Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту Қайырлы кеш ардақты ата-аналар! Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция»
Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту Қайырлы кеш ардақты ата-аналар!
Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995), Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» , Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы заңы» , Үкіметтен қолдау тапқан «Білім тұжырымдамасы» үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадан бастап, мектеп аяқтағанға дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде шешіп, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді. Ал ата-ананың педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы олардың қоғам алдында өз балаларының тәлім-тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттырады. Сондықтан да баланы жағымды ортада тәрбиелеу мен оқыту қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Отбасы – адам баласының өсіп - өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі.Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста болатын бірлесіп, әлеуметтік – тұрмыстық өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Демек, некелік – отбасылық қарым – қатынастың биологиялық - тарихи, әлеуметтік және құқықтық мәні бар.
Отбасы тәрбиесі – ата – аналар ықпалымен жүзеге асатын қоғамдық тәрбиемен ұштас. Ол қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесімен тығыз байланысты бола тұрса да, ол адамдардың белгілі дәрежедегі дербес, сырлас тобы. Отбасы өмірі материалдық және рухани процестермен сипатталады. Табиғи – биологиялық және шаруашылық, тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құраса, рухани жағын құқықтық адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.
Отбасы тәрбиесі- күрделі де көп қырлы жүйе. Оның белгілі бір дәрежеде қалыптасуына тұқымқуалаушылық, ата-аналармен балалардың биологиялық немесе табиғи денсаулығы, материалдық-экономикалық қамтамассыз етілуі, әлеуметтік жағдайы, өмір сүру мәнері, отбасы мүшелерінің саны, тұрғылықты жері, отбасындағы балаға деген қарым-қатынас т.б. факторлар әсер етеді.