасында тәжірибелер жиналады, әркімнің іс-әрекеті дұрыстыққа жақын болып, қатеден алшақ болады. Әркім өз ойын жеткізе алу қабілетін дамытады, екінші біреудің ойын қабылдауды үйренеді, ортақ мүддені немесе біреудің ғана мүддесін көздейтін іске үлес қосуға ұмтылады, шындықты сөйлеуге бейімделеді, жауапкершілікті көтеруді үйреніп, тапсырмаларды атқарудан қашпайтын болады. Әбу Һурайра, Аллаһ та-ғала оған разы болсын, былай дейді: «Пайғамбарымыздан (алайһи ас-солату уа ас-салам) басқа, жолдастарымен көп кеңесетін адамды мүлдем көрген емеспін».
Ешкіммен ақылдаспай, бір өзінің ғана ойымен жүрген кісі еш тәжірибе жинай алмайды, әрдайым қатеге ұрынатын болады, сондай-ақ бойында сараңдық, қызғаншақтық секілді ұнамсыз қасиеттер пайда болып, жеке басының ғана қамын ойлайтын, ақиқат сөзін қабыл-дай алмайтын жағымсыз тұлға болып қалыптасады.
Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) Худайбия бітімінде мұсылмандар мен мемлекеттің болашағы үшін маңызды іс жайында әйелдерінің бірі Үмму Саламамен ақыл-дасады, Аллаһ тағала оған разы болсын. Бітімнен кейін пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) сахабаларына: «Тұрыңдар да, құрбандық малдарыңды шалыңдар, кейін шаш-тарыңды алыңдар!»-дейді, бірақ олардан ешкім орнынан тұрмайды, тіпті үш мәрте айтады, алайда ешкім орнынан тұрмайды. Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) Үмму Саламаға кіріп, сыртта болған нәрсені айтады, сонда ол: «Сен мұны дұрыс көрсең, шық та, ешкіммен сөйлеспеген түрде құрбандық малыңды шала бер, кейін шаш қиятын кі-сіңді
1 «Тағабун» сүресі: 16
2 Фатх ал-Бари
шақырып, шашыңды алдыра бер»-деп ақыл береді. Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) сыртқа шығып, ешкіммен сөйлеспей өзі бастап істей береді, бұны көр-ген сахабалар орындарынан атып тұрып, құрбандық малдарын шалып, шаштарын алды-рады1. Егер пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) әйелімен мұндай ұлы істе ақылдасқан болса, онда отбасы мәселелерінде бізге әйелдерімізбен кеңеспейтіндей не кө-рінді?!
Аллаһ тағала айтады: «Ер кісілер әйелдеріне басшылық етеді, өйткені Аллаһ бірінің үстіне бірінің дәрежесін осылай көтерген еді және олар (әйелдерін асырауға) малда-рын жұмсайды» («Ниса» сүресі): 34. Бұл аятқа қарап, ер кісі үшін әйелімен сырласуы, ақылдасуы және оған жақын болуы еркектің басшылық дәрежесін түсіреді деп ойлау қате болады, керісінше бұл істер басшылықтың дұрыс атқарылуына көмек береді. Ер кісі ша-риғаттың шеңберінде әйелінің және балаларының материалды және рухани қажеттілікте-ріне көңіл бөлуі қажет. Олардың жан дүниесінде жасырын жатқан қажеттіліктердің егжей-тегжейіне жету үшін, олармен әңгіме әуеніне түсіп, жақындығын білдіріп, сырласпаса жә-не кеңеспесе болмайды. Осының нәтижесінде олардың бойындағы қабілеттері мен мүм-кіндіктерін байқайды, соның негізінде шамалары келетін талаптарды қояды. Ал өзіне жөн көрінгенін істейтін болса, сүйіктілерінің қабілеттерін көмекке пайдалана алмайды, әрі олардың тәжірибелерінен мақрұм қалады, сөйтіп қателіктерінің көбеюі салдарынан отба-сының берекесі қашып, өзінің де қадірі кетеді.
Ерлі-зайыптылар шариғат әдебіне сай кеңесулері қажет. Бір-бірінің сөздерін бөлулері-не, айтқандарына күлуге болмайды. Аллаһ тағала айтады: «Әй, иман келтіргендер, бір адамдар екінші бір адамдарды мазақтамасын, мүмкін олар аналарға қарағанда жақ-сы болар, сондай-ақ әйелдер де басқа бір әйелдерге күлмейтін болсын, мүмкін олар аналарға қарағанда жақсы шығар» («Хужурат» сүресі: 11). Әркім жұбайының сөзін аяғына дейін тыңдап, ойына құрмет көрсетуі керек. Дұрыс шешімге жетулері үшін, екі жақтан да ықылас пен шыншылдық талап етіледі. Аллаһ тағала айтады: «Әй, иман кел-тіргендер, Аллаһтан қорқыңдар және шыншылдармен бірге болыңдар!» («Тәубә» сүресі: 119). Кеңесу барысында тартысқа түсіп, жанжал шығарудан сақ болулары қажет. Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) айтады: «Өзінікі дұрыс бола тұра дауды тастаған адамның жәннат маңында орналасқан үйге ие болатындығына мен кепіл боламын»2.
10 - Өзара кешірімділік
Екі жақтың бірінен пайда болған қателіктердің кесірінен ерлі-зайыптылардың өмірі қайсымыз жеңер екенбіз деп тартысқан соғыс майданына айналып жатады. Осының нәти-жесінде, олар бірте-бірте өзара түсінісу қасиетін жоғалтады. Негізінде, ерлі-зайыптылар-дың шынайы махаббаты өзара жанашырлық сезімінде, бір-бірінің қателіктерін кешіруімен бейнеленеді. Белгілі бір жағдайлардың әсерінен адам орынсыз ашуланып қалуы және қате әрекет жасап қоюы мүмкін. Дегенмен, мұсылманның жан дүниесі Раббысымен байланыс-та болғандықтан, тәубасына келіп, қателіктерін жақсы істермен жууға тырысады. Аллаһ тағала айтқандай: «Расында, тақуалар өз бойларында шайтанның азғырып жатқан-дығын сезсе, Раббыларын еске алады да алдауға түсіп жатқандарын аңғара қояды» («Ағраф» сүресі: 201).
Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) да былай деген: «Бүкіл адам баласы қателік жасайды, алайда қателік жасағандардың ең жақсылары - тәубасына келетін-дер»3.
Егер отбасы мүшелерінің біреуі ашуланған болса, айналасындағы адамдар оның ашуын одан әрі қоздырудан сақтанулары қажет. Мұндай жағдайда әркім Аллаһ тағалаға сиынып, жағдайдың тынышталуына үлес қосулары керек. Дәрет алып намазға тұра қалса, ашуының
1 Әл-Бұхари жеткізді
2 Әбу Дәуд жеткізді
3 Ад-Дарими жеткізді
басылуы жеңілге соғады, пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) айтқандай: «Расында, ашу - шайтаннан, ал шайтан оттан жаралған. От сумен ғана өшеді ғой, сондықтан кім ашуланса, дереу дәрет алсын»1.
Ашуын баса қоятындар жайлы Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Олар - шат-тықта да қайғыда да қаражаттарын жұмсайтындар, ызаларын баса қойып, адам-дарды кешіре салатындар. Аллаһ игілік қылушыларды жақсы көреді» («Әли Ғим-ран» сүресі: 134).
Екі жақтың бір-біріне кешірімді болғандары - қандай жақсы амал. Расында, қателік әр адам баласына тән қасиет емес пе?! Раббысының кешірімін тілеген әркім өзі де өзгелерге кешірімді болуы қажет. Аллаһ тағала айтады: «...Олар ғапу етсін және кешірімді бол-сын, әлде Аллаһтың сендерді кешіруін ұнатпайсыңдар ма?» («Нұр» сүресі: 22).
Кешірімді болу адамның дәрежесін кемітпейді, керісінше «Ұлық болсаң, кішік бол» дегендей кешіре білу адамның қадірін көтереді. Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) айтады: «...Құлдың кешірімді болғаны үшін, Аллаһ тағала оның айбындылы-ғын арттырады. Кім Аллаһ үшін сыпайылық білдірсе, Аллаһ оның дәрежесін көте-реді»2.
Қателіктерінің кесірінен ерлі-зайыптылар бір-біріне жасаған жақсылықтарын ұмытула-рына болмайды. Бұл жайында Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай дей-ді: «Мүмін ер мүмін әйелді жеккөруі мүмкін емес, егер оның бір қасиетін жақтырмай қалса, басқа қасиетіне риза болады»3.
Бір жақ ашуланған болса, екінші жақ оған сөз қайтарып, кінә таққанша, неліктен ашу-ланғанын білуге тырысуы қажет, өз қамын құрбан етіп, оныкін артығырақ ойласа нұр үс-тіне нұр болар еді. Аллаһ тағала айтады: «..және олар басқалардың мүдделерін өздері-нен артық көреді, тіпті өздері мұқтаж бола тұра. Кім жан дүниесіндегі сараңдықтан құтылса, солар - табысқа жетушілер» («Хашр» сүресі: 9).
Ерлі-зайыптылар бір-біріне айна секілді, олар бір-бірінің айыптарын сезімдерін жараламайтын даналық жолдармен түзейді. Пайғамбарымыз осылай ететін, егер біреу қателік жасап қойған болса, оны ешкімге білдірместен: «Пәлен істі, түген істі істеп жүрген адамдардың жағдайы не болар екен?»-дейтін.
Айша анамыз пайғамбарымызбен (алайһи ас-солату уа ас-салам) қатты сөзге келіп, ара-ларына билік айтуға Әбу Бәкір келеді, Аллаһ тағала оларға разы болсын. Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) Айшаға: «Сен сөйлейсің бе, әлде мен сөйлейін бе?»-дейді, ол: «Сен сөйле және шындықтан басқаны айтушы болма»-дегені сол-ақ екен, Әбу Бәкір оны шапалақпен ұрып жібергенде аузы қанап кетеді. Әбу Бәкір оған: «Әй, өз жанына дұш-пандық жасаушы, ол шындықтан басқаны айтушы ма еді?»-дейді. Айша пайғамбарымыз-дан (алайһи ас-солату уа ас-салам) көмек сұрап, арқа жағына тығылады. Сонда пайғамба-рымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) Әбу Бәкірге: «Негізінде, біз сені бұл үшін шақыр-маған едік, сондай-ақ сенен мұны қаламадық»-дейді4.
11 - Тіл пәктігі
Аллаһ тағала айтады: «Әй, иман келтіргендер, бір адамдар екінші бір адамдарды мазақтамасын, мүмкін олар аналарға қарағанда жақсы болар, сондай-ақ әйелдер де басқа бір әйелдерге күлмейтін болсын, мүмкін олар аналарға қарағанда жақсы шығар. Кемшілік іздеп, өздеріңе нақақтан жала жаппаңдар және бір-бірлеріңді сөгіс атаулармен қорламаңдар» («Хужурат» сүресі: 11).
Бейпілауыз адам, мейлі ер кісі болсын, мейлі әйел кісі болсын, оны дүниеде де, ақирет-те де бақытсыздық күтуде. Ол біреуді балағаттап қойса, анау да тыныш тұрмас, егер тек сөз қайтарып құтылса, онда істің оңайланғаны, ал енді сөзге келмей жазатайым етсе, онда бұл
1 Әбу Дәуд жеткізді
2 Мүслім жеткізді
3 Мүслім жеткізді
4 Әл-Бұхари жеткізді
- бақытсыздық емей немене?. Бұл қылығы үшін, дүниеде көретіні осы болса, ақиретте үлкен күнәлардың жазасына бұйырылады. Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай дейді: «Адамның әке-шешесін қарғауы - үлкен күнәлардың қатарына жатады», сонда оған: «Әй, Аллаһтың елшісі, адам өзінің әке-шешесін қалай қарғай ала-ды?»-делінді, ол: «Ол біреудің әкесін қарғайды, сонда анау бұның әкесін қарғайды. Ол біреудің шешесін қарғайды, сонда анау мұның шешесін қарғайды»-деді1.
Мүміннің тілі пәк болады, ол ешкімнің сыртынан сөз айтпайды, адамдардың арасында өсек тасып, бауырмашылықтың берекесін қашырмайды, өзіне айтылған сырды ешкімге ашпайды, ешкімді балағаттамайды. Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) айта-ды: «Мүмін - тіл тигізетін, қарғыс айтатын, балағаттайтын және былапыт сөйлейтін ұятсыз адам емес»2.
Адамның мұсылманшылық мінезі тілінен-ақ көрінеді. Пайғамбарымыздан (алайһи ас-солату уа ас-салам) «Ең абзал мұсылман кім?»-деп сұралғанда, былай деп жауап береді: «Кімнің тілі мен қолынан адамдар зиян шекпесе - сол»3.
Ерлі-зайыптылар бір-біріне сеніп айтқан сырларын ешкімге ашпаулары қажет, сондай-ақ төсек қатынастарын ешкімге суреттеп айтуларына болмайды, өйткені бұлар қиянатқа және ұятсыздыққа жатады. Аллаһ тағала иман келтіргендереге әдептілікті ескертіп былай дейді: «Олар сендерге - киім, сендер оларға - киімсіңдер» («Бақара» сүресі: 187). Яғни араларыңдағы айтылған және болған нәрселерді ешкімге ашпай сақтайсыңдар.
Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) айтады: «Кім мұсылманды жасырса, Қиямет күні Аллаһ та оны жасырады»4. Әрине, әр адамның, әр ерлі-зайыптылардың және әр отбасының сыры болады, бұл - адам баласына тән табиғат. Олар күнәларын, қате-ліктерін және кемшіліктерін жасыруды қалайды, өйткені бұл құпиялардың ашылуы олар-дың жүрек дәрежелерінің өзгешелігіне байланысты, оларды әртүрлі қылықтарға итерме-леуі мүмкін, мұның салдарынан тәубадан үміті үзіліп, біреуінің өмірі бұзылады, енді біреуі одан әрі жалғастырар, ал енді бірінің күнәсы біреулерге өнеге болып, өзгелердің құлшынысын арттырып, осындай жаман нәтижелер беруі мүмкін. Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай деген екен: «Шындығында, Қиямет күні Аллаһтың алдында дәрежесі төсмен адам, ол - ері әйелімен сырласса, және әйелі ерімен сырласса, кейін еке-уінің бірі жұбайының сырын басқаларға таратып қояды»5.
Отбасы мүшелері шаңырақтың астында болған немесе болып жатқан нәрселерді ешкімге ашуына болмайды, әсіресе ашу кернеген кезде абай болулары қажет, өйткені ашуланып айтып қойдым деген сөздің өзі әлсіз де төмен адамның қылғына жатады. Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай деген: «Күресте қарсыласын жерге жық-қан кісі мықты бола алмайды, алайда ашулы кезінде кім өзін ұстай алса, сол мықты болады»6.
12 - Шыншыл әрі ашық болу
Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай дейді: «Әлбетте, шыншылдық игілікке бастайды, ал игілік жәннатқа апарады. Адам шыншыл болған сайын, Аллаһтың алдында шыншыл деп жазылады. Ал енді, өтірік, әлбетте, азғындыққа бастайды, ал азғындық отқа апарады. Адам өтірікші болған сайын, Аллаһтың ал-дында өтірікші деп жазылады»7.
Адам шыншыл болса, айналасындағы адамдардың махаббатына ие болады және өзіне деген сенімін арттырады, ал өтірікші адам, керісінше, адамдардың жек көрінішін туды-рып, олардың өзіне деген күдігін арттырады, сол сияқты адам сөзі мен ісінде ашық болса, достық
1 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
2 Ат-Тирмизи жеткізді
3 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
4 Мүслім жеткізді
5 Мүслім жеткізді
6 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
7 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
пен бауырмашылық тұрақтығына ие болады, ал сөзі мен ісі бұлыңғыр, түсініксіз адаммен өзгелердің байланыс орнатуы қиынға соғады.
Адамның шыншыл және ашық болуы тек сөзінде ғана емес, сонымен қатар куәлігі мен ісінде де, ниеттері мен сезімдерінде де талап етіледі. Аллаһ тағала айтады: «Әй, иман келтіргендер, Аллаһтың әділдікті орнатушы куәгерлері болыңдар, куәлік, тіпті өзде-ріңе, немесе ата-аналарыңа және туыстарыңа қарсы айтылса да, мейлі бай, мейлі ке-дей болсын, Аллаһ екеуін де біледі. Әділдікті аттап, қалауларыңа ермеңдер, егер қу-лық жасасаңдар немесе бет бұрсаңдар, әлбетте, Аллаһ не істеп жатқандарың жайлы хабардар» («Ниса» сүресі: 135).
Ниеттің растығы жайлы пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай дейді: «Кім жақсылық істеуге ниеттеніп, істей алмай қалса, Аллаһ тағала оны Өз қасында бір жақсылықты толық істеді деп жазады, ал ниет етіп, істеген болса, онда Аллаһ тағала оған он жақсылық істеді деп, тіпті жетпіс есе, тіпті одан да көп есе арт-тырып жазады..»1.
Кәпірлердің иман келтірмегені Аллаһтың елшісінің (алайһи ас-солату уа ас-салам) жа-нына батып, олар үшін қатты қиналатын, сонда Аллаһ тағала оған құран кәрімде былай дейді: «Олардың қылықтарына қарап, бұл құранға иман келтірмегендігі үшін, уа-йымға беріліп өзіңді өлтіре жаздайсың» («Каһф» сүресі: 6). Осылайша пайғамбарымыз-дың (алайһи ас-солату уа ас-салам) тіпті кәпірлерге деген сезімі де шынайы еді.
Амр ибн ал-Ас, Аллаһ тағала оған разы болсын, келінінен баласының хал-жайын сұ-райды, сонда ол: «Еркек болған қандай жақсы! Біз келін болып түскеннен бері төсегімізге аяқ баспайды, қасымызға іздеп келмейді»-деп жауап береді2. Бұл сөздерімен келін күйеуі-нің өзіне көңіл бөлмейтіндігі жайлы ашық айтып атасына шағымданады.
Кейбір жағдайларда пайдасы болғандықтан шындықты жасыруға болады
Мысалы, күйеуі жұмыстан кешігіп келді делік, себебі жұмыстан кейін Аллаһ тағаланың разылығын іздеп, жағдайы нашар адамдарға азық-түлік апарған екен. Ниетіне рия жұқтыр-мас үшін, әйелінен шындықты жасырып, бүгін көп жұмыс болды деп жауап беруі өтірікке жатпайды, өйткені жұмыстан кейін істегені де жұмысқа жатады.
Ерлі-зайыптылардың қызғанышы күшті болған жағдайларда, осындай тәсілдерге сүйен-бесе болмайды, алайда оны көп қолдануға да болмайды, өйткені ол өтірік болмағанымен, адамды өтірік айтуға жақындатуы мүмкін.
Үмму Күлсім, Аллаһ тағала оған разы болсын, - пайғамбарымыздың (алайһи ас-солату уа ас-салам) үш жағдайда ғана өтірік айтуға рұқсат бергенін естідім,-дейді ол, «Екі адам-ның арасын жарастыру үшін өтірік айтқан адам, соғыс майданы қажет етіп өтірік айтқан адам, ер адамның әйеліне айтуы және әйелдің күйеуіне айтуы»3.
Әрине, адамдардың арасын жарастыру үшін, немесе қауіпті кетіру үшін, немесе ерлі-зайыптылар бір-бірінің көңілін көтеріп, жүректеріне қуаныш ұялатуы үшін жақсылықты асырып, жаманшылықты жасырып өтірік айтудың пайдасы - өте мол, хадистегі рұқсаттың да көздейтіні - осы. Мысалы, күйеуі әйеліне: «Тамағың қандай дәмді, мұндай тамақты еш-қашан жеген емеспін»-деуі әйеліне ұнап жатса, неге оны айтпасқа? Сондай-ақ бұл тәсілді аса қажет болмаса, әрдайым қолдана беруге болмайды. Ал енді өтіріктің пайдасынан гөрі зияны басым болса, онда оны үзілді-кесілді тоқтату қажет.
13 - Бір-біріне сену және қызғаныш шегінен аспау
Отбасы берекесін қашырып, махаббатты жоятын себептердің бірі - ерлі-зайыптылар-дың бір-бірін шектен тыс қызғанулары. Негізінде, мүмін ер мен мүмін әйелдің байла-ныстары - адал да сенімді, егер ислам тәлімдерін берік ұстанған болса. Аллаһ тағала иман келтіргендерді осыған қатысты былай деп ескертеді: «Әй, иман келтіргендер, ойлардың көбісінен аулақ болыңдар, әрине, олардың кейбіреуі - күнә» («Хужурат» сүресі: 12).
1 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
2 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
3 Мүслім жеткізді
Расында, көз жетпеген айғақсыз ойлар ерлі-зайыптылар арасында қызғаныш тудырып, ма-хаббат түйіні ағытылады, мұның кесірінен екеуінің бір-біріне деген сезімдері өзгеріп, қарым-қатынастары нашарлайды.
Бұл нәрсе жайлы пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) да ескертеді: «Ойдан сақтаныңдар, негізінде, ой - өтірік сөздің атасы»1.
Біз адамдар туралы көзімізге көрінген істері мен естіген сөздеріне қарап қана ой айта аламыз, ал енді жүректері мен ниеттерін ғайыптарды білуші жалғыз Аллаһ тағалаға тапсырамыз. Усама ибн Зайд шайқастардың бірінде бір кісіні, Аллаһтан басқа тәңір жоқ деп куәлік айтуына қарамастан, өлімнен құтылуы үшін, өтірік айтып тұр деген оймен өлтіріп қояды. Сонда бұл хабарды естіген пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) оған: «Оның өтірік айтқан айтпағанын жүрегін жарып білдің бе?...»-деп мазасыздана-ды2.
Ерлі-зайыптылар исламның талаптарына сай өмір сүрген болса, ешқашан жүректерінде алдап жүр ғой деген күдік тумайды, қайта бір-біріне сенімдері артады.
София анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай дейді: Пайғамбар (алайһи ас-солату уа ас-салам) мешітте иғтикаф құлшылығында болған еді. Кешкі уақытта мен оның хал-жайын сұрауға келдім. Сөйлесіп болып, үйге қайта бергенімде, мені шығарып салуға орнынан түрегелді. Сол уақытта ансарлық екі кісі қасымыздан өтіп бара жатты. Олар пай-ғамбарды (алайһи ас-солату уа ас-салам) көре сала жүрістерін тездетті. Сонда пайғамбар (алайһи ас-солату уа ас-салам) ол екеуіне: «Тоқтаңдар! Бұл - София ғой»-деді, ол екеуі: «Субханаллаһи, әй, Аллаһтың елшісі»-деп жауап берді. Ол: «Расында, шайтан адамның бойындағы қан жүретін жолдармен жүреді, сол себептен жүректеріңе жаман ой сала ма деп қорқып кеттім»-дейді3. Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) өзін күдікке түсірмес үшін және оларға күмән ұялатпас үшін, қандай әйелмен тұрғандығын түсіндіріп берді.
Ерлі-зайыптылар бір-бірінен қайда бардың, қайдан келдің, кіммен болдың, кімнің үйі-нен келдің деп әр нәрсенің егжей-тегжейін сұрап мазаларын алмаса, онда бір-біріне деген сенімдерінің берік болғаны. Аллаһтың елшісінің (алайһи ас-солату уа ас-салам) салиқалы әйелге берген сипаттарының бірі - мынадай: «..Күйеуі жоқ кезде, оның ар-намысын қорғайды»4.
Қызғаныш - адамға тән әрі қажет табиғат. Жұбайын қызғанбау - айыпты қасиет, алайда шегінен асуы да мақсат емес, сол себептен оның мәні - орташалығында. Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай дейді: «Расында, қызғанудың Аллаһқа ұнамдысы да бар, жек көрініштісі де бар. Аллаһ жақсы көретін қызғаныш айғақтың негізіндегі қызғаныш, ал Аллаһ жек көретін қызғаныш - дәлелсіз қызғаныш»5.
Қызғаныш шегінен асып кететін болса адамды жаман қылыққа итереді. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, - София секілді тамақты дәмді пісіретін әйелді көрген емеспін,-деді ол, - ол Аллаһтың елшісіне тамақ пісіріп әкеледі, бұл уақытта пайғамбар (алайһи ас-солату уа ас-салам) менің үйімде болатын. Тұла бойым қалшылдап, қатты қыз-ғаныштан дірілдеген бойы қолымдағы ыдысты жерге түсіріп сындырдым, кейін бұл ісіме өкініп, Аллаһтың елшісіне (алайһи ас-солату уа ас-салам): «Бұл қателігімді қалай жусам болады?»-дедім, ол (алайһи ас-солату уа ас-салам): «Сол ыдыстай ыдыс табасың және сол тағамдай тағам пісіресің!»-деп жауап берді6.
14 - Өзара жәрдемдесу және мейірімді болу
1 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
2 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
3 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
4 Әбу Дәуд жеткізді
5 Ан-Насаи жеткізді
6 Әбу Дәуд жеткізді
Аллаһ тағала құран кәрімде айтады: «Игілік пен тақуалық үшін өзара жәрдемдесің-дер және бір-бірлеріңе күнә мен дұшпандық үшін қол ұшын бермеңдер» («Маида» сүресі: 2).
Отбасы мүшелері алдында өздерінің басты міндеттері бола тұра, олар өзгелердің де міндеттеріне қол ұшын берулері қажет. Отағасының басты міндеті отбасын асырау, оларға жетекшілік етіп, жүріс-тұрысын бақылау секілді болса, әйелінің басты міндеті - үй шаруасын тындыру, оның өзі басынан асады, мысалы, тамақ пісіру, кір жуу, үйдің ішін та-залау, бала бағу, олардың тәрбиесіне көңіл бөліп қабілеттерін дамыту және т.б. толып жа-тыр. Осындай міндеттерді атқару барысында кейде күйеуі де, әйелі де көп нәрселерді үл-гермейді, сондықтан бір-бірінің жағдайларын түсінулері, кемшіліктеріне сабыр етіп, се-зімдерін жараламаулары, ауырып қалған жағдайларда бір-бірін демеулері, қол ұшын беріп міндеттерін көтерісулері жоғарыда айтылған аятта көзделгендей болуы керек. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай дейді: «Аллаһтың елшісі үй шаруасын да атқаратын..»1.
Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай дейді: «Кім бауырының қаже-тінде болса, Аллаһ та оның қажетінде болады»2.
Өзара жәрдемдесу мен өзара мейірімділік ерлі-зайыптылар арасында қолдан келгенше бүкіл іс-әрекеттерінде болуы керек, тіпті құлшылық саласында да. Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) бұл жайында былай деген екен: «Түн ішінде намазға тұрып, әйелін де оятқан ерді Аллаһ тағала рақымына бөлесін! Егер әйелі тұра алмаса, ол оның бетіне су себеді. Сол сияқты түн ішінде намазға тұрып, күйеуін де оятқан әйелді Аллаһ тағала рақымына бөлесін! Егер әйелі тұра алмаса, ол оның бетіне су себеді»3. Бетіне су себу дегеніміз - бетіне бір ыдыс су құйып шошыту емес, бірақ әзіл араластырып, түнгі намазға құлшынысын арттыру.
Мүміндердің өзара жанашырлығын пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) бы-лай бейнелейді: «Иман келтіргендер өзара сүйіспеншіліктерінде, қайырымдылықта-рында және аяушылықтарында бір денеге ұқсайды, егер оның бір мүшесі ауырса, басқа мүшелері ұйқысыздық танытып, қызуы көтеріліп, бір-бірін шақырысады»4.
Мұсылман отбасы бір дене секілді, егер оның бір мүшесі ауырса, басқа мүшелері ұйықтай алмай, қызулары көтеріліп, өзара шақырысады. Күйеуі әйелін жақсы көреді, оған жақсы қарайды, көңіліне қуаныш ұялатады, өйткені Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам): «Ең жақсыларың – отбасына жақсы қарағандарың, әрине, мен - отбасыма ең жақсы қараушымын»-деді. Әйел де күйеуін жақсы көреді, бір істі бұйырса, бой ұсы-нады, күйеуін жұмысына ізгі ниетімен шығарып салғаннан кейін, үй істеріне кіріседі, ба-лаларын тәрбиелейді, күйеуінің қуанышы мен қайғысына ортақтасады, оның сырларын ешкімге ашпайды, Аллаһтың ризашылығын күйеуіне бағынуымен іздейді, өйткені пайғам-барымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам): «Қайсыбір әйел бұл дүниеден күйеуінің риза-шылығына ие болып өтсе, жәннатқа кіреді»-деді. Салиқалы бала әке-шешесін тыңдай-ды, оларды құрметтейді, бұйырған істерін бұлжытпай орындайды, сөз таластырмайды, ай-қайлап даусын көтермейді, оларға жақсы қарайды және дұға жасайды: «Раббым, ол екеуі мені кішкентайымда тәрбиелегендей, оларды рақымыңа бөлей гөр».
Ал енді мейірімсіз тұрпайы қарым-қатынастың кесірінен ерлі-зайыптылар арасындағы байланыстың тас-талқаны шығып, бір-біріне деген үміттері үзіледі. Сондықтан өзара мейі-рімді болулары - отбасы тұрақтылығы үшін, екеуінен де талап етілетін аса маңызды фак-тор саналады. Мұны бізге Аллаһ тағала құран кәрімде білдіреді: «Аллаһтың рахымының арқасында оларға жұмсақ болдың, егер тасбауыр мейірімсіз болғаныңда, әрине, ай-налаңнан тым-тырақай қашып кетер еді» («Әли Ғимран» сүресі: 159).
1 Әл-Бұхари жеткізді
2 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
3 Әбу Дәуд жеткізді
4 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
15 - Тазалық, әсемділік және әшекейлік
Денесі мен киімін таза ұстау, төсек қатынасы кезінде әсемдену және әшекейлену секіл-ді қасиеттер екі жақтың да көңілін көтереді, белсенділігін жаңартады, жан дүниелері бір-біріне ұмтылады, осының нәтижесінде әркімді өмір бойы осы құрбысымен қалғысы келе-тіндей сезім билеп, екеуі де өздерін бақытты сезеді.
Аллаһ тағала айтады: «Аллаһтың құлдары үшін жаратқан әшекейлі нәрселері мен таза ризықтарын кім арам етті,-де» («Ағраф» сүресі: 32).
Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) Омарға былай дейді, Аллаһ тағала оған разы болсын: «Адамның қолындағы ең жақсы қазынаның не екенін айтайын ба? Ол - салиқалы әйел, егер күйеуі оған қараса, қуантады, егер оған бұйырса, айтқанды орындайды, ал үйде болмаған кезде оның ар-намысын қорғайды»1.
Бұл қасиетті, әсіресе, ер адам есінен шығармауы қажет, өйткені әйел кісілердің табиға-ты көбінесе бұған жақын болады. Ер адамдар түздің тірлігімен әйелінің қажетін ұмытып кетпегені дұрыс, тіпті ұмытпағанның өзінде, кейде төсек қатынасы махаббатсыз өтіп жатады. Алайда әйел кісі де үйдің тірлігімен арпалысып, күйеуінің қажетін естен шы-ғармағаны жөн, күйеуі жұмыстан шаршап келсе де белсендігін жаңартатын жоғарыда ай-тылған тәсілдерді қолдануы тамаша болады. Осыған байланысты Ибн Аббас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деген екен: «Әйелімнің мен үшін қалай әшекейленуін жақсы көрген болсам, мен де әйелім үшін дәл осылай әшекейленуді жақсы көремін»2.
Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай деді: «Расында, Аллаһ - әдемі, және әдемілікті жақсы көреді... »3.
Аллаһтың елшісіне (алайһи ас-солату уа ас-салам) әтір ұсынылған болса, ешқашан қайтармайтын4.
Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) айтады: «Кім шаш өсірсе, оған күтім көрсетсін»5.
Қысқаша айтқанда, тазалық және әдемілік мүміннен барлық істе және барлық жерде та-лап етіледі. Осы мағынаны Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) мына сөзімен білдіреді: «Шындығында, Аллаһ барлық нәрсені (көркін беріп) жақсылап істеуле-ріңді бұйырады»6.
16 - Тынығу және серуендеу
Ислам - адам баласына тыным бермейтін және қиындық туғызатын дін емес. Аллаһ та-ғала құран кәрімде былай дейді: «Таһә. Құранды саған қиыншылық көруің үшін түсір-медік!» («Таһә» сүресі: 1,2).
Адамның жан дүниесі, анда-санда түздің тірлігінен де, үйдің тірлігінен де біраз тынығуды қажет етеді. Бұл тынығу ерлі-зайыптылардың табиғатқа шығып серуендеуі арқылы немесе оңаша отыруға қолайлы асханаға барып отырулары арқылы жүзеге асады. Тіпті үйдің ішінде бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтерулерінің өзі қайда жатыр?!.
Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай дейді: Бірде Аллаһтың елшісімен (алайһи ас-солату уа ас-салам) бірге сапарға шыққан едім, денеме салмақ бітпеген, енді ға-на бойжеткен кезім болатын. Ол адамдарға: «Ілгері қарай жүре беріңдер!»-деп, олар іл-гері жүріп кетті. Кейін маған: «Кел, жарысайық»-деді. Екеуміз жүгіріп жарыстық та мен одан озып кеттім. Ол үндемеді. Кейін бойыма ет бітіп салмақ қосқанымда онымен бірге тағы бір сапарға шыққан едім. Ол адамдарға: «Ілгері қарай жүре беріңдер!»-деді, олар ілгері жүріп кетті. Кейін маған: «Кел, жарысайық»-деді. Мен бұрынғы болғанды ұмытып кетіппін. Бұл кезде біраз салмақ қосқандықтан: «Әй, Аллаһтың елшісі, мына күйімде сені-
1 Әбу Дәуд жеткізді
2 Ибн Жарир жеткізді
3 Мүслім жеткізді
4 Әл-Бұхари жеткізді
5 Әбу Дәуд жеткізді
6 Мүслім жеткізді
мен қалай жарысамын»-дедім. Ол: «Айтқанымды орында!»-деді. Екеуміз жүгіріп жарыс-тық та ол менен озып кетті. Сосын күліп, маған былай деді: «Бұл - ана кездегі үшін»1.
Теледидарда иманын арттыруына, білімін жан-жақты көтеруіне және тәжірибе жина-уына көмек беретін пайдалы бағдарламаларды көріп тынығуына болады. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай дейді: Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) мені шапанымен бүркеп тұрып, мен мешіт ішінде эфиопиялық мұсылмандардың әскери ойындарын көретінмін, ол мені емес, мен оны жалықтыратынмын. Олай болса, кө-ңіл көтеруді қатты қалап тұрған бойжеткен қыздың лайықты сыбағасын беріңдер»2.
Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай дейді: Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) сапарға шығар кезде әйелдерінің арасына жеребе тастайтын, қайсы әйелінің есімі шықса, соны қасына алатын.
Үмму Атия, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: «Айт мейрамдарында жақсы-лыққа куә болып, көңіл көтерулері үшін, бой жеткендер мен етеккір кезіндегі әйелдерді үйлерінен шығаруымыз бұйырылатын»3.
Анас, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді: Адамдардың ішінде мінез тұрғысы-нан ең жақсысы пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) болатын. Менің Әбу Умайр дейтін бауырым болатын, - хадисті жеткізуші кісі: емшектен шыққан жаста болса керек,-дейді. Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) оған келген кезінде: «Әй, Умайр, не істеп қойды Нуғайр»-дейтін4. Нуғайр дегеніміз - торғайлардың бір түрі.
Бірде Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, исламнан бұрын еркектердің өз әйелдеріне қандай қарым-қатынаста болғанын сөйлейтін нақты әңгімелерді пайғамбары-мызға (алайһи ас-солату уа ас-салам) айтып берген екен. Сөйтіп, әңгімелерде айтылған ке-йіпкерлердің ішінде әйеліне ең жақсы қарағаны Әбу Зарғ деген кісі болып шығады. Сонда пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) Айша анамызға: «Әбу Зарғ Үмму Зарға қалай қараса, мен де саған солай қарадым ғой, ә?»-дейді5.
Зайд ибн Асламның айтуынша, Аллаһ оған разы болсын, Үмму Айман есімді эфиопия-лық бір әйел Аллаһтың елшісіне (алайһи ас-солату уа ас-салам) келіп: «Сізді менің күйеуім шақырады»-дейді, пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) оған: «Ол ана көздерінде ағы бар кісі ме?»-деп сұрайды, әйел: «Оның көздерінде ағы жоқ»-деп жауап береді, пайғамбарымыз: «Оның көздерінде ағы болу керек»-дейді, әйел: «Аллаһқа серт, ондайы жоқ»-дейді. Сонда пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам): «Көзінің ағы болмайтын ешбір адам жоқ»-дейді.
Айша анамыз, Аллаһ оған разы болсын, былай деді: «Мен еттекір күйде болғанымда пайғамбардың (алайһи ас-солату уа ас-салам) ыдысымен сусын ішетінмін. Менің аузым тиген жерге аузын қойып, сол ыдыстан ол да ішетін»6.
Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) әйелдерімен де, қыздарымен де, саха-баларымен де анда-санда осылай көңіл көтеріп, өзінің де жан дүниесін, өзгелердің жан дүниесін тынықтыратын еді. Ер адамның мұндай қасиетке ие болуы оның айбындылығын кемітпейді, кеміткен болса, Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) оны ешқашан істемеген болар еді, алайда оны істеді және оның жүріс-тұрысы мен қарым-қатынасы, әзілі мен көңіл көтеруі біз үшін кәміл өнеге болып саналады. Әрине, әр нәрсе өзінің шегінен аспауымен сүйкімді болады, сол себептен көңіл көтерем деп міндеттер ат-қарылмай қалып жатқан болса, парыздар қаза болып жатса, пайда емес, зиян шеккен бо-лады, сол себептен тағамға дәм беру үшін, тұз қаншалықты көлемде қажет болса, тірші-лікте де көңіл көтерудің, тынығудың соншалықты көлемде араласуы қадағаланса дұрыс болады.
1 Ахмад жеткізді
2 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
3 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
4 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
5 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
6 Мүслім жеткізді
Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) айтады: «Аллаһты еске алудан басқа нәрсенің барлығы - ермек пен ойынға жатады, тек мына төртеуі олардың ішіне кірмейді: ер адам әйелімен көңіл көтерсе, біреу тұлпарына күтім берсе, біреу атыс орны мен нысананың арасында жүрсе (яғни садақ атуы), біреу біреуге суда жүзуді үйретсе»1.
17 - Барлық істерде орташа болу
Аллаһ тағала айтады: «Осылайша, сендерді орташа үммет қылдық» («Бақара» сүресі: 143).
Аллаһ тағаланың адал етекен жақсы нәрселерден өздерін біржолата ажыратқысы келген адамдарды айыптап, Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай деген еді: «Пәлен етеміз, түген етеміз деп айтатындай ол адамдарға не болды екен? Аллаһпен ант етемін, шындығында, сендердің іштеріңде Аллаһтан ең қатты қорқатын және ең қатты сақтанатын - мен емеспін бе, алайда бірде ораза ұстасам, бірде аузым ашық болады, бірде намаз оқысам, бірде жатып тынығамын, сондай-ақ әйелдерге де үйле-немін. Ал, енді кім менің сүннетімді қаламаса, ол - менен емес»2.
Пайғамбарымыздың (алайһи ас-солату уа ас-салам) дана да кәміл сүннеті бүкіл істе ор-ташалықты ұстануды көздегендіктен, құлшылықтың кез-келген түрі шамаға қарай атқары-луы керек, әйтпесе шамадан тыс көтерілген жүк бір күні белді қайыстырады, немесе одан да бетері - құлшылықтан мүлдем бетті қайтарып тастауы мүмкін, нәтижесінде пайда жи-наймын деген адам үлкен зиянға ұшырап қалады.
- шамадан тыс тамақ ішу адамның денсаулығына да мал-мүлкіне де зиян келтіреді;
- артық ұйқы уақытқа зиян келтіреді, жалқаулыққа бастайды;
- шектен тыс төсектік қатынас дайындықсыз жақындасуға дағдыландырып, төсек рақатының берекесін қашырады;
- адамдарға, туыстарға, әйел-балаға, жұмысқа деген шамадан тыс махаббат Аллаһтың алдындағы міндеттерін ұмыттырады;
- шамадан тыс жеккөрушілік біреуге зиян тигізуге, қылмыс істеп қоюына апарады;
- шамадан тыс уайым өмірден түңілдіріп, өзіне өзі қол жұмсаттырады;
- шамадан тыс білім іздеген адам өмірден тәжірибе жинай алмайды, ол өмірге айналасында болып жатқан оқиғалар мен жағдайларды есепке алмай, тек кітап сөзінің шеңберінде қарайтын болады;
- көп сөзділік өсек, сыр ашу, ғайбат секілді тіл апаттарына апарады;
- фиқһ көзқарастарға шамадан тыс көңіл беру адамды қатты қылып, өзінен адамдарды қаштыруы мүмкін.
Ерлі-зайыптылардың біреуі немесе екеуі де тамаққа тойымсыз болса, жұмыстан қолда-ры босамаса, уайымшыл болса, ысырапшыл немесе сараң болса, кертартпа немесе немқұ-райлы болса, қатыгез немесе ойланбай істейтін болса, қамсыз немесе өмірден түңілген болса, онда қалайша бақытты өмір кешеді? Алайда әр нәрсені есепке алып, әркімге қақы-сын беріп, өздерін бүкіл істерде орташа ұстайтын болса, әлбетте, өмірлері ислам діні көз-деген шынайы бақытқа қол жеткізеді.
Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам): «Істерде шектен тыс шығатындар құрыды!»-деп үш мәрте айтқан екен3. Пайғамбарымыздың (алайһи ас-солату уа ас-салам) бұл сөзін, алдымен, білім ретінде санамызға бекітейік, кейін Аллаһ тағаладан жәрдем сұ-рай отырып, өз бойымызда орташалық қасиетті қалыптастыру үшін амал жасайық.
18 - Жеңілдету және оңайлату
Аллаһ тағала айтады: «Аллаһ сендерге жеңілдікті қалайды, және сендерге ауыр-лықты қаламайды» («Бақара» сүресі: 185).
1 Ан-Насаи жеткізді
2 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
3 Мүслім жеткізді
Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, айтады: Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) екі істің біреуін ғана таңдайтын мүмкіндікке ие болса, екеуінің ең же-ңілін алатын, әрине, егер күнәға жатпаған болса. Ал егер ол күнә болатын болса, одан алы-сырақ қашатын адам сол болатын..»1.
Расында, өмірдегі жағдайлар әр қилы болады және өзгеріске ұшырап отырады. Осы жағдайларда ұстануға қолайлы бірнеше көзқарастар болуы мүмкін, адамдардың табиғат-тары өзгеше болуына байланысты, біреулері жеңіл ұстанымды алып, үлкен нәтиже шыға-руы мүмкін, ал екіншілері ауырын алып, нашар нәтиже шығаруы мүмкін, әрине, аса қада-ғаланатын нәрсе - әркім таңдау барысында оның күнә еместігіне көз жеткізуі керек, кейін Раббысына тәуекел етіп іске қолдана береді.
Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) айтады: «Өзіне от арам етілетін кісі жайлы айтайын ба? Әрбір жуас, биязы, жеңіл туысқа от арам болады»2.
Аллаһтың елшісінің (алайһи ас-солату уа ас-салам) қарапайым болғаны соншалықты, тіпті тамақ болмаған кезде оразаға ниет ететін. Айша анамыздың, Аллаһ тағала оған разы болсын, кезегі келген түнде пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) оған құл-шылыққа босатуын сұрайтын, яғни түнді намазға арнауын қалайтын, сонда ол: сені разы етуден басқа арманым бар ма?,-деп жауап беретін. Ал қазіргі кезде кейбір адамдар тамақ уақытында дайын болмай қалса болғаны, бар дүниені басына көтереді, сол сияқты кейбір әйелдер күйеуінің шамасына қарамай, ананы әпермедің, мынаны сыйламадың деп, аяқ ас-тынан тыныштықты бұзып жанжал шығарады.
Биязы әрі жеңіл адам әркімнің қажетіне уақыт табады, оған мақсатыңды ашып, ойыңды жеткізе аласың, өзіне берілген қызметті тиянақты орындайды, тапсырма алудан ешқашан қашпайды, қайда жүрсе де жағымды көрініп береке табады.
Қаттылық уақыттың берекесін қашырады, жолды ауырлатады, оған ойыңды жеткізе ал-майсың, бір істі тапсыра алмайсың, әрдайым қайшылыққа жол ашады, ой өрісінің тарлы-ғынан, жан дүниесінің қаттылығынан ондай жанның ортақ мүддеге ат салысуға үш қайна-са да сорпасы қосылмайды.
19 - Тәуекел, разылық және береке
Адамдарды қиындыққа душар ететін себептердің көпшілігі олардың өздеріне берілген несібелеріне қанағатсыз болуларынан және ризықтары тарылған уақытта, аштықтан қор-қып жаманшылыққа жол ашуларынан туады. Негізінде, оларды асыраушы - Аллаһ тағала ғана. Аллаһ тағала айтады: «Жердің бетінде ризығы Аллаһқа тәуелді болмаған бір жануар жоқ» («Һуд» сүресі: 6).
«Ол сендерге жерді бағынышты етті, оның бетін кезіңдер де, ризығынан жеңдер және Оған ораласыңдар» («Мулк» сүресі: 15).
«Ол жердің бетіндегі бүкіл нәрселерді сендер үшін жаратты» («Бақара» сүресі: 29).
«Сендерге көктердегі нәрселердің, жердегі нәрселердің барлығын Өз әмірімен бағындырды» («Жасия» сүресі: 13).
Пайғамбарлардың көбісі, оларға Аллаһ тағаланың рахымы мен аманшылығы болсын, өз тіршіліктерінде белгілі бір кәсіппен шұғылданып, ешбіреуі халықтың мойнына масыл бол-маған еді. Өйткені ислам діні амал мен кәсіп қылуды әр мұсылманның міндеті әрі абыро-йы етті. Сонымен қатар еңбек ету құлшылыққа жатады, өйткені ол мұсылманның ар-намысын сақтап, қадірі мен беделін қорғайды. Еңбекқор мұсылман қоғамның қызметі мен пайдасы үшін өмір сүреді. Мұсылман үшін кәсіптің қоры – тек қана шариғат арам еткен жұмыс. Сондықтан оның кәсібі қаншалықты шағын болса да, ол жұмыссыздық пен жалқаулықтан артық болады. Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) егіншілікке былай қызық-тыратын: «Мұсылман бір егін ексе, немесе бір ағаш отырғызса, кейін одан адам жесе, немесе құс жесе, немесе мал жесе, ол еңбегі садақа бергенге жатады», тағы бір хадисте кәсіп етуге қызықтырып: «Ешкім өз еңбегімен тауып жеген тамағынан
1 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
2 Ат-Тирмизи жеткізді
жақсырақ тамақ жей алмайды, расында, Аллаһтың пайғамбары Дәуіт өз еңбегімен тауып жейтін»-деді. Тағы бір хадисте: «Сендердің біреулерің қолына жібін алып, ар-қалап бір бума отын сатуы, (Аллаһ тағала оны бұл кәсібі арқылы жоқшылықтан сақтайды), адамдардан тілемсектеніп, олардың оған бергендерінен, немесе бермей қайтарып жібергендерінен жақсырақ»-деді. Беруші қол сұраушы қолдан артық болады. Бір күні Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) жұмыстан алақандары күстеніп кеткен бір мұсылманды көреді. Оны қадірлеген түрде еңбекқор қолын жоғары көтеріп: «Мына қолды Аллаһ та, елшісі де жақсы көреді»-дейді. Омар, Аллаһ оған разы болсын, былай деген еді: Расында, мен бір кісіні көріп, ол мені таң қалдырса: «Оның кәсібі бар ма екен?»-деп сұрайтынмын, егер маған: «Жоқ»-деп жауап берілген болса, ол менің наза-рымнан тыс қалатын».
Осындай бағыт беретін аяттар мен хадистердің жетелеуімен алғашқы мұсылмандар жер-жерге аттанып, дінді тарататын, ризықтарын іздейтін, білім егетін, адамдарды иманға шақыратын, Аллаһтың жолында исламның тарауына кедергі жасаған дұшпандармен со-ғысатын. Кәсіп етпей ризық күту – Аллаһ тағала жек көретін іс. Жұмыс істемей, біреудің мойнына масыл болу – исламға жат қылық, өйткені ол исламның талаптарына қайшы келеді, сондай-ақ мұсылмандарды алдыңғы қатардан қалдырады.
Кім адал жолмен еңбек етіп, нәтижені Раббысына тапсырған болса, Аллаһ тағала оған ойламаған жерден берекелі ризық береді. Аллаһ тағала айтады: «Кім Аллаһқа тәуекел етсе, Ол оған жетіп асады..» «Талақ» сүресі: 3.
Адам еңбек етуді жақсы көрсе, аш қаламын деп еш қорықпайды, қайта тәуекелі артады. Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) бұл жайында былай дейді: «Егер де сен-дер Аллаһқа лайықты түрде тәуекел етсеңдер, таңертең қарны аш болып ұшып шығып, кешкісін қарны тоқ болып қайтатын құсты қалай ризықтандырған болса, сендерді де солай ризықтандырар еді»1.
Адамның ризығы немесе берекесі тек қана мал-мүлкінде емес, сонымен қатар денсау-лығында, ақылдылығында, кәсіби шеберлігінде, жақсы қарым-қатынасында болады, сондай-ақ жақсы жұбайдың кездесуі, жақсы баланың дүниеге келуі, жақсы туыстардың қоршауы, жақсы көршілердің болуы, жақсы достармен араласуы да - берекенің белгісі. Адамға қызмет етіп пайда келтіріп жатқан нәрсенің бәрі - ризық пен береке, оларды сана-саң, санына жете алмайсың, Аллаһ тағала Құранда айтқандай: «Егер Аллаһтың нығмет-терін санайтын болсаңдар, олардың санын шығара алмайсыңдар. Негізінде, адам - тым әділетсіз және мүлдем жақсылықтың қадірін білмейді» («Ибраһим» сүресі: 34).
Раббысының нығметтерін есінен шығармай шүкіршіл болу үшін, пайғамбарымыз (алай-һи ас-солату уа ас-салам) былай дейді: «Өздеріңнен әл-ауқаты төмен адамдарға қараң-дар да, әл-ауқаты жоғары адамдарға қарамаңдар, бұл Аллаһтың нығметіне күпірлік етпеулерің үшін жақсы»2. Тағы бір хадисте: «Байлық - малдың көптігінде емес, алайда байлық дегеніміз - жан дүниенің байлығы»3.
20 - Жомарт болу
Ислам әйелді, бала-шағаны асырауды, қажеттіліктеріне сай қаржыландыруды күйеуіне жүктеді. Күйеуі әйелінің материалдық және рухани қажеттіліктеріне шариғатқа сай көңіл бөлуі қажет.
Аллаһ тағала айтады: «Ер кісілер әйелдеріне басшылық етеді, өйткені Аллаһ бірінің үстіне бірінің дәрежесін осылай көтерген еді және олар (әйелдерін асырауға) малда-рын жұмсайды» («Ниса» сүресі: 34).
Әйелдің қақысы жөнінде сұрақ қойылғанда, пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай дейді: «Өзі тамақ ішсе, оны да тамақтандыруы, өзі киім кисе, оны да
1 Ат-Тирмизи жеткізді
2 Мүслім жеткізді
3 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
киіндіруі»1, «Асырап жүрген нәрсесін өлімге душар еткен адамның күнәсі жеткілік-ті»2.
Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) жомарт пен сараң жайлы былай дейді: «Кеңпейілді адам Аллаһқа жақын болады, адамдарға да жақын болады, жәннатқа да жақын болады, сондай-ақ тозақтан алыс болады. Ал сараң адам Аллаһтан алыс болады, адамдардан да алыс болады, сондай-ақ жәннаттан да алыс болып, тозаққа жақын болады. Ғибадатшы сараң адамға қарағанда кеңпейілді білімсіз адам Аллаһ тағалаға сүйкімдірек болады»3.
Исламда жомарттық ақшалай жәрдем көрсетумен ғана шектелмейді, сонымен қатар бі-реулердің қажеттеріне уақытыңды бөлуің, солардың мүддесі үшін болысуың, тәжірибең-мен бөлісіп кеңес беруің, қонақ күтіп, адамдарға жылы жүзбен қарауың да - кеңпейілді-ліктің белгісі. Пайғамбарымз (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай дейді: «Аллаһтың ал-дында достардың ең жақсысы - досымен жақсы болғаны. Аллаһтың алдында көрші-лердің ең жақсысы - көршісімен жақсы болғаны»4.
Жомарт адам тек бір нәрседен сақтануы қажет, ол - дүниені босқа шашушылық немесе ысырапшылыдық, өйткені Аллаһ тағала бұл қасиетті шайтандардың ісіне жатқызды: «Шындығында, дүниені босқа шашушылар - шайтандардың туыстары» («Исра» сү-ресі: 27).
Сараң адам Аллаһтың ашуына жолығады, адамдардың жеккөрушілігін туғызады, олар-дың жиған дүниесі өздері үшін қасіретке айналады. Аллаһ тағала айтады: «Аллаһтың өздеріне берген нәрсесіне сараңдық етіп жүргендер, бұл бізге берілген жақсылық деп ойламасын, керісінше бұл - олар үшін жамандық» («Әли Ғимран» сүресі: 180).
Негізінде, сараң адамның жағдайы - өте қиын, ол адамдардан дүниесін де жасырады, олардың қажеттеріне уақытын да бөлмейді, қонақ келсе жоғалады, ешкімнің хал-жайын сұрап бармайды, тіпті басқалардың бақыты мен қайғысына ортақ болмайды, осылайша адамдардың жеккөрушілігін тудырып, баршаның арасында қадірі жоғалады.
21 - Құшақ жая қарсы алу және көркем түрде шығарып салу
Отбасы мүшелері жұмыстарына, сабақтарына үйден шығар кездерінде бір-бірлерін сү-йіп, жылы сөздермен, дұға тілектерімен, күлімдеген жүздерімен шығарып салады. Аллаһ-тың елшісі былай дейді: «Жанымның Иесімен ант етемін, иман келтірмейінше жән-натқа кіре алмайсыңдар, ал бір-бірлеріңді жақсы көрмейінше иман келтіре алмай-сыңдар. Сендерге бір нәрсені білдірейін, егер оны істеген болсаңдар, бір-бірлеріңді жақсы көретін боласыңдар, өз араларыңда сәлемді жайыңдар»5.
Бір-бірін үйден: «Қайда жүрсең де Аллаһтан қорық!»-деп шығарып салады. Сондай-ақ бір-бірін сағынып күтеді. Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) айтқандай: «Сапар - бейнеттің бір бөлігі, адамды тамағынан, суынан және ұйқысынан тыяды, сендерден кім сапарына құмарлығын қандырған болса, дереу отбасына асықсын»6.
Отбасы мүшелері үйлеріне оралған кезде бір-бірін құшақ жая қарсы алулары қажет. Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) Анасқа былай дейді, Аллаһ тағала оған разы болсын: «Әй, балақайым, үйіңе кірген кезде отбасыңа сәлем бер, расында, сәле-мің саған да отбасыңа да береке болады»7.
Ер адам түздің көркі, ал әйел үйдің көркі болып саналады. Отағасы үйіне оралғанда әйелі мен балалары оны құшақ жая қарсы алып, көңілі жайланады, олардың қасынан жұ-баныш табады. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Жандарыңа жұбаныш болу-лары
1 Ибн Мажа жеткізді
2 Әбу Дәуд жеткізді
3 Ат-Тирмизи жеткізді
4 Ат-Тирмизи жеткізді
5 Мүслім жеткізді
6 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
7 Ат-Тирмизи жеткізді
үшін, сендерге өздеріңнен жұбайлар жаратуы, сондай-ақ араларыңа сүйіспен-шілік пен рақымдылықты ұялатуы - Оның белгілерінен» («Рум» сүресі: 21).
Ерлі-зайыптылар, үйге кіре сала, бір-бірін келелі мәселерді айтып, немесе көңілсіз түр-де қарсы алуларына болмайды. Жаңалықтардың бәрі кез келген жағдайда немесе кез кел-ген уақытта айтыла бермейді, сол себептен әр жаңалықтың айтылуына ыңғайлы сәтін және оны жеткізу жолын қарастырған жөн. Ерлі-зайыптылар, осылайша бір-бірінің сезім-дерін қадағаласа өте жақсы болады. Анастың айтуынша, Аллаһ тағала оған разы болсын, Әбу Талханың Үмму Салимнен көрген ұл баласы қайтыс болады, Аллаһ тағала екеуіне ра-зы болсын. Үмму Салим барлығына: «Баласының өлгені жайлы Әбу Талхаға, менен бұрын ешкім тіс жармасын»-деп өтінеді. Әбу Талха үйіне оралған кезде, әйелі оған кешкі асты ұсынады. Тамақтындырып болған соң, күйеуі үшін бұрынғысынан бетер әшекейленіп, тө-сек әзірлейді. Күйеуінің көңілі жайланған соң, оған: «Әй, Әбу Талха, егер адамдар бір от-басына бір нәрсені қарызға беріп, кейін оны қайтаруларын талап еткен болса, олар оны қайтармауына бола ма?»-дейді, ол: «Жоқ!»-деп жауап береді. Сонда Үмму Салим оған: «Олай болса, балаң үшін Аллаһ тағаладан сауап тіле»-деп баласының өлгенін білдіреді. «Менімен істеріңді істеп, баламның өлгенін енді ғана білдіріп тұрсың ба?»-деп ашуланып кетеді. Сол күйінде Аллаһтың елшісіне (алайһи ас-солату уа ас-салам) барады да болған жайды хабарлайды. Мұны естіген Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) оған былай деп дұға тілейді: «Аллаһ бұл түндеріңе береке берсін»1. Бұл түнде Әбу Талханың әйелі жүкті болады.
22 - Біреу үшін өзінің жеке мүддесін құрбан ету (альтруизм)
Игілік жолында өз рахатын, тіпті жанын қию - махаббаттың белгісі. Альтруизм деп, өз қажетінен басқалардың қажетін артық көруді айтады.
Мұндай мұсылмандар, өз міндеттерін орындаумен қатар айналасындағы адамдарды да бақытты етеді. Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) өзгелердің мүддесі мен қуанышы үшін, барша адамзаттың игілігі мен бақыты үшін өмірін аямаған еді. Мәдинаға көшіп келген сахабалардың игілігі үшін ансарлар да қаншама мал дүниелері мен рахатта-рын қиған болатын, Аллаһ тағала оларға разы болсын.
Әбу Һурайраның айтуынша, Аллаһ тағала оған разы болсын, бір кісі Аллаһтың елшісі-не (алайһи ас-солату уа ас-салам) келіп: «Әй, Аллаһтың елшісі, мен - ашпын»-дейді, ол оны әйелдеріне жібереді, алайда олардың үйлерінде оған ешнәрсе табылмайды. Сонда ол: «Аллаһ рахымына бөлесін, мынаны тамақтандыратын біреу бар ма екен?»-деп сұрайды. Ансарлардың біреуі орнынан тұрып: «Аллаһтың елшісі-ау, мен бармын»-деп, оны өзімен бірге алып кетеді. Үйіне келген соң, әйеліне: «Бұл - Аллаһтың елшісінің қонағы, ешнәрсе-ні аяма!»-дейді. Әйелі оған: «Аллаһпен ант етемін, балаларға қалдырып қойған нәрседен басқасы жоқ»-дейді. Ол: «Балалар кешкі асты қалаған кезде, оларды алдандырып ұйықта-тып таста, олардың үлесін қонаққа берейік, сол кезде сен шамды өшіре сал, бір түн аш бо-ла салсақ ештеңе болмас»-дейді. Әйелі күйеуінің айтқанын орындайды. Әлгі адам таңғы уақытта Аллаһтың елшісіне (алайһи ас-солату уа ас-салам) барады. Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай дейді: Пәленшенің әйелі екеуі істеген қылығына Аллаһ қызығып күлді де мына аятты түсірді: «..және олар басқалардың мүдделерін өздерінен артық көреді, тіпті өздері мұқтаж болса да. Кім жан дүниесіндегі сараң-дықтан құтылса, солар - табысқа жетушілер» («Хашр» сүресі: 9).
Альтруизмге қарама-қарсы қасиет - эгоизм, бұл - өз басынан басқа ештеңені ойламау, мұндай адамнан отбасына да, туыстарына да, қоғамға да ешқандай жақсылық болмайды. Бұндай адам туралы пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) жақсы сөз айтпаған екен: «Көршісінің аш екенін біле тұра өз құрсағын тойдырып, емін-еркін ұйықтаған адам - мүмін емес».
1 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
23 - Шүкір ету
Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай деген екен: «Адамдардың жақ-сылығын бағаламайтын кісі - Аллаһқа шүкір етуші емес»1.
Ерлі-зайыптылар бір-біріне жақсылық тигізсе, жәрдем көрсетсе, екінші жақ бұл жақ-сылықтың қадірін білуі керек. Жақсылықты бағалаған кісі Раббысына шүкір еткен бола-ды. Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) тіпті азғантай нәрсенің өзіне әйелдері-не шүкіршілік білдіретін. Жәбирдің айтуынша, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамба-рымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) үйдегі кісілеріне: «Нанды шылап жейтін дәмқо-сар бар ма?»-деп сұрайды, олар: «Сіркесуынан басқасы жоқ»-дейді, оны алдына әкелдір-ген соң жеп отырып: «Сіркесуы осындай дәмді болар ма еді! Сіркесуы осындай дәмді болар ма еді!»-дейді2.
Ал енді жақсылықты бағаламайтын кісі Аллаһ тағалаға шүкір етпеген болып саналады. Зейнеп, Аллаһ тағала оған разы болсын, айтады: Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) бізге былай деп уағыздады: «Отты көрдім, тұрғындарының басым көпшілігі әйелдер екен», олар: «Аллаһтың елшісі-ау, неліктен олай болды?»-деп сұрайды, ол: «Жақсылықтың қадірін білмегендері үшін»-дейді. Олар: «Сонда олар Аллаһқа шүкір етпей ме?»-деп сұрайды, ол: «Күйеулеріне шүкіршілік білдірмейді, жақсылықты ба-ғаламайды, егер олардың біреуіне өмір бойы жақсылық істеген болсаң, кейін сенен бір нәрсені көрсе болды, мен сенен ешқашан жақсылық көрмедім ғой,-дейді»3.
Аллаһтың елшісі өзіне жақсылық істеген кісінің жақсылығын ұмытпайтын, тіпті ол кісі дүниеден өтіп кетсе де. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, айтады: Пайғамбарымызға (алайһи ас-солату уа ас-салам) бір кемпір келеді, оны: «Қалайсыздар? Қалдарыңыз қалай? Бізден кейін қалай жүріп жатсыздар?»-деп кеңпейілімен қарсы алады. Ол кісі: «Аллаһтың елшісі-ау, жақсымыз. Сен маған - әке-шешемнен де артықсың»-деп жауап береді. Кемпір үйден шығып кеткен соң, мен одан: «Әй, Аллаһтың елшісі, бұл кем-пірді керемет қарсы алдың ғой?»-деп сұрадым, ол: «Әй, Айша, бұл кісі Хадижаның тірі кезінде үйімізге келіп тұратын, расында, жақсылықты ұмытпау иманға жатады»4.
Жақсы қарым-қатынас, тіпті, басқа діндегі туысқа да көрсетілуі қажет. Асма, Аллаһ тағала оған разы болсын, айтады: Бірде маған анам келген еді, ол пұтқа табынушы бола-тын. Мен Аллаһтың елшісіне (алайһи ас-солату уа ас-салам) барып: «Маған анам келіп тұр, үйге кіргісі келеді. Не істейін, онымен қатынасайын ба, әлде қатынаспайын ба?»-деп сұрадым, ол (алайһи ас-солату уа ас-салам): «Әрине, анаңмен қатынасуың қажет!»-деп жауап берді5.
24 - Сенімділік және тақуалық
Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастары сенімділік пен тақуалық қасиеттерімен сүйемелденетін болса, онда олар, күдіксіз, бақытқа бөленеді.
Аллаһ тағала айтады: «Кім Аллаһтан қорықса, Ол оның ісіне жеңілдік жасайды» («Талақ» сүресі: 4).
Сенімділік пен тақуалыққа негізделген қарым-қатынас қана әділ болады, өйткені бұл қасиеттер мүмінге, оның істерінің кішісі де, үлкені де Раббысының бақылауында екенін ұмыттырмайды. Осы қасиеттердің берекесімен оның тілі мен қолы айналасындағы адам-дарға зиян тигізбейді, керісінше мұндай адамның жүрген жері жақсылық пен қуанышқа бөленеді.
Аллаһ тағаланың бақылауын есінен шығарған адамның тілі мен қолы жамандыққа был-ғанады, әркімге зиян шектіріп, олардың сезімдерін кірлетеді, қақыларына әділетсіз бола-ды, нәтижесінде, онымен көпшіліктің байланысы үзіліп, қадірі жоғалады.
1 Әбу Дәуд жеткізді
2 Мүслім жеткізді
3 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
4 Әл-Байһақи жеткізді
5 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
25 - Сыпайылық
Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) өте сыпайы, қарапайым адам болатын, тіпті аяқ киімін өзі жөндеп, киімін де өзі жамайтын. Пайғамбарымызды (алайһи ас-солату уа ас-салам) өнеге тұтқан әрбір күйеу үйдің кейбір шаруасында әйеліне жәрдем береді. Әйелі ауырып қалған жағдайда оның кейбір міндеттерін қолдан келгенше атқаруды ар көрмейді. Мысалы, киімін жуып, үтіктей салу, балаларға қарау және тамақ пісіру секілді шаруаларды өзі де тындыра салады, бұл істердің ер адам үшін ешқандай ұяттылығы жоқ, керісінше, мұндай қасиет - ерлі-зайыптылар арасында сүйіспеншілікті арттыратын сыпа-йылық пен жеңілдіктің белгісі.
Тәкаппарлық қасиет - екінші жақтың жағдайына көңіл бөлмейді, үй шаруасына қол ти-гізуді ұятты санайды, тіл тигізіп көңілін қалдырады жаралайды, ешкімнің пікірімен санаспайды, өзіне жөн көргенді ғана істейді, нәтижесінде мұндай кісімен арақатынас ұзақ-қа бармайды. Абдуллаһ иб Масғудтан, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай дейді: «Жүрегінде тозаңның салмағындай тәкап-парлық болған кісі жәннатқа кірмейді»1.
26 - Жоспарлау, талпыну, біртіндеп өрлеу
Жоспарсыз өмір қайшылықтар мен қателіктерден еш босамайды. Құран кәрім Жүсіп пайғамбардың (алайһи ас-салам) егінсіз қауырт кезеңге кезігетін адамдардың өмірін қалай жүйелегендігін бізге баяндап, біз үшін жоспарлаудың маңыздылығын білдіреді: «Жеті жыл ынтамен еңбек етіп астық егесіңдер. Түскен астықтан жеулерің үшін азғана алып, қалғанын масағында қалдырыңдар. Бұдан кейінгі жеті жыл ауыр қуаңшы-лықты әкеледі, бұл жылдар үшін сақтап қойғандарыңды сол кезде жейсіңдер, бірақ азғантай қор қалдырыңдар. Кейін адамдар жаңбырға қарық болатын жыл келеді, сонда жемістердің шырынын сығасыңдар» («Жүсіп» сүресі: 47-49).
Жоспарлаудың басы ашық әрі талпынысты мақсатты бекітуден басталады. Бұл мақсат-тардың кейбіреуі ұзақ мерзімді, кейбірі қысқа мерзімді болады. Ерлі-зайыптылар үшін, ең бастысы - олар өз алдарына жүзеге асыруға мүмкіндіктері жететін мақсаттарды қоюлары қажет. Мақсатқа жеткізетін жоспар жасалып, тәсілдері белгіленген соң отбасы мүшелері қызметтерді бөліп алып, оның жүзеге асыру жолында бірігіп ат салысады.
Ерлі-зайыптылардың көбісі өмірлерінің алғашқы қадамдарын меншікті немесе жалға алынған шағын пәтерде орташа жалақымен бастайды. Бұдан кейін олар бірте-бірте адал еңбектің нәтижесінде жақсы жалақыға ие болып, пәтерлерін кеңейтуге, осылайша өз өмір-лерін өздері гүлдендіруге талпынулары қажет. Аллаһтың қалауымен дүниеге балалары ке-ліп жатса, олардың болашақ оқуына және үйленуіне жан-жақты демеу болатын жоспарла-рын құрып, оны іске асыруда аянбай еңбек етулері керек. Ислам бізге жердің бетінде ең-бек етіп, оның байлықтарын пайдалануды бұйырады. Аллаһ тағала айтады: «Сендерге көктердегі нәрселерді де, жердегі нәрселерді де толық бағындырды, бұл нәрселерде ойланатын адамдар үшін, әлбетте, белгілер бар» («Жасия» сүресі: 13).
Аллаһ тағала адамдар үшін, түнді ұйықтап тынығатын және дем алатын уақыт етіп, ал күндізді еңбектеніп, ризық іздейтін, тіршіліктеріне қаржы табатын уақыт қылды: «Түнді (ұйықтап тынығуларың үшін) жамылғы еттік, ал күндізді (ризық іздеулерің үшін) тіршілік еттік» («Нәбә» сүресі: 10,11).
Ерлі-зайыптылар үшін ескерілетін нәрсе - ішіп-жеулері, киінулері, қыздарын ұзатула-ры, ұлдарын үйлендірулері, жер өңдеп, үй салулары міндетті түрде, ақиретпен байланыс-ты болуы қажет, яғни мал-мүлкін адал еңбекпен, адал жолмен тауып, ізгі мақсаттарға пай-далануы керек. Сонда ғана бұл істердің барлығы құлшылық болып саналады. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Расында, менің намазым, құлшылығым, өмірім, өлімім әлемдердің Раббысы Аллаһқа арналады және Оның серігі жоқ» («Әнғам» сүресі: 162).
1 Мүслім келтіреді
Бір күні Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) жұмыстан алақандары күсте-ніп кеткен бір мұсылманды көреді. Оны қадірлеген түрде еңбекқор қолын көтеріп: «Мына қолды Аллаһ та, елшісі де жақсы көреді»-дейді. Омар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деген еді: Расында, мені бір кісі таң қалдырған болса: «Оның кәсібі бар ма екен?»-деп сұрайтынмын, егер маған: «Жоқ»-деп жауап берілген болса, ол менің назарымнан тыс қалатын.
Тіршілігін талпыныспен сүйемелдемейтін отбасы қиыншылықтарды өзі жасайды. Тал-пыныссыз өмірдің нәтижесінде, ерлі-зайыптылар Аллаһ тағаланың өздеріне сыйлаған қа-білеттерін құрдымға жібереді, сөйтіп тәжірибесіз шешімсіз әлсіз тұлғаларға айналады, әрі өздерін емес, өмірді кінәлайтын болады. Осылайша, көптеген отбасылар өз бағын өздері байлауда.
Жоспарлау отбасы мүшелері үшін - уақытқа үнемді болуды үйретеді. Сондай-ақ тірші-ліктерін жақсарту ерлі-зайыптылардың жалғыз-ақ мақсатына айналып кетпеуі талап еті-леді. Өйткені Раббыларының алдында атқарылатын басқа да міндеттері - баршылық, сол себептен олар өз ғұмырларын әр нәрсенің қақысына жеткізулері тиіс. Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай дейді: «Қиямет күні төрт нәрсе жайлы сұралма-йынша құлдың екі аяғы орнынан қозғалмайды: өмірі жайлы, оны қай жолда сарп етті, жастық шағы жайлы, оны қай жолға пайдаланды, малы жайлы, қай жолмен та-уып қандай жолға жұмсады, білімі жайлы, оған қандай амал етті».
Отбасы мүшелері өздеріне берілген уақытты лайықты түрде пайдаланатын болса, онда мақсаттарын жүзеге асырып үлгереді, екі дүниеде де бақытты өмір кешеді. Ал немқұрай-лы қарайтын болса, онда сәтсіздікке ұшырайды, екі дүниеде де қасірет шегеді.
Сонымен қатар жоспарлау отбасы мүшелері үшін - бірінші дәрежелі аса маңызды істер-ге көңіл бөлуді үйретеді. Маңызсыз, немесе болмашы істер ешқашан алдыға қойылмайды. Шындығында, қыблаға жүзімізді қарату - маңызды амал, алайда одан да маңыздырақ және Аллаһ тағаланың алдында одан да маңыздырақ және сүйкімдірек амалдар бар, ол жайында Раббымыз Құран Кәрімде айтады: «Игілік дегеніміз - жүздеріңді батысқа және шығыс-қа қарату емес, алайда игілік дегеніміз - кім Аллаһқа, ақирет күніне, періштелерге, Кітапқа, пайғамбарларға иман келтіріп, дүние мүлікті жақсы көре тұра, туыстарға, жетімдерге, жоқ-жітікке, жолда қалып қойғанға, азаттығын сатып алу үшін қаражат сұрайтын құлдарға берсе, сондай-ақ намазын оқып және зекетін төлеп, уәделескен келісімдерін орындаушылар, қуанышта да, қиыншылықта да сабыр етушілер, соны-мен қатар соғыс кезінде. Міне, бұлар - шыншылдар және тақуалар» («Бақара» сүресі: 177).
Жоспарлау отбасы үшін жағдайлардың өзгеруіне байланысты алдын-ала қамдануды, қор жинауды үйретеді, бұл іс тәуекелді жоққа шығармайды, жоғарыда айтылған Жүсіп пайғамбардың (алайһи ас-салам) оқиғасын негізге алатын болсақ, оған тіпті көңіл бөлуіміз қажет секілді. Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) һижраның төртінші жылы келісімге қиянат жасаған, әрі өзін жауыздықпен өлтірмекші болған Бану ан-Надир руы-ның яһудилерін Аллаһ тағаланың бұйрығымен Мәдинадан көшіріп жібереді. Мұсылман-дар тарапынан ешқандай күш жұмсалмайды, соғыс та болмайды. Мұндай жолмен түскен олжаны Аллаһ тағала пайғамбарымызға (алайһи ас-солату уа ас-салам) ғана арнайды. Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) бұл олжаның құрамындағы құрма ағаш-тарын сатып, отбасы үшін бір жылдық азық-түлік қорын жинап алады1.
Жоспарлаудың тағы бір ерекшелігі ол отбасы мүшелеріне өмірге үміттене қарауды, бо-лашаққа сеніммен қарауды үйретеді. Мұндай жанұяның жағдайы әрдайым ілгері дамитын болады. Шындығында, Аллаһ тағаланың кеңшілігі - өте зор. Аллаһ тағала айтады: «Аллаһтың рахымынан үміт үзуші болмаңдар, расында Аллаһтың рақымынан тек қана кәпір қауым күдер үзеді» («Жүсіп» сүресі: 87).
1 Әл-Бұхари жеткізді
27 - Қайын ата мен қайын енені және екі жақтың қонақтарын сыйлау
Аллаһ тағала адамзатты бір-бірлерімен жан-жақты танысулары үшін жаратты: «Бір-бірлеріңді танып білулерің үшін, сендерді халықтар әрі рулар етті» («Хужурат» сүре-сі: 13).
Адам баласы табиғатынан-ақ көпшілікке үйір болады. Көпшілік арасында адамдармен қарым-қатынасты үйренеді, олардан әсер алуымен қатар оларға да әсер етеді. Көбінесе, адам туысқандарының ықпалына ереді. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Және Ол ұрық суынан адамзатты жаратып, оны (ағайындарына) туыс әрі (жұбайының жұртына) жегжат етті. Раббың сенің - құдіретті» («Фурқан» сүресі: 54).
Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы бір-бірінің әке-шешелері мен туыстарын өз әке-шеше-сіндей, өз туысындай көрулері қажет. Егер екеуінің біреуі екінші жақтың ата-анасына құр-мет көрсетпесе, онда сыңарының жүрегіне пышақ салғандай болады. Сол себептен ерлі-зайыптылар арасындағы махаббат төсек қатынасымен және жеке қатынастарымен ғана шектелмейді, алайда бір-бірінің ата-анасы мен туыстарына құрмет көрсетулері - шынайы махаббаттың белгісінен болып саналады. Туысқандық байланыстың екі түрі де Құран Кәрімде айтылғандықтан, өз жағына көңіл бөліп, екінші жақтың туыстарын жақтырмай-тын болса, Раббыларының алдында зор күнәға ие болады. Құран Кәрімдегі «Рағыд» сүресінің 20-22 аяттарында Аллаһ тағала ақыл иелерінің сипаттарын бізге былай деп баян-дайды: «... олар өздеріне Аллаһтың байланыстыруға бұйырған (туыстық) қаты-настарын сақтайды, Раббыларынан сескенеді және есебіміз ауыр бола ма деп зәреле-рі қалмайды».
Ерлі-зайыптылар бір-бірінің ата-анасына жақын жерде болса хал-жайларын барып біліп отырса, алыста болса телефонмен сұрап отырса, қуаныштары мен қайғыларына ортақтас-са, өз араларындағы болмашы қайшылықтарға оларды араластырмаса, олар үшін бұдан артық ізет, бұдан жақсы құрмет болмайды. Осындай қарым-қатынастарымен олар ағайын-дары мен жегжаттарының арасында қадірлі болады. «Ай бармасаң ағайын жат, жыл бармасаң жегжат жат» демекші ерлі-зайыптылар туыстарға бармайтын болса, олар да кел-мейтін болса, бір-біріне жат болып, аралары суып кетеді. Ерлі-зайыптылар өз араларын-дағы болмашы қайшылықтарға ата-аналарын, туыстарын араластырмағаны жөн. Әйтпесе отбасынан береке қашады, тұрақтылығы мен тыныштығы бұзылады, сонда ол екеуі Раббыларының қалауын емес, шайтанның қалауын іске асырған болады. Отбасы әдептілігі бойынша екеуінің айыптары мен қателіктері толығымен өз араларында қалуы қажет. Ал егер екеуінің бірі немесе екеуі де болған нәрселерді өмірге не үшін келгенін, Аллаһ тағаланың отбасы үшін қойған үкімдерін білмейтін, отбасы өмірінде тәжірибесі жоқ адам-дарға ашып, ақыл сұрайтын болса, онда екеуі Аллаһ тағаланың разылығы үшін емес, нәпсілерінің қалауы үшін қосылғаны. Раббысына жолығуды қалаған ерлі-зайыптылар ис-ламның талаптарынан ешқашан аттамайды: «Олар сендерге - киім, сендер оларға - киімсіңдер» («Бақара» сүресі: 187).
Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай деген екен: «Шындығында, Қиямет күні Аллаһтың алдында дәрежесі төмен адам, ол - ері әйелімен сырласса, және әйелі ерімен сырласса, кейін екеуінің бірі жұбайының сырын басқаларға тара-тып қояды»1.
Мұндай қылықтардың кесірінен, араға шайтан араласқан соң, күйеу барлық пәлені әйелінің шешесінен, әйелі болса, барлық пәлені енесінен көріп, бір-бірінің ата-анасына тіл тигізуге дейін баруы мүмкін. Мұнан соң үлкен кісілер де тыныш отыра қоймас, әркім өзіні-кін өзіне тартып, өзінікін жақтап, кейде араларында өсек өрбіп, ұрыс-керіске ұласқан дұшпандық та басталып жатады. Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай дейді: «Адамның әке-шешесін қарғауы - үлкен күнәлардың қатарына жатады», сонда оған: «Әй, Аллаһтың елшісі, адам өзінің әке-шешесін қалай қарғай алады?»-делінді, ол: «Ол
1 Мүслім жеткізді
біреудің әкесін қарғайды, сонда анау мұның әкесін қарғайды. Ол біреудің шешесін қарғайды, сонда анау мұның шешесін қарғайды»-деді1.
Сол себептен ерлі-зайыптылар мұндай жағымсыз қылықтарға бармаулары керек, өмір-лерінің бағытын және отбасына қатысты шешімдерін өзгелердің ықпалына ермей, өздері кеңесіп шешулері талап етіледі. Сонда ғана тұрақтылық пен бақытқа қол жеткізеді, ал ен-ді өздеріне суық қарайтын туыстарымен «келмегенге бар, бермегенге бер, таспен ұрғанды аспен ұр» дегендей, қарым-қатынасты қайта жаңғырту үшін бастаманы өз қолдарына алға-ны өте дұрыс.
28 - Аллаһ тағаланы еске алу
Негізінде, Аллаһ тағаланы еске алу немесе зікір - отбасы бақытына апаратын фактор-лардың әуелгісі екендігінде ешкімнің күмәны жоқ. Алайда ол туралы енді ғана сөйлеуіміз-дің сыры - зікір тілмен ғана жасалатын амал емес, сонымен қатар ғұламалардың айтуын-ша, дұрыс ниетпен атқарылған кез келген амал да зікірге жатады. Сондықтан алдыңғы беттерде айтылып кеткен факторлардың бәрі зікірге жатады. Мысалы, діндар әрі көркем мінезді жұбайды таңдау Аллаһты еске алуға жатады. Ерлі-зайыптылардың барлық істері мен сөздері Аллаһ тағаланы еске алуларымен сүйемелденуі қажет. Бұл амалдарымен олар Аллаһ тағаланың жарылқауы мен зор сыйына бөленеді: «Аллаһты көп еске алатын ер кісілер мен әйел кісілер үшін Аллаһ жарылқауы мен зор сыйын әзірлеп қойды» («Ахзап» сүресі: 35).
Аллаһ тағала - пәк, сондықтан кім Оны еске алатын болса жүрегі тазарады, тұла бойы Оның ұлықтығын сезеді, өзінен шайтанның алдауы мен арбауын алыстады.
Енді отбасында жасалатын зікірдің түрлеріне тоқталайық:
1 - Құран оқу
Құран оқу зікірдің ең абзал әрі ең тиімді түріне жатады. Адам өз өмірінде негізгі дұш-паны саналатын шайтанмен күн сайын емес-ау, сәт сайын кезігеді. Сол себептен нәпсісі оның алдауы мен ар-бауының ықпалына еріп кетпеуі үшін, күн сайын имандарын күшей-тіп отыратындай көлемде Құран аяттарын оқып жүрулері отбасы мүшелерінен талап еті-леді. Олар шаңырақтарының аясында жиналып Құран аяттарын оқиды, оның мағыналары-на ой жүгіртіп, өздеріне үгіт-насихат алады. Құранның әсерімен Раббыларымен байланыс-тары күшейеді, тіпті түн ортасында намазға тұратын болады. Шындығында, әр іске қозғау салушы болады, ал ең керемет амалдарды жүзеге асыруға бастаушы - құран ғана.
Аллаһ тағала пайғамбарымызға (алайһи ас-солату уа ас-салам) және оған еліктеуді қа-лаған адамдар үшін былай дейді: «Түннің бір бөлімінде (ұйқыдан тұрып) оны (құран-ды) парыздан бөлек таһажжуд намазында оқы, Рабыңның сені мақтаулы мәртебеде тірілтуі үміт етіледі» («Исра» сүресі: 79).
Бұған қатысты пайғамбарымыз да (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай дейді: «Түннің бір уақытында ер кісі отбасын ұйқыдан оятып, олар намаз оқыса, немесе бәрі бірігіп екі рәкат намаз оқыса, Аллаһты еске алатын ер кісілер мен әйел кісілердің қата-рына жазылады»2.
2 - Аллаһ тағаладан кешірім сұрау
Аллаһ тағала күнәлары үшін кешірім сұрайтын адамның ырыс-несібесін арттырады, мұңдарын сейілтеді. Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) бұл жайында былай деген: «Кім Аллаһтан үнемі кешірім сұрайтын болса, Аллаһ оған кез келген қиын жағдайдан жол табуына сәттілік тудырады, кез келген қайғысын тарқатып жібереді және ойламаған жерден ризықтандырады»3.
3 - Дұға
1 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
2 Әбу Дәуд жеткізді
3 Әбу Дәуд жеткізді
Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Егер сенен құлдарым Мен жайында сұра-са, әрине, Мен - жақынмын, Маған жалбарынған кезінде құлымның жалынып тіле-ген дұғасына жауап беремін» («Бақара» сүресі: 186).
Дұғалар кез келген уақытта жасала берсе болады, алайда пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) дұғалар үшін арнайы әрі маңызды уақыттарды білдіріп кеткен екен: «Азан мен қамат арасында жасалған дұға жауапсыз қалмайды»1, тағы бір хадисте бы-лай дейді: Раббымыз әр түні түннің аяқталуына соңғы үшінші бөлігі қалған кезде ас-пан дүниесіне түсіп: «Маған жалбарынушы бар ма, тілегін орындайын? Менен сұ-раушы бар ма, сұрағанын берейін? Менен кешірім сұраушы бар ма, оны кешіре-йін?»-дейді2.
Тамақтанар алдында айтылатын дұға асты берекелі етеді. Пайғамбарымыздың (алайһи ас-солату уа ас-салам) алдына ас қойылған кезде былай дейтін: «Аллаһым, берген ыры-сыңды бізге берекелі ет және бізді от азабынан сақтай гөр! Аллаһтың атымен»3.
Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) Анасқа, Аллаһ тағала оған разы бол-сын, үйге кірерінде сәлем тілеп кіруін бұйырып былай дейді: «Әй, балақайым, үйіңе кір-ген кезде отбасыңа сәлем тіле, расында, сәлемің өзіңе де, отбасыңа да береке әкеле-ді»4.
Сондай-ақ Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) таң намазынан кейін және ақшам намазының алдында Раббысын ынталы түрде еске алатын, бұл дұғалардың мәтін-деріне «Мұсылман қорғаны» атты кітапшадан кеңірек танысуларыңа болады.
29 - Махаббаттың артуы
Ерлі-зайыптылар арасында алғашқы мезетте пайда болған махаббат сезімі сол мезетте-ақ өз кемеліне жете қоймайды. Өйткені махаббаттың артуы уақыттың өтуімен ниеттерінің пәктігіне және отбасындағы көркем арақатынастарына байланысты болады. Жоғарыда айтылып кеткен жағдайлардың бәрі осы махаббаттың артуына қызмет етеді. Егер екеуінің әрбір сөзі мен іс-әрекеті әділдікпен, тақуалықпен, өзара түсінушілікпен, өзара ізеттілікпен, өзара құқықтарын қадірлеумен, өзара жақсылықтарын бағалаумен сүйемелденген болса, онда жан дүниелері бұрынғыдан бетер бір-біріне ұмтыла түседі, махаббаттары артады, сөйтіп араларын өлімнен басқа нәрсе айыра алмайтын бақытты жандарға айналады. Бас-қаша жолмен махаббаттың артуы мүмкін емес, керісінше жоғалады, екеуі бір-бірінен жалығып, жүйкелері тозып ажырасуға барады.
Расында, ерлі-зайыптылар өздеріне Раббылары сыйлаған сүйіспеншілікті қорғаулары қажет. Махаббатты қорғау, ең алдымен, Раббыларына дұға етулерінен басталады, кейін екеуі бір-біріне махаббатын түрлі сөздермен және түрлі жолдармен білдіріп отырулары керек. Айша анамыз, Аллаһ оған разы болсын, былай деді: «Мен еттекір күйде болғаным-да пайғамбардың (алайһи ас-солату уа ас-салам) ыдысымен сусын ішетінмін. Менің аузым тиген жерге аузын қойып, сол ыдыстан ол да ішетін». Міне, пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) Айша анамызға махаббатын қалай білдіретін! Бұл нәрсені білдірудің еш айыбы жоқ, өйткені Амр ибн ал-Ас, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһтың елшісінен (алайһи ас-солату уа ас-салам): «Адамдардың ішінде сізге ең сүйіктісі кім?»-деп сұраға-нында, ол (алайһи ас-солату уа ас-салам): «Айша»-деп жауап береді. Осылайша пайғам-барымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) адамдарға әйелін жақсы көретіндігін және өзіне ең сүйікті адам екенін білдірген еді. Сол сияқты Айша анамыз да, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбарымызға (алайһи ас-солату уа ас-салам) бұл істе көмектесе әрекет жасайтын. Оның кезегі келген түнде пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) оған құлшылыққа босатуын сұрайтын, яғни түнді намазға арнауын қалайтын, сонда ол: «Сені разы етуден басқа арманым бар ма?»-деп жауап беретін.
1 Ат-Тирмизи жеткізді
2 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
3 Ибн ас-Сана жеткізді
4 Ат-Тирмизи жеткізді
30 - Аллаһ тағаланың дінін насихаттау
Айналасындағы адамдарға Аллаһ тағаланың дінін насихаттаған мұсылман отбасы ба-қытты саналады. Дінді насихаттаушы мұсылманның Раббысымен байланысы берік бола-ды, шариғатты ұстануы бекем болады, ал Раббысымен байланыста болған адам - бақыт-тың құшағында. Дінді насихаттау барысында мұсылман, мейлі ер кісі болсын, мейлі әйел кісі болсын Аллаһ тағаланы еске алумен болады. ал Аллаһ тағаланы еске алуымен және дінді насихаттау міндетін атқаруымен мұсылманның жүрегі орнығады.
Дінді насихаттаудың шариғаттық тұрғыдан парыз екендігі жайлы Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Сендерден жақсылыққа шақыратын әрі ұнамды істі бұйыра-тын және ұнамсыз істен тоқтататын бір топ болсын. Міне, солар - бақытқа жетуші-лер» («Әли Ғимран» сүресі: 104).
Бұл парызды атқаруымен ерлі-зайыптылардың жан дүниелері тыныштық табады, өйт-кені дінді насихаттаулары дүниеде де ақиретте де өздері мол табыс әкеледі, олардың ар-маны - осы сауапқа ие болу. Бұған қатысты пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) былай деген екен: «Кім тура жолға шақырса, оған ерген адамның сауаптарындай са-уап оған да болады, сонда олардың сауаптары еш кемімейді, ал кім адасуға шақыр-са, оған ерген адамның күнәларындай күнә оған да жазылады, сонда олардың күнә-лары еш азаймайды»1.
Дінді насихаттаушы отбасы айналасындағы адамдардан ақы сұрамайды, бірақ тура жолға түсулерін ғана тілейді. Шын мәнінде, олардың көбісі дүниеге не үшін келгендерін білмейді. Сол себептен оларды қорқытып алмас үшін, дінді насихаттаушы оларға шынайы жанашырлықпен қарап, ақиқатты біртіндеп жеткізеді. Осылайша оларға өзінде бар ең зор нығметті, яғни, исламды танытады. Бұлардың исламды насихаттауы тілдерімен ғана шек-телмейді, исламның шынайы ақиқаты сонымен қатар жеке өміріндегі жүріс-тұрысында, отбасы өміріндегі мінезінде, қоғам өміріндегі қарым-қатынастарында үлгілі бейнеде ке-йіптеледі.
Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Бұл – менің жолым, анық дәлел мен сенім негізінде Аллаһқа шақырамын, мен және маған ергендер. Және Аллаһ - пәк, әрі мен - ортақ қосушылардан емеспін,-де» («Жүсіп» сүресі: 108).
Осы аяттың негізінде дінді насихаттаушы отбасы Аллаһтың елшісіне (алайһи ас-солату уа ас-салам) нағыз ерушілерден саналады. Айналасындағы адамдардың насихатты қабыл-даулары, тура жолға түсулері, ислам тәлімдеріне сай өмір сүрулері - дінді насихаттаушы отбасының жүрегін тыныштыққа бөлейді, басқа жағдайда олар маза таппайды, өйткені ислам тәлімдерінің өз бойларында және өз үйлерінде ғана шектелуі - бұларды қанағаттан-дырмайды.
1 Мүслім жеткізді
Екінші бөлім:
Қайшылықтар кезінде
Отбасында ерлі-зайыптылар арасында әртүрлі себептерге сай қайшылықтар туып оты-рады. Исламда олардың шешу жолдары төмендегідей:
1 - Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде
Ислам діні бізге зияннан алдын-ала сақтануымызды үйретеді. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Әй, иман келтіргендер, өздеріңді және отбасыларыңды оттан
қорғаңдар» («Тахрим» сүресі: 6). Пайғамбарымыз да осы тұрғыда былай дейді: «Алапес ауру кісіден арыстаннан қашқандай қаш»1.
Отбасы мүшелері зияннан алдын-ала сақтану жолдарын қарастырмаса, көптеген күрделі қиындықтарға тап болады, негізінде, қырсықты адам өзі шақырады. Аллаһ тағала құран кәрімде айтады: «Бастарыңа түскен бір бәле (ақымақтық істеп) бірдемені бүлдіріп қоюларыңның салдарынан болады, сондай-ақ Аллаһ олардың көбісін кешіруде» («Шура» сүресі: 30).
«Сендердің бастарыңа (Ұхыд шайқасында) тиген ауыртпашылық оларға (Бәдір шайқасында) екі есе тиген болатын, сонда сендер: «Бұл қайдан келді?»,-дедіңдер. (Әй, пайғамбар!): «Бұған өздерің кінәлісіңдер!»-де, расында, Аллаһ - бүкіл нәрсеге құдіретті» («Әли Ғимран» сүресі:165).
«Адамдар өз қолдарымен бүлдірген нәрселерінің кесірінен құрлық пен теңізде пайда болған бұзылудың нәтижесінде істеген күнәларының кейбір кесірін бастары-нан кешіріп байқасын, мүмкін олар (күнәлардан) қайтып оралар» («Рум» сүресі:41).
Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) айтады: «Расында, Аллаһтың жән-натынан мақрұм болатын үш түрлі кісі бар: әрдайым арақ ішушілер, ата-анасын тыңдамай бетімен кетушілер және отбасында арсыздықтың жайылуына риза болу-шылар»2.
Ерлі-зайыптылар осы кітаптың бірінші бөлімінде баяндалған отбасы бақытына жеткізетін шарттарды қолдан келгенін сақтағаны абзал.
2 - Қайшылық табиғи нәрсе екенін естен шығарма
Қайшылықтың әдеттегі нәрсе екені ерлі-зайыптылардың есінен шықпағаны жөн. Олар оны өз өмірлерінен біржолата алып тастауға шамалары жетпейді, өйткені Аллаһ тағала бірінде жоғын бірі толықтырсын деп, адамдардың табиғаттары мен ой өрістерін әртүрлі етіп жаратты. Сондай-ақ тіршіліктің өзгерістері мен қажеттіліктері де өте көп, бұған ара-ласқан адамзаттың жан дүниелері мен ұмтылыстары бір-бірлеріне ұқсамайды, әркім өзін-ше әсер алады, сол себептен пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) Раббысына мына дұғамен көп жалынатын: «Жүректерге билік етуші Аллаһым, біздің жүректері-мізді Өзіңе бағындыршы»3.
Бір күні Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) Айша анамыздың үйінде бола-ды, Аллаһ тағала оған разы болсын. Әйелдерінің бірі пайғамбарымызға (алайһи ас-солату уа ас-салам) үшін тамақ пісіріп, қызметшісі арқылы табаққа салып жібереді. Қызметшісі Айша анамыздыкіне тағамды алып кіргенде, тұла бойын қызғаныш билеген Айша анамыз табақты ала сала жерге ұрып сындырады да ас жерге төгіледі. Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) жерге төгілген тағамды сынған табақтың бір бөлігіне жинай отырып күлімдеген бойы: «Тағамнан жеңдер! Аналарыңның қызғанғаны ғой, ештеңе етпей-ді!»-дейді. Кейін қызметшіге басқа табақты айырбастап береді»4.
Қандай керемет тәсіл! Қандай керемет мінез! Біз әйелдерімізге осылай қараймыз ба? Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) ашу шақырып, Айша анамызға қатты сөй-леді ме, немесе қол көтерді ме? Немесе Айша анамызға ренжіп үйден шығып кетті ме? Мұндай қылықтардың біреуін де жасамады, керісінше, жерге төгілген тағамды жинауға өзі кірісіп істі ушықтырмай жауып тастады. Пайғамбарымыздың (алайһи ас-солату уа ас-салам) әйелдері ислам әдебінде иман кел-тіргендердің аналары деген атпен танымал болғандық-тан пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) Айша анамызды осы дәрежесіне сай «Аналарыңның қызғанғаны ғой» деуімен көңілін жұбатты. Мұндай қатынастан соң кез келген әйел өз қателігін түсіне қояды емес пе?
1 Әл-Бұхари жеткізді
2 Ахмад жеткізді
3 Мүслім жеткізді
4 Әл-Бұхари жеткізді
3 - Исламның кез келген қайшылықты шешудегі тәсілдері
- Аллаһ тағалаға жүгіну және жалыну;
Аллаһ тағала айтады: «Саған ғана құлшылық етеміз және Сенен ғана жәрдем тілейміз» («Фатиха» сүресі: 5).
- мәселені шешудегі ниеттің тазалығы мен растығы;
Ерлі-зайыптылар араларында туған дау-дамайды шешу барысында билік айтушылар-дың ниеттері таза әрі рас болса, Аллаһ тағаланың сәттілігіне жолығады. Аллаһ тағала бұ-ған қатысты былай дейді: «..егер екеуі (билік айтушылар ерлі-зайыптылардың ара-сын) жарастыруды қалайтын болса, Аллаһ екеуінің (ерлі-зайыптылардың) арасына сәттілігін салады» («Ниса» сүресі: 35).
- бір-бірінен түңілмей, татуласуға асығу;
Араларындағы дау-думай таудай болмай тұрғанда, ерлі-зайыптылардың әрқайсысы та-туласуды бірінші болып бастауы қажет. Аллаһ тағала Құран Кәрімде айтады: «Расында, бір қауым өздерінің жүріс-тұрысын өзгертпейінше, Аллаһ олардың жағдайларын өз-гертпейді» («Рағыд» сүресі: 11).
Пайғамбарымыздан (алайһи ас-солату уа ас-салам) құдси хадисте Аллаһ тағаланың былай дегені айтылады: «..Кім Маған бір сүйем жақындаса, Мен оған бір шынтақ жақындаймын»1.
- жұмсақтық, ұстамдылық және сабырлық;
Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) сахабаларының бірі Ашажға, Аллаһ та-ғала оларға разы болсын, былай дейді: «Расында, сенің бойыңда Аллаһқа ұнайтын екі қасиет бар: жұмсақтық және төзімділік»2. Жұмсақтық дегеніміз біреудің қателігін ке-шіре білу, ал төзімділік дегеніміз өмірдің ыстығы мен суығына төзе білу және уақытты күтіп асықпай шешім қабылдау. Жұмсақ адам қарсыласының сөзін жақсылап тыңдай ала-ды, дұрыс мағлұмат алып істің егжей-тегжейін түсінеді, және оның қателігін кешіреді. Байланысты үзуге асықпай, ақылмен қабылданған шешім әрдайым бе-рекелі болады. Серігі сабыр болған адам ақылынан еш ажырамайды.
- бір-бірінің құқықтарына әділетті болу;
Қайшылықтардың арта беруіне кесірі тиетін басты себептердің бірі - ерлі-зайыптылар-дың бір-бірінің құқықтарына әділетсіз болуы. Ал әділдік билеген ортада ешқашан қайшы-лық та тумайды, жанжал да шықпайды, керісінше тұрақтылық пен тыныштық орнайды. Сол себептен Аллаһ тағала әділдік турасында Құран Кәрімде бізге былай деп ескертеді: «Әй, иман келтіргендер, Аллаһтың әділдікті орнатушы куәгерлері болыңдар, куәлік тіпті өздеріңе, немесе ата-аналарыңа және туыстарыңа қарсы айтылса да, мейлі бай, мейлі кедей болсын, Аллаһ екеуін де біледі. Әділдікті аттап, қалауларыңа ермеңдер, егер қулық жасасаңдар немесе бет бұрсаңдар, әлбетте, Аллаһ не істеп жатқандарың жайлы хабардар» («Ниса» сүресі: 135).
- кешірімділік және талас кезінде түсе салу;
Айналасындағы адамдардың құқықтары мен өзінің құқықтарын таныған соң әділ адам-ның есіне салынатын тағы бір нәрсе, дау-дамайды ушықтырмай арақатынасты қайта жа-ңарту үшін, өзінің кейбір құқықтарынан «бас тартып», біреудің қателігін елемеуі қажет бо-лады, әрине мұның сауабы Аллаһ тағаланың алдында тым үлкен, егер біле білсек. Пай-ғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) айтады: «Өзінікі дұрыс бола тұра дауды тас-
1 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
2 Мүслім жеткізді
таған адамның жәннат маңында орналасқан үйге ие болатындығына мен кепіл бо-ламын»1.
- татуласудың артықшылығы мен араздасудың зиянды екенін білу;
Аллаһ тағала айтады: «Егер әйел кісі күйеуінің оны жақтырмай кетуінен немесе те-ріс қарауынан қауіптенген болса, өз араларында (белгілі бір шарттарға негізделіп) татуласу бітімін жасаулары күнәға жатпайды, әрине, (араздасу мен ажырасуға қара-ғанда) татуласу бітімі әлдеқайда жақсы. Адамның жан дүниесінде ажырағысыз қы-тымырлық қасиеті болады. (Оның ықпалынан құтылып, бір-бірлеріңе) жақсы қа-расаңдар және тақуа болсаңдар, әлбетте, Аллаһ - не істейтіндерің жайлы хабардар» («Ниса» сүресі: 128).
Аллаһ тағала тағы былай дейді: «Әрі өзара алауыздыққа (қайшылыққа) бармаңдар, әйтпесе сәтсіздікке ұшырайсыңдар және әл-қуаттарың (мемлекеттерің) жойылады» («Әнфәл» сүресі: 46).
Олай болса, келісу мен татуласу - жеке адам үшін де, отбасы үшін де, қоғамның әл-қуа-ты мен тұрақтылығы үшін де өте маңызды, ал қайшылық пен араздасу жеке адам мен от-басы түгіл, мемлекеттің әл-қуатын әлсіретіп, тұрақтылығын бұзуы мүмкін.
- бір-бірінің жақсылықтарын ұмытпау;
Адамдар бір-біріне жасаған жақсылықтарын ұмытпаулары қажет. Өйткені бұның әсері бір-бірінің болмашы қателіктерін елемеуге зор әсерін тигізеді. Бір-бірлеріне істеген жақ-сылықтарды еске алуларымен ерлі-зайыптылар суытып алған арақатынастыран қайта жа-ңартуға ұмтылады. Аллаһ тағала мұны бұйыра отырып былай дейді: «..Тақуалыққа жа-қынырағы - кешірімді болуларың, сондай-ақ араларыңда болған жақсылықты ұмытпаңдар, расында, Аллаһ - не істейтіндеріңді толық көруші» («Бақара» сүресі: 237).
- қолдан келгенше қайшылықтың аясын тарылту;
Ерлі-зайыптылардың ұқыпсыздығынан араларында туған ұрыс-керіс ушығатын болса, оны емдеу қиынға соғады. Кішкентай балаларының көздеріне іліккен ұрыстары олардың жан дүниесіндегі тыныштығын бұзады, жүректеріне қорқыныш ұялатады. Ұрыстың өрісі ата-аналары мен туыстарының көздеріне түспек түгіл, құлақтарына да жетпегені абзал. Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) бір-біріміздің айыптарымыз бен қателік-терімізді жасыру турасында былай деген: «..Кім мұсылманды жасырса, Аллаһ оны дүние мен ақиретте жасырады»2.
- дау-дамайға билік айтушыны мәжбүрлі жағдайда ғана араластыру;
Ал енді ұрыс-керісті тоқтату өз қолдарынан мүлдем келмеген жағдайда, емдегеннің орнына ушықтырып алып жатқан болса, ерлі-зайыптылар біреудің төрелігіне жүгіну керек болады, алайда төрелік етуші шариғаттың талабы бойынша бір тарапты ғана жақтап қой-майтын, екі жақтың да разылығына ие әділ де тақуа тұлға болуы қажет. Осындай жағдайда не істеуіміз жайлы Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Екеуінің арасындағы қа-тынастың шиеленісуінен қауіптенсеңдер, күйеудің жұртынан бір төрешіні және әйелдің жұртынан бір төрешіні дереу жіберіңдер, егер екі төрешінің де қалағаны жа-растыру болса, онда Аллаһ екеуінің (ерлі-зайыптылардың) арасына сәттілігін са-лады, расында, Аллаһ бәрін білуші әрі бәрінен хабардар» («Ниса» сүресі: 35). Төрешілердің екі тараптан болуы - әділдіктің бейнесі, өйткені ерлі-зайыптылардың жақсы жақтары мен жағымсыз жақтарын, әлсіз жерлері мен айыптарын Аллаһ тағаладан кейін, солар жақсырақ біледі. Төрелік кезінде ерлі-зайыптылардың қайсысы кінәлі екендігі белгі-лі болса, ол төрешілердің алдында жұбайынан кешірім сұрауға тиісті. Ерлі-зайыптылар-дың арасын жарастыру үшін төрешілер ықыласты түрде аянбай еңбек етулері қажет, сонда ғана барлығы Аллаһ тағаланың сәттілігіне жолығады.
1 Әбу Дәуд жеткізді
2 Мүслім жеткізді
- қарым-қатынастарын қайта жаңарту;
Ерлі-зайыптылар бір-бірінің қателіктеріне жармаса бермей, туып келе жатқан ұрысты әрдайым басқа тақырыпқа ауыстырып, өткен нәрселерін кешіріп, бір-бірінің көңілінен шығатындай жылы сөздермен немесе сыйлық берумен қатынастарын жақсартып отырула-ры қажет.
Бірде Хафса анамыздың: «Ол яһудидің қызы ғой»-деген сөзі София анамыздың құлағы-на жетеді. Мұны естіген София жылап жібереді. Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) оған кіріп келсе, жылап отырғанын көреді де: «Неге жыладың?»-деп сұрайды. Хафса мені яһудидің қызы деді,-деп жауап береді. Сонда пайғамбарымыз (алайһи ас-сола-ту уа ас-салам) оған: «Расында, сен - пайғамбардың қызысың, немере ағаң да - пай-ғамбар, әрі пайғамбардың әйелісің! Ал енді ол сенің алдыңда немен мақтана ала-ды?»-деп жұбатады. Кейін Хафсаға: «Аллаһтан қорқатын бол, әй, Хафса!»-деп уағыз-дайды1. Осылайша Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) Софияның көңілін кө-тереді. «Пайғамбардың қызысың» деуімен Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) Мұса пайғамбарды (алайһи ас-салам), ал «немере ағаң да - пайғамбар» деуімен Һарун пайғамбарды (алайһи ас-салам) көздеді.
Кешірім сұраған тарапты екінші жақ кешірмейтін болса күнәға батады. Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) бұған қатысты былай деген: «Кім бауырынан ке-шірім сұрап, ол оның кешірімін қабылдамайтын болса, оның күнәсы арам жолмен мал тапқан кісінің күнәсіндей болады»2.
4 - Исламның отбасы қайшылықтарын шешудегі тәсілдері
- қайшылықтың себептерін анықтау;
Аллаһ тағала айтады: «Бастарыңа түскен бір бәле (ақымақтық істеп) бірдемені бүл-діріп қоюларыңның салдарынан болады, сондай-ақ Аллаһ олардың көбісін кешіру-де» («Шура» сүресі: 30).
Ұрыс-керіс пен араздасу неден пайда болады? Осы сұрақтың жауабын ерлі-зайыптылар бірігіп іздегендері жөн. Отбасы бақыты бірінші бөлімде айтылып кеткен факторларлардың ұқыпты түрде атқарылуымен жүзеге асатын болса, бәле дегеніміз, керісінше сол фактор-лардың отбасы аясында еш сақталмауынан, немесе шалалығынан келеді. Аллаһ тағаланың алдында кешірілуге болатын бір-бірінің кейбір сипаттары мен қателіктерін елемей көтере салу ерлі-зайыптылардан барынша талап етіледі. Өйткені бір адамның табиғаты екінші жақтың табиғатынан өзгеше, бірі белсенді, екіншісі енжар, тағы біреуі әңгімешіл болса, екіншісі тұйық, бірінің қолы ашық та, екіншісі қор жинауды қалайды, бірі қатты болса, екіншісі жұмсақ, бірі үйдің ішін күнде тазалауды ұнатса, екіншісі аптасына бір мәрте та-залауды қалайды. Міне, осындай себептердің салдарынан ерлі-зайыптылар өзара түсінісе алмаса, бірі өз райынан қайтпаса, қарым-қатынастары, әрине, шиеленіседі.
Ұрыс-керістің шиеленісуіне кейде ерлі-зайыптылар арасына шақырылмаған ата-анала-рының, туысқандарының, тіпті достарының кірісуі залалын тигізіп жатады. Дүниеге бала келіп жатса, тіпті оған ат қоюда таласып, оның атын біз қоймадық деп, немесе баланың дүниеге келу тойы біз айтқандай асханада емес, үйде жасалды деп туыстар араздасып жа-тады.
Әбу Һурайра, Аллаһ тағала оған разы болсын, пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) жайлы былай деген екен: «Аллаһтың елшісі алдына ұсынылған асқа ешқашан кінә тақпайтын, тәбеті болса, жейтін, ал тәбеті болмаса, қоя салатын»3.
Ешнәрсе себепсіз пайда болмайды, кез-келген аурудың пайда болуына бір нәрсе себеп болады, сол себептен тыйылу үшін оны алдымен анықтауымыз қажет. Сол себептен дәрі-
1 Ат-Тирмизи жеткізді
2 Ибн Мажа жеткізді
3 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
герге барып ауруды анықтағандай, ерлі-зайыптылардың әрқайсысы араларында туған қай-шылықтың себептерін мұқият анықтауы қажет, қолданылатын ем сонда ғана тиімді әрі дұ-рыс нәтиже береді.
- шешу жолдарын белгілеу;
Ислам - кемел дін, оның қамтымаған, жүйелемеген саласы жоқ. Аллаһ тағала Құран Кәрімде былай дейді: «..әрі саған Құранды әр нәрсені ұғындырушы етіп және мұсыл-мандарға тура жол етіп, әрі рахым етіп, әрі сүйінші етіп түсірдік» («Нахыл» сүресі: 89).
Ислам діні адамдар арасындағы байланысты да, адам мен жанұясының арасындағы байланысты да қамтиды. Егер олардың арасында қайшылық туса оның шешу жолдарын да көрсетеді. Аллаһ тағала айтады: «Бір нәрседе қайшылыққа келсеңдер, дереу оны Аллаһ пен елшісінің алдына апарыңдар» («Ниса» сүресі: 59 ).
Егер де ерлі-зайыптылар арасындағы қайшылықтың себептері отбасы бақытына апара-тын факторлардың мүлдем жоқтығынан болса, онда Аллаһ тағаладан жәрдем сұрай оты-рып, қиыншылықтарға мойымай, төзімділікпен сол факторларды бірте-бірте тірілту жо-лында отбасы өмірлерін қайта бастағандары жөн болады.
Ал егер қайшылықтың себептері табиғаттары мен әдет-ғұрыптарының өзгешеліктеріне байланысты болса, онда өзара түсінісуден басқа амалдары қалмайды, мысалы кейбір нәр-селерде екінші жақтың көңілін тауып қанағаттандыруы үшін, өз табиғатынан қайтуы айыпқа жатпайды. Айша анамыз, Аллаһ тағала оған разы болсын, қызғаныштан қиратқан табақты пайғабарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) өзі-ақ көтере салып, күлімдеген бо-йы жерге төгілген асты өзі-ақ жинай салды емес пе?! Әйел түгіл, соғысуды парыз етуден бұрын Аллаһ тағала пайғамбарымызға (алайһи ас-солату уа ас-салам) кәпірлердің өздерін де кешіре салуға шақырған болатын: «Көктер мен жерді және екеуінің арасындағы нәр-селерді ақиқатпен жараттық, әрине, Қиямет келеді. Оларға шырайлы түрде кешірім жаса!» («Хижр» сүресі: 85).
Ал енді адамның бойынан өзгеруі қиынға соғатын бірен-саран қисық мінездер шығып жатса, екінші жақ оған сабыр етіп төзе білуі қажет. Уақыт өте келе ол бұл мінезбен қалай істесу керектігіне бейімделеді, дағдыланады. Аллаһ тағала айтқандай: «Адам әлсіз болып жаратылған» («Ниса» сүресі: 28).
Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) әйел заты туралы былай дейді: «Әйел адам - қабырға секілді, егер түземек болсаң, сындырасың, ал құрышыңды қандыр-мақ болсаң, қисық болса да, қандырасың»1.
Қайшылықтың себебі бала тәрбиесіне қатысты болса, онда асықпай, алдымен ислам тә-лімдеріне жүгініп, исламдағы бала тәрбиелеу негіздерімен танысып, кейін олардың қабі-леттеріне көңіл бөліп, болашақта қандай салаға икемділіктері бар екендігіне көз жеткізіп барып, әркім өз қалағаны үшін емес, алайда баланың болашағы үшін маңызды да қажетті шешімді кеңесе отырып қабылдаулары қажет.
Қайшылықтың себебі әл-ауқаттың төмендегіне қатысты болса, онда екеуі, ең алдымен, Аллаһ тағаланың өздеріне ақшадан басқа сыйлаған ырыстарын естеріне алулары керек. Сол кезде олар өздеріне берілген ырыстың қисапсыз екендігіне және олар үшін Раббыла-рына әлі шүкір етіп үлгермей жатқандарына көздері жетеді. Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) айтқандай: «Байлық - малдың көптігінде емес, алайда байлық дегеніміз - жан дүниенің байлығы»2, тағы бір сөзінде: «Өздеріңнен әл-ауқаты төмен адамдарға қараңдар да, әл-ауқаты жоғары адамдарға қарамаңдар, бұл Аллаһ-тың нығметіне күпірлік жасамауларың үшін жақсы» -деген3.
- насихаттау мен сөгудің айырмашылығы;
Әйел кісі күйеуінің айтқанына көнбейтін болса, күйеуі оны шариғаттың талабы бойын-ша, алдымен уағыздауы қажет. Аллаһ тағала айтады: «Олардың қыңырлық көрсетуі
1 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
2 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
3 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
сендерге қауіп тудырса, дереу оларды уағыздаңдар» («Ниса» сүресі: 34). Ислам әде-біндегі уағыз қызықтыру мен қорқытуды қатар ұстанады, ал қатал сөз уағызға жатпайды. Шындығында, уағыздың көркі - жұмсақ сөз. Аллаһ тағала Мұса мен Һарунды Перғауынға жібергенде, оның залымдығына қарамастан, ол екеуіне жұмсақ сөйлеуін бұйырады: «Пер-ғауынға барыңдар! Ол шектен шықты. Оған жұмсақ сөз айтыңдар, мүмкін ойланар әрі қорқар» («Таһа» сүресі: 43,44). Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) Хафса анамызды София анамызға тіл тигізгендігі үшін: «Аллаһтан қорықсаңшы, әй, Хафса!»-деп уағыздайды, бұдан артық сөз айтып сөкпейді.
- төсегінде жалғыз қалдыру мен шет қақпайлаудың айырмашылығы;
Уағыздың емі қонбаған болса, Аллаһ тағала Құран Кәрімде емнің келесі тәсілін білдіре-ді: «..және төсектерінде (теріс қарап жатыңдар да) оларды (ойлануға) тастап қойың-дар» («Ниса» сүресі: 34). Әйел кісі айтқанға көнбесе, уағызға құлақ аспаса, күйеуі оны тө-сектік қатынасты тоқтатуы арқылы тәрбиелейді. Алайда төсектік қатынасты тоқтату дегеніміз мүлдем түнді басқа бөлмеде немесе басқа үйде өткізуі емес. Саналы әйел күйеуі-нің бір төсекте теріс қарап жатқанынан-ақ қателігін түсіне қояды, сондай-ақ күйеуінің бас-қа бөлмеге немесе басқа үйге кетіп қалмағанында оның өзіне жақын екендігін сезеді, күйе-уі туралы ойы өзгереді, райынан қайтып, күйеуінен кешірім сұрайды, сол кезде жан дү-ниелері бір-біріне ұмтылып арақатынастары қайта жақсарады. Төсектік қатынасты үзу де-геніміз өз ақиқатында - елеп-ескермеу немесе шет қақпайлау емес. Күйеуі елеп-ескермей-тін болса, тіл қатпайтын болса, татуласу қиынға соғып, араларына пайда емес, зиян әкеле-ді. Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) ескерткен-дей, ренжіп сөйлеспей қою немесе шет қақпайлау секілді қылықтардың ұзақтығы ислам әдебінде үш күннен аспауы қажет: «Мұсылманға үш күннен артық бауырын тастауға болмайды»1.
- зақым келтірмейтіндей сабау;
Аллаһ тағаланың алдында әйелінің құқықтарына әділетті болған ер кісіге әйелі қыңыр-лық көрсетуін еш тоқтатпайтын болса, яғни жоғарыдағы екі тәсілді елемесе, онда Аллаһ тағаланың Құран Кәрімде нұсқаған тәсілдерінің үшіншісін қолданады: «..және оларды таяқтаңдар» («Ниса» сүресі: 34). Бұл аяттың сыртқы мәтінінен шариғат әйел адам-ды мүлде құрметтемейді екен деп пайымдауға болмайды, негізінде, мұсылман отбасы еш-қашан өздерінің арақатынасын бұл дәрежеге жеткізбейді. Алайда ислам шариғатының ке-мел көзқарасында әйелдердің іштерінде сөз ұқпайтын, айтқанды елемейтін, шариғаттың айтқанына емес, қалауына еріп, күйеуі жоқ әйелдей күйеуінің ар-намысы мен құқықтары-на жеңіл қарайтындары да болады. Сондықтан осындай төтенше жағдайларда ғана күйе-уіне бұл тәсілді тәрбиелік мақсатпен қолдануына рұқсат етіледі. Зейнеп, Аллаһ тағала оған разы болсын, айтады: Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) бізге былай деп уағыздады: «Отты көрдім, тұрғындарының басым көпшілігі әйелдер екен», олар: «Аллаһтың елшісі-ау, неліктен олай болды?»-деп сұрайды, ол: «Жақсылықтың қадірін білмегендері үшін»-дейді. Олар: «Сонда олар Аллаһқа шүкір етпей ме?»-деп сұрайды. Ол: «Күйеулеріне шүкіршілік білдірмейді, жақсылықты бағаламайды, егер олардың біреуіне өмір бойы жақсылық істеген болсаң, кейін сенен бір нәрсені көрсе болды, мен сенен ешқашан жақсылық көрмедім ғой,-дейді»2.
Ер адам отбасына өзін-өзі басшы еткен емес. Алайда бұл дәрежені оған Аллаһ тағала берді: «Ер кісілер әйелдеріне басшылық етеді, өйткені Аллаһ бірінің үстіне бірінің дә-режесін осылай көтерген еді және олар (әйелдерін асырауға) малдарын жұмсайды» («Ниса» сүресі: 34). Ол дүние мен ақиретте әйелі мен балалары үшін жауап береді, ал ен-ді жауап беретін болса, оларды бақыламай ма екен, жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыймай ма екен?! Ал енді әйелі мұны еш ұқпайтын болса, өз дегенімен жүрсе, күйеуі оны-
1 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
2 Әл-Бұхари мен Мүслім жеткізді
мен ажырасуға асықпай, уақыт күтіп жақсы бағытқа өзгертуге талпынатын болса, осындай тәсілдерді әйелін жек көріп емес, тәрбиелік ниетпен қолданады.
Сондай-ақ бұл аятта әйелді әр қателігі үшін қайта-қайта ұрып соғу мүлдем көзделмейді. Алдымен, ер адам тарапынан отбасы бақытына жеткізетін факторлардың бәрі жүзеге асы-рылуы қажет. Бұл амалдары әйеліне ешқандай әсер бермеген болса, жоғарыда айтылған екі тәсіл тәрбиелік мақсатпен қолданылады. Сонда да әйелі қыңырлық көрсетуін тоқтат-паса, үшінші тәсілге сүйенуіне болады, егер онымен әлі де тұрамын деген үмітпен жағдай-ларын өзгертуге тырысса.
Ислам әдебінде әйелді таяқтау дегеніміз оны денесіне зақым тиетіндей күшпен ұрып, соғып мазақ ету, немесе өш алу емес. Алайда мұндағы мақсат - араларының жарасуы. Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) әйелдің қақы турасында бір сахабаға бы-лай деген еді: «Өзің тамақ ішкенде оны да тамақтандыр, өзің киім кигенде, оны да киіндір, бетінен ұрма және қорлама, әрі теріс қарап жатқаның болмаса, үйде жалғыз тастама»-деген1. Пайғамбарымыз (алайһи ас-солату уа ас-салам) әйелдер қақында ер адамдарға былай өсиет еткен еді: «.. Әйелдеріңе жақсы қараңдар, расында, олардан сендерге бас июлері ғана талап етіледі, оларды ықтиярсыз бір нәрсеге мәжбүрлеуге қақыларың жоқ, егер ашық арсыздық жасаған болса, онда төсектерінде жақындас-пай оларды (ойлануға) тастап қойыңдар, және оларды денелеріне зақым тимейтіндей ғана таяқтаңдар, ал енді қойдым деп өздеріңе бой ұсынған болса, оларға қарсы қы-сым көрсету жолдарын іздемеңдер»2.
- төрелік;
Ал енді жоғарыда айтылған тәсілдердің ешбіреуі ерлі-зайыптылардың арасын жарас-тыруға көмектеспеген жағдайда Аллаһ тағала бұйырғандай төрелікке жүгіну шарасы ғана қалады: «Екеуінің арасындағы қатынастың шиеленісуінен қауіптенсеңдер, күйеудің жұртынан бір төрешені және әйелдің жұртынан бір төрешені дереу жіберіңдер, егер екі төрешінің де қалағаны жарастыру болса, онда Аллаһ екеуінің (ерлі-зайыптылар-дың) арасына сәттілігін салады, расында, Аллаһ бәрін білуші әрі бәрінен хабардар» («Ниса» сүресі: 35).
- ажырасу;
Татуласу қиынға соққан жағдайда ерлі-зайыптылардың пайдасы үшін ажырасу шарасы кейде қажеттілікке айналады. Бұл нәрсе екі жақтың туыстарына қаншалықты ауыр болға-нымен, ушыққан ұрыс-керісті тоқтатудың жалғыз-ақ жолына айналады. Аллаһтың елшісі (алайһи ас-солату уа ас-салам) айтқандай: «Адал етілген нәрселердің Аллаһ тағалаға ең жек көрініштісі - ажырасу»3. Бір-бірін жұбайлыққа таңдау барысында таң-даулары мұқият болмаған, осының нәтижесінде табиғаттары келісе алмаған әрі аралары жараса ал-маған ерлі-зайыптылар өздеріне сай жұбайды қайта іздеп көрулеріне мұрсат ретінде ислам шариғаты жеккөрінішті болса да олар үшін ажырасу жолын заңды етті. Ажырасудың сал-дарынан ерлі-зайыптылар өмірден түңілмеулері үшін Аллаһ тағала олардың болашағы жайлы Құран Кәрімде былай дейді: «Егер екеуі ажырасатын болса, Аллаһ ол екеуінің әрқайсысын Өз кеңшілігінен байытады» («Ниса» сүресі: 130).
Ислам діні некені бұзу құқығын отағасының қолына беріп қойды. Әйелінен ажырасуды шын қалайтындығын дәлелдеуі үшін некені әйелінің етеккірден тазарған уақытында бұзу-ын қалады, мүмкін жақындасуды қалап райынан қайтар ма екен?! Ер адам некені бұза сала әйелін үш етеккірден тазарғанша үйінен шығаруына болмайды және әйеліне де шығуға болмайды. Жүректеріндегі тақуалықты сынау үшін және аралары жарасып қалу үмітімен Аллаһтың даналығы бекіткен әділ үкім осындай: «Әй, пайғамбар, әйелдерді некеден шығарған кездеріңде мерзімдері келгенше күтіңдер және оларды үйлерінен шығар-
1 Ахмад жеткізді
2 Ат-Тирмизи жеткізді
3 Әбу Дәуд жеткізді
маңдар, әрі өздері де кетпесін, тек ашық арсыздық істесе ғана болады» («Талақ» сүре-сі: 1). Аллаһ тағала тағы бір аятта былай дейді: «Некеден ажырасқан әйелдер үш (етеккірден) тазаруды күтеді» («Бақара» сүресі: 228).
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Бірінші бөлім: Ислам дінінің отбасы бақыты үшін белгілеген жолдары
1 - Жақсы жар таңдау
2 - Жанашырларыңмен ақылдасу және истихара намазын оқу
3 - Құрбыңа алғаш назар салуың және махаббат сезімінің оянуы
4 - Сөз салу және некеге отыру
Екі жақ арасындағы байланысты, үйлесімдікті және махаббатты арттыратын жолдар
5 - Некенің қиылуы
6 - Алғашқы түн
7 - Қайшылықтар мен келіспеушіліктер кезінде екі жақтың да шариғатқа жүгінуі және әділдікті ұстануы
8 - Бір бірлерін жақсырақ танып білу
9 - Сырласу, өзара түсінісу және жақындық
10 - Өзара кешірімділік
11 - Тіл пәктігі
12 - Шыншыл әрі ашық болу
13 - Сенімді болу және қызғаныш шегінен аспау
14 - Өзара жәрдемдесу және мейірімді болу
15 - Тазалық, әсемділік және әшекейлік
16 - Тынығу және серуендеу
17 - Барлық істерде орташа болу
18 - Жеңілдету және оңайлату
19 - Тәуекел ету және разы болу
20 - Жомарт болу
21 - Құшақ жая қарсы алу және көркем түрде шығарып салу
22 - Біреу үшін өзінің жеке мүддесін құрбан ету (альтруизм)
23 - Шүкір ету
24 - Сенімділік пен тақуалық
25 - Сыпайылық
26 - Жоспарлау, талпыну, біртіндеп өрлеу
27 - Қайын ата мен қайын енені және екі жақтың қонақтарын сыйлау
28 - Аллаһ тағаланы еске алу
29 - Махаббаттың артуы
30 - Аллаһ тағаланың дінін насихаттау
Екінші бөлім: Қайшылықтар кезінде..
1 - Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде
2 - Қайшылық табиғи нәрсе екенін естен шығарма
3 - Исламның кез келген қайшылықты шешудегі тәсілдері
4 - Исламның отбасы қайшылықтарын шешудегі тәсілдері
Мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: |