Оқушының аты-жөні: Тексерген мұғалімнің аты-жөні: Тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет1/4
Дата10.03.2023
өлшемі0,72 Mb.
#72863
  1   2   3   4
Байланысты:
7-сынып ТЖБ І нұсқа 3-тоқсан









Күні








Балы






Пайызы






Модерация



Бастапқы
балы

Соңғы
балы












_______ сыныбы


Оқушының аты-жөні: ________________________________________________________


Тексерген мұғалімнің аты-жөні: ______________________________________________


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
3-тоқсан
Қазақ тілі мен әдебиеті


Жалпы балы: 20



Оқушыға арналған нұсқаулық



  1. Тоқсандық жиынтық бағалау жұмысына 7 сыныпқа 40 минут, беріледі.

  2. Тоқсандық жиынтық бағалау жұмысын орындау барысында: сөйлесуге, көшіруге, басқалардан көмек сұрауға болмайды.

  3. Егер оқушыға жауап жазу үшін орын жеткіліксіз болған жағдайда тапсырмалар соңындағы бос орынды пайдалана алады. Тапсырма нөмірі анық жазылуы тиіс.

  4. Жұмыс барысында корректор қолдануға тыйым салынады.

Ескерту!
«Пікіріңді жаз», «пікіріңді білдір», «ойыңды жаз», «ойыңды білдір», «түсіндір», «анықта» деген тапсырмаларға жауап толық болуы тиіс.



Қазақ тілі мен әдебиеті”пәнінен
ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқылым
Мәтінді мұхият оқыңыз. Берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Төрт түлік
Төрт түлік – түйе, жылқы, сиыр және қой-ешкі малдары. Малдың шығу тегі туралы қызықты аңыз көп. Солардың біріне құлақ ассақ түйе – сордан (сортаң, ащы шөпке әуестігі, шөлге шыдамдылығы ескерілсе керек), жылқы – желден (желден жүйрік), сиыр – судан (сулы-нулы қонысқа үйір), қой – пейіштен (жуас, момын, шаруаға қолайлы), ешкі – тастан (тау-тасқа секірген жеңіл мінезді) жаратылған деседі.
Текті мал – киелі де. Халық аңызында төрт түлікті көлденең кесірден, ауру-кеселдерден сақтайтын, өсіп-өнуін желеп-жебейтін қамқоршы пірлері бар деп сенген. Олар: түйенің пірі – Ойсылқара, жылқының пірі – Қамбар ата (Жылқышы ата), сиырдың пірі – Зеңгі баба, қойдың пірі – Шопан ата, ешкінің пірі – Шекшек (Сексек) ата.
Сан ғасыр көшпенді дәуірде тұрмыс-тіршілігі тікелей мал шаруашылығына байланысты өткен қазақ халқы төрт түліктің сыр-сипатын, қадір-қасиетін жете біліп, ерекше қастерлеген, малды былапыт сөздер айтып балағаттамаған, теппеген, басынан ұрмаған, сылап-сипап баққан. Жаман ырымға жорып малды санатпаған. Түйені келеге, жылқыны үйірге, сиырды табынға, қой мен ешкіні отарға топтастырып, әр түліктің жалпы санын содан есептеп шығарған.
Төрт түлікті бағып-күту, шығынсыз өсіру оңай еместігін, малшының маңдай терін, қажырлы еңбегін, қиыншылықта төзімділік талап ететінін: «Сиыр бақтым- сидаң қақтым», «Ешкі бақтым – еңіреп бақтым», мәтелдері арқылы шаруа адамның зердесіне жеткізсе, байсалды, мақсатты еңбектің еш кетпейтінін: «Түйе бақтым – түйме тақтым», «Жылқы бақтым - жорғалаттым», «Қой бақтым – қоңырау тақтым» деп мәтелдеп түйген.
Қазақ халқы малды аса жоғары бағалаған. Түйені – байлық, салтанат, жылқыны – сәндік, мақтан, сиырды – ақтық, қанағат, қойды – қазына, мырзалық санаған. Бауыр еті балаларын құлшына сүйіп, өбектеген аналардың біздің халыққа тән жан тебірентер «Айналайынына» жалғастырып, төрт түлік төлдерінің атауымен «Ботам, құлыным, қозым, қошақаным» деп сүйсінуінде филисофиялық терең мағына жатса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет