Оѕтїстік ќазаќстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет22/50
Дата16.10.2023
өлшемі7,98 Mb.
#115580
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Стефан-Больцман заңы. Бұл заңды тәжiрибе жүзiнде 1879 ж. И. Стефан анықтады, ал 1881 ж. Л. Больцман теориялық тұрғыдан дәлелдедi. Стефан-Больцман заңы бойынша абсолют қара дененiң сәулелену қабiлеттiлiгi абсолют температурының төртiншi дәрежесiне тура пропорционал
(17.6)
Мұнда s = 5,76×10-8 [Вт/(м2К4)] – абсолют қара дененiң сәулелену тұрақтысы.
Инженерлiк есептеулерде (17.6) теңдеуiн мына түрде қолданады
(17.7)
Мұнда с0 = 5,67 [Вт/(м2×К4)] – абсолют қара дененiң сәулелену коэффициентi.
Бiздi қоршаған ортадағы денелердiң барлығы қоңыр немесе селективтi денелерге жатады. Қоңыр денелердiң тұтас спектрлiк сәулелену қасиетi бар, алайда олардың сәулелену қабiлетi бiрдей температурада абсолют қара дененiң сәулелену қабілетінен төмен. Селективті сәулелену денелерiне, белгiлi толқын ұзындықтары арасында сәуле шығаратын және жұтатын газдар жатады.
Қоңыр денелерге Стефан-Больцман заңы мына түрде жазылады
(17.8)
Мұнда с – қоңыр дененiң сәулелену коэффициентi. (17.7) және (17.8) теңдеулерiн өзара бөлсек
(17.9)
Мұнда e – қоңыр дененiң қаралық дәрежесi деп аталады. Сонда қоңыр денеге Стефан-Больцман заңын мына түрде жазуға болады
(17.10)
Жазық қабырға арқылы жылуалмасу


Бiр сұйықтан екiншi сұйыққа жылудың жазық қабырға арқылы алмасуын қарастырамыз (13.3 сурет). Қабырғаның жылуөткiзгiштiк коэффициентi l, сұйықтардың температуралары t1 және t2, жылуберу коэффициенттері a1 және a2 белгiлi. Ыстық сұйықтан суық сұйыққа жазық қабырға арқылы алмасқан жылу ағынын анықтау керек.
Ыстық сұйықтан қабырғаға берiлетiн жылуағынының тығыздығын Ньютон-Рихман заңы бойынша анықтаймыз


(13.12)
Тұрақты режимде осы жылу ағыны қабырғаның бiр бетiнен екiншi бетiне жылуөткiзгiштiкпен тасымалданады.
(13.13)
және қабырғаның екiншi бетiнен екiншi сұйыққа берiледi
(13.14)
(13.12),(13.13),(13.14) теңдеулерiнен температура айырмашылықтарын анықтаймыз
(13.15)
Алынған теңдеулердi мүшелеп қоссақ, аттас температуралар қысқарады.
(13.16)
Сонда жазық қабырға арқылы алмасқан жылу ағынының тығыздығы
(13.17)
(13.17) теңдеуiндегi бөлшектiң бөлiмiндегi өрнектi R әрпiмен белгiлейдi
2×К/Вт] (13.18)
және оны жазық қабырғаның жылуалмасуға термиялық кедергiсi деп атайды. Ал термиялық кедергiнiң керi шамасын жазық қабырғаның жылуалмасу коэффициентi деп атайды
[Вт/(м2×К)] 13.19)

Олай болса жазық қабырға арқылы алмасқан жылу мөлшерiн мына теңдеумен анықтауға болады.


(13.20)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет