Оқу жылының 29-тамызында сабақ кестесі, мамандықтар бойынша бақылау жұмыстарының, оқу іс-тәжірибелерінің, курстық жұмыстарының кестелері жасалынып, бекітілді



бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі19,92 Kb.
#20224
түріСабақ
  1   2

«Болашақ» жоғары колледжі «Педагогикалық білім беру» оқу бөлімі меңгерушісінің 2019-2020 оқу жылының бір жылдық атқарған жұмыстарының есебі

2019-2020 оқу жылының 29-тамызында сабақ кестесі, мамандықтар бойынша бақылау жұмыстарының, оқу іс-тәжірибелерінің, курстық жұмыстарының кестелері жасалынып, бекітілді. Оқу барысында сабақ кестесінің орындалуы бақылауға алынды.

Қыркүйек айында 2019-2020 оқу жылының колледж білім алушылары алфавиттік кітапқа тіркеліп, білім алушылардың сынақ кітапшалары мен студенттік билеттері дайындалып, тапсырылды. Ол жайлы мәлімет сынақ кітапшалары мен студенттік билеттер қозғалысы журналына тіркелді. Сонымен қатар, қыркүйек айында жылдық статистикалық есеп дайындалды. Колледж білім алушылары жайлы толық мәлімет кесте бойынша жинақталды.

2019-2020 оқу жылының қыркүйек айында «Педагогикалық білім беру» оқу блімінде білім алушылар саны – 895. Түрлі себептерге байланысты оқушылар қатарынан шығарылған, академиялық демалыс алған білім алушылар жайлы мәлімет, яғни оқушылар қозғалысы ай сайын есеп-қисап бөліміне және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына тапсырылды.

Сағаттық жүктемедегі оқытушылардың есебі ай сайын есеп-қисап бөліміне тапсырылды. Ай сайын оқытушылардың оқу жұмысы сағаттарын есептеу ақпарат тізімі жасалынып, тексеріліп, ол жайлы мәлімет сабақтарды есепке алу журналына тіркелді (2-нысан).

«Педагогикалық білім беру» оқу бөліміне бектіліген топтарда апта сайын өтетін тәрбие сағаттарының өтілуі барысы бақылауға алынды. Білім алушылардың дәлелді-дәлелсіз себептермен сабақ қалдыруына сараптама жасалынып, анықтамалар тіркелді.

Білім алушылардың жеке карточкалары толтырылды. Оқу жылы барысында білім алушылардың контингент қозғалысы қадағаланып, тіркелді.

2019-2020 оқу жылының І жарты жылдығындағы колледж білім алушылары үлгерімі мен қатысуы туралы мәлімет жасалынып, тіркелді.

2019-2020 оқу жылының 1-ақпанға «педагогикалық білім беру» оқу бөлімінде білім алушылар саны – 880. Соның ішінде 2 білім алушы мектепке кетуі себепті, 6 білім алушы академиялық демалысқа әскер қатарына шақырылуы себепті, 4 білім алушы басқа колледжге ауысуына байланысты, 18 білім алушы академиялық қарыздарына байланысты оқудан шығарылды. 2 білім алушы академиялық демалыстан қайта келді, 2 білім алушы сырттай оқу бөліміне ауысты. Сонымен қатар, 9 білім алушы басқа колледжден ауысып келуіне байланысты оқуға қабылданды.

Аралық аттестация емтихандарының кестесіне материалдар дайындалды. Оқу топтары журналының толтырылуы тексерілді. Оқытушылардың сабақты өту барысына талдау жасау мақсатында, сабақтарға қатысып, талдау жасалынды, мәлімет өзара сабаққа қатысу журналына тіркелді.

Оқу жылы барысында оқу дәрісханаларының тазалығы қадағаланды.

2019-2020 оқу жылының 1-маусымға «Педагогикалық білім беру» оқу бөлімінде білім алушылар саны – 875.

2019-2020 оқу жылының 1-шілдесіне «Педагогикалық білім беру» оқу бөлімінде білім алушылар саны – 872. Оның ішінде 2 оқушы академиялық демалысқа әскер қатарына шақырылуы себепті, 4 бітіруші академиялық қарызына байланысты оқудан шығарылды, 1 оқушы оқуға қайта келді, 4 оқушы мемлекеттік емтихандарға қатыспағаны үшін білім алушылар қатарынан шығарылды. 145 оқушыға оның ішінде 6 оқушыға үздік үлгідегі, 99 оқушыға жай үлгідегі мамандығына сай біліктілік беріліп, оқудан шығарылды.

2019-2020 оқу жылы соңында топ үлгерімі әзірленіп, оған сараптама жасалынды.

Ол бойынша оқу жылының колледж білім алушылары үлгерімі мен қатысуы туралы мәлімет жасалынып, тіркелді.

Бөлім меңгерушісі: Қ.Б.Кадебаева





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет