Тренинг «Жеткіншектердің қарым-қатынас дағдыларын дамыту»



Дата21.04.2023
өлшемі18,27 Kb.
#85260
Байланысты:
Анықтама 7сынып-1


Тренинг
«Жеткіншектердің қарым-қатынас дағдыларын дамыту »
(7 сынып оқушыларына арналған)

7 сынып оқушыларымен жүргізілген «Жеткіншектердің қарым-қатынас дағдыларын дамыту» тренингінің анықтамасы




Күні:
Қатысушылар:7 сынып оқушылары
Мақсаты: оқушыларды қарым – қатынас жасауға дағдыландыру және дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыру, олардың бір – бірін түсіністікке, достық, жолдастық қарым – қатынасының қалыптасуына әсер ету.
Тренинг барысында ойын,жаттығулар арқылы қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге, тыңдай білуге, өз ойын білдіре алуға, өзге адамдармен қарым-қатынас орнатуға байланысты жұмыстар жүргізілді.
Жүргізілген тренингтер:
1.«Таныстыру» жаттығуы. Оқушылар дөңгелене отырып, сағат тілі бойынша, кезек-кезек әр қатысушы өз атын және өзінің нақты хоббиін, сүйікті ісін (неге қызығатынын, қабілеті неге икемді екендігін және т.б. айтуға болады) айттып жалғаса береді.Жаттығу сыныптастары туралы мәліметтер алып,бірін-бірі тануына ықпал етті.
2. «Мен сізге жазамын ...» ойыны. Әр оқушы хат алып,өз парақтарының оң жақ төменгі бұрышына аты-жөндерін жазып, оң жақта отырған көршілері берді. Көршілері өзінің қағазын өзінен кейінгі отырған ойыншыға берді. Қалғандары да сағат тілімен бір-біріне беріп отырды.Көршілерінің аты жазылған параққа бірнеше сөз арнады.Оқушының аты мен фамилиясы жазылған өз парақтары өздеріне қайтып келгенше ойын осылай жалғаса берді. Бұл хат қатысушының бәрін айналып шықты және әркім бұрын айтқысы келіп жүргенін жазды. Ойын соңында әрқайсысы өздері жайлы жазылған парақты оқыды.Осы хаттың нәтижесінде барлық оқушылар бір-біріне деген жақсы эмоцияларымен алмасты және бірін-бірі туралы жақсы пікір қалыптастырды.
3. «Серіктесе отырып сурет салу» ойыны.Балалар екіден бөлініп үстел басына отырды. Үстел үстінде тік сызықпен екі бөлікке бөлінген альбом парағына әр бала серігі жағындағы бөлікке еркін тақырыпта сурет сала бастады.
Нәтижесінде оқушылар қарым-қатынас жасау қабілетін дамытып ған қоймай,сыныптастары жайлы жақсы ой,пікір қалыптастырды.
Ұсыныс:

  1. Оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын әрі қарай дамыту және көбірек жұмыстар жүргізу.

Педагог-психолог Жунусова Г.
Олжабай Қ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет