Серия «Филология». №2(110)/2023 25 doi 10. 31489/2023Ph2/125-131 Әож 82. К. А. Толеубаева, А. М. Смагулова



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата27.09.2024
өлшемі435,26 Kb.
#145929
  1   2   3   4   5


Серия «Филология». № 2(110)/2023 
125 
DOI 10.31489/2023Ph2/125-131 
ӘОЖ 82.0
 
К.А. Толеубаева, А.М. Смагулова*
*
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды, Қазақстан 
(E-mail: k.toleubaeva@mail.ru, aizada220513@gmail.com) 
Көркем идея және драматизм 
Мақалада қазақ әдебиетінде өзіндік дәстүрі қалыптасқан повесть жанрындағы драматизм мәселелері 
қарастырылған. Мақаланың мақсаты — қазақ қаламгерлерінің шығармашылығындағы драматизмнің 
әдеби-эстетикалық қырларын назарға ала отырып, қазіргі жаңа бағыттағы қазақ повестеріндегі драма-
тизм мәселелеріне көркемдік талдау жасау. Атап айтқанда, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі 
— Оралхан Бөкейдің «Атау кере (Қауіпті будан)» және Әлібек Асқаровтың «Батқан күннің бояуы» 
туындылары. Зерттеу барысында саралау, теориялық талдау және жинақтау әдістері қолданылды.
Көптеген ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалынып, драматизмнің шығармадағы ірі қозғаушы күш 
екендігі айқындалды. Зерттеудің нәтижесінде аталған повестердегі драматизмнің эстетикалық мәні 
мен көркемдік қызметі талданып, әр жазушының қоғамдық-әлеуметтік ортасындағы тартыстар мен 
қарама-қайшылықтар оның шығармашылығында із қалдыратындығы, авторлық концепция мен жазу-
шының дүниетанымы драматизмде айрықша көрініс табатыны тұжырымдалды. 
Кілт сөздер
: драматизм, повесть, конфликт, тартыс, эстетикалық категория, авторлық концепция. 
Кіріспе 
Ұлт жадында ғасырлар бойы туып, дамып, қалыптасып келген биік рухты рухани мұра тотали-
таризм тұсында тапталып, жазылмағандықтан, тәуелсіздік жылдарында ұлтшыл суреткерлер алдында 
нақты қоғамдық-әлеуметтік, тарихи, саяси жадыны жаңғырту қажеттілігі тұрды. Сондықтан да дәл 
сол кезеңде көркем әдебиетте айрықша көтерілген жеке тұлғаның рухани адамгершілік әлеуеті, адам-
гершілік-гуманистік проблематикасы, философиялық этикалық проблемалары аз да болса «жылымық 
сәттің» нәтижесінде пайда болған сана сілкінісі мен серпілісінен туындаған тарихи, қоғамдық қажет-
тілік еді. Бейімбет Майлин іргетасын қалаған қазақ повесінің 1970-90 жылдардан бастап жаңа тыны-
сы ашылып, түлеп, түрлене түсті. Қазақ қаламгерлерінің шығармашылығындағы драматизмнің әдеби-
эстетикалық қырларын назарға ала отырып, қазіргі жаңа бағыттағы қазақ повестеріндегі драматизм 
мәселелеріне көркемдік талдау жасау мақаламыздың мақсаты болып табылады. Алуан жаңа бағыттар 
қарқынды дамуда, шығармалардың тақырыбы мен мазмұны өзгерген. Кезеңінде бұрмаланған, тыйым 
салынып қудаланған ұлттық-тарихи тақырыпқа арналған, қазақ қоғамының сырын сипаттайтын по-
вестер жарыққа шықты. Жаңа бағыттағы туындылардан соны ізденістерді байқауға болады. Қазақ 
прозасының Мұхтар Мағауин, Әбіш Кекілбайұлы, Оралхан Бөкей, Төлен Әбдік, Сайын Мұратбеков, 
Тынымбай Нұрмағамбетов, Қалихан Ысқақ, Бердібек Соқпақбаев секілді саңлақ жазушылардың қазақ 
прозасында өз орны бар, өз бағасын алған көркем шығармаларымен қатар кейінгі жылдардағы алдың-
ғы қатардағы Думан Рамазан, Әлібек Асқаров, Асқар Алтай, Роза Мұқанова секілді прозашылардың 
шығармалары сөз өнеріне қосылған сүбелі үлес те, әдебиеттану ғылымына қомақты азық болмақ.
Зерттеудің деректері мен әдістері 
Зерттеудің дерек көзі ретінде әдебиеттану ғылымында драматизм категориясына байланысты 
жазылған ғалымдардың еңбектері қарастырылды. Атап айтқанда қарастырылып отырған кезеңнің 
әдебиет саласын және осы дәуірде туған әдеби шығармалар туралы З. Қабдолов [1], С. Қирабаев [2], 
С. Қасқабасов [3], Ш. Елеукенов [4], Р. Нұрғали [5], Б. Майтанов [6], Ж. Дәдебаев [7], 
Т. Тоқбергенов [8], С. Әшімбаев [9], З. Серікқалиев [10], Қ. Ергөбеков [11], М. Хамзин [12], 
Т. Сыдықов [13], Б. Сарбалаев [14], Қ. Әбдезұлы [15], Б. Кәрібаева [16], С. Жұмабек [17], 
Г. Пірәлиева [18] және орыс әдебиеттану ғылымында драматизм категориясына байланысты 
Г.Н. Поспелов [19], В.Е. Хализев [20], В.И. Тюпа [21], И.Ф. Волков [22] т.б. ғалымдардың еңбектері 
негізге алынды. Аталмыш ғалымдардың ғылыми еңбектерінде көркем шығармадағы авторлық ұста-
ным, көркем образдар жасаудағы қаламгер шеберлігі, драматизм табиғатының көркемдігі, туынды-
* Хат-хабарға арналған автор. E-mail:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет