Автор: Майқы би
Хан әділ болса - халық ынтымақты болады.
Автор: Әлихан Бөкейханов
Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана.
Автор: Мұқағали Мақатаев
Қарасаңдаршы,
Қаншама достан айырылдық...
Біріміз нағыз,
Біріміз жалған қайғырдық...
Тазалайықшы,
Ынтымақ деген айдынды.
Қалыпқа түспей тұрғанымызда маймылдық...
Ынтымақсыз елді – Ұрысы билейді.
Ынтымақты елді – Дұрысы билейді.
Ынтымақ – ырыс қазығы, Уәде – жанның азығы.
Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпас болар.(Мұхтар Әуезов)
Алтау ала болса - ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса - төбедегі келеді.(Мақал - мәтел)
ЬІнтымақ қайда болса - ырыс сонда барамын депті.
Жалғанда ойлап тұрсаң бірлік керек,
Бірлікті ойлау үшін тірлік керек.(Төле би Әлібекұлы)
Бірлік түбі - береке.(Майқы би)
Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ.(Білге қаған)
Төрімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Туырлыққа - ту іліп,
Қыннан қылыш суырып,
Көк найзаның ұшына күдері үкі таққан елміз!(Қазыбек Келдібекұлы)
Достарыңызбен бөлісу: |