Талапты жетер мұратқа. Жастар мен оқушылар шығармашылығына арналған газет



Pdf көрінісі
Дата31.03.2017
өлшемі1,56 Mb.
#10820

тынысы

Қайнар


Қайнар

15 -қазан

2015 жыл

№18

(803)

Талапты жетер мұратқа.

Жастар мен оқушылар шығармашылығына арналған газет

Отбасы – қазақ халқы үшін қасиетті де 

қастерлі ұғым.Ол - әр адамның тіршіліктегі 

ғұмырына қатысы бар туыстық орта ,бір адам-

нан бастау алып тереңдей беретін ғұмырлық 

шежіре  бастауы.Отбасының  шежіресі  - 

әулетке , тұтас туыс адамдар қауымдастығы 

мен  бір  елдің  тарихына  ұласып  жата-

тын  ақпараттар  мен  деректер  топтамасы.

Олай болса ,әр адамның отбасындағы орны 

,отбасылық  ғұмырбаянның  жалғасуына 

қатысты міндеті бар.

Отбасындағы  тәрбие  ұйытқысы    --  ата 

мен  әже.Олар  –  даналық  пен  ақылдың,  са-

быр  мен  сағыныштың,имандылық  пен 

мейірімділіктің т.б адами асыл қасиеттердің 

алтын діңгегі.

Әке    -  отбасының  қамалы,ер  баланың 

тәрбиесіне жауапты жан десек,

ана  - отбасының алтын қазығы,мейірім 

мен жылулық тарататын адал да аяулы жан.

Ана тәрбиесі – қыз баланың бүкіл ғұмырына 

берілетін  бағдар,сол  себепті  қыздың 

тәрбиелілігі анасына қарап беріледі.

«Әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон 

пішер» деген халық даналығы осыдан қалса 

керек.«Тәрбие  тал  бесіктен  басталады»  де-

ген  нақыл  сөзді  ұстанатын  болсақ  ,ұрпақ 

тәрбиесінде  ата  ананың,отбасының  ролі 

маңызды екенін айтуымыз керек. 

Отбасындағы  тәртіптің,оның  мүшелері 

арасындағы  адамгершілік-туыстық  қарым 

қатынастың  алатын  орны  ерекше.Әйтсе 

де, бетімен кетушілікке жол берілмеуі тиіс.

Алайда ата аналар балаларымызға тәрбиелік 

мәні бар талап қойып жатырмыз ба? Қойсақ 

та, бәріміз бірдей емеспіз-ау.

Отбасын 


қалыптасқан 

жағдайда 

отағасы  ,ол  болмаған  жағдайда  отанасы  , 

қалаберді  үлкен  аға  мен  әпке  басқарады.

Олардың  сөзін,ұйғарымын  өзгелері  жерде 

қалдырмайды,ал үй ішінің тізгінін қолында 

ұстаушылар  өз  тараптарынан  отбасының 

барлық 


мүшелерінің 

пікірін,тілек-

ұсыныстарын  елеп-ескеріп  отырса,бұл  бір 

жағынан  ортақ  мүддеге  қызмет  етсе,екінші 

жағынан  тәрбиелік  ,өнегелік  мәні  бар 

инабаттылық та болып табылады.

Отбасының  берекесі  мен  ынтымағы 

үшін әкенің әділ,ұстамды ,иманды болуы – 

орасан  маңызды.Құрметті  ағайын,білгенге 

мұның бәрі бала үшін тәрбиелік мәні өте зор.    

Отбасындағы  тәрбиенің  кереметтей 

құралы – еңбеккке баулу.Еңбек ете білмеген 

немесе  жалқаулығы  басым  адамның 

отбасының  берекесі  болмайды,оны  мойын-

дауымыз  керек.Ұлы  мен  қызына  адал  жол-

мен еңбек ете отырып,табыс табу жолдарын 

үйрету  ,бағыт  бағдар  беру  ата-ана  міндеті. 

Алайда қазіргі қоғамда еңбексіз табыс табу 

жолдары  белең  алып  тұрған  шақта,оның 

арты  қылмыс  ,ал  оның  өтеуі  жаза  болып 

жатқанын ақпарат құралдары арқылы құқық 

қорғау орган қызметкерлері мәлімдеп жатыр. 

Осыны  көре  тұра  шалыс  басып,  қателікке 

бой ұрып жүрген жастарымыз жоқ емес. Жа-

сыратыны  жоқ,  өз  қолы  өзіне  жеткен  кезде 

әке мен анаға қарап қарсы  сөйлеу,тіпті ұрып 

соғуға дейін баратындары да жасырын емес . 

Бала  біздің  болашағымыз,  ертеңгі 

үміткерлеріміз,қартайғанда  бағып  қағады 

деген  сеніммен  жүрсек,  оларды  бағып 

қағып,балиғат  жасына  дейін  жеткізу, 

материалдық  жағынан  қамтамасыз  ету  ке-

рек  .Алайда  бірінші  кезекте  баланың  ой 

санасын,жеке 

тұлға 

болып,салауатты 



өмірді  қалайтын  иманжүзді  азамат  етуді 

қалыптастыру  керек  сияқты  .  Сонда  бала 

тәрбиесіне  көңіл  бөліп  қарау  үшін,ата 

аналық міндеттерін орындауға ата –анаға не 

кедергі?.  Біз  қайда  қараймыз,жастарымыз 

қайда  барады  ?  Ой  жүгіртіп  таразылап   

көрейікші ,ағайын !

Кей  бала  мектепте  ұстаз  айтқанымен 

емес,өз  дегенімен  жүргісі  келеді,  ескер-

ту  жасалынса  ашуланып,психологиялық 

депрессияға түседі.

Ашуын  сыныптастарынан  ,өзгелерден 

алғысы келеді. Мұның себебі неде,неге бала 

мектепке ашуланып,күйзеліске түсіп келеді? 

Оны біреуге айтуға ,сыр бөлісуге ,бәлкім на-

мыс жібермейтін де шығар. Сан  алуан сұрақ 

.  Жауабын,  кілтін  табу  үшін  мектеп  тәрбие 

мамандары  зерттеу  жұмыстарын  жүргізеді.

Дегенмен  де,  негізгі  тәрбиеші,отбасы  ,ата 

ана  екенін  ұмытпауымыз  керек.Бәлкім  сон-

да,  сіз  бен  біздің  өсіріп,тәрбиелеп  отырған 

балаларымыз  жат  әрекеттерден  аулақ 

болып,саналы азамат болары сөзсіз.

Көп  жылдық  тәжірибенің  арқасында  

байқағаным,баланың 

депрессияға 

ұшырауы,оның ар жағы құқық бұзушылыққа 

баруы,  отбасындағы  ата  анасының  бір 

бірімен араздасуы,ажырасу фактілері,зорлық 

зомбылық балаға деген қамқорлықтың бол-

мауы ,көңіл бөлінбеуі,бәрі  баланың психи-

касына қатты әсер ететіні шынайы шындық.

Көп  жағдайда  әлеуметтік  мәселелермен 

арпалысып 

жүріп,біз 

үлкендер 

оны 

байқамаймыз,байқасақта  елемейміз.  Жал-



пы ,ата-ана болып,өз балаларымызға дұрыс 

көңіл  бөліп  жатырмыз  ба  ?  Баланың  түнде 

қыдыруы , кеш жатуы әр нәрсеге ұрынуына 

себеп болары анық.

Таңертең  баланы  оятып,  сабаққа 

шығарда  үстіне  не  киім  киіп  бара 

жатырғанына  көңіл  аударамыз  ба?  Бала 

сабаққа  кешігеді,үстіне  ілінгенін  киіп,тіпті 

азанғы асын ішпей келеді.Дәл осы қарапайым 

үш нәрсе ата ананың үнемі назарында бол-

са, бала тәрбиесі мен оған деген қамқорлық 

осыдан  бастау  алмайды  ма?  Иә,айта  бер-

сек сөз таусылмас,құрғақ сөзден нақты іске 

көшетін  кез  келді  ,ағайын.  Тәрбиенің  шегі 

жоқ.Бала біздің  болашағымыз. Олай болса 

ұрпағымызға  жарқын  болашақ  сыйлаймыз 

десек,бала  тәрбиесіндегі  жауапкершілікті 

арттырып,  ата  –аналар    әрдайым  назарда 

ұстауымыз керек.

Ахметов Ерман 

№51 мектеп директорының 

тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары. 

  БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА АНА 

ЖАУАКЕРШІЛІГІ

ХХІ  ғасыр  жастары    білімді,  парасатты  болып 

өсу  керек  екенін  барлығымыз  білеміз.    Бірақ  ондай 

білімді  үйрету  үшін  мұғалімдеріміз  де  жан  –  жақты 

білімді  болуы  заман  шарты.  Мектебімізде  23-қазан 

күні  тарих,  құқық  пәнінің  мұғалімі  Г.Шаханованың 

ұйымдастыруымен 9а,б сыныптарында  әр айдың екінші 

жұмасында өтілетін «Құқық - әділет пен парасат жолы» 

атты  сыныптан  тыс  құқық  сабағы  өтілді.  Сабақтың 

негізгі  мақсаты  оқушыларды  ҚР-ның  конституциясы-

мен оның баптарымен адам құқығы мен  бостандығы, 

бала  құқығы  туралы  конвенциялармен  және  құқық 

бұзушылықтың  алдын  алу  үшін    олардың  өздері  оған 

жетік  болу  керек  екендігін  ұғындыру  болып    табыла-

ды.  Сабақ  дөңгелек  үстел  ретінде  өтілді.  Г.Шаханова 

қазақстанда  ең  бірінші  қымбат  қазынамыз  адам  өмірі 

болатынын, ҚР-ның азаматтарының өз құқықтары мен 

бостандықтары бар екенін кең көлемде ұғындырып өтті. 

БҰҰ  –ның  1989  жылы  қабылданған  «Бала  құқықтары 

туралы  конвенциясының»  қабылданғанын  1995  жыл-

дан  бастап  біздің  елде  бұл  ұйымға  мүше  екенін  ата-

ды.  Осының  аясында  2002  жылы  8  тамызда  ҚР-ның 

«Бала құқықтары туралы» 53баптан тұратын №345 заңы 

шыққанын,  осы  заңда  баланы  толымды  өмірге  дайын-

дау  олардың  қоғамдық  мәні  бар  және  шығармашылық 

белсенділігін  дамыту,  әлемдік  өркениеттің  жалпы 

адамзатқа тән құндылықтары негізінде оларды жоғары 

имандылық қасиеттерге  елжандылық пен азаматтыққа 

тәрбиелеуге  бағытталғаны  туралы  нақты  ұғындырды.  

Осы заңды толық білген оқушының ұлттық сана  сезімі  

жоғары  тұратынын  және  өз  құқығы  туралы    толық 

білетінін заң  баптары арқылы ұғындырды.  Сабақтың 

келесі  бөлімі  «Жастарды  қылмысқа  баулитын  не?» 

бөлімі бойынша оқушылар арасында пікірталас өрбіді. 

Әр  сынып    жасөспірімдерді  қылмысқа  итермелейтін 

зиянды  әдеттер  туралы  өз  ойларын  қосты.  өзін-өзі 

басқара алмайтын, ойын айта алмайтын  еліктегіш ба-

лалар  (темікі  т.б  зиянды  заттарға)    кіретінін  айтты.  

Қылмысқа  итермелейтін  нәрселердің    өзектілерінің  

бірі  имансыздық  екенін,  әлеуметтік,  тұрмыстық  қиын 

жағдайлардан туындайтын нәрселер болатынын (ұрлық, 

отбасындағы кикілжің т.б) атады.  Сонымен бірге қазіргі 

кездегі  жасөспірімдерді  теріс  қылыққа  итермелейтін 

бірден бір себеп интернет көздері екенін, ондағы зиян-

ды  сайттар  баланы  құқық  бұзушылыққа  және  өз-өзіне 

қол салу әрекетіне дейін барып жатқаны туралы ойла-

рын ашық айтты.  Мемлекетіміздің ең құнды да қымбат 

қазынасы  адам  болып  табылаты  туралы  кеңінен  таны-

стырылды.  Жасөспірімдердің теріс қылықтар жасауы-

на  жекелеген  ата-  аналардың  тәрбиесінің  жетімсіздігі 

жайлы да айтылды.  Бұған  басты себептердің бірі  ата- 

аналардаң  өздері  ішімдікке  т.б  зиянды  заттарға  әуес 

болатындығынан  туындайтынын тілге тиек етті. Тіпті 

кейбір  ата-  аналар  өз  баласының    немен  айналысып  

жүргенін,  оған көңіл бөлмейтіндігі туралы сөз қозғалды.  

Осыдан  кейінгі  бөлімде    мұғалім    әртүрлі  жағдаяттар 

туралы  оқып,  оқушы  пікірлерін  тыңдады.    Бұл  жер-

де  бізді  бір  қуантқан  жай  оқушылардың    пікірталас 

кезіндегі  ойларын ашық айтуы болды.  Жасөспірімдерді 

құқық  бұзушылықтың  алдын  алу  бойынша  және 

олардың  өз  құқықтарын  білуде  осындай  сыныптан 

тыс  сабақтар  өтіліп  отырса    оқушы  бойында  өзіне  де-

ген  жауапкершілік,  саяси  түсінік  адамгершілік  және 

азаматтық қасиеттер қалыптасады деген сенімдемін. 



А.БИЖИКЕЕВ,

№ 86 орта мектеп директорының тәрбие ісі 

жөніндегі  орынбасары. 

ҚҰҚЫҚ - ӘДІЛЕТ ПЕН 

ПАРАСАТ ЖОЛЫ


2

бет

15.10.2015

«Әр адам өз қабілетін іске асыру үшін біздің елімізге ғана 

емес,Жердің  барлық  адамдарына  пайда  әкелу  мақсатында 

қоғамымызда  рухани  адамгершілік  құндылықтарын  білім 

беру  арқылы  жандандырамыз»  демекші    Жаңақорған  

ауданы,Жаңарық  ауылы  №167  орта  мектебінде  «Жеке 

тұлғаны  қалыптастыруда  өзін-өзі  тану  пәнінің  алар  орны» 

тақырыбында  аудандық  семинар  өтті.  Семинарға  аудандық 

білім бөлімінің әдіскері Ә.Құлымбетова және  ауданның жиыр-

ма алты мектебінен мұғалімдер қатысып,өзара тәжірбие алма-

сты.Семинар барысында мектептің  бастауыш сынып мұғалімі 

А.Бердікеева  «Оқушылардың  өз-өзіне  сенімділігін  қалай 

қалыптастырамыз?» атты коучинг өткізді.Өзін-өзі тану пәнінің 

мұғалімдері    А.Алпамысова    11  сыныпқа  «Сүйіспеншілік-

өмір нәрі» тақырыбындағы сабағы өте тартымды, сабақ бары-

сында  махаббат  симфониясы  ойнап  тұрғандай  әсерде  болды. 

К.Мауленова  4  сыныпқа  «Тілім-  менің  тірегім»  тақырыбында 

сабақтар өтті. №245 мектептің мұғалімі Г.Егізбаева панорамалық 

сабақ  өтті.  Семинар  барысында  биология  пәнінің  мұғалімі 

А.Қаржаубаева  «Жақсы  көңіл-күй  жан  азығы»  тақырыбында 

тренинг өтіп,шараға қатысушыларды жақсы көңіл күйге бөледі. 

Семинарды  аудандық  білім  бөлімінің  әдіскері  Ә.Құлымбетова 

мен  мектеп  директоры  К.Айменова  қорытындылады.    «Өзін-

өзі  тану-рухани  өркендеудің  түп  тамыры  және  адамгершілік 

құндылықтардың негізі. Мейірімділік,махаббат, қайырымдылық, 

адалдық  ақ  жүректен  шығады»    деп  Сара  апамыз  айтқандай 

әрқашан  бір-біріміздіге  жан  сұлулығын  сыйлап,  адамгершілігі 

мол,қайырымды,мейірімді,білімді  ұрпақты  тәрбиелеу  басты 

ұстанымымыз.

Жұмабекова Қымбат Тәңірбергенқызы

Жаңарық ауылы №167 орта мектеп мұғалімі. 

 ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА 

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНІҢ АЛАР ОРНЫ

Биылғы жылғы Қазақстан Халқы Ассам-

блеясы жылына 20 жыл,Қазақ Хандығына 

550 жылдығына тарту.

     


 ГЕННАДИЙ ГОЛОВ-

КИН БАУЫРЫМА

Өзге елде жүріп азаматтығын сақтаған,

Жігіттер бар абыройды ақтаған.

Солардың бірі Геннадий менің бауырым,

Рухы биік тұлғалармен мақтанам.

Гимнді айтып,жүрекке  қойып  қолдарын

Бокстың әрбір  тәсілін білген  ол дарын 

Қазаққа  тән  байыптылықпен  жымия,

Рингке шықты ол еліне сыйына

Достықтың әркез мызғымастығын  сақтаған,

Зер шапан киіп,өзін әркез ол баптаған,

Қалайша айтпай  тұра аласың ол жігітті,

Тайсалмай шықты ортаға халық қаптаған.

Қарсыластарды сабаға әр кез келтірген

Талайы қалды «Аһ» ұрып шығып желпінген,

Бүгінде  соның куәсі болып отырмыз,

Аптығын басты  сол сабырлы кейпімен.

Үш белбеуді жеңіп алды ол бірден

Бұрын-соңды мұндайыңды кім көрген

Ең негізі достастықтың  жылында 

Жеңіс сыйлап еліне ол үлгерген.

Жақында шықты тағы да ол батырым,

Қолға алып қалам шабыттанып жатырмын,

Хандықтың  биыл 550 жылдығы 

Төрт белбеумен тағы бір таңды атырдық.

Осындай батыр бола берсін елімде,

Елжандылықпен көгерсін менің жерімде

Көпұлтты елді  татуластырған  әр кезде 

Елбасының  еңбегі ерен  бұл күнде.

А.Бижикеев

№86 орта мектеп директорының тәрбие-ісі 

жөніндегі орынбасары.


3

бет

15.10.2015 ж

  Біздер,  XXI  ғасыр  ұрпақтары,  атаның  қанымен,  ананың  көз  жасымен, 

найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтап қалған туған жердің топырағында 

дүниеге келдік. Жұпар ауаны сіміре жұтып, тұнық сумен мейіріміз қанды.

Алайда, бүгінгі таңда өз өміріне балта шауып, айықпас дертке душар болған 

жастар қаншама?

Есірткіге  елтіген  санамыздың  саңылауына  көз  жүгіртіп,  сілкінер  уақыт 

жетті.


Талдырмаштай тал бойын есірткінің еншісіне беру-әлсіз жанның әрекеті.

Бір сәттік сезімнің құлы болып,шыбын жаны шырқырап аяқталатын өмірдің 

мәні неде?

Нашақорлық  –қоғам  дерті.  Бұл  дерт  талайды  табан  жолынан  тайдырып, 

жамандыққа жетелері анық.

Жас дос!


Сен рухы өр,тәні бекем қайсар қазақ халқының ұрпағысың. Әлемді жаулап 

бара жатқан бұл індет-сен үшін жат қылық. Келешекке көз жүгірт, болашақты 

бағындыр!

Қасиетті қазақ топырағын басып жүріп, арға намыс, сүйекке таңба салатын 

нашақорлыққа әуес болу-жаныңа өшпес дақ салу деген сөз.

Қазақтың біртуар перзенті М.Жұмабаев:

                               Арыстандай айбатты,

                              Жолбарыстай қайратты.

                              Қырандай күшті қанатты ,

                              Мен жастарға сенемін, -деп алты алашқа жар салып, сенім 

білдірсе, неге біздер сенімді ақтамасқа?!

Бойда қуат, көзде жалын, сөзінде оты бар қазақ жастарының шығар биігі 

әлі  алда.

Мен сенемін, елімнің нұрлы да шуақты күндерінің көп боларына!



ЖАЛЫНДАҒАН ЖАСТАР, 

ЖАСӨСПІРІМ ДОСТАР!

Қолыма қалам алдым сан ойланып,

Жүргенмін көптен бері мың толғанып.

Өзекті тақырыпты естігенде,

Қанатты қаға түстім мен қомданып.

Есірткіге елтіген мына ағам,

Ойлай ма бұл ісінің арты жаман.

Танауына тықпалап сұм ұнтақты,

Білмей ме жанын қиған қанша адам.

Аласұрып, жынды адамша жұлқынады,

Қармақ қапқан балықша бұлқынады.

Әттең,әттең бармағын тістегенмен,

Есірткіге артынша ұмтылады.

Өткінші мына өмірді білмедің бе?

Өмір ғажап,сен оны сүймедің бе?

Егілген ата-анаңды көргеніңде,

Өкінішпен өртеніп күймедің бе?

Есіңді жый,әлі де алға қара,

Талайдың жүрегіне салма жара.

Өз қолыңмен өзіңді орға жықпай,

Анаңнан туылғандай болшы жаңа.

Қоғам болып есірткіні аластайық,

Надан боп жамандыққа жанаспайық.

Алты алаштың қара көз ұл-қыздары,

Адаспайық, бауырлар,адаспайық!

АДАСПАЙЫҚ, БАУЫР-

ЛАР, АДАСПАЙЫҚ!

Тайбек Әлішер Нарбайұлы.

Менің өлкем,туған жерім – Сунақата ауылы.

Жаңарған,көркейген,мәдениеті мен білімі дамыған ауыл,мен 

үшін ыстық.Алыс кетсем сағынамын,ауылда жүрсем 

еркіндікті,кеңдікті сезінемін.   

 

 



Туған жер – алтын бесік.Осы бесікті шайқалтпай,бір қалыпты 

тербетіп отырған ауыл әкімі – Әзия апамыз.Ісі өзі көпке үлгі.

Терегі тізілген,көшелері түзу,зәулім мектеп, еңсесі биік 

үйлер,сылдырап аққан су,ал қызыл ауладағы гүлдер,көкөніс 

түрлері,қорадағы момақан түліктер,қарулы әкелер,мейірімді 

аналар,сыпайы ұл-қыздар бәрі-бәрі ауылдың өркендегенінің 

белгісі.Бар шаруашылық түрлерін қол еңбегімен істеп,бейнет  

көрген ата-әжелерімнің рухына мың тағзым. 

Киелі 

Сығанақ топырағынан нәр алған жас өркен туған жерді 



аяла,туған елді саяла.  

 

 



 

«Жақсы ұстаз – мектеп жүрегі» - демекші білімді, тәртіпті 

болуымызды қадағалап отырған ұстаздар қауымын,ауыл 

тұрғындарын туған өлкеміздің 50 жылдық мерейтойымен шын 

жүректен құттықтаймын!

Ізгі тілекпен №194 орта мектебінің  9 «а» сынып 

оқушысы Рүстем Хожа Ахмед Жұбандықұлы. 

Туған өлкеме – 50 жыл

 АУҒАНСТАННЫҢ ОТТЫ ЖЫЛДАРЫ 

Биыл 15-ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен 

шығарылғанына 26 жыл толады. Бұл – аз уақыт емес. 

Ауған соғысының қасіреті кімдердің жүрегін жа-

раламады десеңізші?! Азаматтық борышын атқаруға 

әскерге кетіп, табытпен оралғандары қаншама? Атышулы 

Ауған соғысының зардабы заман ауысқанымен тарихтың 

қасірет беттерінде жазулы. Біздің республикамызда 22000 

адам соғысқа қатысып, 720 өмір қыршынынан қиылды

хабар-ошарсыз кеткен 20 тағдыр және бар. Азалы Ауған 

тақырыбын біз еш уақытта ұмытпаймыз.

Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп, ерліктің үлгісін 

көрсеткен барлық кезеңдегі қаһарман жауынгерлер есімі 

ұмытылған емес. Бүгінгі еске алу  кешіміздің аса  қадірлі 

қонақтары, жалындаған жастық шағын, қарулас достарын  

ала бағанның арғы жағына қалдырған ардагерлеріміз бізің 

арамызда! Олар: Искаков  Анарбай, Сегізбаев  Пәзілбек, 

Мырзахметов  Жалғасбек, Мұсаев  Ермахан. Құттықтау  сөз  

мектеп  басшысы  М.Әбутәліпке  берілді.               

 

Әлібекова  Гүлнара.

        № 56 қазақ орта  мектебінің  тәлімгері.


   Камакова Ардақ Бақдаулетқызы 

– Қызылорда облысы Жаңақорған 

ауданы Жаңарық ауылының №167 

орта мектебінің педагог-психологі.

Ән-әуез  пәнінің    жоғары 

санатты 


мұғалімі, 

педагог-


психологі.12  жылдан  бері  осы 

мектепте  қызмет  жасап  келеді. 

Жетістіктері:  Аудандық  «Нау-

рыз  шапағаты»  фестивлінің  ла-

уреаты  2006ж,  2008ж,  2011ж, 

2010жыл  аудандық  «Үздік  психо-

лог»  байқауының  ІІ  орын  иегері,Аудандық 

«Менің  тілім-мепнің  жүрегімде»  атты  жыр 

мүшайрасынан  І  орын  иеленген,Аудандық 

п е д а г о г и к а л ы қ - п с и х о л о г и я л ы қ 

түзету 

кабинетінің 



«Алғыс 

хатымен» 

2011,2012,2013жыл 

марапатталған,2010ж, 

2013жылы  Қызылорда  облысы  бойынша 

педагогикалық  қызметкерлердің  біліктілігін 

арттыру  институтының  «Алғыс  хатпен» 

марапатталған,  2013  жылы  «Ана  тілім-

алтын  тұмарым»    аудандық  жазба  ақындар 

мүшайрасында  бас  жүлде  иеленген,2013жыл  

Қызылорда облысының мәдениет басқармасы 

Облыстық  халық  шығармашылығын  дамы-

ту  және  мәдени-продюсерлік  орталығының 

«Алғыс  хатымен»  марапатталған,2013жылы 

Жаңақорған  ауданының  әкімінің  «Алғыс  ха-

тымен»  марапатталған.  Оқушыларының  

жетістігі:  Сыздық  Төлеген-Республикалық  

«Ахмет  Яссауи»  хикметтері  байқауының 

дипломанты,Әбдібекова 

Карима 


аудандық  «Жүзден  жүйрік-мыңнан  тұлпар» 

байқауының  «Абай  оқулары»  бөлімінде  

І  орын  иеленген,Шаназар  Таңшолпан- 

аудандық  «Мұқағали  оқулары»  байқауынан 

ІІІ  орын  иеленген,Махмут  Рауан-  аудандық 

«Жарқын болашақ» олимпиадасынан ІІ орын 

иеленген,Әбділлахан 

Балнұр- 

облыстық 

мүмкіндігі шектеулі балалардың «Жүрек жы-

луы» фестивалінде бас жүлде иеленген,Оспан 

Нұрмағанбет-аудандық  «Әнші 

бұлбұлдар» 

конкурсын-

да  ІІ  орын  иеленген,аудандық 

«Астана  бәйтерек»  конкур-

сында  сахналық  қойылымда 

оқушылары 

І 

орын 



ие-

ленген.Сапарәлі 

Нұрәлем 

аудандық 

«Маханбет 

оқуларынан»  І  орын,облыстық 

байқаудан  ІІІ  орын  иеленген.

Мақалалары:  Республикалық 

«Мектептегі 

психология» 

журналына  мақаласы,  Облыстық  «Сыр 

мектебі»,аудандық  «Жаңақорған  тынысы» 

газеттеріне  өлеңдері  жарияланған.  «Өрлеу»  

АҚ  филиалы  Қызылорда  облысы  бойынша 

педагогикалық  қызметкерлердің    біліктілігін 

арттыру  институтының  2013ж    7-8    қараша  

Білім  беру  жүйесіндегі  психологиялық-

педагогикалық 

мәселелері: 

«Ізденістер

,тәжірбиелер,шешімдер» 

тақырыбында 

Республикалық  ғылыми  практикалық  кон-

ференцияда  баяндамасы  қорғалып,жинаққа 

енді.Камакова  Ардақ  апайымыз  биылғы 

оқу  жылы  жақсы  жаңалықтармен,  үлкен 

жетістікпен  бастады.1  қазан  күні  облыстық 

«Үздік  педагог-психолог-2015»  байқауына 

қатысып,ауданнның  намысын  қорғап  І  орын 

иеленіп,  қарашада  өтетін  Республикалық 

байқауға дайындық үстінде.Мектеп басшысы 

К.Айменова  бастаған  ұжым  Ардақ  апайдың 

жетістігіне  қуанып,алдағы  үлкен  сыннан 

облысымыздың намысын қорғайды деп,үлкен 

сеніммен тілектестік білдіре отырып,еңбегіне 

шығармашылық  табыс,отбасына  амандық 

тілейміз.

Жұмабекова Қымбат Тәңірбергенқызы,

мектеп директорының әдістемелік-

инновациялық істер 

жөніндегі орынбасары. 

4

бет



15.10.2015

СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?

Қайнар


Қайнар

тынысы


ҚҰРМЕТТІ ОҚУШЫЛАР!

  Жаңа 2015-2016 оқу жылы табалдырығын 

аттағалы тұрсыңдар. Үш ай каникулда өте 

шықты. Жаңа оқу жылын қуанышпен қарсы 

алып, жоғары жетістікпен білім деңгейіне 

шығар жарқын жолда жақсы оқуларыңа 

тілектеспіз. Білімді жетер мұратқа деген ғой 

атамыз. 

«Қайнар» тынысы  редакциясы.

Журналистиканың  сан  түрлі  сала-

сын  да  жүрген  аға-әпкелеріміз  көп.  Өз 

мамандығының  жілігін  шағып,  майын  та-

мызып  жатқандар  да  жетерлік.  Бірақ, 

көпшілігіміз  «қазақ  журналистикасына» 

алғаш  келген  қазақ  қызының  кім  екеніне 

баса назар аудара қоймағанымыз рас. 

Нәзипа  Құлжанова  1887  жылы  та-

лай    дүрбелең  тарихтың  куәгері  болған 

Торғай  қаласында  дүниеге  келген.  Ол 

Алаш қозғалысы кезінде көзге түскен қазақ 

қыздарының бірі де бірегей болатын. Ел на-

мысын жерге таптатпай, аумалы төкпелі за-

манда  ел  қамын  жеген  қайраткерде  бола 

білді. 


1920  жылы  Қырғыз  (қазақ)  АКСР 

Халық  ағарту  комиссариатының  қазақ  тілінде  оқулықтар, 

кітаптар шығару, баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссияның 

құрамында жұмыс жасай бастады. Осы жұмыста жүріп, жаңа қазақ 

әліпбиін  енгізу  жөніндегі  комитеттің  құрамына  енген    Нәзипа 

Құлжанова  –қазақ  қыздарынан  шыққан  тұңғыш  журналистердің 

бірі. 1922 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің редакция алқасының 

мүшесі, 1923-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан», 1925-1929 жылы 

«Әйел  теңдігі»  журналдарында  жауапты  қызметтер  атқарады. 

«Айқап»,  «Қазақ»,  «Бірлік  туы»,  «Алаш»  басылымдарында  оқу-

ағарту мәселелері туралы мақалалар жариялаған.

Ұзақ  жылдар  бойы  сан-салада  қызмет  еткен  Нәзипа 

Құлжанова  қазақ  мектептері  үшін  де  оқулықтар  жазған.  1923 

жылы  Орынбор  қаласында  «Мектептен  бұрынғы  тәрбие,»  1927 

жылы  Қызылордада    «Ана  мен  бала  тәрбиесі»  атты  әдістемелік 

кітаптары басылып шықты. Еліне елеулі із қалдырған Торғайлық 

Нәзипа Құлжанова 1934 жылы қайтыс болды.

Талайлар  білмейтін  қазақ  журналистикасының  алғашқы  ба-

тыл қызының дүние салғанына 81 жыл толып отыр. Әліде Нәзипа 

Құлжанова секілді елдің қамы үшін туылатын қазақтың батыр да, 

қайсар қыздары болатынына сенейік...

Әлшен Едіге Мырзанұлы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-Түрік 

университетінің журналистика мамандығының 1-курс 

студенті.

ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНА АЛҒАШ КЕЛ-

ГЕН ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ КІМ?

  

ҮЗДІК ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ   



Жастар – біздің болашағымыз!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет