“Электронды
қ үкімет
дегеніміз не?
Орында
ған: Сексенбай Айтолсын
ЖМА-012
Өзіңіз мінсіз деп білетін қоғамды елестетуге тырысыңыз.
Мықты денсаулық, жақсы жұмыс, қамсыз тірлік, өмір сүруге
қолайлы жағдайлар - бұл тізім ұзыннан-ұзақ жалғасуға бар
жəне жеке басымдықтарға байланысты қажетті аспектілермен
толықтырылуы да мүмкін. Əйтсе де, мұндай қоғамның
ажырамас бөлшегі мемлекет болып табылады.
Азаматтарының қамын ойлайтын мемлекет. Əрбір азаматтың
əлеуетін мейлінше жүзеге асыруға мүмкіндік тудыратын
мемлекет. Азаматтардың заңды құқығының қорғалуы мен
сақталуына кепілдік беретін мемлекет. Азаматтардың
мұқтаждығы мен қажеттіліктеріне бағдарланған мемлекет.
Арадағы өзара əрекеттестік қарапайым, ұғынықты жəне
қолжетімді болатын, адамдар үшін құрылған мемлекет.
Қазақстандағы ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың дамуы кем дегенде
соңғы екі пікірдің жүзеге асуына кепілдік бере алады. Дəл осы азаматтар мен
мемлекеттің өзара əрекеттестігін ыңғайлы, қарапайым, қолжетімді жəне түсінікті
ету үшін электрондық үкімет тұжырымдамасы əзірленді.
«Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары «электрондық үкіметті» құрудың
мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004
жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығы «электрондық үкіметтің» порталын құруға
негіз болды.
«Ұлттық Ақпараттық Технологиялар»АҚ
«электрондық үкіметтің» порталын
басқару мен сүйемелдеуге тікелей қатысады. «Электрондық үкіметтің»
порталы 2006 жылдан бастап жұмыс істейді.
Электрондық үкімет құру ісі билік органдарының жұмысын анағұрлым тиімді,
азаматтарға қолжетімді ету үшін қажет болды. Бұрындары əрбір мемлекеттік
орган өз бетінше «оқшау өмір сүріп», басқаларымен байланысқа түсе
қоймайтын, ал азаматтардың алуан түрлі анықтама, растама секілді өзге де
қағаздарды жинау үшін толып жатқан инстанциялардан өтуіне тура келетін.
Осының барлығы бір ғана қызмет түрін пайдалану үшін толып жатқан
мекемелер табалдырығын тоздыруға мəжбүрлейтін. Бүгінде электрондық
үкімет жобаларының арқасында ол заман келмеске кетті.
Электрондық үкімет – ақпараттық технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті
қамтамасыз ететін, мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, мемлекеттік
органдардың өзара əрекеттестігінің бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға
кезекті қысқартып, анықтама, куəлік, рұқсат құжаттарын жəне тағы басқаларын
алуды жеңілдетуге əрі жылдамдатуға мүмкіндік берген де дəл осы механизм.
Басқаша айтқанда, электрондық үкімет деп лицензияны рəсімдеу үшін
ЖСН
ғана керек
болатын (басқа ақпараттың бəрі дағдылы сұранымдар арқылы
алынады), коммуналдық қызмет ақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде
төлеуге болатын, анықтама алу үшін
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясы» КЕАҚ-қа
жеке куəлік қана талап етілетін, бизнесіңізді өз бетіңізше
тіркеуге, немесе
электрондық үкімет порталында
небəрі 10-15 минут ішінде анықтама
алуға, күн-түн демей, кез келген уақытта
баланың балабақшаға кезегін көруге
.
Қазақстан Республикасында электрондық
үкімет қалай дамуда
Электрондық үкімет құру идеясы Елбасымызға тиесілі, əрі алғаш рет он төрт жыл бұрын
ауызға алынған болатын. Осы уақыт ішінде электрондық үкіметіміз қалыптасуы мен
дамуының іргелі төрт кезеңінен өтті. Ол кезеңдердің қай-қайсысы болса да
қазақстандықтардың мемлекетпен өзара əрекеттестігіне көмегін тигізгені сөзсіз.
1. Олардың алғашқысы – ақпараттық кезең. Дəл осы кезеңде электрондық үкімет
порталы іске қосылып, ақпаратпен толтырылды. Мемлекеттік органдар, олардың
жұмысы мен халыққа көрсететін қызметтері жайлы ақпараттар пайда болды. Оған
қоса, қызмет көрсетудің реттемесі келтіріліп, танысу үшін нормативтік-құқықтық
актілер ілінді.
2. Екіншісі - интерактивті кезең, порталда электрондық қызметтерді тұңғыш рет
ұсынуымен есте қалды. Аталмыш кезең барысында порталды пайдаланушылар түрлі
мекемелерден кезекке тұруға уақыт жұмсамай-ақ анықтама алу, үйден шықпай-ақ кез
келген мемлекеттік органға сұраныс жіберіп, оның мəртебесін қадағалап
отыру мүмкіндіктеріне ие болды. Электрондық үкімет порталына интерактивті
қызметтерді енгізу құжаттарды жинауға кететін уақытты үнемдеуге едəуір көмектесті.
Дəл осы кезеңде мекемелік ақпараттық жүйелер, мемлекеттік деректер
қоры, электронды түрде лицензиялау, жəне электрондық үкімет шлюзі
енгізілді.
Бұл кезеңде əрбір қазақстандық
порталдан қажетті құжаттар тізімі,
мемлекеттік баж салығының мөлшері,
өзі жүгінгелі отырған мемлекеттік
органның байланыс мəліметтері
секілді барлық қажетті ақпараттарын
ала алатын. Алғашқы кезеңнің өзінде-
ақ, қажетті ақпараттың толық
көлемінің арқасында инстанцияларға
жүгірушілер саны əжептəуір азайды.
Электрондық үкімет дамуының үшінші
кезеңі – транзакциялық кезең. Бұл
кезеңде азаматтар
мемлекеттік баж
салығын,
алымдар, айыппұлдар жəне
коммуналдық қызмет ақыларын төлеуге
мүмкіндік алды. Егер де осыған дейін
қызмет ақысын төлеу үшін банкке бару
керек болса, енді онлайн жүйесінде
қызметті пайдалануға да, оның ақысын
төлеуге де болады.
Электрондық үкімет дамуының бүгінгі,
төртінші кезеңі – түрлендірмелі кезең.
Бұдан былайғы басты мақсат -
азаматтарға қызмет көрсетудің
мейлінше жылдамдығы. Дəл осы
мақсатқа қол жеткізу үшін интерактивтік
жəне транзакциялық қызметтер
қазақстандықтар үшін айрықша
маңызға ие кешенді қызмет түрлеріне
біріктірілуде. Жыл басынан бері
азаматтар 15 минут ішінде
заңды
тұлғаны тіркеу
,
жеке куəлік
, төлқұжат
немесе
жүргізуші куəлігін
алу
мүмкіндігіне ие болды. Əлеуметтік
маңызды қызметтерге айрықша көңіл
бөлінеді, міне сондықтан да олардың
барлығы электронды үлгіге
ауыстырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |