Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет29/159
Дата10.10.2022
өлшемі8,62 Mb.
#42085
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   159
ТИРИСТОРЛАР 
Тиристор — бұл екі тұрақты қалпы бар және бір бағытта тоқ өткізетін, 
р п-өтпелері үш немесе одан да артық тізбектеліп қосылған ауыспалы 
жартылай өткізгіш аспап. Тиристордың бұл аспапты автоматикада, 
электроникада, энергетикада әртүрлі қолданылуын қамтамасыз ететін 
негізгі қасиеті — бұл жабық және ашық болып табылатын екі тұрақты 
қалпында болуы болып табылады. Жабық қалыпта тиристордың 
кедергісі он мегомды (миллион ом) құрайды және ол мың вольтқа дейінгі 
кернеу жағдайында тоқ өткізбейді. Ашық қалыпта  тиристордың кедергісі 
шамалы болады. Ондағы кернеудің төмендеуі, тоқтың ондаған және 
жүздеген ампер қалпында шамамен бір вольтты құрайды. Тиристор әдетте 
кілт тәртібінде (ашық - жабық) пайдаланылады, жүктемеге берілетін 
қуаттылықты қалыпты реттеу үшін, релелер, электр қозғалтқыштары 
арқылы қосу және сөндіру үшін пайдаланылуы мүмкін.
Тиристорлардың арасында екі топ айрықшаланады: басқарылмайтын 
(диодтық) және басқарылатын (триодтық) тиристорлар. Ең қарапайым 
тиристор, төрт қабатты құрылымы бар басқарылмайтын ауыспалы диод 
болып табылатын динистор болып саналады. Динистор тура қосқанда, 
егер оның шықпаларындағы кернеу белгілі бір мәнге жеткен жағдайда ғана 
ашылатын болады. Екінші топқа бір басқарушы электроды бар 
тринисторлар жатады. Тринисторлар катод немесе анод бойынша 
басқарылулары мүмкін. Бұл жартылай өткізгіштің қандай қабатына 
басқарушы электродтың қосылғандығына байланысты орын алады. 
Басқарушы электрод шамалы басқару сигналының көмегімен (кернеу 
импульсы) тиристорды жабық қалыптан, негізгі электродтардағы 
кернеудің өзгермеуі (белгіленген) жағдайында ашық қалыпқа өткізуге 
мүмкіндік береді. Ашық қалыптан басқарылатын кернеудің көмегімен 
жабық қалыпқа кері өту мүмкін емес. 
Симистор (симметриялық тиристор) — ауыспалы тоқ тізбектеріндегі 
коммутация үшін пайдаланылатын, тиристорлардың түрі болып табылатын 
жартылай өткізгіш аспап. Электроникада басқарылатын ажыратқыш (кілт) 
ретінде жиі қарастырылады. Жүктемені басқару үшін, симистордың негізгі 
электродтары тізбекке жүктемемен тізбектеліп қосылады. Жабық қалыпта 
симистордың өткізгіштігі болмайды, жүктеме сөндіріледі. Басқарушы 
электродқа ашушы сигналды берген жағдайда, симистордың негізгі 
электродтары арасында өткізгіштік пайда болады, жүктеме іске қосылады. 
Симистордың ашық қалыпта қос бағытта да тоқ өткізеді. Симистордың, 
басқа тиристорлар тәрізді басқа да ерекшелігі, оны ашық қалыпта ұстау 
үшін басқарушы электродқа тұрақты түрде сигнал жіберіп тұрудың қажеті 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет