Оқу жылында психологтың жылдық жоспарына сәйкес профилактикалық және ағарту жұмыстары жүргізілді. 2021-2022 оқу жылында қыркүйек айында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы»



Дата01.02.2023
өлшемі1,05 Mb.
#64385
түріСеминар
Байланысты:
2021 педсовет


2021-2022 оқу жылында психологтың жылдық жоспарына сәйкес профилактикалық және ағарту жұмыстары жүргізілді.
2021-2022 оқу жылында қыркүйек айында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ММ-і қызметкерлерінің ұйымдастаруымен студенттерге “Тәні саудың – жаны сау” тақырыбында психологиялық семинар тренинг өтті. Семинарды психолог Назарова Дариға, маман Орынбасарова Маржан жүргізді.
Қыркүйек айында зиянды әдеттерден аулақ болу, темекі шегу және алкоголизмнің алдын-алу, болдырмау мақсатында колледж инспекторымен бірігіп студенттерге кездесу жүргізіліп, құқықтар кеңес отырыстары өткізілді.
Қыркүйек айында бастап ата-аналардың өтінішімен психологтың көмегін қажет ететін 6 студентпен жеке жұмыс жоспары құрылып, жеке сұхбаттасулар мен әр түрлі әдістер жүргізілді.
ХТП-1/20 топ студенттері Наурызбекова Аида, Изкенова Еркеназым. ЭО-1/20 топ студенті Базарбай Бахтияр. АжБ-1/20 топ студенті Далубай Ғалымжан, ЭО-1/21 топ студенті Эстин Димитрий , БҚ-1/21 топ студенті Алламбергенова Оралхан.

Қазан айында Мұнайлы ауданының №11 орта мектептің әкімшілігінің актісі бойынша 4 студенті тәуекел тобына алынды. 3 сутдент МТ-1/20 тобында: Жәңгір Қ., Тұрманбет А., Алламов А.МТ-4/21 топ студенті Амангелді Жанарыс. Бұл студенттердің топ ата-аналарына (қамқоршыларына) , жетекшілеріне ескертіліп, бірлескен жұмыс жоспары құрылып, студенттермен әңгімелесу, «Жаңбыр астындағы адам», «Адам. Уй, ағаш» проективті әдістері алынып, студенттермен тәрбиелік мәні бар іс-шаралар ұйымдастыру,колледжішілік іс-шараларға қатыстыру және студенттердің бос уақытын ұйымдастыру жоспарланды.


2021-2022 оқу жылында өгей ата-анамен тұратын 13 студент анықталды. өгей әкемен тұратын студент қыздардың аналарымен жеке әңгімелесулер жүргізіліп, студенттердің отбасындағы жағдайлары туралы сұралынды. БҚ-1/21 топ студентті Алламбергенова Оралханның анасынан өгей әкесінен зорлық-зомбылық көрсететін анықталып, анасының өтінішімен студентпен жеке профилактикалық жұмыстар жасалынып жатыр.Алдағы уақытта топ кураторы мен тәрбие жөніндегі орынбасарымен осы студенттің үйіне барып, тұрмыстық жағдайымен танысу жоспарланды.

Қараша айында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жастардың бойындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін қажетті құндылық қатынастарды қалыптастыру және қабілеттерді дамыту,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл дағдыларын қалыптастыру, адалдыққа тәрбиелеу мақсатында І курс студенттері арасында “Anti ParaCraft-2021” квест ойыны өткізілді. Ойын барысында студенттердің бір-біріне бейімделуі, өз пікірлерін ашық жеткізілуі, топпен жұмыс жасауы, тапқырлығы анықталды.



Желтоқсан айында "Таза сессия" акциясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша І-ІV курс студенті арасынаннан сауалнама алынды.Сауалнама нәтижесінде колледжде сыбайлас жемқорлық фактілері анықталмады.

Зорлық- зомбылықтың, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында І-IV курс арасынан желтоқсан айында сауалнама алынды. Сауалнама 15 сұрақтан тұрады, студенттерден Google формасымен алынды.Сауалнама барлығы 315 студент қатысты. Сауалнаманың нәтижесі әр топ жетекшілеріне ескертіліп, алдағы уақытта топ сағаттарына құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында студенттермен тәрбиелік мәні бар іс-шаралар ұйымдастыру,колледжішілік іс-шараларға қатыстыру және студенттердің бос уақытын ұйымдастыру, топ студенттермен педагог-психолог сұхбаттасулар жүргізу жоспарланды.

Ақпан айында жасөспірімдердің арасындағы келеңсіз жағдай, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында І-ІІ курс студенттерінен «Автопортрет»,ІІІ-ІV- курс студенттерінен “Өмірде жоқ жануар» проективті әдістері алынып жатыр.
«Өмірге «Иә»деп айт» психологиялық онкүндік іс-шарасы жоспарына сәйкес 21.02.2022 ж. «Өмірге «Иә деп айт» тақырыбында І-ІІІ курс студенттеріне SofieMed Group көпсалалы емханасының психолог мамандарымен кездесу өткізілді.Мақсаты: келеңсіз жағдайлардың алдын-алу, белсенді өмір позициясын қалыптастыруға, өзіндік рефлексияны дамытуға көмектесу.

«Өмірге «Иә»деп айт» психологиялық онкүндік іс-шарасы жоспарына сәйкес «Отбасылық өмірдің психологиясы» тақырыбында Zoom платформасында колледж педагог-психологы М.Ө.Оңайбаева мен SofieMed Group көпсалалы емханасының психолог маманы- К.А.Жолдасханова ата-аналарға жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлық, келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында дәріс оқып, кеңестер берілді.

«Өмірге «Иә»деп айт» психологиялық онкүндік іс-шарасы жоспарына сәйкес « Өмір сен маған қымбатсың» тақырыбында 1 курс студенттеріне тренинг сабақ өткізілді. Тренинг барысында Ник Вуйчичтің «Шекарасыз өмір» атты бейнебаяны көрсетіліп, студенттердің суицидтік мінез-құлық,жасөспірім арасындағы келеңсіз жағдайлар туралы ой пікірлері талқыланды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет