Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет1/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)



1
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ 
Арабшадан аударып, құрастырғандар: 
А.Кадыров, Қ.Спатай 


2
 
 
УДК 28 
ББК 86.38 
П-12 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДІН ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ 
ДІНТАНУ САРАПТАМАСЫНАН
ОҢ ҚОРТЫНДЫ БЕРІЛГЕН 
ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ 
БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРАПТАУ
КОМИССИЯСЫ МАҚҰЛДАҒАН 
П-12 
«Пайғамбарлар 
қиссасы»/ 
Құраст. 
А.Қадыров, 
Ж.Жакипов, Қ.Спатай. – Алматы: «Кәусар-саяхат» ЖШС, 2013. 
ISBN 978-601-7016-47-0 
Имам Ибн Кәсирдің еңбектерінің негізінде жазылған бұл 
кітапта өз үмбеттеріне Аллаһтың тура жолын жеткізген 
пайғамбарлардың өмірбаяны қамтылған. Аллаһтың таңдауы 
түскен бұл пайғамбарлар адамзатқа өздерінің көркем мінез-
құлықтарымен, адал да пәк ниеттерімен үлгі болған. Кітапта 
олардың өнегелі өмірі жан-жақты баяндалған. Еңбек қалың 
көпшілікке және діни тағылым алушы шәкірттерге арналған. 
УДК 28 
ББК 86.38 
ISBN 978-601-7016-47-0 
© «Кәусар-саяхат» ЖШС, 2013. 


3
 
 
ПІКІР 
Адамзат өмірінде елеулі орын алатын жалпыға ортақ, мәңгілік 
рухани құндылықтардың бірі – дін. Дүние жүзінде христиан
будда, иудей және мұсылман діндері ең басты сенім ұстындары 
болып табылады. Бұлардың ішінде Жер шары халықтарының 
бестен бірі тұтынатын Ислам дінінің орны ерекше. 
Қазақ даласында Ислам дінінің тамырын терең жаюында діни 
шығармалардың рөлі ерекше болды. Себебі Ислам дінінің 
нығаюы үшін күрес әрекеттері соңғы ғасырларда екі түрлі 
жолмен іске асып отырды: яғни бірінші әдіс Ислам дінін 
таратушылардың іс жүзіндегі (мешіт, медресе) үгіт-насихат 
жүргізуі арқылы жүзеге асса, екіншісі – ақынжанды дала 
тұрғындарының жан-жүрегіне жыр сөздерімен (діни қисса-
дастандар) әсер ету арқылы орындалған тәрізді. Бұл 
шығармалардың өзінің сюжеттері, мазмұны, шығу тарихы, даму, 
таралу жолдары әртүрлі. Бірақ олардың барлығы идея жағынан 
бірігеді, ол – исламдық руханият құндылықтарына үгіттеу, 
халықты хақ дінге шақыру, мұсылманшылықты өмір сүрудің 
негізі деп түсіндіру идеясы. 
Ал оқырман қауымға ұсынылып отырған «Пайғамбарлар 
қиссасы» кітабы – пайғамбарларды өз үмбеттерінің жанашыры
қамқоры ретінде суреттейтін және олардың өмірі мен 
қызметтерінің жекелеген кезеңдерін қызықты мағлұматтармен 
баяндайтын жинақ. Мұнда пайғамбарлар бейнелері ерекше 
мәнерде сомдалған. Көптеген тамаша қасиеттерімен үлгі-өнеге 
болатын пайғамбарлар туралы баян етіледі. Олардың жай 
адамдардан ерекшеленетін мінез-құлықтары, сезімдері және 
міндеттері бүкіл адам баласына тура жол көрсету екендігі 
туралы, сонымен бірге, көпшілік біле бермейтін Расул (елші) мен 
Нәби (пайғамбар) жайындағы түсініктемелер жан-жақты 
тәптіштеліп сипатталған. Әр қисса аяқталған соң, сол қиссадан 
алынар өнеге-ғибраттар деп қорытынды жасалып, кейбір 


4


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет