Оқулықтарға сілтеме



бет1/4
Дата14.10.2023
өлшемі34,17 Kb.
#113748
түріОқулық
  1   2   3   4

2 ЖҰМЫС


ПОЛИМЕРДІҢ МОЛЕКУЛАЛЫҚ МАССАСЫН ТҰТҚЫРЛЫҚ ӘДІСІМЕН АНЫҚТАУ
Теориялық материал.
Полимерлердің молекулалық массасы. Молекулалық массаның түрлері. Молекулалық массаны анықтау әдістері. Молекулалық массалық таралу. Полимерлердің сұйытылған ерітінділері.

Оқулықтарға сілтеме.



  1. Ерғожин Е.Е., Құрманәлиев М.Қ. Жоғарымолекулалық қосылыстар. – Алматы: “Print-S” баспасы, 2008. 24-30, 277-286 беттер.

  2. Абдықалыкова Р.А., Рахметуллаева Р.К. Полимерлердің химиясы мен физикасы // Оқу құралы. Алматы, «Қазақ университеті», 2015. 11-14, 128-139 беттер.

  3. Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения. – Н. Новгород: Издательство Нижегородского государственного университета им. Н.И. Лобачевского, 2003. Стр. 34-40, 118-124.

  4. Зезин А.Б. Высокомолекулярные соединения: учебник и практикум для академического бакалавриата. – М.: Издательство “Юрайт”, 2016. Стр. 44-47, 79-87.

  5. Киреев В.В. Высокомолекулярные соединения: учебник для академического бакалавриата. – М.: Издательство “Юрайт”, 2015. Стр. 24-26, 126-144.

Тұтқырлық әдісімен анықталған полимердің молекулалық массасы орташа тұтқырлық молекулалық масса (Мη)деп аталады.


Полимердің сипаттамалық тұтқырлығының молекулалық массасымен байланыстылығы Марк-Кун-Хаувинктің теңдеуімен өрнектеледі:


[η]=К∙Мα

мұндағы К және α параметрлері еріткіштің сапасына және макромолекуланың конформациясына тәуелді болады.


Көбінесе α-константасы 0,5 пен 0,8 аралығында жатады. Тұтқырлық полимерлердің молекулалық массасын анықтаудың абсолютті әдісі емес. К мен α-ны анықтау үшін, басқа да дәлірек, атап айтқанда седиментация, сәуле шашырату т. б. әдістері қолданылады.
Полимерлердің орта салмақтық (Мw) және орта сандық (Мn) молекулалық массаларының қатынастары (Мw/Мn) олардың полидисперстілігін көрсетеді. Полимердің тұтқырлығын анықтау үшін, еріткіш (τ0) пен полимер ерітіндісінің (τ) капиллярлы вискозиметр түтікшесінен өту уақыттарын белгілі бір температурада анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет