Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет267/295
Дата20.11.2022
өлшемі2,49 Mb.
#51357
түріОқулық
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   295
«Азия жолбарыстары» - Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея және 
Тайвань сияқты Азияның жаңа тез қарқынмен дамып келе жатқан 
индустриалдық елдері.
Актив – фирманың немесе жекелеген тұлғалардың меншігіндегі 
ақшалай құны бар барлық заттардың жиынтығы.
Акциз – нақты бір тауарды немесе белгілі бір тауарлар көлемін 
сатып алуға жұмсалатын шығындарға салынатын салықтар.
Ақша – тауарлар мен қызметтердің өзара айырбасына қажетті 
қолданы-латын абсолютті өтімділікке ие ерекше құрал немесе 
тауарлардың тауары.
Ақша айналымының жылдамдығы – тауарлар мен қызметтерді 
сатып алуға қажетті айналымдағы ақша массасының жылына қанша 
рет айналатын-дығын көрсететін сан.
«Ақша тәріздес» (квази-ақшалар) – қаржылық активтер, олардың 
ең маңыздылары болып қысқа мерзімді жинақ депозиттері, жедел 
салымдар, қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар, жинақ 
облигациялары табылады; айналым құралы болып табыла алмайтын, 
бірақ ақшаға тез айнала алатын құралдар.


334
Ақша ұсынысы – экономикада өндірілген жиынтық өнім көлемі-
нің айналымы үшін қажетті ақша жиыны немесе айналыстағы қолма-
қол ақшалар мен талап етілгенге дейінгі депозиттердің қосындысы.
Ақшаға жалпы сұраныс – келісімдер жасау және активтерге 
сұраныс білдіру үшін қажетті ақшаға сұраныстың сомасы.
Ақшалай капитал – инвестициялық тауарларды сатып алу үшін 
қажетті қолдағы бар ақшалар.
Ақшалай нарық – пайыз мөлшерлемесінің белгілі бір деңгейінде 
ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысының теңесуі орын алатын нарық.
Ақшаның құны – ақша бірлігіне айырбастауға болатын тауарлар 
мен қызметтердің жалпы көлемі; ақша бірлігінің сатып алушылық 
қабілеті; бағалар деңгейіне кері шама.
«Ақылдың қашуы» - көп пайда табу және ең жақсы жұмыс 
жайларын табу мақсатында білімі мен біліктілігі жоғары мамандар 
мен жұмыскерлердің елден кетуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   295




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет