Оқу практика есебі Студент: Асылдин Дильназ Ғасырқызы Курс: 4 Мамандық: 01140100-«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»



Дата28.11.2023
өлшемі14,65 Kb.
#130501

Оқу практика есебі
Студент: Асылдин Дильназ Ғасырқызы
Курс: 4
Мамандық: 01140100-«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»
Мектеп: Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 мектеп- гимназиясы
Сынып: 3 «а»

Мен Асылдин Дильназ 22.09.2023ж–19.10.2023ж аралығында Тараз қаласы Жамбыл атындағы №5 мектеп- гимназиясының 3 «а» сыныбында оқу практикасынан өттім. Ертаева Гүлайна Ратқызы мектептегі іс-тәжірибе жетекшім болып бекітілді. Сыныпта барлығы-30 оқушы, 11-қыз, 19- л. 3 «а» сыныппен тиянақты түрде жұмыс жасауға, өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді барынша дамытуға тырыстым. 3 «а» сыныбының оқу-тәрбие жұмысымен таныстым. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Сабақ өткізуде түрлі ойындар, сергіту жаттығуларын, топтық тапсырмаларды орындатып жүрдім. Математика пәнінен «Көбейту және бөлу амалдарын орындаудаға 1 санының қасиеті», Қазақ тілі пәнінен «Ф дыбысы», Әдебиеттік оқу пәнінен «Еліктің айласы», Дүниетану пәнінен «Адам досымен мықты» пәндерінен осы сабақтарды толығымен өзім өткізіп жүрдім. Өткен тақырыптарыма байланысты көрнекілік құралдарын дайындап және де оқушылардың дене және психикалық даму деңгейін ескере отырып, мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Оқушының даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын өткіздім. Гүлайна Ратқызы мектептегі іс-тәжірибе жетекшім ретінде маған көп көмегі тиді. Жетекшімнің сабақтарын қызығушылықпен қарап, көп мағұлмат жыйнап, үйрене алдым.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет