Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Шүйде сүйек ,  os occipitalе, базилярлық



Pdf көрінісі
бет20/208
Дата03.10.2023
өлшемі2,15 Mb.
#112850
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   208
Шүйде сүйек

os occipitalе,
базилярлық,
pars basilaris;
қабыршақтық,
squama оccipitalis, 
және латералдық бөліктерден,
pars lateralis 
(жұп)
 
құралған. Шүйде сүйектің қабыршағының аздау бөлігі бассүйектің төбесін
құрауға қатынасса, көп бөлігі сүйектің қалған бөліктерімен бірігіп артқы
бассүйектік шұңқырмен бассүйектің сыртқы негізін құрап бассүйектің негізін
түзуші сүйектердің құрамына кіреді. Шүйде сүйек даму тұрғысынан алғанда
аралас: базилярлық, латералды және қабыршақ бөлімінің төменгі бөлігі
шеміршек туындысы (екіншіреттік) болса, ал қабыршақ бөлімінің қалған


32 
бөлігі алғашқы сүйектерге жатады.
 
Шеке сүйек
,
os parietale, 
бассүйек күмбезінің құрамына кіреді. Оның
сыртқы және ішкі (милық) беттерін, 
facies externa et facies interna
(cerebralis),
сонымен қатар төрт жиегін, төрт бұрышын айырады. 
Маңдай 
жиегі,
 margo frontalis, 
маңдай сүйегімен жанасады, самай сүйектің
қабыршақтық жиегіне 
қабыршақтық жиегі,
margo squamosus 
бағытталған;
шүйде сүйектің қабыршағымен
шүйделік жиек,
margo occipitalis
қосылады;
шеке сүйектер бір-бірімен 
сагиттальды жиекпен,
margo sagittalis
бірігеді.
Шеке сүйектің алдыңғы-жоғарғы бұрышы 
маңдайлық,
angulus frontalis,
сына сүйекке қараған бұрышы 
сынасүйектік, 
angulus sphenoidalis, 
артқы- 
жоғарғы бұрышы 
шүйделік,
angulus occipitalis, 
ал самай сүйектің
емізіктәрізді бөлігіне бағытталған бұрышы 
емізіктәрізді бұрыш,
angulus
mastoideus
деп аталады. Шеке сүйек даму жолында дәнекертіндік және
меншікті сүйектік сатылардан өтеді, демек ол біріншіреттік (алғашқы) сүйек
болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет