«Шығармашылық» бөлімі бойынша 1 кіші тобында «Музыка» ұйымдастырылған
оқу іс-əрекетінің талданымына əдістемелік нұсқау
«Музыка» ұйымдастырылған оқу іс-əрекетінің талданымына қысқаша
сипаттама:
1-ші кіші тобындағы балалардың музыканы тыңдау, таныс əндердің
ерекшеліктерін тани білу жəне музыканы есте сақтау дағдыларын жақсы дамыта отырып,
музыкалық иллюстрациялармен сүйемелденген əңгімелерді қызығушылықпен тыңдай
білуге, əннің мағынасын түсінуге, таныс əндердегі дыбыстардың жоғарылығын
ажыратуға,
музыкалық-ырғақтық
қимылдарды
жасауда
музыка
мен қимылдың
үйлесімділігін сақтауға, жалпы алғанда балаларға музыкалық тəрбие беруде
оның
заңдылықтары мен қағидаларын сақтай отырып, балабақшаларға арналған типтік
бағдарлама бойынша «Музыка» ұйымдастырылған оқу іс-əрекетін өткізудің үлгілерін
жəне қосымша электронды құралдар мен құрал жабдықтардың дайын кешенін ұсынады;
балалардың жас ерекшелігіне сай əн тыңдау, əн айту жəне музыкалық-ырғақтық қимылдар
мен қарапайым би элементтерін меңгеруге үйрету, түрлі аспаптарда педагогтің
басшылығымен дыбыстар шығаруға талпындыру, музыкалық фразалардың жоғары жəне
төмен дыбысталуын ажырату, ырғақтың жəне əуеннің жеке екпінін дұрыс жеткізіп, əннің
сөзін есінде сақтай білу дағдыларын қалыптастырудың жаңа бағыттарын негізге алады;
«Музыка» ұйымдастырылған оқу іс-əрекеті оқыту технологияларының жаңа түрлерін
пайдалана отырып, баланың музыкаға қызығушылығын арттырудың, эстетикалық
қабылдауын қалыптастырудың тиімді жолдарын көрсетеді; музыкалық шығармалар
негізінде баланың шығармашылық жəне дербес əрекетін дамытудың əдіс-тəсілдерін
ұсынады.
«Музыка» ұйымдастырылған оқу іс-əрекетінің талданымын республикалық, облыстық,
қалалық, аудандық, ауылдық жерлерде орналасқан мектепке дейінгі мекемелер, балалар
білім беру орталығы, балаларды дамыту орталығы, балалар шағын орталығы, балалар
инклюзивті білім беру орталығы, балалар үйлері, жеке меншік балабақшаларда жəне үй
жағдайында бала тəрбиесімен айналасқысы келетін ата-аналарға да пайдалануға болады.
Сонымен қатар зерде бұзылысы бар балаларды тəрбиелеу мен оқытуда осы талданымның
арнайы бағдарламаға сəйкес келетін материалдарын да пайдалануға болады. Соның
нəтижесінде балада таныс өлеңдерді тану, өлеңде қайталанатын сөздерге қосылу,
қарапайым қимылдарды музыканың сүйемелдеуімен орындау, шеңберде орындалатын
қарапайым би қимылдарын музыканың сүйемелдеуімен немесе педагогпен бірлесе
орындаған өлеңнің мазмұнына сəйкес қайталау дағдылары нəтиже беруі мүмкін.
«Музыка»
ұйымдастырылған
оқу
іс-əрекетінің
талданымын
дамуында
күрделі
бұзылыстары бар балаларды тəрбиелеу мен оқытуда да пайдалануға мүмкіншілік бар.
Өйткені, бұл санаттағы балалардың 2-4 жас аралығындағы жас ерекшеліктері үшін ойын
түрінде өткізілген музыка сабағы балаларды музыкалық дыбысталу, ересек адамның
дауысына эмоционалды жақсы күйін таныту мен тұрақтандыру жəне музыка жетекшісінің
қолдау көрсетуімен тығылмаш ойындарға қатысуға талпындырады.
Достарыңызбен бөлісу: |