ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»



бет1/79
Дата20.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#31662
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

пәні

«Қыпшақтану»

Курс – 4


Мамандықтар ««6В01701 – қазақ тілі мен әдебиеті»

Оқу түрі – күндізгі

Семестр –7

2021-2022 оқу жылы


Құрастырған: ф.ғ.д., профессор Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы

«Филология» кафедрасы

Кредит саны – 5

Дәріс –30

Бақылау түрі –емтихан

Орал, 2021

КІРІСПЕ
Ұсынылып отырған Қыпшақтану оқу құралы бүгінгі күн талабынан туындап отыр. Байырғы қыпшақтардың тарихы, тілі, мәдениеті ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ішінара зерттеле бастап, еліміз егемендік алғаннан кейін жан-жақты зерделенуде. Еуразия кеңістігіндегі қыпшақтардың тарихын зерттеуде С.М.Ақынжанов, Б.Е.Көмеков сынды ғалымдар тың мәліметтерді ұсынды. Жазба мұралар тіліндегі қыпшақ тілдерінің деректерін ізерлеп қарастырған Н.Сауранбаев, Ә.Құрышжанов, А.Ибатов, Б.Сағындықұлы, Ә.Керімов сынды ғалымдар әлемдік түркітануға мол олжа салды. ТМД кеңістігіндегі, РФ құрамындағы қыпшақ тектес ұлттардың ғалымдары да көптеген тың зерттеулердің көзін ашты. Бүгінгі таңдағы жинақталған ғылым, білім көздері кезінде шығыстану ғылымынан түркітанудың дараланып шыққаны сияқты, ендігі кезекте түркітанудың құрамдас бөлігі қыпшақтар туралы ғылыми курсқа «қыпшақтану» деп айдар тағып, жеке дара қарастыруға мүмкіндік береді. Осы кезеңге дейінгі отандық тарих пен тіл білімі, тіл тарихы салаларындағы жинақталған ғылыми деректерге сүйене отырып, қыпшақтанудың өзіндік бағыт-бағдарын, мақсат-мүддесін белгілеуге болады. Қыпшақтанудың зерттеу обьектісі көне қыпшақтардың тарих сахнасындағы орнын саралау, олардың әлемдік өркениетке қосқан үлесін бағамдау.

Тарих сахнасында қыпшақтар IX ғасырда белгілі болған. «Қыпшақ» сөзі ең алғаш Селенга өзенінің бойынан табылған Элетміш Күл Білге қағанының (747-757) басына қойылған құлпытаста кездеседі. XI-ХІІ ғасырларда қыпшақ тайпалары өсіп-өркендеп, тарих сахнасына шықты. Гегемондық жағдайда Қыпшақ қауымдастығының саяси-әлеуметтік әлеуетінің күшеюіне орай қыпшақ тілінің шеңбері кеңейе түсті. Дешті-и-Қыпшақ мәдениетінің Еуразия кеңістігінде ықпалы зор болды. Белгілі түркітанушы Ә.Құрышжанұлының айтуынша, орта ғасыр кезінде түркі тілінің бір бұтағы-қыпшақ тілі Батыс елдері мен Шығыс елдерін, Таяу Шығыс пен Кіші Азияны, Моңғолоия мен Қытай жұртшылығын, Кавказ халықтары мен Қырым далаларын өзара байланыстырып тұратын «алтын көпір» есебінде қызмет атқарған. Қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт т.б. тілдердің қалыптасуына негіз болған көне қыпшақ ауызекі тілі және көне қыпшақ әдеби тілі осы тұста өркендеді. Орта ғасырларда қыпшақ тілінде көптеген грамматикалық еңбектер, сөздіктер, әдеби шығармалар жазылды

Көне заманның ғажайып лексикографы М.Қашқари «Диуан лұғат ит – түрік» атты еңбегінде алғаш рет қыпшақ тілінің негізгі фонетикалық ерекшеліктерін көрсетеді: дж(ж), с, т, й дыбыстарының қолданылуы мен ғ(г) дыбысының айтылмай түсіп қалуы. Осы фонетикалық ерекшеліктер бүгінгі қыпшақ тілдерінің бойында, әсіресе қазақ тіліне жақсы сақталған. Мағжан ақын сөзімен айтсақ, «қыпшақтардың бір кезде дәуірлеп жасаған жазира даласының қара шаңырағының мұрагерлері де сол қазақтар». Яғни, қазіргі қазақ тілі - көне қыпшақ тілінің жаңа заманға сай өзгерген, дамыған, түрленген түрі.

Осы көне қыпшақ тілі мен бүгінгі қыпшақ тілдерінің сабақтастығын зерделеу үшін орта ғасырда көне қыпшақ тілінде жазылған жазба мұраларды арнай зерттеу қажет. Қыпшақ жазба ескерткіштерінің зерттелу мәселесіне оқу құралында ерекше мән берілді. Мұралар тілін жан-жақты зертеудің практикалық үлгісі сараланып берілді. Көне түркі тілі мен қазақ тілінің сабақтастығы, көне қыпшақ тілі мен қазақ тілінің лексика-семантикалық байланысы нақты деректермен көрсетілді. Көне қыпшақ тіліндегі араб-парсы элементтері талданып, түсіндірілді. Байырғы қыпшақтардың шаруашылығы мен мәдениеті баяндалып, әскери өнерінің қыр-сырынан да хабар берілді. Армян жазулы қыпшақ ескерткіштерінің зерттелуі де көрсетілді. Сондай-ақ жазба ескерткіштер негізінде қазақ тілі тарихын жүйелеу мәселесі де жан-жақты қарастырылды. Түркі тілдері жіктеліміндегі қыпшақ тілдерінің орны сарапталды. Бүгінгі қыпшақ тілдерінің әдеби тіл ретінде қалыптасуы, бүгінгі саяси-әлеуметтік жағдайы жан-жақты баяндалды.

«Қыпшақтану» оқу құралы 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», мамандығының таңдау компонентінде оқытылатын «Түркітануға кіріспе», «Қыпшақтану» пәндеріне негізделіп жазылған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (ҚР МЖМБС №1080 23.08.2012) сәйкестендіріліп құрастырылған.

Ғылыми курс қыпшақ тілді халықтардың этникалық, тарихи және мәдени және тілдік қалыптасуын байырғы қыпшақтық өркениетпен бір өзектес екіндігін ескере отырып, тың зерттеулерге бастамашы болуымен құнды.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет