Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет26/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   481
Дебиторлық берешек

Нысаналы  трансферттер  бойыншадебиторлық  берешектің  сомалары 

қаражаттардың мақсатты қолдануы бойынша есептерді ұсынғанға дейін төмен-

де тұрған бюджеттерге аударған кезден бастап бюджеттік бағдарламалардың 

əкімшілерінің есебінде танылады.

Субсидиялар бойынша дебиторлық берешек жеке жəне заңды тұлғаларға 

Қазақстан  Республикасының  бюджет  заңнамасына  сəйкес  қаражатты  алған 

сəттен бастап төлегенге дейін мемлекеттік мекеменің есебінде көрсетіледі.

Зейнетақы мен əлеуметтік жəрдемақыны төлеуге бағытталған қаражаттар 

зейнетақы  төлеу  бойынша  Мемлекеттік  Орталыққа  аударған  сəттен  бас-

тап  жеке  тұлғаларға  зейнетақы  мен  əлеуметтік  жəрдемақыны  төлеу  туралы 

есептердің негізінде есептен шығарғанға дейін халықты əлеуметтік қорғау са-

ласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органда көрсетіледі.

Мемлекеттік мекеме дебиторлармен есептеулерді түгендеу нəтижелері бо-

йынша есеп кезеңінің соңында сатушылар мен тапсырыс берушілердің шартта-

ры бойынша күмəнді берешектерді өндіріп алу жөніндегі жұмыс нəтижелерін 

ескере  отырып,  түгендеу  комиссиясының  актісіне  сəйкес  қабылданған 

мемлекеттік мекеме басшысының шешімі негізінде: 

1)  күмəнді  берешектер  бойынша  төлем  немесе  тауарлар  (жұмыстар  жəне 

көрсетілетін  қызметтер)  жеткізу  бойынша  мерзімін  өткізіп  алу  туындағанда 

резерв құрады:

180 күннен 1 жылға дейін – дебиторлық берешек сомасынан 50% көлемінде;

1 жылдан асқанда – дебиторлық берешек сомасынан 100% көлемінде.

Кейіннен  күмəндіге  жататын  дебиторлық  берешекті  қайтару  жүзеге  асы-

рылса, онда күмəнді дебиторлық берешек бойынша резервтерді құру жөніндегі 

бұрын танылған шығынды қалпына келтіру керек;

2) мынадай:



30

 

– өндіріп алудан сот бас тартқан, оның ішінде талап арыздың мерзімі өтіп 



кету себебі бойынша;

 

– оның  мүлкінің  жетпеуіне  байланысты  борышкерді  жойғанда,  сондай-



ақ  таратушы  балансты  бекіткенге  дейін  кредитормен  шағымдалмағанда 

қанағаттандырылмаған;

 

– борышкердің  қайтыс  болуына  байланысты  міндеттеме  тоқтаған 



жағдайда, егер орындау борышкердің жеке қатысуынсыз жүргізіле алмаса не-

месе міндеттеме өзге жағдаймен борышкердің тұлғасымен байланысты болса 

өндіріп алуға үмітсіз дебиторлық берешекті есептен шығарады.

Бюджеттік  төлемдер,  бюджетпен  есеп  айырысу,  сатушылар  мен  тапсы-

рыс  берушілер,  ведомстволық  есеп  айырысулар  бойынша  дебиторлық  жəне 

кредиторлық  берешекті  есепке  алу  тəртібі  Бухгалтерлік  есеп  ережесінің 

«Дебиторлық  жəне  кредиторлық  берешекті  есепке  алу  тəртібі»  бөлімінде 

анықталған.



Қорлар

Қорлар  бастапқы  танылғанда,  жас  төлдің  төлдеуі  мен  салмақ  өсімін 

қоспағанда,  олардың  кіріске  жазылуы  жоспарланған  өзіндік  құн  бойынша 

жүзеге асырылатын, олардың нағыз орны мен жағдайына қорлар келтіру үшін 

тартылған  сатып  алуға,  қайта  өндіруге  жəне  өзге  де  шығындарды  қамтитын 

олардың нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. 

Басқа мемлекеттік мекемеден алынған қорлар тапсыратын мемлекеттік ме-

кеме қорларының баланстық құны бойынша танылады. Мемлекеттік мекеме-

лермен өтеусіз негізде үшінші тараптардан алынған қорлардың өзіндік құны 

болып оларды алған күнгі қорлардың əділ өзіндік құны танылады.

Есеп  жылының  соңында  қорлардың  баланстық  құны  олар  зақымдалған, 

толық  немесе  жартылай  ескірген  жағдайда  немесе  олардың  сату  бағасы    

төмендегенде,  активтердің  баланстық  құны  қайтарылмайтыны  көрсетілген     

жағдайлардағы  оқиғалар  мен  өзгерістерді  ескере  отырып,  мемлекеттік    

мекеменің  басшысымен  бекітілген  түгендеу  қорытындысы  бойынша  қайта 

қарастырылады.

Осы ретте, тегін тарату үшін немесе нақтылы құны бойынша тарату үшін 

тауарларды өндіру үдерісінде тегін таратуға немесе нақтылы құны бойынша 

таратуға  сақталатын  қорлар  құнның  ең  аз  мөлшері  мен  ағымдағы  қалпына 

келтіру құны бойынша бағаланады. Қалған қорлар  екi шаманың ең кiшiсi бо-

йынша: өзiндiк құн жəне таза iске асырылған құн бойынша бағаланады.

Түгендеу актісінде ағымдағы қалпына келтіру құнына немесе сатудың таза 

құнына дейін қорлар құнының құнсыздану себебі көрсетіледі.

Ағымдағы  қалпына  келтіру  құнына  немесе  сатудың  таза  құнына  дейінгі 

қорлар  құнының  құнсыздануына  арналған  резерв  мемлекеттік  мекеме 

басшысының  бұйрығына  сəйкес  баппен  немесе  қор  баптарының ұқсастары 

үшін немесе бір-біріне байланысты топтары бойынша жасалады.

Баланстан қорларды есептен шығару мынадай: 




31

1) өзара алмастырылмайтын болып табылатын қорлар үшін, сонымен қатар 

арнайы жобалар үшін өндірілген не  арналған,  бұл  ол  сатып  алынды ма əлде 

өндірілді ме айырмасыз – шығындарды арнайы теңестіру;

2)  басқа  қорлар  үшін – орташа  өлшемді  құны  əдістерін  қолдана  отырып 

жүзеге асырылады.

Қорларды есепке алу тəртібі Бухгалтерлік есеп ережесінің «Қорларды есеп-

ке алу тəртібі» бөлімінде анықталған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет