Өзіңдік жұмыс тапсырмалары Категория аты



Дата24.04.2023
өлшемі17,82 Kb.
#86228

Өзіңдік жұмыс тапсырмалары


Категория аты

Анықтамасы, мазмұны

1.Педагогикалық конфликт.

2. Педагогикалық этика.


3. Педагогикалық этиканың негізгі категориялары


4. Педагогикалық мәдениет

5. Педагогтың жеке бас (тұлғалық) мәдениеті


6. Педагогикалық шеберліктің қалыптасуына қандай факторлар әср етеді

1.Педагогикалық конфликт динамикалы түрде өтетін құбылыс болғандықтан оның дамуының кезеңдері де болады. Педагогикалық конфликтінің кезеңдері: 1) қарама-қайшылықтардың пайда болуы; 2) оларды сезіну; 3) шиеленісуі; 4) шешу жолдарын іздестіру; 5) конфликтінің шешілуі. Мұғалім үшін конфликтінің алғашқы белгілерін біліп, содан бастап оны шешуге тырысу маңызды болады. Бұл өте маңызды кезең, ол конфликтілі ситуацияның нағыз конфликтіге айналуына ықпал ететін, немесе жылдам шешілуіне әсер ететін кезең. Мұғалім конфликтінің аталған кезеңдерінің ерекшеліктерін біліп, оны тиімді басқаруға ұмтылуы тиіс. 2.этика ғылымының өзіндік тарауы болып табылады және педагогикалық мораль ерекшелігін зерттейді, педагогикалық еңбек саласындағы жалпы адамгершілік ұстанымдарының жүзеге асыру өзгешелігін анықтайды, оның функцясын, этикалық санат мазмұны принциптерінің өзгешелігін ашып көрсетеді. 3.Педагогикалық этика педагогикалық моральдың қызметін, принциптерін, мазмұнын, ерекшеліктерін қарастырады, педагогтың адамгершілік іс-әрекетін, мінез-құлқын негізге алады. Ол педагогикалық этикет негіздерін даярлайды, оның аясына адамдардың, өскелең ұрпақ тәрбиесімен кәсіби тұрғыда айналысып отырған барлық жандардың дұрыс қарым-қатынасының ережелері, қағидалары енеді.
Педагог педагогикалық мәдениетпен кем дегенде үш жолмен әрекеттеседі: біріншіден, ол әлеуметтік-педагогикалық әсер ету объектісі ретінде әрекет ете отырып, педагогикалық қызмет мәдениетін бойына сіңіргенде; екіншіден, ол педагогикалық құндылықтарды тасымалдаушы және аудармашы ретінде белгілі бір мәдени-педагогикалық ортада өмір сүріп, әрекет етеді; үшіншіден, педагогикалық шығармашылықтың субъектісі ретінде кәсіби-педагогикалық мәдениетті қалыптастырады және дамытады.
Мұғалім мәдениеті – жеке тұлғаның мәдениеті.
Адамның, әсіресе ересек адамның мәдениеті көп қырлы және «мәдениет» деген жалпыға бірдей танылған бірде-бір ұғым жоқ (отандық және шетелдік дереккөздердегі сәйкес анықтамалар саны жүздеген). 
6. Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу – тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады. Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап, жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді:
— педагогикалық іс — әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;
— педагогикалық кәсіби білгірлігі;
— педагогикалық іс- әрекеттеке бейімділігі;
— педагогикалық техникасы.
Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет