Отбасы қоғамның кішігірім жүйесі ретінде



Дата29.03.2022
өлшемі323,54 Kb.
#29143
Байланысты:
Презентация (8)

Отбасы қоғамның кішігірім жүйесі ретінде

Тобы: 1701-21

Орындаған: Жарылкасынқызы М.

Қабылдаған:

Жоспары

1)Отбасы дегеніміз не?

2)Отбасы құндылықтары

3)Отбасы қоғамның ажырамас бөлігі

4)Қазіргі отбасының мәселелері

5)Қорытынды


Отбасы әлеуметтік институт ретінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасы дербес болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты. Отбасы – кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. Отбасы кіші топ бола тұрып, индивидтердің мүдделерін қоғамдық мүдделермен байланыстырады. Мұнда жеке мүдделер қоғам тарапынан қабылданған әлеуметтік құндылықтар, нормалар мен тәртіп үлгілері негізінде ретке келтіріліп отырады. Ер мен әйел – отбасының екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады. Отбасы тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың да алғашқы ұясының бірі.

Отбасылық құндылықтар

  • Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін.Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты 3 топқа бөледі. Олар дәстүрлі , қазіргі , тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады.

Дәстүрлі отбасылық құндылықтар

  • Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл-кеңестері. Қазіргі таңдағы жас отбасылардың ажырасу статистикасы өскеніне байланысты жас отбасыларға олардың дәстүрлі отбасылық құндылықтары туралы теледидардан , ғаламтордан көруге болады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі.Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез-келген жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.

Қазіргі отбасылық құндылықтар

Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт-дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әртүрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек сыйлайды

  • Сонымен қатар қазіргі отбасылық құндылықтарға махаббат, сенім, түсіністік және т.б жатады.

Тәрбиелі отбасылық құндылықтар

Отбасылардың басты мақсаты бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген жанжалдарды бастарынан өткереді. Бірақ олар өз қателерін кешіріп, қайта бірге болады. Оларды біріктіретін құндылық тәрбиелік отбасылық құндылықтардың бірі болып табылады.

  • Тәрбиелі отбасылық құндылықтарға құрмет, естеліктер жатады.

Отбасы қоғамның ажырамас бөлігі

  • Отбасы әлеуметтік институт ретінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасы дербес болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты. Отбасы – кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. Отбасы кіші топ бола тұрып, индивидтердің мүдделерін қоғамдық мүдделермен байланыстырады. Мұнда жеке мүдделер қоғам тарапынан қабылданған әлеуметтік құндылықтар, нормалар мен тәртіп үлгілері негізінде ретке келтіріліп отырады.

Назарларыңызға рахмет ��

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет