Отбасы тәрбиесі (Кіріспе) «Бәрімізді таңдандыратын бір нәрсе: тарихтағы ұлы адамдардың көбісінің тамаша ата аналары болған»



Дата02.02.2023
өлшемі20,08 Kb.
#64510
түріБағдарламасы
Байланысты:
Отбасы тәрбиесі


Отбасы тәрбиесі (Кіріспе)

«Бәрімізді таңдандыратын бір нәрсе: тарихтағы ұлы адамдардың көбісінің тамаша ата - аналары болған» Г.Бокль


Қазақстан Республикасының Конституциясында "балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы" деп, отбасының міндеті анық көрсетілген. "Қазақстан-2030" бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп, отбасының әуел бастан-ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті.
Отбасы — баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы қатарында өмірдің мақсаты, оның құндылықтары не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтарды береді және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуына іс жүзінде дағдыланады. Сөйтіп, өзінің "кім" және "қандай" екенін, басқалардың "кім" және "қандай" екенін практикада сынап байқап көреді. Отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау кезеңдері қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық туралы ұғынып түсінеді.
Қазіргі заман отбасының құрылымы өзгеріп, ондағы мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени, экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Өйткені әкеге бағыну, өзінен үлкен апа, ағаны сыйлау қазақ арасында жоғалмағанымен әлсірей түсті. Ендігі кезде отбасын асыраушы әке ғана емес, ана да оған елеулі үлес қосуы себепті олардың рөлдік қызметі теңеліп, бұнымен байланысты жауапкершілік сипаты да өзгермелі күйге түсті. Көп жағдайда әке жауапкершілігі әлсіреп, керісінше, аналар отбасы үшін жауапкерлікті өз мойындарына алуда.
Осы заманның тағы бір ерекшелігі - толық емес отбасылар көбейіп, ата, әже, қайын жұрт, нағашы жұрт секілді т.б. туысқандық байланыстар әлсіреді. Сондықтан, олардың бала тәрбиесіне туысқандық сипаттағы жауапкершілігі де төмендеді. Осылардың барлығы отбасындағы қарым-қатынасқа өз кезегінде ондағы бала тәрбиесіне әсерін тигізіп отыр.
Педагогика ғылымында "тәрбие" терминіне ерекше мән берген. Тәрбие адамдарға тән әлеуметтік категорияға жатады. Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда тәрбиеге қоғамдық бақылау және түзету енгізетін, жастарда мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бағыттайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне даярлау деп түсінеміз.
Ал, педагогикада көптеген жылдар бойы "Тәрбие – тұлғаның дамуын басқару" деген анықтама беріліп келеді. Яғни, тәрбие сөзі мағынада балаға әрі білім беру, әрі тәрбие беру, әрі дамыту мақсатында қолданылып отырады.
Педагогикадағы тербие теориясы әр жастағы, топтағы балаларды оқытып, тәрбиелеу ерекшеліктерін, әдіс - тәсілдерін, ең тиімді дегенін анықтауға тырысады.
Қазақ халқының өте ертедегі ата - бабаларының өмір сүрген кезінен (VI ғасыр, Түркі қағанаты) бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұрасының бірі - халықтық педагогика. «Халықтық педагогика, - делінген қазақ кеңес энциклопедиясында тәрбие жөніндегі халықтық педагогикалық білім тәжірибесі. Халық педагогикасын зерттеу негізінде педагогикалық мазмұн мен бағыттағы халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері жатады...
Халық педагогикасының негізгі түйіні еңбек тәжірибесі және өндіріске білім, дағды, шеберліктерін ұрпақтан ұрпаққа қалдыру».
Тәрбие мәселесі, оның ішінде қыздар тәрбиесі күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Халықтық педагогикалық идеялар жүйесі қыздар тәрбиесін тәрбиенің аса маңызды құрамды бөлігі ретінде қарастырады.
Ал, қоғамның тарихи тәжірибесіне көз жіберсек, қыздар тәрбиесінің міндеттері үнемі жаңа адам тәрбиелеу міндеттерімен байланысты болып келгенін байқаймыз. Ондағы халықтық тәрбиенің өзекті міндеті - қыз баланың бойында ізгілік қасиеттерді қалыптастыруды көздейді.
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, Ә.Диваев, М.Нұрбаев, З.Ерғалиев, Ғ.Балғынбаев, А.Жандыбаев, А.Мамытүлы, М.Әуезов т.б. ғалымдар еңбектері де тәрбиенің бастауын қыз бала тәрбиесімен байланыстырады.
Дегенмен, зерттеулерде қыздар тәрбиесін қолданудың нақты жолдары көрсетілмегенмен, олардың көзқарастары мен ой тұжырымдары қыздар тәрбиесінің әдістемесін жасауға негіз болады.
А.Г.Здравомыслов, Н.З.Чавчавадзе, Г.А.Ахмамбетов, Қ.Әбішев, І.Ерғалиев, Ш.М.Майғаранова т.б. ғалымдардың еңбектерін зерделей отырып, тәрбие мәселесіндегі ұғымдарының мәні айқындалды. Сөйтіп, жеке тұлғаның тәрбие нәтижесінде өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерін әлемге паш етуге дайындығы, яғни барлық қабілетін, жүрек жылуын қоршаған ортасына беруге ұмытылысы түсіндіріледі. Осы түсінік қыздар тәрбиесінде де жүзеге асырылуы қажет деген ойдамыз.
Қарым-қатынас - адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу секілді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық жүйе, екі не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындага мәміле үрдісі іске асады.
Отбасы қарым-қатынасында, олардың ішінен келісім, өзара түсіністік, бірінің екіншісіне бой сынуы, бірінің екіншісін құптауы секілді қарым-қатынасының қазіргі кездеті басты ерекшелігі - әр тұлғаның мейлі балалары, мейлі ересектері болсын, мағлұмат байлығы болып, өзара қарым-қатынас осы мағлұмат алмасу кезінде өте тығыз орнығуы ықтимал. Өзара мағлұмат алмасу отбасы мүшелерінің рухани кемелденуіне алып келсе, мұндай отбасының болашағы бар. Отбасы мүшелерін қарым-қатынас арқылы біріктіретін, өзара туысқандық байланыстарын нығайта түсетін аса маңызды сфера — мақсатты (отбасын материалдық қамсыздандыру мақсатындағы) бірлесіп еңбек ету, нәтижесіне ортақтасу, бөлісу. Мұндай қарым-қатынас алдымен, отбасы иелері - әке мен шеше ортасында түсіністікпен орнаса, соның өзі балаларға өнеге болатыны өмірден белгілі. Бұдан басқа әке мен ұл, анасы мен қызы, бір туғандардың бірлесіп, бір мақсатта еңбектенуі өзара түсіністікті нығайтатын аса маңызды құрал - қарым-қатынас екені педагог, психолог ғалымдар тарапынан дәлелденген.
Қарым-қатынас барысындағы біреудің екінші бір адамға әсерін, не болмаса өзара қарым-қатынас нәтижесіндегі ықпалдастықтың әдіс-тәсілдері педагогикалық сипатта болғанымен, ішкі тетіктері (механизмдері) адамның психикалық ахуалына, сезімі, ой-санасына, қылық-жорығы, жүріс-тұрысына тікелей, жанама, сөз арқылы әсер ету болып саналады.
Отбасы педагогикасында ықпал етуші мен ықпалға түсушінің орыны алмасып отырады. Мәселен, бірде ересектер балаға ықпал етсе, енді бірде балалар ересектерге әсер етіп отырады. Отбасы қарым-қатынасында ата-ана балаға ықпал етудегі мақсатын, өзінің талаптарын, оған түрткі беріп отырған ішкі мотивтерін қанағаттандыру үшін және мұны кейде тікелей, кейде жанама түрде іске асыруға тырысады. Олардың мүдделері де белгілі: балаға нақты әдет, дағдыларды меңгерту, іскерлікке баулу, ерінбеуге т.б. дағды мен әдет қалыптастыру. Ықпал ету ересектер тарапынан өз күшін көрсету, бағындыру, баланың әлсіздігі не білместігін пайдаланып билігін жүргізіп, содан ләззат алу секілді теріс психологиялық мотивтерден туындауы да мүмкін.
Солардың ішінде А.Е.Личко, УА.Блинков, К.С.Лебединская, И.С.Кон, Дж.Джанпайд, М.Ю.Долфтов т.б. әке-шешесінің баламен қарым-қатынасында, оның мінез-құлық ерекшеліктерін ескермеуінен келіспеушілік туындап, ол баланың психикалық кеселге ұшырауына: ашушаң, қырсықты, не болмаса ынжық, ез, тартыншақ, жағымпаз, жасқаншақтық қылықтардың қалыптасуына себеп болатынын эксперимент түрінде дәлелдеген. Олар осыған орай отбасы қарым-қатынасының дұрыс болмауынан келіп шығатын тәрбиедегі қателіктерді төмендегідей жіктейді:
- баланың қуанышы, күйзелісі, қайғысы секілді ішкі жан дүниесіндегі толқыныста ды көре тұра мән бермеу, не оны байқамау, осындай балаға қамқорлық пен бақылаудың жетіспеуіпілігін -гиперпротекция деп атаған;
- қазымырлық пен көзден бір елі таса қылмай,бақылаудың да жақсылық әкелмейтіндігін белгілеп, оны әсіреқамқорлық (гаперпротекцияның) күшті түрі деп белгілейді. Бұған дұшар болған балалар өсе келе еркіндікті қатты аңсайды да, оған қолы жеткен кезден бастап, жүгенсіз кеткен жылқы секілді алды-артына қарамай әр түрлі жағымсыз жағдайларға ұшырайды. Кейде мұны реттеп алу қиынға соғады да, баланы болашағы күмәнді істерге соқтырады;
- баланың жүріс-тұрысын мүдде бақылаусыз қалдыру, кетірген қателіктеріне ескертулердің болмауы, тиымсыздық, тойымсыздық балаларды ызақорлық пен алаңғасарлық, қанағатсыздыққа тез сынып қалатын жігерсіздікке соқтырады;
— ауыруын, әлсіздігін сылтаулатып, ата-анаға дегенін істету өзімшілдік, текаппарлық бағасын арттыру секілді қылықтардың қалыптасуына соқтырады. Сондықтан, ауру баланың жағдайы қаншалықты назар аударуды талап ететінін нақты мөлшерлеу күрделі болса да, аса маңызды мәселе екенін естен шығармау керек;
баланың өзін қажетсіз сезінуі, ешкімге керек емес екенін түйсініп, сезінуі тұрлаусыз, секем алғыш секілді жүйке әлсіздігіне соқтырады және талма ауруына бейімділігін арттырады;
— отбасындағы қаталдық: ата-ананың өзара қарым қатынасындағы, олардың балаларға қатынасындағы қаталдық -рақымсыздық пен қатыгездікке жоқтан өзгені сылтауратып әлімжеттілік істейтін бейбастық, содырлыққа соқтырады, "тазы ашуын тырнадан алады" дейді қазақ, мұндай мінезді;
— балаға әлі жетпейтін міндеттер жүктеп, одан ерекше үміт күту сағын сындырып, кінәмшілдік, өзіне сенімсіздік тудырады. Себебі, ол әке-шешесі күткен үмітті ақтай алмаймын-ау деген қорқынышта больш, шамасы келмейтініне көзі жеткендігінен, өзін нашар, әлсіз сезінеді;
— төрбиедегі қарама-қайшылық: әкесі бір сөз айтса, шешесі оған қарсы бір іс айтса, мұғалім олардың екеуін де жоққа шығарып, өз білгенін айтса, бала кімнің тілін аларын білмей, кімдікі дұрыс, кімнің айтқаны қате екенін ажырата алмай дал болады да, ақыры өз білгенін істеп кетеді. Сөйтіп, ол ешкімнің ақылын тыңдамайтын, ересектердің ой-пікірімен санаспайтын тоңмойын, тілазар болып өседі.
Қарым-қатынас арқылы ықпал етудің қай түрін не тәсілін алып қарасақ та, ол алдымен баланың психикасына әсер ету, сол арқылы жүрегіне, жан дүниесі мен санасына жол тауып қалаған пікірді, іс-әрекет түрінде орындауды.
Отбасының өмір салты деген ұғым — туысқандық сезімдер байланыстырған адамдар тобының өмір сүру сипаты. Баланың нағыз адам, не болмаса екі аяқты хайуан сынды адамгершілік қағидаларына сай келмейтін сипатта өмір сүруі бала кезінде тәрбиеленген отбасының ұстанған өмір салтына байланысты.
Отбасы қарым-қатынасындағы қуатты күшке ие көзге көрінбейтін ықпал, әсер дегенді бала ақылымен, пайымдай алмаса да сезініп түйсінеді. Ер бала болсын, қыз бала болсын әке-шешесі не істесе де оған үлгі, өнеге, содан үйренеді, көргенін бірде болмаса, бірде қайталайды.
Ата-ананың ықпалы өзінен өзі бола қалмайды, балалар олардың қылықтарын көздерімен көреді, ал, бір көргенін тағы бір, сосын тағы бір рет көрген соң, ол мәңгі есте қалып, санасынан мықтап орын алады. Естігені де осы қағида бойынша бір, екі, үш рет естіген соң құлағында, ойында қалып қояды да, кезінде дереу дайын формула секілді санадан қалқып шығып, іс-әрекетке айналады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет