Мектепке дейінгі жастағы балалардың байланыстырып сөйлеуге үйрету. Жоспар



бет1/5
Дата17.02.2023
өлшемі27,03 Kb.
#68941
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Мектепке дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету. (баяндама)


Мектепке дейінгі жастағы балалардың байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Жоспар:

  1. Байланыстыра сөйлеу түрлері, өзіндік ерекшеліктері.

  2. Әр түрлі жастағы топтарда байланыстыра сөйлеу мақсаты, мазмұны.

  3. Әр түрлі жастағы топтарда диалог сөзге үйрету тақырыптары, мазмұны әдісі.

  4. Байланыстырып сөйлеу үйретуде әңгімелесу маңыздылығы. Әңгімелесу тақырыптары, құрлымы, өткізу әдісі.

  5. Әңгімелесу кезіндегі тәрбиешінің дайындығы.

  6. Әңгімелеуге үйрету балаларды монолог тілін қалыптастыру құралы. Әңгімелеудің әдістері. ( көрсету арқылы, сурет бойынша, ойдан құрастыру, өз тәжіребиесінен әңгіме құрастыру)

  7. Шығармашылық әңгіме, оның маңызы, ерекшеліктері.

Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде мынадай мәселеге баса назар аударылады:бойынша әңгіме құрастыруда өз ойын жүйесін анық,түснікті жеткізе білуге үйретіледі; логикалық тапсырмаларды орындағанда баланың байланысып сөйлесуіне баса назар аудару қажет;оқылған шығарманың мазмұнын өз түсінігі бойынша ауызша баяндай білуге төселдіру керек.


Байланысып сөйлеуді дамытуда сөздік жұмыс, сөйлем әңгіме құрастыру жұмысы жүргізіледі. Байланысып сөйлеу мәдениеті арнайы жоспарлаған сабақтарда, сабақтан тыс ойын сәттерінде ,шығармаларды сахналауға ертеңгіліктерді өткізуде дамытылады. Тәрбиеші атқан ертеңгісі зейін қоя тыңдап, мазмұнын ауызша қайталап айтуда, әңгімелеп беруде, грамматикалық тұлғада дұрыс байланысып сөйлеуге үйретіледі.
Тіл дамыту сабақтаң қызықты, әсерлі тірде ұйымдастырылуы баланың белсенді сөйлеуін қамтамасыз етеді,яғни балаға сөйлеу қажеттігін тудырады.
Тәрбиеші-педагогтар,ата-аналар баланың кез-келген уақытта берген жауыбының толық,дауысының анық ,ашық, мәнерлі болуын талап етуі керек.Күнделікті іс-әрекет сабақ,ойын ,серуен ,бос уақытта баланы ауызша сөйлеу білуге ,сұраққа толық жауып беруге ,сөйлемді дұрыс қарап айтуға өз ойын жүйелі жеткізуге, шығармашылығын әңгіме құрауға үйрету үшін жүргізілетін жұмыстар. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға негіз болады. Мысалы: берілген суреттер бойынша әңгіме құрастыру, отбасында, жолдастарымен қарым-қатынасында,қоршаған ортадағы адамды тыңдай білу,оларға дұрыс жауап беруде диалогтық сөйлеуге үйретіледі.Оқыған шығармаларды әңгімелеуде,оны өмірде көргендерімен салыстыруда монологтық сөйлеуге үйренеді.

Байланыстырып сөйлеудің екі типі диалог пен монолог.Баланың оларды үйренудегі ерекшеліктері.


Диалог- екі не одан да көп адамның әңгімесі;Әңгіменің мақсаты,әдетте бір нәрсе жайында сұрап,оқыған жауап беруге,белгілі бір әрекетке түрткі болуға шақыру.
Монолог-бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі.Монологтың мақсаты-белгілі бір факт жөнінде баяндау.
Диалог стилі жағынан негізінен ауызекі сөйлеу тіліне тән.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістері.
1.Әңгімелесу, әңгімелету, әңгіме құрату.
2.Оқылған шығарма түрін әңгімелету.
3.Сурет,картиналар көрсетіп, әңгіме құрату.
4.Ойыншықтарды сипаттатып әңгімелету.
5.Өз тәжірибесі бойынша әңгіме құрату.
Әңгімелесу әдісі диалог түрде сөйлеуге үйрету мақсатын көздейді. Әңгімелесу баланың зейінін түгелдей қажетті объектіге аударып,оны өз ойын, көреген түйгенін жүйемен, рет-ретімен айтып беруге дағдыландырады.Әңгімелесу сабағы программа мазмұнын меңгерткге, баланың алған білімінің тиянақты, саналы болуына диалог түрінде сөйлеуге жаттықтырып,сұраққа толық сөйлем құрап жауап беруге негіз қалайды. Әңгімелесу сабақтарының тақырыбы,программа мазмұнына сәйкес белгіленеді.
Әңгімелету әдісі баланы монолог түрінде сөйлеуге үйретуді көздейді. Әңгімелету программада көрсетілген тақырыптарға сәйкес,барлық сабақта жүргізіледі.
Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелету.Мұндай сабақтарда алға қоятын мақсат-балалардың байланыстыры сөйлеу дағдыларын жетілдіру,оқылған шығарма мазмұнындұрыс түсініп,грамматикалық жағынан дұрыс байланыстырып жүйелі әңгімелеп беруге үйрету.Әңгімесін айтуға төселдіру әдістері баланың білімімен сөйлеу дағдыларына,оқылған шығарма мазмұнына,сабақтың мақсатына сәйкес белгіленеді.Әңгімелеп айтуға үйретуде мына мәселелер ескеріледі. Мысалы: жаз, күз туралы салыстыра сұрап әңгімлесу.
Байланыстыра сөйлеудің мынадай стильдері болады:
1.Толық стиль көпшілікке арналған стиль немесе оны кітаби стиль деп атайды.-лекция оқығанда,жиналыста сөйлегенде,радио және телевидениеде сондай-ақ сабақта.Толық стильді сөзге анық дикция болуы керек,орташа қарқын,дауыстың күші,үйдің көлемі мен дауыс тембрімен сәйкес келеді.
2. Толық емес стиль, тұрмыстық қарым-қатынаста пайдаланады. Мұнда сөздің дыбыстардың артикуляциясы және шапшаң сөйлеу немесе ұлықсат етіледі. Сөйлеу мәдениетін жеткілікті меңгерген әрбір адам жағдайға сай ешбір дайындықсыз екі стильді де пайдалана алады. Арнайы дайындалған сөз шешендік өнер немесе көркем оқу деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет