Жалпы білім беру мектебінде психикалық дамуы тежелген балалардың зейін ерекшеліктері



Pdf көрінісі
Дата28.12.2016
өлшемі281,38 Kb.
#620

http://www.enu.kz

 

 



ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНДЕ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН 

БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕЙІН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  

 

Кулов А.Б ., Заркенова Ж.Т., Мерейбай Б.   

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 

Қарағанды қаласы, Қазақстан. 

http://www.enu.kz

 

 

Қазақстандағы    білім  беру  реформаларының  жалпы  мақсаты  білім  беру  жүйесін  жаңа 



әлеуметтік-эканомикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан  Республикасындағы білім 

беру жүйесіне мектепке дейінгі тәрбие, орта білім, кәсіптік-техникалық білім және жоғарғы білім 

жатады.  Оның  мақсаты  мүмкіндігі  шектеулі  жандардың  оқып,  кәсіптік  даярлықтан  ӛтуі  үшін 

кедергісіз орта құру болып табылады.  

Біздің  елімізде  инклюзивті  білім  беру  жүйесінің  дамуы  туралы  ресми  дерек  «ҚР  білім 

беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасында»  кӛрсетілген:  ҚР 

білім беру жүйесінің әлсіз жақтары ретінде инклюзивті білімнің нашар дамуы сипаттала отырып, 

оның жоспарлы дамуына әсер ететін қауіп-қатер ретінде елімізде мүмкіндігі шектеулі балалардың 

кӛбеюі атап кӛрсетілді /1/.  

«Мүгедектер  құқықтары  туралы»  инклюзивті  білім  беру  ережесі  Біріккен  Ұлттар 

Ұйымының  бас  Ассамблеясымен,  мақұлданып,  БҰҰ-ның  Конвенциясына  2006  жылдың  13 

желтоқсанында  енгізілген.  Кӛршілес  Ресей  мемлекетінде  1990  жылдан  бастап,  инклюзивті  білім 

беру жүйесі құрыла бастады /2/. 

Психикалық  дамуы  тежелген  балаларды  жайсаң  арнайы  мектеп  интернатында  оқытып 

жатыр. Егер ата – анасы баласын арнайы мектеп интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы 

мектеп  кемтар  баланың  мүгедектігіне  қарай,  жеңілдетілген  бағдарлама  бойынша    инклюзивті 

оқуға  міндетті.  Ӛз  қатарластарымен  9  сыныпты  бітірген  соң,  арнайы  куәлік  беріліп, 

профтехникалық лицейлерге жіберіледі. 



Инклюзивті  оқыту  –  ерекше  мұқтаждықтары  бар  балалардың  жалып  білім  беретін 

мектептердегі  оқыту  үрдісін  сипаттауда  қолданылады.  Инклюзивті  оқыту  негізінде  балалар 

құқығын  кемсітпеу,  барлық  адамдарға  деген  теңдік  қатынасты  қамтамасыз  ету,  сонымен  бірге 

ерекше  оқыту  қажеттілігі  бар  балаларға  арнайы  жағдай  қалыптастыру  идеологиясы  жатыр. 

Тәжірибе кӛрсеткендей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бӛлігі шығып қалады, ӛйткені 

қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті 

бағыт  мұндай  балаларды  оқуда  жетістікке  жетуге  ықпал  етіп,  жақсы  ӛмір  сүру  мүмкіншілігін 

қалыптастырады.  



Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және 

мектеп ӛміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.   



Инклюзивті  оқыту  –  оқушылардың  тең  құқығын  анықтайды  және  ұжым  іс  –  әрекетіне 

қатысуға мүмкіндік береді. 



Инклюзивті  оқыту  –  адамдармен  қарым  –  қатынасына  қажетті  қабілеттілікті  дамытуға 

мүмкіндік береді. 



Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері: 

http://www.enu.kz

 

 



Адам  құндылығы  оның  мүмкіндігіне  қарай  қабілеттілігімен,  жеткен  жетістіктерімен 

анықталады.  Әрбір  адам  сезуге  және  ойлауға  қабілетті.  Әрбір  адам  қарым  –қатынасқа  құқылы. 

Барлық адам бір – біріне қажет. Білім шынайы қарым – қатынас шеңбернде жүзеге асады. Барлық 

адамдар  құрбы  –  құрдастарының  қолдауы  мен  достығын  қажет  етеді.  Әрбір  оқушы  үшін 

жетістікке  жету  –  ӛзінің  мүмкіндігіне  қарай  орындай  алатын  әрекетін  жүзеге  асыру.  Жан  – 

жақтылық адам ӛмірінің даму аясын кеңейтеді. 



Инклюзивті  оқыту  –  барлық  балалардың  мұқтаждықтарын  ескеретін,  ерекше 

қажеттіліктері  бар  балалардың  білім  алуын  қамтамасыз  ететін  жалып  білім  үрдісінің  дамуы. 

Инклюзивті оқыту балаларды оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ 

берудің  жаңа  бағытын  ӛңдеуге  талпынады.  Егер  инклюзивті  оқытудың  оқыту  мен  сабақ  беруге 

енгізілген  ӛзгерістері  тиімді  болса,  онда  ерекше  қажеттіліктері  бар  балалардың  жағдайлары  да 

ӛзгереді.  Инклюзивті  оқытудың  ашқан  мектептерде  оқыған  балалар  адам  құқығы  туралы  білім 

алуға  мүмкіншілік  алады,  ӛйткені  олар  бір  –  бірімен  қарым  –  қатынас  жасауға,  танып  –  білуге, 

қабылдауға үйренеді. 

Инклюзивтік  білім  беру  –  барлық  балаларды  жалпы  білім  үрдісіне  толық  енгізу  және 

әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын 

кедергілерді жоюға, ата – аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу – педагогикалық және 

әлеуметтік  қажеттіліктерін  арнайы  қолдау,  қоршаған  ортаның  балаларды  жас  ерекшеліктеріне 

және  білімдік  қажеттіліктеріне  бейімделулеріне  жағдай  қалыптастыру,  яғни,  жалпы  білім  беру 

сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат /5/. 

Мемлекеттік бағдарламада инклюзивті білімді жетілдіру үшін белгіленген мақсаттар, 2015 

жылға қарай мына міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылатыны анықталған: 

- мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалған; 

-    мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  беретін  ортада  біріктіріп  оқыту  ережесі 

әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталған; 

- мүгедек балаларға қашықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленген

Осылайша,  Қазақстан  Республикасында  2020  жылға  қарай  инклюзивті  білім  жүйесі 

енгізеледі;  инклюзивті  білім  үшін  жағдай  жасайтын  мектептердің  үлесі  мектептердің  жалпы 

санынан  70  %  -  ға  ұлғаяды;  мүгедек  балалар  үшін  «кедергісіз  қол  жеткізуді»  жасайтын 

мектептердің  үлесі  мектептердің  жалпы  санынан  –  20  %;  инклюзивті  біліммен  қамтылған 

балалардың  үлесі  даму  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  жалпы  санынан  50  %  құрайтын  болады 

/1/. 


Қазіргі  уақытта  ортамызда  болып  жатқан  әлеуметтік  жанұя  мәселелері,  экологиялық-

эканомикалық  дағдарыстар  жүйке  жүйелері  бұзылған,  психикалық  аурулары  бар,  кемтар  болып 

туылатын  нәрестелердің  саны  жыл  сайын  ӛсіп  отыр.  Жалпы  білім  беретін  мектептерде  ондай 

балалар аз емес.  Мектепте және үйде де ондай балалар  жеке ықпал жасауды қажет етеді. Ол үшін 

баланың психологиялық қажеттіліктерін, оқу үлгерімін зерттеп, психологиялық түзеу жұмыстарын 

ұйымдастыру  керек.  Баланың  психикалық  дамуының  тежелуінің  негізгі  себептері  түрлі  болуы 

мүмкін. Олар басынан ӛткен аурулар, негізгі әлеуметтік жағдайы, нашар кӛруі, құлақ ауруы тағы 

да  басқа  себептерден  болуы  мүмкін.  Психикалық  дамуының  тежелуінің  негізгі  бұзылыстары 

интелектуалды  деңгейі  кӛбіне  таным  процестері:  зейіні,  логикалық  есте  сақтауы,  ойлауы, 

кеңістікті бағдарлауы тӛмен болып келеді /3/.  

Дамуында  артта  қалудың  екі  негізгі  түрін  ажыратады:  жүйке  жүйесінің  органикалық 

бұзылыстарымен  байланысты  және  арнайы  клиникалық-психологиялық  немесе  медициналық 

кӛмек  пен  зейінді  талап  ететін  артта  қалушылық,  және  психикалық  дамуында  уақытша  артта 

қалушылық,  дені  сау  балалардың  дамуының  жағымсыз  сыртқы  және  ішкі  жағдайларымен 

байланысты қалыптан тыс тәртібі. 


http://www.enu.kz

 

 



Психикалық  дамуы  тежелген  балалардың  зейін  ерекшеліктері  тұрақсыздығымен, 

шашыраңқылығымен,  шоғырлануының  тӛмендігімен,  ауысуының  қиындылығымен  сипатталады. 

Зейінді  ұйымдастырудың  жетіспеушілігі  балалардың  интелектуалдық  белсенділігінің  әлсіз 

дамуымен,  ӛзін  бақылау  дағдысының  жетілмеуімен,  оқуға  деген  жауапкершілік  сезімінің, 

қызығушылықтың  тӛмен  болуымен  түсіндіріледі.  Зейіннің  тӛмендеуі  қабылдау  жылдамдығын 

тежейді. Табысты түрде білім мен дағдыларды меңгеру тек жоғарғы зейіннің дамуы кезінде ғана 

жүзеге  асырылады.  Осы  кезде  обьектісі  санасы  қалыптасады.  Психикалық  дамуы  тежелген 

балалардың ынтасы тұрақсыздық алаңдаушылық сезімінің жоғарлауы арқылы сипатталады.  

ПДТ  балаларда  зейін  тұрақтылығының  даму  баяулығы  мен  бірқалыпсыздығы  байқалады, 

сонымен  қатар  бұл  қасиеттің  жекедаралық  пен  жас  ерекшелік  айырмашылығының  едәуір  екені 

байқалады.  Тапсырманы  орындау  барысында  материалды  қабылдау  жылдамдығы  жоғарылаған 

жағдайда,  ұқсас  тітіркендіргештері  дифференциялдау  қиындаған  кезде  талдау  процесінің 

жетілмеуі анық кӛрінеді. Психикалық дауы тежелген балаларда зейінді бӛлу деңгейі 3-ші сыныпта 

бірден  жоғарылай  түседі,  ал  ақыл-ойы  кем  балаларда  келесі  сыныпқа  ӛткен  сайын  біртіндеп 

жоғарылайды.  Кӛптеген  зерттеушілер  ырықты  зейіннің  жетіспеушілігін  психикалық  дамудың 

тежелуі кезіндегі таным іс-әрекетінің сипаты ретінде анықтайды /4/.  

Мектеп  жасына  дейінгілердің  зейіні  кейбір  мақсаттың  әсерінен  туындауы  мүмкін.  Олар 

күрделі  емес  болып  табылады.  Күрделі  зейінді  дамыту  белсенді  тілді  меңгеру  мен  қабылдауды 

ретке келтіру қабілетін жетілдіріп танымдық қызмет  белсенділігінде міндетті түрде: 

 

1.



 

ойлау, қабылдау, еске сақтау, танымдық қабілеттерін түгелдей дерлік дамыту; 

2.

 

санасын  ретке  келтіру  қабілетіне  жаттықтыру  (бір  заттан  екінші  затқа  кӛшуге 



машықтандыру). 

Зейіннің тұрақсыздығы мен жұмыс қабілетінің тӛмендеуі жеке даралық 

формаларға  ие:  кейбір  балаларда  тапсырманы  орындаудың  басында  зейін  мен  жұмыс 

қабілеті  жоғарғы  деңгейде  болады  да,  соңына  қарай  тӛмендейді;  басқаларында  зейін  біраз 

уақыттан  кейін  шоғырланады,  яғни  ол  балаларға  іс-әрекетке  ену  үшін  қосымша  уақыт  қажет; 

үшіншілерінде  бүкіл  тапсырманы  орындау  барысында  зейіннің  құбылуы  мен  жұмыс  қабілетінің 

бірқалыпсыздығы  байқалады.  Зейін  тұрақсыздығы  әр  балада  түрлі  кӛрініс  табады.  Осылайша 

кейбіреулерінде  аса  жоғары  зейін  қою  және  неғұрлым  жоғары  жұмыс  қабілеті  тапсырманы 

бастағанда байқалады да, оны орындау барысында тӛмендей береді; енді бірінде – зейіннің артуы 

жұмыстың  біраз  уақыты  ӛткен  соң  басталады  (яғни,  оларға  жұмысқа  ену  кезеңі  қажет);  ал  тағы 

басқаларында  зейін  қоюы  және  жұмыс  қабілеті  біркелкі  болмай,  мезгіл-мезгіл  толқып  тұрады. 

ПДТ  балалар  зейінінің  ерекшеліктері  оның  тұрақсыздығынан,  бір  обьектіге  тұрақты  кӛңіл  бӛле 

алмайтындығынан кӛрінеді [5]. 

Бала  тұлғасының  психикалық  дамуы  мен  қалыптасуы  тек  үлкендермен  қарым–қатынасқа 

түскенде ғана мүмкін және ең алдымен, аталмыш іс-әрекетте, ол онтогенездің аталмыш кезеңінде 

жетекші  болып  саналатында  жүзеге  асады  (мектепке  дейінгі  балалық  шақта–ойын,  бастауыш 

мектеп балалық шағында – оқу іс-әрекеті). 

Дамудың негізгі шарттары болып келесілер табылады: 

1.

 

мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың  даму  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  әр  жас 



кезеңінің  сензитивтігіне,  жақын  арадағы  даму  аймағына  және  т.б.  сүйене  отырып,  педагог 

ұжымының оқушылармен жұмыс жасауда әр жастағы мүмкіндіктерін максималды жүзеге асыруы.  



http://www.enu.kz

 

 



2.

 

әр  жас  кезеңінің  ішінде  оқушылардың  жеке  ерекшеліктерін  оқу-тәрбиелік  үдерісінде 



дамыту  –  қызығушылық-тарын,  ӛзіндік  сана  сезімін  (ӛзін-ӛзі  бағалау,  жыныстық  ӛзіндік  санасы 

және т.б.), бағыттылығын, құндылық бағдарын, ӛмірлік жоспарларын және т.б. 

3.

 

арнайы  білім  беру  мекемесінде  мүмкіндіктері  шектеулі  балалардың  дамуына  жағымды 



психологиялық  жағдайды  туғызу,  ол,  ең  алдымен,  ӛнімді  қарым-қатынаспен,  бала  мен  мұғалім, 

бала мен құрдастарының ӛзара әрекеттесуімен белгіленеді. 

Жағымды  қатынас,  мұғалімге  сенімділік  білдіру  балада  оқу  іс-әрекетіне  деген 

құштарлықты туғызады, оқудың танымдық ынтасының қалыптасуын қамтиды. 

Ал, бастауыш сынып оқушыларын алсақ, олардың мұғалімге деген теріс қарым-қатынасы 

сирек кездеседі, ал белгісізі жиі кездеседі. Бұндай қатынаста мүмкіндіктері шектеулі балалардың 

танымдық мотивациясының қалыптасуы тежеледі, ӛйткені оларда мұғаліммен сенімдік қатынасқа 

түсу  қажеттілігімен  бірге  оған  деген  сенімсіздік  ұштасады,  сондықтанда  оның  іс-әрекетіне  де 

сенімсіздікпен  қарайды,  жеке  жағдайларда  –  одан  қорқады.  Бұндай  балалар  тұйық,  әсерленгіш 

немесе  мұғалімнің  нұсқауларына  мән  бермейтін,  ӛз  бетімен  отыратын,  қатыспайтын  балалар. 

Мұғаліммен  қатынасқа  түскенде  еріксізден  бағынышты,  бейімделуге  ұмтылуды  білдіретін 

балалар. Кейде балалар ӛздерінің уайымдарының, күйелектілігінің, ашуланғандығының себептерін 

саналы  түсінбейді,  кейде  оны  үлкендер  де  саналы  түсінбейді.  Бастауыш  сынып  оқушылары 

ӛмірлік тәжірибесінің жеткіліксіздігінен   ӛздеріне елестеткен мұғалім қаталдығын кӛбейтіп жоқ 

нәрсені  терең  уайымдайды.  Оқудың  бастапқы  кезеңінде  аталмыш  құбылыс  мұғалімдермен 

ескерілмейді.  Бірақ  бұл  маңызды:келесі  сыныптарда  теріс  эмоциялар  бекітіліп  оқу  іс-әрекетіне, 

мұғаліммен  және  құрдастарымен  ӛзара  әрекетесуіне  ауыуы  мүмкін.  Нәтижесінде  мүмкіндігі 

шектеулі  оқушылардың  психикалық  және  тұлғалық  дамуында  күрделі  ауытқулар  пайда  болуы 

мүмкін. 

Қорыта    айтқанда,  қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасында  мүмкіндігі  шектеулі 

балаларды  оқытудың  келесі  формалары  белгілі:  арнайы  мектептер  мен  интернаттар,  орта 

мектептердегі  коррекциялық  (түзету)  сыныптар,  үйде  оқыту  және  қашықтықтан  оқыту.  Соңғы 

уақытта елімізде атқарылып жатқан келесі істер инклюзивті білім беру жүйесінің қалануына негіз 

болары  анық.  Жас  нәрестенің  дені  сау  болса,  отбасына  зор  қуаныш  пен  бақыт  әкеледі.  Елімізде 

ӛркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азаматтар мен азаматшалар тәрбиелеу керек. 

 

    Әдебиет 

1.

 

«Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 



арналған мемлекеттік бағдарламасы». А., 2010ж. 

2.

 



Инклюзивное образование в России. rian.ru сайты. 

3.

 



Отбасы және балабақша. 2001 - №1, 1991 - №3. 

4.

 



Ермағамбет  Ә.  «Психикалық  дамуы  тежелген  балалардың  психологиялық-

педагогикалық сипаттамасы». // Дефектология, 2008, №4. 

5.

 

Певзнер  М.С.  «Об  отборе  детей  с  временной  задержкой  темпа  психического 



развития  и  стойкими  церебрастеническими  состояниями  в  специальные  классы».  // 

Дефектология, 2003, №6. 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет