«Өтпелі кезендегі жасөспірімдерге қолдау көрсету», кеңестер мен ұсыныстар беру



Дата26.04.2023
өлшемі0,91 Mb.
#87239

Анықтама
20.09.2022ж
Кімдерге: 5-8 ата-аналарына
Тақырып: « Өтпелі кезендегі жасөспірімдерге қолдау көрсету», кеңестер мен ұсыныстар беру.
5-8 сынып ата-аналарына жасөспірімдік шақ қай уақыттан басталып жатқандығы, туралы айтылып өтті. Жеткіншек шақ. Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта мектептің V-VIII сыныбына сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның "өтпелі", "бетбұрыс", "қиын", "сыналатын" кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл – ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас. Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы –оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен , жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық, әлеуметтік негіздерін қолданып, қалыптасуының жалпы бағытының белгіленуі. Бұл кезеңдегі дамудағы биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың рөлі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді. Жеткіншектер дамуындағы ерекшеліктер әр түрлі теорияларға негіз болды. Жеткіншектік шақтың басында балалардың сырт пішіні, мінез-құлқы ересектерге ұқсамайды. Олар көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып тентектіктер жасайды, әлі де бала бола жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің жеке басындағы басты жаңа құрылым өзі туралы "енді бала емеспін, ересекпін " - деген түсініктің пайда болып, өзіне жұрттың осы-лай деп қарауын тілейді.Жасөспірм шақта балалар барлық нәрсеге еліктейді, қабылдайды.
Жасөспірім шақта балалар пән мұғалімдері мен танысады, махаббат пайда болады.қан айналу құбылыстары өзгереді,жыныстық жетілу болады. Сол себепті балардың мінезінде агрессия ,ашуланшақ, тез ренжігіш, сезімтал болып келеді.Құбылмалы , тұйықтықтық қасиеттер пайда болады.Ата-аналарға слайд жіберіліп кеңестер мен ұсыныстар берілді.



Мектеп психологтары : Ж.Жексенбинова


А.Шаймерденова





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет