Жоспар: Индуизм діні туралы Индуизм дінінің тарихы Индуизм дінінің құдайлары Брахман 1 Шива



бет1/6
Дата03.12.2023
өлшемі8,72 Mb.
#134050
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Индуизм діні


Индуизм діні

Жоспар:

  • Индуизм діні туралы
  • Индуизм дінінің тарихы
  • Индуизм дінінің құдайлары
  • Брахман
  • 1) Шива

    2) Вишну

    3) Кришна

    4) Ведалар

  • Упанишадтар
  • Әлемнің құрылымы жөніндегі ілім
  • Адам туралы ілім
  • Индуистердің діни рәсімдері
  • Индуизмнің ағымдары

Индуизм — әлемдегі ірі діндердің бірі.

  • Индуизм — әлемдегі ірі діндердің бірі.
  • Индуизм б.д. дейінгі бірінші мыңжылдықта пайда болды. 
  • Индуизм – Үндістанда пайда болып, қазіргі кезде дамып келе жатқан діни дәстүр. Бұл дінді ұстанушылардың жалпы саны жер бетінде 1 миллиардқа жуық деген деректер бар. Оңтүстік Азия елдерінде (Үндістан жұртшылығының 83%-ы, Непалда, Шри-Ланкада, Бангладеште индуизмді ұстанады. Оңтүстік-Шығыс Азия (Малайзия, Индонезия, Сингапур) мен Африканың кейбір өңірлерінде де аздап таралған. ХХ ғасырдан бастап индуизм Еуропа мен Америка елдерінде тамыр жайып, жаңаша ерекшелігімен жұртшылықтың бірден назарын аударды. 

Индуизм дінінің тарихы

Индуизмнің тұңғыш қауымы – «адживака» тақуалық жолын тұтып, тән құмарлығымен күресті . Бірақ, Вишнуға табынды. «Адживака» діни идеяларын «бхагаватами» толықтыра түсті . Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде құрмет көрсетті. XII ғасырда брахмандар жарты құдай – Рамаға ерекше тұғыр орнатты. XV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла басталды . Осының нәтижесінде Вишнудің көпшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті . Шиваға құлшылық жасау да осы құдайды мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті . Бірақ , көпқұдайлық үнді халықтарының одан әрі қауымдаса түсінуіне кедергі болған жоқ. Керісінше, осы көп құдайлар біртұтас діни түсінік аясында құрметтеліп, индуизм баршаның дініне айналды.

Индуизм үшін «Махабхарата» және «Рамаяна» эпостары - Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары туралы кең әңгімеленеді. «Рамаянада» Раманың және оның жұбайы Ситаның өмірі баяндалады. Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішінде құрылымдық жағынын «Махабхарата» эпосына енетін дүниетанымдық проблемаларға түсініктемелер беретін «Бхагават-Гита» философиялық концепция тұтастығымен ерекшеленді. Концепцияның негізін күллі болмыстың бастауы ретіндегі пракрит туралы және одан дербес таза рух – пуруша туралы ережелер құрайды. Осылардан шығарма авторларының екі негізді мойындаған дуалистік көзқарасы көрінеді.

  • Индуизм үшін «Махабхарата» және «Рамаяна» эпостары - Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары туралы кең әңгімеленеді. «Рамаянада» Раманың және оның жұбайы Ситаның өмірі баяндалады. Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішінде құрылымдық жағынын «Махабхарата» эпосына енетін дүниетанымдық проблемаларға түсініктемелер беретін «Бхагават-Гита» философиялық концепция тұтастығымен ерекшеленді. Концепцияның негізін күллі болмыстың бастауы ретіндегі пракрит туралы және одан дербес таза рух – пуруша туралы ережелер құрайды. Осылардан шығарма авторларының екі негізді мойындаған дуалистік көзқарасы көрінеді.

VIII ғасырда Үндістанды арабтар жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғол империясы ислам дінін енгізеді. Ислам діні кең тарап, шаруалар, қолөнершілер жаңа дінді кабылдайды. Қазіргі заманда да Үндістанда буддизм, христиан және ислам діндері кеңінен тараған.
Индуизм термині Синдху өзенінің парсы тіліндегі атауы "Хинду” деген сөзден негіз алған. Кейіннен бұл сөз тек өзен мен оның жағасындағы Үнді елін ғана білдірмей, сол елдегі халықтың атауына айналған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет