Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



жүктеу 6.36 Mb.
Pdf просмотр
бет1/31
Дата14.02.2017
өлшемі6.36 Mb.
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ 
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
Б. Р. РЫСҚҰЛОВА, А. Ж. ҚҰТЖАНОВА, Э. С. 
МАСАНОВА, Ж. Ш. МАХАНОВА 
ТІГІН ӨНДІРІСІНІҢ 
МАТЕРИАЛТАНУЫ 
Оқулық 
Қазақстан Республикасы Білім және гылым 
министрлігі бекіткен 
Алматы, 2011 

ӘОЖ  687(075.8) 
КБЖ 37.24 я 73 Р 
94 
Пікір берушілер: 
Техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰИА академигі А. Ч. Жомартов
техника ғылымдарының докторы, профессор Р. О. Жылысбаева. 
Б. Р. Рысқұлова 
Р 94 Р Тігін өндірісінің материалтануы: Жоғары оқу орнының студенттеріне 
арналған оқулық / Б. Р. Рысқұлова, А. Ж. Құтжанова, Э. С. Масанова, 
Ж. Ш. Маханова. - Алматы: 320 б. 
І8В^ 978-601-263-124-1 
Бұл  оқулықта  табиғи,  химиялық  талшықтар  және  олардан  алынған 
жіптердің,  тоқыма  материалдардың  қасиеттері  және  құрылысы  берілген. 
Сондай-ақ  иірім  жіптердің  қасиеттері,  алынуы,  өңделуі,  боялуы  және  тігін 
бұйымдарын  дайындауда  қолданылатын  матаның,  трикотаждың,  беймата 
материалдарының,  табиғи  және  жасанды  үлбірдің,  тігін  жіптері,  желімдік, 
астарлық,  іштік  материалдардың,  және  табиғи,  жасанды  былғарының, 
фурнитуралардың,  әрлеу  материалдарының  ассортименті  қарастырылған. 
Сонымен  қатар  тоқыма  материалдардың  сапасы  және  бағалау  негізі 
көрсетілген. Оқулық 050726 - «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы 
және  құрастырылуы»  мамандығы  бой-  ынша  жоғары  оқу  орындарының 
студенттеріне арналған. 
ӘОЖ  687(075.8) 
КБЖ 37.24 я 73 
© Рысқұлова Б.Р., 2011 © ҚР 
Жоғары оқу орындарының !§В^ 978-601-263-124-1қауымдастығы, 2011 

КІРІСПЕ 
Қазіргі  уақыттағы  тігін  өнеркәсіптері  автоматтандырылған  жоғарғы 
жиілікті  тігін  машиналары  және  жартылай  автоматты  әсерлі  құрылғылар, 
механикаландырылған  престер  және  құрал-  жабдықтар  ұйымдастырылған 
өндірісті  көрсетеді.  Сонымен  қатар  тігін  бұйымдарын  дайындауда 
кешендімеханикаландырылған  және  автоматтандырылған  технология 
қолданылады,  бұл  тігін  бұйымдарының  және  ассортиментінің  сапасына 
қойылатын  талап-  тарды  жоғарылатады.  Тігін  бұйымдарының  сапасының 
бәсекелік  қабілеті  ассортименттің  жаңаруына,  материалдардың  өңделуінің 
және бояуының үдерісінің жақсаруы бұйымның құрастырылуын жетілдіруге 
және жаңа модельдерді енгізуге қамтамасыз етеді. 
Тоқыма  материалдардың  қасиеттері  және  құрылымы  бойынша 
дайындалған  жаңа  бұйымдар,  қазіргі  заманғы  химиялық  талшықтар  мен 
жіптерді,  жоғары  сапалы  бояуларды  және  әрлеуіш  химиялық  мате- 
риалдарды қолдану арқасында жасалынады. 
Тігін бұйымдарына негізгі материалдарды таңдау  және оларды ұтымды 
қолдану  ең маңызды,  сондықтан материалдардың қасиеттерін, құрылысын, 
олардың  ассортиментін  және  сапасын  терең  оқып  білу  қажет.  Тігін 
өнеркәсібінің  мамандары  ең  алдымен  тігін  бұйымдарына  арналған  тоқыма 
материалдарына  қойылатан  талаптарды,  қасиеттерінің  көрсеткіштерін 
анықтай  және  нақты  тігін  бұйымдарына  арналған  материалдардың 
бағалануын білуі керек. 
Тігін  өнеркәсібінің  технологиялық  үдерісінің  ерекшелігін,  сәнді  ескере 
отырып, тігін бұйымдарына арналған тоқыма материалдарды дұрыс таңдау, 
оның сапасының жоғарылауының маңызды шарты бо- лып табылады. Сол 
себепті, 
суретші-модельер, 
құрастырушы 
және 
техно-лог 
тоқыма 
материалдарымен  жұмыс  істегенде,  оның  қаси-  еттерін  біліп  қана  қоймай, 
тағы  да  киімде  нақты  сыртқы  түрінің  әсеріне  жету  үшін  және  киген  кезде 
қолайлылықты  қамтамасыз  ететін,  нақты  берілген  қасиеттермен  киімді 
дайындауда  қолданылуын  білу  қажет.  Киімге  таңдалған  материалдарды 
өңдегенде, бұйымды дайындау кезінде материал қасиетінің өзгеруін және осы 
өзгерісті бұйымның нақты пішінін немесе силуэтін жасауда қолдануды терең 
білу  қажет.  Тігін  бұйымдарын  жасау  үдерісі  суреттен  немесе  эскизден 
басталып,  бұйым  лекалдарын  құрастыруға  және  тігу  технологиясын 
дайындауға  дейін  көптеген  күрделі  жолдардан  өтеді.  Сондықтан  киімнің 
үлгісінің  эскизін  дайындағанда  материалдардың  эстетикалық  қасиеті,  сән 
бағытымен  дұрыс  таңдалып  қана  қоймай,  нақты  киім  силуэтін  жасауды 
қамтамасыз  ететін  қасиеттерімен,  киімді  құрастырудың  қазіргі  уақыттағы 
дайындау технологиясының мүмкіншіліктеріне өте көп әсер етеді. 
Киім  дайындағанда  қолданылатын  тоқыма  материалдары  бірнеше 
топтарға бөлінеді: маталар, трикотаж жаймалар, бейматалар, табиғи 


және  жасанды  үлбірлер,  бекітуші  материалдар  (жіптер,  негізмдер,  негізмдік 
қабыршықтар),  фурнитуралар  (түймелер,  шыртылдақтар,  ілгектер),  тігін 
бұйымдарын  дайындау  кезінде  қолданылатын  басқа  материалдар  (баулар, 
ызбалар, шілтерлер), жылытушы материалдар (мақта, күспе, ватилин). 
Аталған  топтағы  тоқыма  материалдары  киімде  әртүрлі  қызметтер 
атқарады.  Олардың  кейбірі:  маталар,  трикотаждар,  беймата,  үлбірлер  - 
пальто, костюм, күртеше сияқты сыртқы киімдерге қолданылады. Зығырдан 
немесе бейматадан, тоқыма материалдарынан жасалған іштіктер, қатырғыш 
кенер  материалдары  бұйымның  формасын  қамтамасыз  ету  үшін 
қолданылады.Тоқыма  материалдардың  әр  тобы  өндіріс  салаларына  сәйкес 
өндірілетін  құралған  ассортименттері  және  оның  дамуының  белгілі 
бағыттары сипатталады. 
Тігін  өндірісінде  қолданылатын  матаның,  трикотаждың,  бейматалық 
тоқыма  материалдардың  негізгі  қасиеттері  олар  өндірілетін  талшықтардың 
қасиетіне  тәуелді  болады.  Тоқыма  материалдардың  қасиеттеріне  көбінесе 
қолданылатын  иірімжіп  түрлері,  оның  алыну  тәсілдері,  сонымен  қатар, 
матаның  трикотаждың  өңдеу  әдісі,  олардың  жіптерінің  өрімі,  тығыздығы 
және  әрлеу  ерекшеліктері  көп  әсер  етеді.  Киімге  арналған  материалдарды 
құрайтын элементтері (талшықтар. иірімжіптер, өрімдер, әрлеулер) олардың 
сыртқы  түрлерінің  дай-  ындалуына  және  қасиеттеріне  әсер  ететіндіктен, 
оларды  құрайтын  талшықтарды,  иірімжіптің  өңдеу  тәсілдері,  соңғы 
тауарлық  түр  беретін  бұйымды  дайындау  және  әрлеу  әдістері  осы  курс 
тапсырмасы болып есептеледі. 
Тігін өндірісінің материалтану оқулығы студенттерге қажетті терең білім 
алуға, сонымен қатар оларды тәжірибеге қолдануға мүмкіндік жасайды. 
Бұл  оқулықтың  негізгі  мақсаты  «Жеңіл  өнеркәсіп  бұйымда-  рының 
технологиясы  және  құрастырылуы»  мамандығы  бойынша  студенттерге  әр 
түрлі  киімдерді  дайындағанда  және  қазіргі  уақытта  қолданылатын  жаңа 
тоқыма материалдарды оқып зерттегенде, өте зор көмек көрсетеді. 
Оқулықты 
дайындағанда 
Мәскеу 
мемлекеттік 
дизайн 
және 
технологиялық  университетінің,  Ташкент  тоқыма  және  жеңіл  өнеркәсіп 
институтының, М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің, 
Алматы  технологиялық  университетінің  «Тігін  өндірісінің  материалтану» 
пәнінің оқыту тәжірибелері қолдынылды. 
Бұл  оқулыққа  пікір  берушілер  құрметті  ұстазымыз  академик  А.  Ч. 
Жомартовқа  және  профессор  Р  О.  Жылысбаеваға  осы  оқулықтың 
авторларының атынан ризашылығымызды білдіреміз. 


1-БӨЛІМ 
ТОҚЫМА ТАЛШЫҚТАРЫ 
1.1 ТОҚЫМА ТАЛШЫҚТАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ 
Тоқыма  талшықтары  деп  иірімжіп  және  тоқыма  бұйымдарды 
дайындағанда  қолданылатын  ұзындығы  шекті,  көлденең  кесілген  аз 
өлшемді, жіңішке, иілгіш және берік талшықтарды атайды. 
Тоқыма  талшықтары қарапайым (элементарлы), кешенді (техникалық) 
және штапельді болып бөлінеді. 
Қарапайым талшықтарға тоқыма талшықтар - мақта және жүн жа- тады. 
Кешенді  (техникалық)  талшық  бір-бірімен  байланысқан  қарапайым 
талшықтардан тұратын талшық (зығыр). 
Штапельді талшықтар ұзындығы шектелген қарапайым талшық болып 
есептеледі. 
Тоқыма  талшықтардан  жасалынып  алынған  иірімжіптердің  және 
жіптердің  өңдеу  үдерісінде,  олардың  нақты  ұзындығы,  беріктігі, 
созылғыштығы, 
сызықтық 
тығыздығы 
және 
иілгіштігі, 
ылғал 
сақтағыштығы болуы қажет. Сонымен қатар киімді пайдаланғанда әр түрлі 
жағдайда  бұйымды  қолдану  мүмкін  болу  үшін,  бұйымға  түскен  әртүрлі 
күштің әсерінен бұзылудан сақтайтын, белгілі бір механикалық қасиеттерге, 
сондай-ақ  киімде  ыңғайлы  (жылу  өткізгіштік,  су  өткіз-  гіштік,  ауа 
сіңіргіштік)  және  сыртқы  ортаның  (түстік  тұрақтылық)  шар-  тына 
қарсыласуын қамтамасыз ететін физикалық қасиеттері тұрақты болу керек. 
Жаратылысы бойынша тоқыма талшықтары екі класқа бөлінеді: табиғи 
және  химиялық.  Табиғи  талшықтарға  өсімдіктекті,  жануартекті  және 
минералды,  ал  химиялыққа  -  әртүрлі  физикалық  және  химиялық 
үдерістердің  көмегімен  жоғары  молекулярлы  заттардан  (табиғи  және 
синтетикалық) жасанды жолмен адам жасаған талшықтар жатады. 
Талшықтардың  әрқайсысы  органикалық  және  бейорганикалық 
талшықты шағын кластарға бөлінеді. 
Органикалық  табиғи  талшықтардың шағын класы  табиғи шығу  тегіне 
байланысты өсімдік және жануар текті топтарға бөлінеді. 
Өсімдік  текті  талшықтардың  тобына  мақта,  зығыр,  кенеп,  кендір 
целлюлозды талшықтардың шағын топшасы жатады. 
Жануар  текті  талшықтар  жүн  талшығынан  және  табиғи  жібектен 
құралған, ақуызды талшықтар топшасынан тұрады. 
Табиғи  бейорганикалық  минералды  талшықтарға  -  минералды  ас-  бест 
талшығы жатады. 
Химиялық  талшықтардың  бөлінуі  өте  күрделі  болып  келеді. 
Органикалық шағын кластағы химиялық талшықтар екі үлкен топқа 


бөлінеді:  ол  -  жасанды  және  синтетикалық  талшықтар.  Табиғи  жоғары 
молекулярлы  қосылыстардан  химиялық  жолмен  алынған  талшықтарды 
жасанды  химиялық  талшықтар,  ал  синтезделген  жоғары  молекулярлы 
заттардан  алынған  талшықтарды  синтетикалық  талшықтар  деп  аталы- 
нады. 
Жасанды  органикалық  талшықтар  химиялық  құрамына  байланы-  сты 
гидратцеллюлозалы, 
вискозды 
(полинозды, 
мыс-аммиакты), 
эфи- 
роцеллюлозалы  (ацетатты,  үшацетатты)  және  ақуызды  (казеиндік) 
талшықтар топшасы болып бөлінеді. 
Синтетикалық  органикалық  талшықтар  полиамидті  (капрон,  анид, 
энант), 
полиэфирлі 
(лавсан, 
терилен), 
полиуретанды 
(спандекс), 
полиакрилонитрильді  (нитрон,  орлон),  поливинилхлоридті  (хлорин), 
поливинилспиртті (винол) және полиолефинді (полипропилен, полиэ- тилен) 
талшықтардан жасалатын топшадан тұрады. 
Химиялықбейорганикалық талшықтарға минералдыталшықтардың екі 
түрі жатады металдық және шынылық. 
Тоқыма талшықтардың негізгі түрлерінің классификациясы 
1.1-
 
сызбада көрсетілген. 
Тігін  өндірісінде  қолданылатын  тоқыма  материалдар  -  маталар,  тігін 
жіптері,  ызба,  бау  және  басқалары  -  негізінен  тоқыма  талшықтарынан 
тұрады. 
Тоқыма  талшықтары өте  жіңішке, олардың ұзындығы миллимет- рмен 
өлшенсе,  онда  жіңішкелігі  миллиметрдің  жүздеген  және  мыңдаған 
үлестерімен өлшенеді. 
Талшықтарды  иірімжіпке,  матаға  өңдеу  және  тоқыма  материалдарға, 
бұйымдарға  қажетті  қасиеттермен  қамтамасыз  ету  үшін,  олар  нақты 
ұзындыққа,  жіңішкелікке,  беріктікке,  созылу  қабілетіне,  иілгіштікке, 
жабысқақтыққа және сыртқы ортаның әсеріне қарсыласуға ие болу керек. 
Тоқыма өндірісінде қолданылатын  талшықтың ұзындыгы - ең маңызды 
көрсеткіштердің  бірі  болып  есептелеінеді.  Талшықтардан  үздіксіз  жіп  алу 
үшін,  оның  белгілі  ұзындығы  болуы  керек,  талшық  ұзын  болса,  онда 
жіптердің арасындағы байланысы күшейіп, беріктігі жоғары жіп алынады. 
Талшықтың жіңішкелігі өте жоғары бағаланады, себебі, талшық жіңішке 
болса, одан жұмсақ және иілгіш жіп алуға болады. 
Талшықтың  беріктігі  олардың  үзілуге  қарсыласу  қабілеттілігі,  ол 
иірімжіп  пен  матаның  сапасының  және  тоқыма  өндірісінің  үдерісінің 
көрсеткіші болып табылады. 
Талшықтың ұзаруы (созылуы) олардың күш түскенде ұзару қабілеттілігі, 
бұл  талшық  сапасының  маңызды  көрсеткіші  болып  есептелінеді. 
Талшықтың  ұзару  қабілеттілігі  одан  өндірілген  иірімжіпке  беріледі  және 
оның жалпы бұзылуына қарсыласуын жоғарылатады. 
Егер  талшық  серпімді,  яғни  күштің  алынуынан  кейін  бастапқы 
ұзындығын қайта қалпына келтіру қабілетіне ие болса, ол 


 
1.1
 с
ы
зба
. То
қ
ы
м
а т
ал
ш
ы
қ
та
ры
н
ы
ң
 к
ла
сс
и
ф
и
к
ац
и
яс
ы
 
і 
 
Т
оқ
ы
м
а т
ал
ш
ы
қга
ры
 

талшықтардан өндірілген маталар серпімді болады, мыжылмай- ды, ал одан 
дайындалған бұйымдар өзінің пішінін ұзақ уақытқа сақтайды. 
Талшықтың  иілгіштігі  иіру  үдерісіне,  матаның  сапасына  және  оның 
жұмсақтығына, күлтеленуіне үлкен әсер етеді. 
Талшықтардан  мықты  жіп  жасап  алу  үшін  талшықтардың  иілгіштік 
қасиеті жоғары болуы керек. 
Ылгал тартқыштық талшықтың ылғалды сіңіру қабілеттілігі. Ол киімге 
қойылатын  гигиеналық  талаптарды  қанағаттандыруға  қажет,  өндірістік 
үдерістің  жақсы  жүруі  және  матаның  терді  жақсы  сіңіруіндегі  маңызды 
қасиетінің бірі болып табылады. 
Талшықан  алынған  материалдардың  сыртқы  ортаға  қарсыласу  әсері  - 
суға,  ауаға,  жарыққа  және  механикалық  күшке  -  берілген  талшықтардың 
киюге төзімділігін анықтайды. 
1.2. ТАБИҒИ ТАЛШЫҚТАР 
1.2.1.
 
Өсімдік текті талшықтар 
Мақта. Мақта талшығын алуға арналған тұқымында ұзындығы 1-50 мм 
жіңішке  талшықтар  өсетін,  бір  жылдық  бұталы  өсімдік.  Мақта  өсімдігінің 
негізгі екі түрі кең тараған: орташа талшықты, орташа ұзындық беретін (25-
35  мм),  жіңішке  талшықты  талшығының  ұзындығы  35-50  мм.  Мақта 
өсімдігінің  өсіп  өнетін  кезеңі  мақтаның  селекциялық  сортына  және  оның 
өсетін  аймағына  байланысты  90-180  күн  аралығында  тербеледі. 
Тұқымдардың  еккеннен  кейін  екі  айдан  соң  өсімдік  150  см  биіктікке  дейін 
көтеріледі  де,  оның  жапырақтары  пай-  да  болып  гүлденуі  басталады. 
Гүлдердің ішінде талшықпен жабылған тұқымы бар, қауашақ пайда болады. 
Мақта  пісіп  жетілген  кезде  қауашақ  жарылады  және  талшықтар  сыртқа 
шығады. 1.1-суретте мақтаның жапырақтары көрсетілген. 
Мақтаны  жинау  кезінде  қауашақтан  мақта-шикізат  деп  аталатын 
тұқымды  талшықтарды  бөліп  алады.  Мақта  тазалағыш  зауатта,  ар-  найы 
талшық  бөлгіш  машинада  тұқымнан  талшық  бөлініп  алынады.  Алынған 
мақта талшығы буылып, нығыздалып жиналады, содан кейін талшықтарды 
мақтаны алғашқы өңдеу фабрикасына жіберіледі. 
Талшықтар  тұқымдардан  тазаланғаннан  кейін  қысқа  талшықтар 
алынады,  оны  мақтадан  жасалатын  беймата  материалдарын  өндіру  үшін 
қолданады. 
Құрылысы бойынша мақта талшықтары негізі целлюлозадан (С^Н^О^) 
тұратын,  созылған  пішіндегі  өсімдік  жасушасы  болып  келеді.  Целлюлоза 
глюкозаның қалдығынан жасалған полимер (қалдық саны 10000 жетеді). 


С
Ло°
5
 - 
0
 - 
С
6
Н
кА - 
О

С
Ло
0
5 - 
0
 - 
 
Сурет 1.1- Мақтаның жапырақтары 


Мақта  талшығы  бұйымда  талшықтың  жақсы  тізбектелуін  және 
кеуектілігін  қамтамасыз  ететін,  спираль  тәрізді  құрылымымен  сипат- 
талады. 
Талшықтың  беті  кутикула  деп  аталатын,  қорғаушы  қабықты  болып 
келеді.  Ол  целлюлозадан  басқа,  майлы,  балауызды  заттардан  тұрады,  бұл 
қасиет  талшықтың  химиялық  беріктігін  жоғарлатады.  Кутикула  аз  су 
сіңіргіштік пен ылғал тартқыштық қасиетімен сипатталады, ол талшықтың 
сыртқы әсерлерге төзімділігін арттырады. 
Талшықтың  бұралаңдық  қасиеті  иіру  үдерісінде  маңызы  зор,  осы 
қасиеттің  арқасында  жеке  талшықтардың  арасындағы  сырғанаушылық 
қасиеті  төмендейді.  Бұл  талшықтан  иірімжіп  жасағанда,  оның  ұзындық 
бірлігінде ширатылу саны төмендейді. 
Мақтаның гүлі өзінің төменгі жағында үш гүлді жапырақшасы бар. Гүл 
жапырақшалары  мақта  пісіп  жетілгенде  кебеді  және  талшықты  жинау 
кезінде ол қоқымнан тазаландырады. 
Мақтаның цүрылысы. Мақтаның жеке талшықтары көзбен қарағанда 6-
52  мм  дейінгі  ұзындықты,  өте  жіңішке  (15-25  мм)  талшық  болып  келеді. 
Мақта талшығын микроскоппен қарағанда ирлеңді қабысып қалған құбыр 
анық көрінеді. Талшықтың бұралаңдық қасиеті олардан берік иірімжіп алуға 
мүмкіндік беретін жақсы тізбектелуін көрсетеді. 
1.2-суретте  көрсетілгендей  жетілу  дәрежесіне  байланысты  мақта 
талшығының ирелең саны мен қабырғасының қалыңдығы әртүрлі бо- лады. 
Жетілген  талшықтар,  құбыр  енінің  жартысына  тең  қалыңдықты 
дамыған  қабырғаларымен  сипатталады,  ирелең  саны  1-10мм  болып  келеді. 
Мұндай  талшықтар  ирелеңдік  беріктігімен,  иілгіштігімен,  тізбектілігімен, 
жұмсақтығымен, құбырда ауаның едәуір болуының арқасында жақсы жылу 
сақтағыш қасиетімен ерекшеленеді, бірақ жылтыр-лығы болмайды. 
Жетілмеген  талшықтар  жұқарақ  қабырғалы,  кеңірек  құбырлы  және  аз 
бұралаңдығымен ерекшеленеді, олардың сапасы төмен. 
Мүлдем  жетілмеген  талшықтардың  целлюлозалық  қабырғасы  бол- 
майды,  бұралаңдық  қасиеті  жоқ,  мұндай  талшықтарды  пайдалану  жа- 
рамсыз болып келеді. 
Қатты  жетілген  талшықтар  өте  дамып  кеткен  қабырғаларымен 
ерекшеленеді,  олардың  құбыры  шамалы,  бұралаңдылық  қасиеті  жоқ. 
Мұндай  талшықтар  жақсы  беріктік  және  жылтырлық  қасиетімен  си- 
патталады, бірақ иілгіштігі және тізбектілігі аз, қаттылығы жоғары бо- лып 
келеді,ол 1.3-суретте көрсетілген. 
Мақтаның  химиялық  құрамы  оның  жетілуіне  байланысты.  Жақсы 
пішкен талшықтар целлюлозадан 
(95-96  %)  және  әр  түрлі  қоспалардан  майдан,  балауыздан,  азотты  және 
минералды заттардан тұрады. 
10 

 
Сурет 1.2 - Микроскоппен қарағандағы мақта талшығының жетілуінің 
әртүрлі дәрежесі 
1-бойлық түрі; 2-көлденең кесіндісінің пішіні; а-піспеген талшықтар, б-қалыпты 
жетілген талшықтар, в-қатты піскен талшықтар. 
 
Сурет 1.3 - Салыстырмалы әдіспен мақта талшығының пісіп жетілуін 
бағалауға арналған эталондар 
11 

Мақтаның  табиғи  түсі  -  ақ  немесе  ақ  сары,  кейбір  жағдайда  қою  сары 
және  жасылдау  болуы  мүмкін.  Сипағанда  талшық  жұмсақ,  жылы.  Мақта 
талшығы  жылтыр  болмайды,  күңгірт  болып  келеді,  ол  1.4-суретте 
көрсетілген. 
Піспеген  талшықтар  өте  жұқа  қабырғалы,  кең  кұбырлы  және  аз 
бұралаңдық қасиетімен ерекшеленеді, олардың сапасы өте төмен. 
Мақта талшығының қасиеттері: 
мақта  талшыгының  ұзындыгы  12  -  55  мм,  болғандықтан  жіңішке  және 
берік иірімжіп алынады; 
жіңішкелік  қасиеті  (көлденең  кесілген  сызықты  өлшем)  талшықтың 
ұзындығына  байланысты  болып  келеді.  Талшық  неғұрлым  ұзын  болса, 
соғұрлым жіңішке болады. Мақта талшығының орташа жіңішкелігі - 0,015 - 
0,025 мм; 
қалыпты піскен мақта талшыгының беріктігі 4,8-5 кг (ылғалды жағдайда 
20 % ұлғаяды) үзілу күшімен анықталады. Оның үзілу ұзындығы - 24-35 км, 
беріктік шегі 25-35 кг/мм
2

үзу кезіндегі мақта талшыгының ұзаруы - 7-8 %; 
ылғал  сіңіргіштік  басқа  талшықтармен  салыстырғанда  мақта 
талшығының осы қасиеті жоғары бағаланады, ылғалға төзімді. 
мақта талшығы жоғары жылуға төзімді, оны 150°С температураға дейін 
қыздыруға болады, 200 °С жоғары температурада талшық балқиды және ол 
тұнық-қоңыр түске боялады. 
Мақта  талшығы  күн  сәулесінің  әсерінен  әлсірейді,  өңделмеген  ма- 
таларды 940 сағат бойы тікелей күн сәулесімен жарықтандырғанда. олардың 

Каталог: ebook -> umm
ebook -> Э. Р. Ибрагимова современный русский язык. Сложное предложение
ebook -> Əфсаналар бұҚар жырау мен қаз дауысты қазыбек
ebook -> Оқулық Өзбекстан Респудликасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен
ebook -> •Негізгі бөлім: а Лексикология және оның түрлері мен
ebook -> Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуын екпін
ebook -> Старуха изергиль
ebook -> Matematиka жалпы орто билим берүүчү мектептердин 2-классы үчүн окуу китеби
umm -> Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет