Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу



Дата18.12.2023
өлшемі4,52 Mb.
#140482
Байланысты:
Гүлназ сабақ


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті
Ораз Гүлназ
Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Зейін және жады туралы түсінік
2.2 . Ойлау.Сөйлеу
3.Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жоспар :
.
Кіріспе
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға — мұғалім. Мұғалім балаларды білім нәрімен сусындатуда барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізуге қолайлы орта жасауға ұмтылады. Сабақта пайдаланатын стратегиялар мен тәсілдер тақырыпқа сай оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырылып іріктелу керек. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу бұл әр түрлі жастағы оқушылардың өзгерісті қалай қабылдайтынын анықтау.
Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу балалар дамуында оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты. Әртүрлі жастағы балаларда байқалатын метасана әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай болады.
Негізгі бөлім
Танымдық даму және жас ерекшеліктер баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда, танымдық дамуға, оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін , сөз дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы шеңберінде сипатталады. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып есте сақтау, зейін тұрақтылығы және жадыны жақсарту арқылы танымдық қабілеттерін арттыру.
Зейін
Зейін деп өзекті, тұлғалық
маңызды белгілерді таңдау,
бөліп алуды айтамыз.
Психикалық деңгейлердің
барлығын ұйымдастыруға
қатысқандықтан ес сияқты
зейін “өтпелі”деп аталынып
басты психикалық процестерге
жатады.
.
Зейіннің түрлері
Ырықты зейін деп –адамның белгілі
мақсатпен сапалы түрде күш жігер жұмсап, керекті объектіге назар аударуын айтамыз. Ырықты зейін тек адамға ғана тән. Зейінді ырықты түрде ұстауға, жұмыс орнының жағдайы, жеке адамның психологиялық күйі әсер етеді.
Ырықсыз зейін деп– адам мақсат
қоймай-ақ әсер еткен құбылыстарға
Назар аударуын айтамыз. Ырықсыз
зейіннің пайда болуына объективті
және субъективті факторлар әсер
етеді.
Үйреншікті зейін
деп – басында
ырықты болып,
кейін әркімге
табиғи сіңісіп
кеткен іс-әрекетке
зейіннің
аударылуы.
.
Жады — адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін зердесінде естелік ретінде ұзақ уақыт сақтап, қажет кезде қайта еске түсіру қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адам жадысындағы түрлі мазмұндар Естеліктер деп аталады. Адамның жады қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады.
Бір жасар бала көрген нәрсесін 1-2 апта ішінде сақтайды, үш жасар бала көргенін бір жылға дейін ұмытпайды. Бала есінің дамуына жүру, айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға талпыну, ойын әрекеті елеулі орын алады. Үш-төрт жасар баланың есте қалдыруындағы негізгі ерекшелік — жаттайтын материалдың сыртқы түрлеріне көңіл бөлетіндігі, естің нақтылы, бейнелі келетіндігі. Төрт жасқа дейін балада еріксіз ес күшті дамиды. Мәселен, бала өлеңді, қара сөзді, тақпақты қалай болса солай, тез жаттап алғанымен, оның мазмұнын түсінбейді. Бес жастан былай қарай балада естің жоғары түрлері көрінеді.
Қысқа мерзімді жады (жұмыс жадысы)
Аткинсон мен Шифрин (1968) қысқа мерзімді есте сақтау адамның жадында негізгі орын алатынын анықтады. Баддели мен Хитчтың (1974) кейінгі жұмыстарында ол Жұмыс жадысы деп аталады. Бұл термин статикалық сақтау емес динамикалық үдерістер жиынтығын әлдеқайда нақты сипаттайтындықтан, қазір кеңінен қолданылуда. Біз жұмыс жадысы арқылы санамызға ақпарат енгіземіз, сондықтан біз онымен жұмыс істей аламыз. Жұмыс жадысының өзіндік ерекшеліктерінің балалар жадысының даму жолдарын анықтайтын көптеген танымдық міндеттерді орындау қабілеті үшін маңызы зор.
Ұзақ мерзімді жады
Аткинсон мен Шифронның ұзақ мерзімді есте сақтау туралы бастапқы тұжырымдамасы пысықталып, кейінгі зерттеулерде дамытылды. Жалпы қабылданған қолданыстағы модельді Тулвинг (1895) ұсынды, ол ұзақ мерзімді жады үш айқын компоненттен: рәсімдік, эпизодтық және семантикалықжадыдан тұрады деп есептеген. Ұзақ мерзімді жадының осы үш түрі қайта жаңғыртудың түрлі тәсілдеріне байланысты және де әр түрлі білімді сақтайды.
Рәсімдік жады
Рәсімдік жады - әрекеттерді қалай орындау керек екендігі туралы, мысалы, қасықпен тамақ ішу, түйме тағу, секіру, велосипедпен жүру, қарындашпен жазу, доп лақтыру сияқты іс- қимылдар арқылы дамитын біздің білімімізді сақтайтын «қойма». Бұл іс-әрекеттерді қалай іске асыру керектігі туралы білім терең сақталады және оны саналы түрде тілмен жеткізу қиын.
Эпизодтық жады
Эпизодтық жады дегеніміз біздің тәжірибеміздің толық тізімі алғашқы болып сақталатын жүйе. Көзбен шолу аса маңызды болғанына қарамастан, эпизодтық жадыға басқа ақпараттар – сезім мүшелерінен келетін ақпараттар да кіреді. Бірақ, эпизодтық жады аясында бекітілген және «таңбалық» естеліктер шектеулі болуына қарамастан, ол адамның ұзақ мерзімді жадысының маңызды аспектісі болып табылады.
Семантикалық жады
Семантикалық жады - ұзақ мерзімді жадының ең соңғы және теңмәнді емес аспектісі, себебі біздің дамуымызда және сөйлеуімізде аса жиі көрінетін біздің символдар жасау қабілетімізге байланысты. Бұл біздің естеліктеріміздің бір бөлігі, онда біз эпизодтарды немесе оқиғаларды, біздің белгілі бір тәжірибемізден шығаратын ойларымызды, идеяларымызды, жалпы қағидаларды, қағидаттарды, тұжырымдамаларды есте сақтаймыз.
Мектепке бару балалардың логикалық есін дамытуда үлкен рол атқарады. Оқушылардың есін тәрбиелеуде мұғалім олардың жас және дара ерекшеліктерін қатты ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Төменгі сынып оқушылары оқу тәсілін өз бетімен тандап ала алмайтындықтан мүғалім үйге тапсырма бергенде материалды қалай оқу керектігін балаларға ұдайы ескертуі керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ баланың назары кейде бұған жөнді түсе қоймайды. Мұғалім мұны қатты ескергені жөн.
Есте сақтау түрелрінің 3 негізгі түрі:
    • Көріп есте сақтау қабілеті
    • Тыңдау есте сақтау қабілеті
    • Сезу арқылы есте сақтау қабілеті

Ойлау
Ойлау дегеніміз -сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызды жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау – бұл ерекше дәл,терең толық жалпы және жанама түрді шындықты бейнелеуге негізінен біздің түйсінуіміз бен
қабылдауымызға мүмкін болмайтын заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге бағытталған сананың қызметі.
Ойлау-дербес процесс. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі ,танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни психология детерменизм принципіне сүйене отырып, ойлаудың мәнін зерттейді,әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.
Ойлаудың негізгі үш түрі кездеседі : ұғым, пікір, ой қорытындысы.
Ұғым – бұл заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды қасиеттерін бейнелейтін ойлаудың түрі. Ұғым бір-бірімен байланысты зат туралы түсніктерден –оның қасиеттері,жағдайлары,байланыстарыжәне қатынастарынан тұрады. Әрбір зат,әртүрлі көптеген қасиеттерді,белгілерді иеленеді.Түсініктердің жиынтығы ұғымды ашып көрсетеді және осы ұғымның мазмұнын құрайды.Неғұрлым заттың маңызды белгіліері осы түсініктерде байқалса, соғұрлым мазмұны жағынан ұғым терең болады.
Екі түрлі ұғымның түрі кездеседі: заттық немесе нақтылы
Заттың нақтылы ұғымы дегеніміз- заттарға тұтас түрде қарау. Мысалы: адам,өсімдік,жануар т.б.Дерексіз немесе абстрактылы ұғым дегеніміз-ұғымдардың заттар мен құбылыстарға тұтас түрде қарамай, тек жеке
қасиеттерге,сапаларға және жағдайларға қатысты. Мысалы:адамгершілік туралы ұғым, ақша туралы ұғым т.б.
Ой қорытындысы- бұл тарихи қалыптасқан ойлаудың логикалық түрі, ол арқылы бір немесе бірнеше белгілі
пікірлерден жаңа пікір туады. Ой қорытындысы үшке бөлінеді: индукция, дедукция және ұқсастық (аналогия).
Индукция дегеніміз- бірнеше жалқы немесе жеке пікірлерден бір жалпы пікір жасау.
Дедукция- бұл жалпы пікірлерден, деректерден жеке пікірлерге,деректерге көшудің жалпы заңдылықтар мен
ережелерді білу негізінде жекелеген деректер мен құбылыстарды пайымдаудың тәсілі.
Аналогия-ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау
Сөйлеу
Сөйлеу - адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті.
Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске
асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына сай түрліше құрылады.
Төрт жасар балалар көп сұрақ қояды және «қайда?», «не?», «кім?», «неге?», «қашан?» (осындай тәртіппен жатталған) сияқты көптеген сұрақты пайдаланады. Олар бес сөзден тұратын сөйлемді пайдалана алады және олардың 1500 сөзден тұратын сөздік қоры бар. Бес жасар балалар бағыныңқы бөліктері бар алты сөзден сөйлем құрай алады және 2000 сөз пайдаланады. Бірінші сынып оқушылары 6000 сөзге дейін пайдаланады, ал ересектер 25 000 сөз пайдаланады және 50 000 сөз біледі.
5.Монолог
6.Диалог
Сөйлеудің түрлері
    • Ішкі сөйлеу

    • 2. Сыртқы сөйлеу

3.Жазбаша
4.Ауызша
Ішкі сөйлеу
Ауызша да, әсіресе жазба сөздің дайындығы сөйлеудің
іштей, адамның өзінен-өзі, күбірлеп айтып шығуы.
Сыртқы сөйлеу
Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша болады. Жазбаша
сөйлеуде тілдік қатынас мәтін арқылы жанама болады. Жазба
сөйлеудің, ауызшаға қарағанда, мазмұны жинақты келеді.
Сөйлеудің жазба түрі жазба белгілер (таңбалар) негізінде
орындалады. Қазіргі кездегі көп тілдердің дыбыстары
әріптермен өрнектеледі.
Жазбаша - естумен қабылданатын тілдік дыбыстардың,
көрумен танылатын әріптер мен адамның тілдік
әрекеттерінің күрделі байланысынан құралатын процесс.
Ауызша – біреудің дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз
(сөйлеу). Ауызша сөйлеуде кеңістік және уақытқа
байланысты біраз шектеулер болады. Әдетте,
әңгімелесушілер бірін бірі көріп тұрады немесе дауыс
жететіндей алшақтықта болуы мүмкін. Осы жағдайларға
орай сөйлеудің сипаты өзгеріске түседі.
Ауызша сөйлеу - диалогтық және монологтық түрде болады.
Монологтық сөйлеу ұзаққа созылады, ортаға қыстырма
сөздер қосылмайды, алдын ала көп дайындықты талап етеді.Әдетте бұл кең көлемді, күні бұрын ой желісіне салынып,қорытылған баян (мысалы, баяндама, шығып сөйлеулер, дәрісбаяндар (лекция) ж.т.б.).
Диалогтық сөйлеу әңгімелесушілердің өзара қысқа сөз алысуы,түзілетін сөйлемнің құрылымы толық болмауымен ерекшеленеді.
.
Қорытынды:
Оқушылардың оқу жұмыстарының қиыншылығы оқу материалының ерекшелігіне, оның ұғынуының, зейін қоюының, ой-өрісінінің жекедара ерекшеліктеріне және жас ерекшеліктерне байланысты екені мәлім. Сондықтан оқушылардың әрқайсысының жекедара ерекшеліктерін ескеріп, деңгейлік тапсырмалар берілу керек. Сыни тұрғыдан ойлауға арналған сұрақтарды жас ерекшеліктерін ескеріп дайындау абзал. Белгілі бір жастық кезеңге тән анатомиялық — физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым — қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Оқыту барысында әр оқушыны жан-жақты зерттей келе мұғалім осы өлшемдерге дәл келетін оқушыны тауып және де сол өлшемдерді өзгертуге, қолдануға болатын тиімді, әр қилы тапсырмалар қолдану керек екенін болашаққа міндет етіп алу керек.
Сапалы оқыту-мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалған кезде жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
    • 1.Биологиядан білім беру концепциясы және оқытудың инновациялық әдістемелері, Н.Т.Торманов, С.Т. Төлеуханов, Н.Т. АБылайханова, Б.И. Уршаева,2016 ж-281б.
    • Исаев Ғ.И., Халикова Г.С., Алпамысова Г.Б. Биологияны оқыту әдістемесі. Оқу құрал Шымкент 2017ж
    • Бегалиева Р.Н,Исаев Ғ.И,Ергубекова Ж.С, Оқытудың инновациялық аспектілері.

Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет