«Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының



бет1/3
Дата07.08.2023
өлшемі61,43 Kb.
#105084
  1   2   3

Жалпы орта білім беретін Совхоз мектеп-балабақшасы

2017 – 2018 оқу жылының


18 қыркүйек – 22 қыркүйек аралығында жоспарланған
«Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте»
қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының




Жауапты қазақ тілі мен әдебиеті


пәнінің мұғалімдері
Г.Ж.Сагатова
К.С.Қошқарбаева


2017 – 2018 оқу жылы


2017 – 2018 оқу жылының 18 қыркүйек пен 22 қыркүйек аралығына жоспарланған «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты
Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілі туралы мәлімет беру, шәкірттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, балаларды ана тілін сүйіп, құрметтеуге баулу.
І . Алғы сөз. Қайырлы күн, қымбатты оқушылар, құрметті ұстаздар!
«Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер! Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі- оның бақыты, тірегі. Баршаңыз да білесіздер 1989 жылы «Республикадағы қазақ тілінің жайы» туралы қаулы қабылданды. 1989 жылы қыркүйектің 22-і күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер» Заң қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Кейін 1993 жылы қаңтардың 28-і күні бұл статус Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында тұрақталып, Тіл туралы Заңы 1997 жылы шілденің 11- і күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заңның 4-бабында қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі екендігі жазылған.Осыған байланысты 22 қыркүйек Тілдер күніне орай
мектебімізде «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбындағы тілдер апталығы өткізілмекші.
ІІ. Әдеби монтаж

  1. Нарша Қашағанұлы «Ана тілі» . 8-сынып оқушысы Төлегенова Аймекен

Ата-баба аманаты тіл деген,
Нағыз надан дәл осыны білмеген.
Түкіргенді суын ішкен құдыққа,
Түсінбеймін, түсінбеймін мүлде мен!
 Өз тіліңді сыйласаң-ол мінің бе?
Өзге тілде сөйлеу әлде білім бе?
Қорынбай-ақ, қорықпай-ақ, қазағым,
Амандасып жүрсеңші ана тіліңде.
 Ана тілің – бас байлығың, ырысың,
Тілің тірі болса ғана тірісің.
Ата-баба аманатын ұмытып,
Атқа мініп, шен алғаның құрысын.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет