Мақсаты: Тақырып аясында дұрыс естің негізгі процестері мен механизмдері білу Негізгі сұрақтар



Дата05.05.2023
өлшемі17,79 Kb.
#90154
Байланысты:
Сро 7 психология


СӨЖ Тақырып:№7 Естің негізгі түрлерінің классификациясы
Мақсаты: Тақырып аясында дұрыс естің негізгі процестері мен механизмдері білу
Негізгі сұрақтар:Естің жекедара психологиялық ерекшелігі, олардың заңдылығы және негізгі факторлары.
Естің түрлері және ес процестері.
Ес дегеніміз – бұрын қабылдыған заттар мен құбылыстарды есте сақтап , есте қалдырып, еске түсіріп және қайта жаңғыртуды айтамыз. Адам өзінің өмірде көріп, естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады. Біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз санамызда біршама уақыт сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі болып табылады. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйін қайта жаңғыру делінеді. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесті ес деп атауға болады.
Естің түрлері.
Естің түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:
1.Психикалық белсенділікке қарай 4-ке бөлінеді: 1)қозғалыс есі 2)сезімдік 3)бейнелік ес 4)сөз логикалық
2.Мақсатқа қарай 2- ге бөлінеді: ырықты және ырықсыз.
3.Материалды есте сақтау ұзақтығына қарай 3-ке бөлінеді: 1)қысқа мерзімді ес 2)ұзақ мерзімді ес 3)оперативті ес.
а)Қозғалыс есі деп – еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып оны қайта жаңғырту.
б)Сезімдік ес – бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру.
в)Бейнелі ес — заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту.
г)Сөз логикалық ес — бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.
Ес процесстері.
1.Есте қалдыру.
2.Қайта жаңғырту.
3.Есте сақтау.
4.Ұмыту.

1)Есте қалдыру –бұл мәліметті белсене қайта өңдеу, жүйелеу, жалпылау және оны геру процесстері. Есте қалдырудың түрлері :


1.Қысқа мерзімді есте қалдыру.
2.Ұзақ мерзімді есте қалдыру.
3.Оперативтік есте қалдыру.
4.Ырықты есте қалдыру.
5.Ырықсыз есте қалдыру.
Жаттау – ырықты есте қалдырудағы ең негізгі тәсілдердің бірі болып табылады. Жаттаудың белсенді болуы уақытқа байланысты.
6.Логикалық есте қалдыру.
7.Механикалық есте қалдыруда заттар мен құбылыстардың мазмұны есте сақталмай, олардың ерекшеліктері мен формалары есте сақталады.
Логикалық есте қалдыруда – қабылдаған нәрселердің мазмұны есте сақталады. Логикалық есте қалдырудың тәсілдері:
1.Есте сақтауға тиісті материалдың жоспарын құрастыру.
2.Салыстыру.
3.Материалды топтастыру және жіктеу.
4.Есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды алмастырып отыру.
5.Бейнелі байланыстарға сүйену.
6.Есте қалдыруда өзін-өзі бақылау.
7.Мағыналы байланысты орнату.
2). Қайта жаңғырту – бұрын қабылдаған заттармен құбылыстарды өзімізге керек болған кезде есімізге түсіруді айтамыз. Мұндағы негізгі процесс – елес. Елес – бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу. Қайта жаңғыртудың бір көрінісі – тану. Тану – бұрын қабылдаған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс. Тану 2-ге бөлінеді: 1)Толық. 2)Толықсыз.
Қайта жаңғыртудың біртүрі – еске түсіру. Еске түсіру – белгілі қиындықтарды жеңумен байланысты ерік күшін жұмсауды талап ететін санасы қайта жаңғыртуды айтады. Қайта жаңғырту 2-ге бөлінеді:1)Ырықты. 2)Ырықсыз.
3). Есте сақтау – бұл алынған нәрселерді есте ұстауға бағытталған есте ұстаудың алғы шарты болатын процесс. Ол 2-ге бөлінеді: 1)Ырықты. 2)Ырықсыз.
4). Ұмыту – бұрын қабылдаған нәрселерді керек кезінде еске түсіре алмау және қайта жаңғырта алмау процессі. Ұмытудың себептері:
1)Жағымсыз индукцияның әсері.
2)Проактивтік тежелу.
3)Ременисцения – кешіктіріліп еске түсіру.
4)Шектен тыс тежелу.

Ұмытудың тағы бір ерекшелігі – амнезия.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет