Оқушының танымдық іс-әрекеті: Алгоритмдік шешімдер қабылдау,гипотеза ұсыну,шабыттану тапқырлық таныту



Дата25.11.2023
өлшемі37,33 Kb.
#127858
Байланысты:
Аяулым қмж (копия)


1-тапсырма
Өлең құрастыру
Оқушының танымдық іс-әрекеті: Алгоритмдік шешімдер қабылдау,гипотеза ұсыну,шабыттану.тапқырлық таныту

Тақырыбы:Е.Жүніс Менің атым-Тәуелсіздік


Идеясы:Тәуелсіздікке жету үшін қандай қиындвқтардан өткенімізді балаларға түсіндіру.
Шумақ саны:14
Тармақ саны: 30

Алып қорғанның құлағанын көрдім,


Небары алты жасымда,
Алып тұлғалар жылағанын көрдім,
Бастарын сүйеп ғасырға.
Алып таулардың шайқалғанын көрдім,
Алты жасымда соны ұқтым:
Алып сөздерді айта алғанын көрдім,
Ат төбеліндей халықтың.
Алып кітаптар торыққанын көрдім,
Сол сәтте-ақ одан безінгем,
Алып ойлардың қорыққанын көрдім,
Ең бір нәзік сезімнен.
Алып сағаттар тоқтағанын көрдім,
Өлшенді уақыт жаңадан,
Алып жүректер ақталарын көрдім,
Алты-ақ жасар баладан.
Алып құрлықтар теңселгенін көрдім,
Темір бұғаулар тозғасын,
Алып заңдардың кемсеңдеуін көрдім –
Империяның көз жасын!
Алып мұхиттар толқығанын көрдім,
Бір тамшы суға байланып,
Алып тәждердің балқығанын көрдім,
Елтаңбаларға айналып.
Алып мүсіндер қирағанын көрдім,
Сұлаған жаудай жебеден,
Алып саналар жиналарын көрдім,
Тұрғызу үшін жаңа әлем!
Құрыштардың да шірігенін көрдім,
Сен боса, болат, тас егіл!
Темір шымылдық түрілерін көрдім,
Сахнаға шықты жас өмір!
Алты жасымда!
Жылаған жоқпын,
сұраған жоқпын анамнан,
Сол күні жаңа әнұран айтып оралған,
Сол түні неге ұйықтамай маған бір аңыз айтып шыққанын
Ұл жайлы Күннен жаралған.
Түсінбесем де тыңдаймын,
Онсыз да оны жесірлік салған жасытқан еді мұң-қайғы...
Көзінің жасы сөйлеген түнді ұқпасам да,
Аңыз ұнаған
Жаралған Күннен Ұл жайлы!
Деген де шығар «бодандық жайлы білмесін»:
Сен түсін, дәуір, сонау бір қанды жыл кешір!
Тарихтан дәріс оқитын менің анашым орта мектепте
Ұлына бірақ айтпапты кісен, құлдық пен түрме бүргесін.
Ерлікті айтқан, үйретпеді ол ездікті,
Ұстатқан қалам, ұстатпады ол кездікті,
«Құлыным, сенің тарихың басқа» деген тек,
Ол, бəлкім, менен Сөз күтті!
Ал бүгін, енді, Тарихты өзім білемін,
Жолдарды сезем жонарқамменен мыңжылдар өткен ұлы елім.
Ұлылық жайлы ойлайды басқа,
Жап-жас шақ Ұлы қорғандардың күйреуін көрген жүрегім –
Алты-ақ жасында ақырын көрген алыптың! .
..Тәуелсіздік ше?
Ол – менің тегім, ұлдарыма оны дарыттым.
Тәуелсіздік – мен, ол – менің асқақ аңызым,
Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған, Жарық Күн!!!

Тәуелсіз байтақ-туған жерім,


Топырағы дауа өскен елім.
…………
………….

2 -тапсырма


Шығарманың мазмұнын өзгертіп әңгімелеу немесе оқиғаның соңын өз ойымен әңгімелеу
Оқушының танымдық іс-әрекеті: Шығарманы талдау жоспар құру
Тақырыбы: Сайын Мұратбеков.Жусан иісі


Сюжеті
I бөлім
Кішкентай Аян жастайынан шешесінен айырылып, әжесімен бірге бір ауылға көшіп келеді. Оны алғаш рет ауыл балалары ойнап жүргенде байқайды. Балалар Аянмен тез достасып, олардың арасындағы екінші атаман атанады. Ол ақкөңіл, ақылды, әрі мейірімді бала болатын. Өзі ешкімге тиіспейтін, момын болғанымен, бір күні Есікбай есімді ауыл баласы оған тиісіп, олардың арасында төбелес орын алады. Ал соңында Аян Есікбайды жеңеді. Туындының басты кейіпкері мектепте де өзінің зеректілігін келген күннен бастап көрсетеді. Ол ең бірінші хат танып, балаларға күші келгенше көмектескен. Бірде Аян өрісте мал қайырып жүріп тобығы тайып, одан кейін аяғы тайғыш болып қалды.
II бөлім
Бұл бөлімде Аянның әжесінен айырылғаны, оның ауыл балаларына күнде кешкісін айтатын ертегілері баяндалады. Әжесі қайтыс болғаннан кейін оны Бапай атты туысы асырап алады. Бірақ Бапай әйелімен бірге оған дұрыс күтім жасамайды. Әжесі өмірден кетсе де, баланың қамықпауы бәрін таң қалдырады. Балалар күнде оның ертегісін тыңдауды әдет қылған. Ауа райы суық болса да Аянның ертегісін тыңдау үшін жиналатын. Аян күн сайын жаңа ертегі ойлап тауып, күннің батқанын күтіп, бәріне айтып беретін. Оның ертегісінің қызық болғаны соншалық, ертегіні тыңдап отырған балалар өздерін ертегінің кейіпкері ретінде елестететін болған. Сонымен қатар, олар ержүрек жауынгерлер туралы ертегі тыңдап отырғанда соғыстағы аға-әкелерін естеріне түсіріп, оларды тауып алып, бірге соғысуды армандайды.
III бөлім
Аянның мінезі өте қызық еді. Бірде ол тұйық мінезді, ал бірде оны мүлде танымай қаласың. Ол көп ойындарға қызығып, араласа бермеуші еді. Бірақ осы кеште ол бәрін таң қалдырады. Оның шанасына қанат біткендей болады. Осыны көріп Сайын Мұратбеков онымен бірге шана тепкісі келеді. Ол үйде шанасын іздеп жатқанда, әжесі оны ұстап алып, төсегіне жатқызады. Осы кештен кейін Аян дағдылы шана тебетін болды. Ол балаларға ертегісін айтып, тәмәмдаған соң, біреуімізден шана сұрап, сырғанақта жападан жалғыз түнге дейін ойнайтын болды. Бір күні барлық ауыл балалары Аянның ертегісін тыңдауға жиналғанда, Аян көкесінің, өзінің киімінен жусанның иісі шығатынын айта бастады. Оның көңіл - күйі осы кеште керемет еді. Онан соң балалар Аянға шана беру кімнің кезегі жөнінде килігеді. Аян осы түні ерекше қызықты: бір көзді дәу туралы ертегісін бастайды. Барлық балалардың үрейлері ұшады. Сөйтіп отырғанда шөптің арғы жағынан өрт шығады. Балалардың барлығы қора үстінен секіріп, қаша жөнеледі. Ең соңында тайғыш аяғының кесірінен Аян қалып қойып, қора үстінен секіріп жатқанда аяғын ауыртып алады. Осы кезде ауыл бригадирі Тұржан келіп, Аянды соққыға жығады. Ауыл адамдары Тұржанға наразылық білдіреді. Осыдан кейін Аян аяғынан тұра алмай төсек тартып, жатып қалады. Біраз уақыт өткеннен кейін Аян жазыла бастайды, бірақ ол енді бұрынғыдай мүлде ойнамайтын болады.
IV бөлім
Бөлімнің басында, әжесі қайтыс болып, Бапайдың қолына түскен Аянға, оның досы келеді. Аян қуанып өз ертегісін бастайды. Оның ертегілері үнемі «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталушы еді. Бапай да, оның әжесі де олардың әңгімесіне құлақ салмайтын. Бірақ бусанған қарт рақаттана кекіріп қоятын да «Енелеріңді ұрайын, осы екеуінің-ақ сыбыр-күбірі бітпейді екен, ә. Қыз алып қашқалы ақылдасып жүргеннен саусыңдар ма-ей?!» деп әзілдейді. Бір күні балалар екіге бөлініп қар атқыласып ойнамақ болды. Бұл ойынға Аян да қатысқысы келген. Лезде жүгіре алмайтындығынан атаманның екеуі де оны алудан бас тартты. Бұған ашуланған Аян Асылбек шалдан тобығын салып беруді сұрайды. Асылбек шал баланың өтінішін орындайды. Бірақ, амал не, Аян мұнан кейін де тобығын тайдырып алады. Бұл – көктем кезі еді. Сонда Аян өгіз айдап өгізден домалап түскен кезде тобығы тағы тайды. Ал повест соңында, оған көкесінің соғыстан енді оралмайтындығы жайында қаралы хат келіп, Аян балалар үйіне жіберіледі. Ол халықпен қоштасып «Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын» деп ант беріп кетеді.

3-тапсырма


Кейіпкерге мінездеме беру
Оқушының танымдық іс-әрекеті: Кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау, оларға өз көзқарасы тұрғысында баға беру. жақсы мен жаманды ажырату. Сұлулық өлшемін анықтау.
Тақырыбы:Сайын.Мұратбеков.Жусан иісі



Аян

Есікбай

Бапай









4-тапсырма


Мәтін бойынша сурет салу
Оқушының танымдық іс-әрекеті: Образдың бейнесін жасау

Тақырыбы:С.Торайғыров.Шәкірт ойы


Қараңғы қазақ көгіне,


Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!
Еңбек, бейнет тарауы
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы
Надандық теңізі тартылар.
Орны отайып көгерер,
Қызығын жайлап ел көрер.
Тұрмыс, тағдыр - бірі де
Бұл мақсаттан бұра алмас;
Қаһарман, Рүстем, Әлі де
Бұрам деп жолда тұра алмас.
Сыланған жардың күлісі,
Алдандырмас бірісі.

5-тапсырма


Шығарманы сахналау
Оқушының танымдық іс-әрекеті:Мәнерлеп оқу. Пікірлесу.Елестету.
Тақырыбы:Б.Соқпақбаев.Менің атым Қожа

1-көрініс: Сахнада Қожа өз-өзімен сөйлесіп отыр


- Шын атым Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін мені "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына Жантас сияқтылар «Қара Көже» дейді. Фамилиям Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрдім. Шашым қайратты. Бойым - орта бойлы, әжем "әкең тәрізді сұңғақ боласың" дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасым он екіде. Бесінші сыныпты бітіргем. Арманым: оқу бітіріп, ер жету, университетке түсу, жазушы болу.
Сөйтіп отырғанда үй маңына бұзау келеді .Қожаның бар ойы бұзылып,бұзауды қуған боп «Жанар үй жағына барып қайтсам ба екен » - деп жүгіре жөнеледі.
2-көрініс: Қожа сыныптасы Жанар үйінің жанына келіп тұрып ойланып қалады
-Қожа : Бұл үйде Жанардың әжесінен бетер сескенетін тағы бір қорқынышым осы үйдің антұрған қабаған қара төбеті. Атты кісінің омырауына шапшитын жауыз төбет. Ол бос болса, үй маңынан тірі жанды қия бастырып өткізбейді.
Жоқ,қара төбет байлаулы екен. Арғы көше жақтан келген біреуге арс-арс үріп, жұлқынып тұр.
Осы кезде үйден Жанар жүгіріп шығып:
- Ақтөс, жат! Бар орныңа!- деп, зеки бастады.
Қақпаның ар жағынан әйел даусы естілді: (Аимира)
- Жанаржан, әжеңүйдеме?
- Жанар: ӘжембағанатауықфермадағыСүйінбайатамдікінекетіпеді. Әлікелгенжоқ.
- Қожа: Жанар!
- деп дауыстадым, ол жүгіре басып,
бері қайтып келе жатқанда. Үнім бейне бір шошыған немесе аяқ астынан ғажайып бір қымбат зат тауып алған адамдай жарқын шығып кетті.
Селкетіп, тоқтай қалды Жанар. (Үй маңдайшасына электр шам орнатылғандықтан есік алды сүттей жарық еді.) Дауыстың қайдан шыққанын тұспалдай алмай, төңірегіне жалтақ-жалтақ қарап барып, көрді мені.
- Қожа: Сәлем Жанар.
Жанардыңтаңданғанжүзідереукүлімсіреді. Қасымажүгіріпкеліп, ағашшарбақтыңүшкілбасынанұстапбетпе-бет тұрақалды.
- Жанар Сәлеметпе Қожа. Неғыпжүрсің?
- Қожа Сенде кітап бар ма?.
- Жанар: Қандай?
- Қожа : Әгі «Үш мушкитер»
- Жанар: Жоқ.
- Қожа :Тауып берейін бе?
- Жанар: Жоқ.Қожа, менің әжем үйде жоқ. Жүр, дойбы ойнайық.
Өзегімді нұрлы сезім жарып өтіп, қолтығыма қанат біткендей болды, қаншаға пәрменіммен секіріп шықтым да, ар жағына топ ете түстім. Сол кезде шынжырын сыл-дыратып,қара төбет те арсылдап, тұра ұмтылды. Иттен қорыққансып, Жанардың білегінен қысып ұстап, жабыса түстім. Ит есік алдына жете алмастай етіп байланған екен.
Екеуіміз иық түйістіре жүгірген бойда үйге кіріпкеттік.
- Жанар: Сен дойбыны жақсы ойнаймысың?

- Қожа : Жоқ, онша емес.


- Жанар: Байыдың, байыдың
- Қожа : Қазір ұтамын.
- Жанар: Ұтпасаң не боласың?
- Қожа : Не бол десең, со болайын.
- Жанар: Дүниежүзіндегібарыптұрғанмақтаншақтыңөзіболамысың?
- Қожа : Жарайды.
- Жанар: Ура! Ұтылдың! МақтаншақҚожа. Мен ендісенібұданбылаймақтаншақҚожадепатаймын.
- Қожа : Тоқта, қалай... қалайбопкетті?
- Жанар: Міне, былай... Сен меніңмынапешкамдыжедіңбе?
Жедің. Онансоң мен былайжеп, бигешықтым. Оданкейінмінебылай... былай... былайжедім. Әй, мақтаншақҚожа. Ұтамындепмақтаныпедің.
- Қожа : Тоқта. Менің әлі де бір биім бар ғой.
- Жанар: Оныңқолынан не келеді?
- Қожа : Көрерміз. Сен әлі ұтқан жоқсың. Жүріскезегі менікіме?
- Жанар: О, қорқақ!.-Састың ба, бәлем. Сонан соң қайда барар екенсің.
- Қожа : Жан-жағымның бәрі қатер, қайда барушы едім. Ұзын жолдан қия бассам, мерт кететінім сөзсіз. Сондықтан тақтайдың ол
шетінен бұ шетіне ілгері-кейін сырғанап, жүрем де отырам.
- Жанар: Бұның ойын емес, шық ұзын жолдан.
- Қожа : Өз еркім. Шыққым келсе, шығам, шыққым келмесе,
шықпаймын.
- Жанар: Жоқ, шық ұзын жолдан.
- Қожа : Шықпаймын.
- Жанар: Ендеше сен жеңілдің.
- Қожа : Жоқ, жеңілгем жоқ.
- Жанар: Жеңілдің.
- Қожа : Жеңілгем жоқ.
- Жанар: Жеңілдің.Бұдан былай мен сені мақтаншақҚожа деп атаймын. Ойнамаймынсенімен
- Қожа : Ойнамасаң қой
- Жанар: Әжем келді ғой деймін
- Жанардың әжесі Ой шыбыным, жалғызотырмысың?
мына бала Қожама?
- Жанар: Иә
- Жанардың әжесі Бұл неғып жүр мұнда?
- Жанар: Екеуіміз дойбы ойнап отырдық.
- Жанардың әжесі Балам, бар үйіңе,- Жанаржан,ит қауып алмасын, шығарып жіберші.
- Қожа : Сау болыңыздар.
Жүгіріп келем шарбаққа қарай. Секірдім... Қойсаңдаршы, адамды қырсық шалайын десеоп-оңай ғой. Осы арада ойламаған жерден масқараға ұшырап, абыройым айрандайтөгілді де қалды. Не болды дейсіңдер ғой. Бір балағым сырғауылдың үшкіл басынаілініп қалып, созылған күйде ұзынымнан түспесім бар ма. Оңбай жығылдым. Бірақөлімнен ұят күшті деген емес пе,жалма-жан тез түрегелдім де, алды-артыма қарамастан зытып отырдым.Жанармен әжесі қарқылдап күліп қала берді.
3-көрініс:Қожа Жанар үйінен қайтып келе жатқанда, мектептің қасында Жантас ұшыраса кетті. Қолында мөр басылған бір жапырақ жазулы қағазы бар. Соны шертіп-шертіп қойып:
- Жантас: Сәлем еңбек еріне!-Қара көже, мынаның не екенің білесің бе?- дейді.
- Қожа: Ол не?
-  Жантас:Лагерьге жолдама. Біз лагерьге баратын болдық. Ал, сен көшедегі иттердітәртіпке салуға ауылда қалатын болдың.
Тілінің қыршаңқылығы үшін Жантасты мытып алғым келіп бір тұрдым да, әуелі жолдама жайынтиянақтамақшы болдым.
- Қожа:Онысағанкімберді?
- Жантас: Кімберушіеді. Майқанова апай берді.Бірақ сен жоқсыңтізімде.
- Қожа:"Негежоқпын?" Майқанова апай қайда екен?
- Жантас: Мектепте 
- Қожа:Бұдан былай біреуді келемеждеп сөйлеудің қандай екенін білетін боласың мә саған 
Жантасты мұрынға сырт еткізіп бір ұрып , жүгіре жөнеледі.
Сол бойда екпіндеген қалпыммен мұғалімдер бөлмесіне алқынып кіріп барып.
Майқанова бірдеңе жазып, жалғыз отыр екен, маған басын көтеріп алып, таңырқаған кейіппен қарайды:
- Майқанова Не болды? Не болды, Қадыров?
- - Қожа:" Лагерьгежолдамаберіңізшімаған.
- МайқановаСаған бұл жолы жолдама берілмейді.Екінші кезекте барасың.
- - Қожа:" Неге?
- МайқановаНеге болушыеді: барлық оқушыға бірден
жетіспейді. Ал екіншіден, ең әуелі біз лагерьге үлгілі, тәртіпті оқушыларды
жібереміз.
- - Қожа:" Жантаснемене... менен артық болғаны ма?
- МайқановаСен немене? Мені тергегелі тұрсың ба?
- - Қожа:" Бермесеңіз, қойыңыз,- деп, жалт бұрылып,
ашуланып жүгіре жөнеледі.
- Қожа Осындай әділетсіздікке қаның қалай ғана қайнамайды. Жантас, біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу,
(сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш, өзі тақтаға шыққанда көрінгенге құлақтүргіш Жантас үлгілі оқушы болғаны да, мен үлгісіз болғаным. Менің сабақа үлгеруім одан көш ілгері екені, екпінділігім ешқандай есеп емес.
Соңынан ілесе айқайлап Майқанова:
- Майқанова: Қадыров! Бері кел.
Менбұрылып та қарамадым.
- Майқанова: Қадыров!
Турникке сүйеніп, жылмия қарап Жантас тұр.
Зығырданым одан бетер қайнап кетті. М -

- Жантас: Қара көже Немене, жолдама алдың ба?


- Қожа: Алдым
- Жантас: Кәне, көрсетші?
- Қожа: Міне.( Сартеткізіп танаудан бір ұрады.)
- Жантас: Майқанова апайға айтамын.(жалап кетіп қалады)
4-көрініс:Өзен жағасында ренжіп отырған Қожаға Сұлтан кезігеді
-Сұлтан:Чао бамбино
- Қожа: Чао. Қарай гөр су жаңа ғой қайдан алдың? 
-Сұлтан:Генералскии
- Қожа: Сіресіп киініп алыпсың, қайдан жүрсің?
-Сұлтан:Әлемдегі ең биік таудан.
- Қожа: Шешін шомылайық
-Сұлтан:Ей мына лай суға ма,мен тамаша жер таптым міне,ал балығы бар ғой мынадай
- Қожа: Ол қай жерде?
-Сұлтан:Ескі дирменнен әрі тоғайда
- Қожа: Ой алыс қой
-Сұлтан:Жаяу деп ойлайсың ба,сен Сұлтанды білмейді екенсің.
- Қожа: Тарттық онда.
5-көрініс.Таң ата үйіне қалжырап қайтқан Қожаны әжесі сөйлей қарсы алады.
-Әжесі: Қайда жүрсің шешең болса уайымдам аурып жатыр. Әйтеуір бірдеңе бүлдірмесең жүре алмайсың анау Сұлтанға ерме деп қанша рет айттым болмайсың құлыным-ау.
- Қожа: Ендігәрі тыныш жүремін.Апа мені ешкім мазаламасын,мен ертеңгі сабаққа дайындаламын.
-Әжесі: Құлыным сол.Әкесіне тартқан еш айнымайды.
- Қожа: -Қадыров Қожаның жеке бас құпия кеңесі ашық деп жариялаймын.Күн тәртібінде бір-ақ мәселе:тәртіпті үлгілі оқушы болуым үшін мен бұдан былай не істеуім керек?
-Ал сөйле батырым?! -Түрегел. -Отыр.
-Әжесі: Неге шақырдың Қожатай?
- Қожа: Сізге емес..... Жайша.Мұнда құпия кеңес өтіп жатыр.Бөгет жасамаңыз.
-Әжесі: Кеңесі несі тағы.
- Қожа: Кеңес дегеннің не екенін түсінбейсіз бе?Жиналыс, жиналыс өтіп жатыр.
-Әжесі: Әкем-ау ,мынау не айтады?Жиналысы несі?Айнаны алдыңа неге қойдың?
- Қожа: Ту,жарықтық-ай! Өзіңізге тиісті емес нәрседе не шаруаңыз бар?Мен құпия кеңес өткізіп жатырмын.Сізге қатысуға болмайды.
-Әжесі: Қожатай шыбыным ...Сен бисмилла деші . Бисмилла дешішыбыным..Түнде де ұйықтап жатып ,жиналыс ашық ,талқылаймын деп,бірдеңелерді айтып шығып едің,шошымалданып жүрсің –ау деймінБисмилла деші.
- Қожа:Бисмилла.Бисмилла.Бисмилла.Болды ма?Жоқ тағы айтайын ба?
-Әжесі: Шыбынымжалғыздан- жалғыз отырып жиналыс өткізе ме екен?Түн болса сарылып көп оқисың.Осы сенің ұйқың қанбай жүр ғой деймін?
- Қожа:Айналайын әжетай ,барыңызшы ! Бөгет жасамаңызшы!

6- тапсырма


Реферат,баяндама,шығарма жазу
Оқушының танымдық іс әрекеті: Қажетті әдебиеттерді іріктеу. Жоспар құру. Материалдар іздестіру және оны орналастыру
Тақырыбы:Шәкәрім Құдайбердіұлы.Жастарға


Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла, зорлықсыз мал табалық.
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік
Бір білімді данышпан жан табалық.

Ал, енді, олай болса, кімді алалық?
Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?
Шын іздесек, табармыз шыны ғалым,
Күнде күйлей бермелік бозбалалық.

Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
Жалыналық Абайға, жүр, баралық!

Білімді сол кісіден ізденелік!
«Әдейі іздеп біз келдік сізге» делік.
«Өмір зая болмастық өнер үйрет,
Ақылыңды аяма бізге» делік.

«Көп қуға көзіңізді сүзбе» делік!
«Ұқпас деп бізден үміт үзбе» делік!
«Залымдар заң үйретіп адастырды,
Бізді сал жөнделерлік ізге» делік!

Тапқан іске таласпай, шын көнелік!
Жұртқа күлкі болмалық, жөнделелік!
Арамдықпен, алдаумен күн өткізбей,
Өтірікке өлгенше, шынға өлелік!

Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,
Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан.
Тегін білсең –аласың, бос береді,
Тұстасынан ешкім жоқ мұны тапқан.

Құрбыласы қулық пен айла баққан,
Олардан алдамшы деп көңлі қайтқан.
Енді бізге ақылын көрсетіп тұр,
Алушы жоқ па екен деп жастар жақтан.

Алмасақ үміт үзер тағы жастан,
Өлсек те, ұмтылалық осы бастан.
Өткізе алмай, еліне қайтса көшіп,
Қаламыз асыл түгіл ине алмастан.

Қой, ойлалық шатылып, шатаспастан,
Оңамыз ба Абайдан бата алмастан?
Асыл алсақ, асылын аямайды,
Келді ғой өз еліне сата алмастан.

Өлең жолдарын оқып,түсініп “Жастарға”өлеңінің Абай Құнанбайұлына байланысы туралы шығарма жазу


7-тапсырма


Сыныптан тыс оқыған шығармалары туралы хабарлама жасау
Оқушының танымдық іс-әрекеті: Шығарманы талдау. Тұжырымдау қорытынды жасау. Негізгіні, қажеттіні бөліп алу.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет