Тапсырмалар:
№1. Резонанс деп қандай құбылысты айтады?
№2. Резонанс қандай жағдайда көрініс алады, не себепті пайда болады, толық сипаттаңыз.
№3. Төмендегі графикті талдаңыздар.
а) бұл графикте қай шаманың неменеге тәуелділігі көрсетілген?
б) ω және ω0 әріптерімен нені белгілеген?
в) ең астыңғы, яғни, күлгін түспен берілген 4-ші график нені көрсетеді? Одан жоғарырақ жатқан графиктер (1-2-3) нені білдіреді?
№4. Мына резонанстық жағдайларды түсіндіріңіздер:
Домбыраның, скрипканың, қобыздың дыбысының күмбірлеп қатты естілуі; поезд вагондарының шайқалуы; жүрген кезде шелекке құйылған судың шайқалып төгілуі; жер сілкінісінен ғимараттардың құлауы; атты әскердің көпір үстімен сап түзеп жүруінен көпірдің қирап сынуы; судағы кеменің толқындарда күшті шайқалуы; зәулім ғимараттарды тұрғызарда жасанды жер сілкінісін туғызып, топырақты тығыздау; дыбыстың әсерінен шыны ыдыстардың сынуы; магниттік резонанстың томография; жүрекке жасанды массаж жасау кезінде жүрек қабының жарылы кетуі.
№5. Өздеріңіз бақылаған резонанстың өмірдегі көріністерін атап шығыңыздар да, сәйкесінше төмендегі кестеге жазыңыздар: