Қабырғасын ерітіп, бүкірейген еркек бес қабатты үйдің ауласындағы сәкіде



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата02.11.2022
өлшемі0,53 Mb.
#47020
  1   2
Байланысты:
Құжат (Кітап Жарыс Сайысы)



Бұтында алабажақ кӛнетоз дамбал. Кеудеде әбден кірсіңді болған 
майка. Бәшпайға жұлығы шыққан шүберек шәркей іліпті. Тӛбесінен ӛткен 
күннің ыстығы табанына жетіп, арқасынан ӛткені жауырыны мен 
қабырғасын ерітіп, бүкірейген еркек бес қабатты үйдің ауласындағы сәкіде 
жанарымен жер тесіп отыр. Майланып кеткен селдір шашын милығына 
түскен ескі телпегі жауып, күнқағар қызметін атқарып тұр. Анда-санда басын 
кӛтеріп, қарсы алдындағы подъезде кӛшіп-қонып жанталасып жатқандарға 
әжімді қабағының астынан сығырайып қарап қояды. Одан жанарын аударып 
әкетіп, бір кездері қимас ӛмірін ӛткізген бірінші қабаттағы таныс терезеге 
қадайды. 
Қараған сайын жан дүниесі құлазып, ӛкініштен іші ӛртеніп, кеудесін 
ӛксік қысып, жанарын жас торлайды. Ӛзектегі ӛртін кім ӛшірер, іштегі дертін 
кім түсінер… 
— Жора, қалың қалай? Не болды, күн шыққалы сәкіге байланып 
қалыпсың, — деп, кӛршісі Степан таяғын тықылдата жақындап, сіңірлі білегі 
бірден кӛзге түсетін күректей алақанын ұсынды. 
Бұл сүйегіне дейін ӛткен күннен қызған қолын селқостау соза, ананың 
саусақтарын қысып қойды да: 
— Қай жетіскеннен дейсің, Степа, — деп, телпегін сол қолының 
алақанымен басып, басын шалқайта, кежегесі кері кете жауап берді. 
Степан сәкіге отыра кетті де, қолындағы таяғын жанына сүйеді. Аяғын 
алдына созып тастап, кӛршісіне: 


— Ал, айт, не болды? — деді де, тӛсқалтасынан «Кент» деген темекі 
қорабын шығарып, ішінен бір талын алып ерніне қыстырды. Содан баптанып 
шырпысын іздей бастады. «Е, ӛз шаңырағынан шығып, туған ауласында 
шалқайып отырғанға не жетсін!» деп, Жора орыс кӛршісіне іштей қызғана 
қарады. Степан оны қызықтырғандай одан әрі кергиіп, темекісінен құмарлана 
сорып барып: 
— Айтсаңшы енді, тыржалаңаш бұл не отырыс? — деді де, құлақты жара 
қақырынып, оң жағына шырт түкірді. 
Жарты ғасыр шеккен шылымның түтіні дыбыс жолдарын байлап 
тастағандай дауысы қарлығып шығады. Аузынан шыққан лебінің ащылығы 
сондай, жанындағы адамның қолқасын атады. Оны байқайтын Жора ма? Ішкі 
дертін кӛршісіне неден бастап ақтарарын білмей, дал болып отыр. Жауап 
бермеске де ләжі жоқ. Екеуі заманында Киров атындағы заводта бірге жұмыс 
істеп, кәсіподақтың арқасында осы тӛрт қабатты үйден бірге пәтер алған. Бұл 
үйлер кейіннен «Хрущевка» атанып кеткен. Сол кездегі жазылмаған заң 
бойынша қазақтарға не бірінші, не ең соңғы қабаттан пәтер тиетін. Жораға 
бірінші, Степанға ойып тұрып ортадағы үшінші қабаттан баспана бұйырды. 
Таңдайтын Жора бар ма, бұйырғанына мәз! Ұлы мен қызын қолтығына 
қысып, қоржын-қошалағы мен жалғыз мүлкі «Москва» тоңазытқышын 
сүйреп, кілт қолына тиген күні кӛшіп алған. Алматыға келгелі Салиқа деген 
атын ұмытып, Света болып кеткен келіншегі басы қып-қызыл болып шауып 
жүр. Бір күн үстел, екінші күні орындық тауып әкеліп, тоңазытқышымен 
қоса, алты шаршы аумақты толтырып тастады. Қалған екі бӛлменің біреуі — 
жатын бӛлме де, екіншісі — «Горизонт» теледидары тұрған қонақ бӛлме еді. 
Ӛздері үшін хан сарайындай болған баспанамен қоса, «қалалықтар» деген 
мәртебеге ие болып, екі баласын заводтың балабақшасына беріп, 
жұмыстарына шапқылайтын. Қаланың ханымдарынан қалыспай Светасы 
басын жарты жыл кӛкке, жарты жыл қызылға бояп, кӛкірегінен қос алмасын 
сығалатқан кеудеше, бұтына тырсиған джинси шалбарын жапсырып, етжеңді 
денесімен былқ-сылқ басып, жұмыстан соң асүйде шұжықтарды шыжғырып, 
картоп, не макарон қуырып жататын. 
Ӛзі болса әкесі азан шақыртып қойған «Жайсаңғали» деген есімін 
ұмытып, «Жора» болып кеткен. Ӛзіне бұл атты кім жапсырғаны да есінде 
жоқ. Жұмыстан келе, залдағы кӛк диванға кӛлденеңінен түсіп, 
«Горизонттың» ішіндегі жаңалықтарды қараған болып, одан қалса «Қасқыр 
мен қоянды» тамашалайтын. Күндердің күнінде үйлерінде қара телефон 
пайда болды. Әйелі екеуінің қуаныштарында шек болмай, кезектесіп 
қаладағы күллі танысымен түн­нің жарымына дейін сӛйлесіп, уақыт 
ӛткізетін. 


Бірер жылда егіз балапандары да мектеп табалдырығын аттады. Оқыған 
баланың машақаты балабақшадағы балдырғаннан қиын екен. Қызымен әйелі, 
ұлымен ӛзі жағаласып отырып сабақ оқыған болады. Жаз шыға балаларымен 
кезекті еңбек демалыстарын алып елге тартатын. Перзенттеріне екі ауыз 
қазақша үйрете алмай ауылға барса, намыстан жарылып «осыдан қолға 
алмасам ба», — деп қайтқанымен, аналары қазақша сӛйлемейтін балалар 
қайдан үйренсін, шалақазақ болып ӛсіп жатты. 
Сӛйтіп жүріп олар да мектептерін бітірді. Жоғарғы оқу орнына түсуге 
шамалары келмейтінін білген соң, екеуі ең болмаса училищеге түссе екен деп 
армандады. Қызы орта медицина қызметкеріне, ұлы орта білімді 
теміржолшылыққа оқитын болды. Әйтеуір ӛздері сияқты заводтың қара 
жұмысшысы болмағанына шүкіршілік етіп жүргенде, естерін жиып қараса, 
екеуінің де самайына ақ кіріп, шаштары селдіреп, маңдайларына әжім 
түсіпті. Екеуі де заводтағы ақ құлақ ағайындармен бірге ащы судан 
тартынбай, тұздаған қызанақ пен қиярға әуес болған соң ба, қырықтан асып, 
елуге жетпей жатып бет терілері қуырылып, кӛз алдылары кӛлкілдеп шыға 
келді. Қызын қалалық ауруханаға медбике етіп, ұлын таныстарын салып 
жүріп пойыз жолсеріктігіне кӛмекші етіп орналастырды. Бір мақсаттарына 
жеткендей масайрап жүріп жатты. 
Күндердің күнінде қызы бір қылқимойынды, ұлы бір ұзынсирақты алып 
келіп таныстырды: «махаббатпыз, қосылмасақ болмайды», — деген. 
Жолдығалидың жүрек түпкіріндегі «қыз ұзатып, келін түсіріп, құдандалы 
болып, қазақтыққа бет бұрармыз» деген арманы желге ұшты. «Ой, папа, құда 
түсу деген не, ауылдағы қазақтарға ұқсап. Келініңіз жаңа жылға қарай 
босанады», — деді ұлы, бұдан кейін оны жеделдете үйлендірмесе болмады. 
Келінді үйге кіргізіп, екі жасқа қонақ бӛлмені босатып берді. 
«Қызың жігітімен кететін болды, құдалар интернационал жандар екен, 
құдалықты түсінбейтін», — деп жайсыздау хабар айтты әйелі. Ұл болмағаны 
жақсы болды, әйтпесе, жатын бӛлмені босатып, бәйбішесімен асүйге шығар 
ма еді. Қанша қимаса да, қыз кетті қияға. Келінін «әне босанады, міне 
босанады», — деп отырғанда дүние тӛңкеріліп, «Желтоқсан» деген кӛтеріліс 
басталды да кетті. Ел іші дүрлігіп, кӛшеде жӛңкілген жұрт, ешкімді ешкім 
ұғып болмайтын бір әуре-сарсаңда Жолдығали немере сүйді. Ұлтжанды 
қазақтар алаңда алысып, «азаттық аламыз» деп аласұрып жүргенде мұның 
дүбәрә балалары махаббаттарының қызығына батып, жемісін жинап жатты. 
Кӛктемге қарай піспей жетіліп, жиен немере дүниеге келді. 
Екі шарананы ширатып, одан тәй-тәй бастырып жүргенше тағы екі-үш 
жыл ӛте шықты. Келін тағы бір баланы жарық дүниеге әкелді. Тіршіліктің 
қамыты бұрынғыдан ауырлап, Светасы екеуі екі немеремен алысып кетті. 


Келін жалғыз күйеуінің табысы жетпейтінін сылтауратып, тоқыма 
фабрикасындағы жұмысына қашты. Сол арада баласын құшақтап қыз байдан 
қайтты. Құдай қарасқанда ұлы жұмысындағы шағын отбасыларға арналған 
жатақханадан бӛлме алып, бӛлек шыққан. Қонақ бӛлме қайтқан қыз­ға тиді. 
Бӛлінген ұл үлкен баласын ата-әжеге қалдырды. 
Әйелі екеуінің түн ұйқысы тӛрт бӛлініп, бала күзететін баяғы жастық 
шақтары қайта айналып келгендей болды. Оны ӛздері «ұлымызға баласын 
бағып беріп қарасып жатырмыз. Бізді қартайып, қалжырағанда балаларымыз 
осылай қарайды», — деп кӛңілжұбатар жасап жүрді. Күндердің бір күнінде 
қызы баласын ата-анасының бауырына қалдырып, қайтадан күйеуге тиіп 
кетті. Сонымен әйелі екеуі екі немерені бауырына қысып, екі бӛлмеде бӛлек 
ұйық­тап, жасына жетпей кемпір-шалға айналды. 
Бұлар осылай отбасылық шырғалаңдарымен әуре болып жатқанда он бес 
елден құралған үлкен державаның быт-шыты шығып, әр республика ӛз 
алдына тәуелсіз мемлекетке айналған. Заводтары жабылып, тӛрт қабатты 
үйде тұрып жатқан кӛршілерінің бәрі жұмыссыз қалды. Не зейнет жасына 
жетпей, не жаңа заман кӛшіне ере алмай қалған бір топ еркек пен әйел аулада 
бала ойнататын да, ӛздері шахмат пен дойбы ойнап уақыт ӛткізетін. Күні 
бойы аулаға шығып, сәкіде отырып, аяғынан шатқаяқтап жатқан жас 
мемлекетті жамандап, ӛткен ӛмірлерін аңсап жылағанымен ғасыр тұрмақ, 
мыңжылдық ауысса да, кеткен дәурен қайта оралмады. 
Жораның пысық Светасы бір жатақханаға вахтерлік жұмысқа тұрып алды. 
Екі күнде бір кезегіне барып, қонып ертесіне келетін. Жайсаңғали базардан 
арзан-құрзан ас-ауқат әкеліп, алжапқыш байлап екі немересіне тамақ пісіріп 
ілдалап жүрді. Ӛзі де бір жерге нантабарлыққа ілінгісі келгенімен еш реті 
келмей-ақ қойған. Немерелер мектепке барып, енді Жора «үйішілік тәрбиеші 
мұғалімге» айналды. Оларды мектепке апарады, әкеледі. Кешке қарай сабақ 
оқытады. «Миым атала болды мына екеуімен», — деп әйеліне шағынып 
қоятын. Ондайда: «Сен тәуелсіз боламыз», — деп қуанып едің ғой, міне 
болдың. Ешбір басшыға тәуелді емессің! Ӛзіңмен-ӛзің! Елің де Мәскеуге 
бағынбайды! Армандарыңа жеттіңдер! Тек мемлекеттің қазынасы бос, сенің 
қалтаң қуыс!» — деп, қызылбас қатыны табалайды. «Россиядан бӛліндік, не 
таптық! Осы ма жеткеніміз? Жыным ұстаса, Отаныма кетіп қалам!» деп 
қорқытатын. Орынбордың қызы ғой, бірақ оны Ресей қайтсін? Ол тұрмақ 
кӛшіп барған қаны таза ӛз орыстарын «қазақтар» деп шеттетіп, күн 
кӛрсетпей, шыдамағандары қайта кӛшіп келіп жатқан. 
Жайсаңғали да қашанғы қатыннан сӛз естіп, қор болып отырсын, 
күндердің бір күнінде үйдің маңында ашылған автотұраққа күзетшілікке 
орналасты. Күнара тәуліктік кезекшілікке барады. Күндіз тыным таппай 


кірген-шыққан кӛліктер мен иелерін аңдып, зыр қағады. Кешке қа­рай 
белгіленген уақытта екі тӛбет итті қоршаудың ішіне жібереді де, қақпаны 
тарс жауып, ыдысқа салып алып келген тамағын жылытып ішіп, ағаш тӛсекке 
жайғасады. Қос алақанындай ғана теледидардан кино кӛреді, ән тыңдайды, 
қалғып-мүлгіп ұйықтайды. 
Ертесіне таң сыз бере иттерін ұясына қамап, қақпаны ашып кӛлік иелерін 
қарсы алады. Кезекшілігін ауыстыруға келген серігіне аман-есен орнын 
тапсырады. Бар болғаны осы… 
Алғашында әйелі бұл «қызметіне» қарсы болды. «Немерелермен кім 
айналысады? Оларды мектепке апарып-алып келу керек, тамағын уақтылы 
ішкізу керек», — деп бажылдады. Жора да одан кем емес дауыспен: «Әлі 
алпысқа да келмедім, неге біреудің баласын бағып үйде отыруым керек?! 
Менің балаларымды кім бақты? Екеуміз сүйреп жүріп жеткіздік. Әке-
шешелері ӛздері бақсын!» — деп жауап берді. «Біз оларға кӛмектесуіміз 
керек, қазір капитализм, күндерін кӛрсін», — деп шаңқылдап қоймап еді, 
бұл: «Ӛзің бақ! Әйелсің! Әжесің!» — деп ақырып жіберді. «Мен жұмыс 
істеп, осы үйдің нанын тауып отыр­мын», — деп қызылбас та тепсініп қояр 
емес. «Мен еркекпін, сендерді асырай алам. Сондықтан жұмысқа шығам!» — 
деп екі қолымен ас үйдің үстелін тоқпақтап отырып, теңдік алып осы 
жұмысқа шыққан еді. 
Бұрын ауладағы ақсақал-қарасақалы бар, жұмыссыздармен домино, карта 
ойнап, біруақ сыра ішкенін сап тыйды. Шахмат дейсіз бе, Жора сияқтыларға 
ондай ақсүйек ойын қайдан жұқсын? Ол аулада шахмат ойнамақ түгілі, 
маңына да жуымаған. Кӛршілері кездесіп қалғанда: 
— Сен бізді ұмыттың ғой! Менсінбей кеттің ғой! — деп ӛкпе артып 
жатады. Оған Жоралары басын былғаңдатып, күлімсіреп тӛмен қарай береді. 
Бар жауабы осы. Ал, түсініп кӛр! 
Кезекшілігінен босаған күні орнын толтырайын деп, күні бойы немере 
қарайды. Алдымен үйге керек кӛкӛніс пен сүт ӛнімдерін кӛтергенінше 
әкеледі. Түскі асқа жақсылап сорпа мен қуырмаш жасап қояды. Немерелерін 
мектептен алып келіп, тамаққа тойдырып отырып кӛрген-білгендерін сұрап, 
әңгімелеседі. Екі аялдама жердегі демалыс паркіне апарып ойындары 
қанғанша ойнатады. Артық-ауыс тиын-тебеніне балмұздақ алып береді. 
Басында қарсы болған бәйбішесі Жорасының осылай ерекше тәртіпті ата 
болып келе жатқанына қарап, қуана бастады. Балалары да ризашылықтарын 
білдіргені ме, дәл атасы демалатын күні қолдарындағы балаларын да әкеліп 
тастайтынды шығарды. Осылай, ӛздерінше бақытты болып жүргенде, 
тіршіліктерінің ойранын шығаратын оқиға бол­ды. 


*** 
— Жора, қымбаттым, мен біттім! Ӛлетін болдым! — деп қызылбас 
қатыны сыртқы есіктен аттай сала, қол сӛмкесін тӛрге қарай атып ұрып, 
босағаға отыра қалып еңірей жӛнелген. 
Асүйде түскі астың қамымен картоп аршып тұрған Жайсаңғали әйелінің 
ащы дауысынан шошып кеткені сонша, әшейінде ӛтпейтін қара пышақ 
басбармағын орып түсті. Жан дегенде жалғыз қатыны ойбайлап жатса, оңай 
ма, қанының сорғалағанына қарамай, кіреберіске жүгірді. 
Тізесінен бір қарыс жоғары белдемшесі одан әрі түріліп, аяғын созып 
салып қызылбасы: 
— Міне, бәрі бітті. Келген жерім осы болды! Мен енді жарты жылда ӛлем, 
сен жас қатын алып құтырып жүресің! — деп қараданқарап алжапқышын 
байлап, үй ішіндегілердің тамағын жасап алаңсыз жүрген күйеуінің ертеңіне 
барып келіп зар илеп отыр. 
— Светик, не болды сонша?! Мына отырысың не? — деп, қан сауғалаған 
саусағына қарамай әйелінің қолтығынан демеп тұрғызбақ болды. 
Әйел деген байқағыш емес пе, еденге қарап: 
— Мынау не қан? — деп баж ете түсті. 
— Мен ғой, мен… Сенің дауысыңнан шошып кетіп, қолымды кесіп 
алдым, — деп бәріне ӛзі кінәлідей енді басбармағын екінші қолымен қысып 
ұстай алды. 
— Таңбайсың ба, енді, жер әлемді қан­дамай! — деп енді жуынатын 
бӛлмеге сүйрей жӛнелді. 
Жайсаңғали кінәлі баланың түріне түсіп, бет жуатын жерде 
басмармағынан қаны сорғалап тұр. Света үйішілік аптекасын әкеліп, 
Жорасының жарасына йод құйып жанын шығара ашытып барып, тастай етіп 
таңып берді. Жайсаңғали қайтадан ас үйге тартты. Света: 
— Енді мына түріңмен қалай картоп аршисың? Тұр былай, — деп тар 
есіктен сығылыса аттап, қазанға бетеді. Күйеуі енді не істерін білмей 
орындыққа отыра кетті де, кӛңілін алаңдатқан нәрсені сұрады: 
— Жаңа неге айқайлап жылап келдің? — деді кӛзі бақырайып. Сол кезде 
әйелінің есіне неге аттандап келгені қайта түсті ме: 
— Жора! Мен ӛлетін болдым… — деп қайта аңырай бастады. 
— Қойшы, енді дұрыстап түсіндірші, былай, — деді енді Жайсаңғали
жұмсақтау үнмен. 
Света қазандағы сорпаның тұзын кӛрді де, қақпағын қайта жауып, 
күйеуіне қарама-қарсы жайғасты. Басына тӛнген қара бұлттың жайын бастан-
аяқ түсіндіре бастады. Ӛткен аптада жұмыстарында «скрининг жасатыңдар 


әрі кезекті санитарлық тексеруден ӛтіңдер», — деп тапсырған соң, ел 
қатарлы емханаға барып қан тапсырып, гастроскопия, мамаграфия деген 
аппараттарынан ӛтіп, нәтижесін күтіп жүрген екен. Бүгін таңертең жұмысына 
учаскелік медбике: «Жеделдетіп бізге келіңіз», — деп хабарласады. 
«Естігеннен ішім мұздап, қорқып кетіп, жанымдағыларға ісімді тапсыра 
салып, жүгіре жӛнелдім. Бірден учаскелік дәрігер қабылдады да: 
«Анализдеріңіздің қорытындысы бойынша сізге маммологке бару керек», — 
деді. Алып-ұшып, маммологке келсем, ол анализ қорытындылары мен менің 
кеудемді шешіндіріп қарап онкологке жіберді. Онколог те кеудемді қайтадан 
пальпация жасап қарап: «Кеудеңізге түйін байланған, зерттеулер нәтижесі 
бойынша қатерлі ісік белгісі сияқты. Оның залалды, залалсыз екендігін 
ауру­ханаға жатып тексерілгеніңізде анықтаймыз. Әзірге пункция аламыз», 
— деп, азаптап тағы анализ алып жіберді. «Қатерлі ісік», — дегеннен 
тұлабойым түршігіп, жұмысқа да бармай үйге қаштым. Оларға жол-жӛнекей 
«ауырып қалдым» деп хабарладым», — деп жылап отырып жағдайын айтып 
шықты. Кірпігіне жаққан сүрмесі жаспен шыланып, опасының үстінен ағып, 
бетінің айғыз-айғызын шығарды. 
Қанша дегенмен, қырық жылдай бірге тұрған, қыздай қосылған қосағы 
емес пе, Жайсаңғалидың да әйеліне қойылған диогноздың атын естігенде 
үрейі ұшып, тӛбесіндегі бурыл тартқан сирек шашы тік тұрып кеткендей. 
Әйелінің жылай-жылай домбығып кеткен жүзіне аяушылықпен қарап, қандай 
жұбату сӛз айтарын білмей үрпиіп отырғанда сыртқы темір есікті салдырлата 
ашып немересі келді. Екеуі де келіскендей орындарынан атып-атып тұрысты. 
Әйел алдында жатқан майлықпен бетін сүртіп, еркек есікке қарай жүгірді. 
Кешкі тамақ үнсіз ішілді. 
Түнгі тӛсек те үнсіз салынды. 
Ерлі-зайыптылар үнсіз келіп екі жастыққа бас қойды. Жайсаңғали жарына 
бұрылып құшағына алмақшы болып қолын созып еді, алақанына ылғал тиді. 
Әйелі үнсіз жылап жатыр еді. Әшейінде сӛзге сараң, енді мына үнсіздіктің 
тұңғиығына тартылып бара жатқандай дыбысы тіпті шықпай қалды. Бар 
болғаны қосағының дір-дір еткен денесін қапсыра құшақтап, айырылып 
қалғысы келмегендей бауырына қысып, ӛзінің аяушылығын, шарасыздығын 
сездіргендей болды. Әшейінде әр нәрсеге бажылдап, тіл мен жағына сүйеніп, 
орысша-қазақша аралас былдырлап аузы жабылмайтын әйел де тұңғиыққа 
түсіп кеткендей, үнсіз. Тастай қараңғы бӛлмеде қос мұңлықты сол үнсіздік 
қорқытып, Шолпан жұлдыз сӛнгенше жанарлары жұмылмады. 
Тағы тамақ та үнсіз ішілді. 
Әдеттегідей әйелі асығыс-үсігіс жұмысына ыңғайланып киініп жатты. 
Жайсаңғали жанына келіп: 


— Светик, мүмкін диогнозда қателік болған шығар, — деп айта бергені 
сол, қызылбасы: 
— Жора! Олар онкологиядан қателеспейді! — деп шорт кесті. 
— Онда осы үйді сатсам да сені емдетем, — деп еркекше сӛз бастап келе 
жатыр еді Светик: 
— Ақымақ, басыңдағы жалғыз баспананы сатып, қаңғыбас боламыз ба? — 
деп қағып жіберді де, орындықта бала мысық сияқты бүрісіп жатқан жүн-жүн 
сӛмкесін құшағына қыса сыртқа ұмтылды. 
Жайсаңғали әлемдегі ең жақын адамы құладүзге тастап бара жатқандай 
іші ӛртеніп босағада қала берді. 
Сол күннен бастап, «ауру кірді — әлек кірді» дегеннің ӛзі болды. Әйелі 
Абай кӛшесінде ұзынынан созылып жайғасқан аты жаман «онкология 
институты» деген жерге жатып, он күнде нақты диогнозын білді. Соның ӛзі 
екен! Қанша жыласа да, аттандаса да, сол болды. Қатыны айтпақшы: «Олар 
онкологиядан қателеспейді» екен. Аяқ-қолы жерге тимей, қаланың о жағынан 
бұ жағына шығып, «қайда арзан тамақ бар, арзан киім-кешек бар?» деп 
домаланып шапқылап жүретін Светасы шӛлде қалған гүлге ұқсап, күннен-
күнге солып бара жатты. «Осы үйді сатсам да сені емдетем!» деп күшенген 
еркектің қолынан түк келмеді. Үйді сатса да емделмейтін болды. 
Үйді сатпағанымен, Светаның «Новосібірге барып емделсем» деген 
арманын орындау үшін Хоум кредит банкке кепілге қойып, несие алды. 
Қыстың кӛзі қырауда шекара асып, Ресей топырағын басып кӛңіліне алған 
ауруханасына жатып қаралғанымен шипа қонбады. Кӛктемге салым тобылғы 
гүлдегенде қырық жыл серік болған, Құдай қосқан қосағынан айырылды. 
Жайсаңғалидың жайнап жүргені, шаңырағында немерелері шапқылап, 
балаларының арқа-жарқа болып келіп-кетіп шаңырағын шаттыққа бӛлейтіні 
бәрі қызылбас қатынының арқасы екен. Дүние-ай, десеңші! Қырық шаршы 
метр қаңырап, алпысты орталағанда ӛзі аңырап қалды. 
Жарының қайғысынан банктің несиесін тӛлемек тұрмақ, ӛзінің ішкені — 
ірің, жегені — желім болып жүргенде зымырап жыл ӛтіп, кӛгеріп кӛктем 
қайта келіп қалыпты. Ресейден Светасының тӛркіндері, елден ӛз ағайын-
туысы бар, ұлы мен қызы бар, сабылып жүріп жылын ӛткізіп, құранын оқып, 
садақасын таратты. Қайтадан қара шаңырағында жападан-жалғыз қалды. 
«Қатын ӛлді — қамшының сабы сынды» деп бабалары бекер айтпапты. Ол 
заманда жерден тіреліп кӛтерілетіндері қамшы болған шығар. Сондықтан 
қатынды тірек кӛрген болар. Мына заманда қатын ӛлсе — тіршілігің қараң 
қалады екен. Балалары да әрқайсысы ӛз бастарымен әуре. Не­мере­лері де 
ержетіп ӛздері шаңырақ құрғалы жүр. Бұған келіп кірін жуып, тамағын беріп, 
қабағына қарайтын тірі жан жоқ. Үйге сырттан кірер кіріс те мақрұм. Әр 


айдың аяғында тиетін зейнетақысын алып, пәтерақысын тӛлейді де, қалғанын 
шыжымдап ас-ауқатына жаратады. Әйелін емдетуге алған несиені ұмытып та 
кетіпті. Ал банк берген қарызын ұмытсын ба?! 
Теледидарын серік етіп, жабуы кірсіңді болған ескі диванда жатыр еді. 
Есіктің қоңырауы шар етті. Баяғы кеңес дәуірінен қалған домалақ темір 
қоңырау емес пе? Дауы­сы қандай ащы еді! Ӛзін ешкім іздеп кел­мейтінін 
біледі. Балалар да шешелерінің жылы ӛткелі қара кӛрсетуді қойған. Қазір 
кӛршілер де есіктен сығаламайды. Тек сыртқа күншуақтап шыққанда бірін-
бірі кӛріп амандасатындары бар замандастарымен. «Кім болды екен?» — деп 
орнынан сүйретіле тұрып, сӛйлей жүріп есікке жетті. Ортасындағы 
бармақтай әйнектен сыртқа кӛз салды. Ақ жейде киген жас жігіт тұр екен. 
Орысшалап «Бұл кім?» — деді темекіден қарлыққан даусымен. «Банк 
коллекторымын, сӛйлесейік», — деді аржақтан сыпайы үнмен. «Банк» деген 
сӛзді естігенде зәресі зәр түбіне кетіп, бойынан мың сан құмырсқа жүгіріп 
ӛткендей күйге еніп, есікті ашпасына болмады. Қосымша темір ілгегін қолы 
дірілдей ағытып, шиқылдатып ескі есікті ашты-ау. Қолтығына пәпкі қысқан, 
ақ жейде, қара шалбар киген, шашын жылмита тараған ұзын бойлы жас жігіт 
тұр екен. 
— Сәлеметсіз бе, ата! — деді тап-таза қазақша. 
— С..с..сәлеметсіз, — деп тұтықты Жайсаңғали. Бұл әлде ана тілінде 
кӛптен сӛйлемегеннен немесе банктен келіп тұрғанын біліп баласындай 
жанның жетпістегі ӛзінің мысын басып тұрғаны. 
— Жайсаңғали Тұрлыбаевсыз ба? — деді жігіт. Дауысы еркін. 
— Иә… 
— «Хоум кредит» банктен келдім. Былтырдан бері алған несиеңізді 
тӛлемепсіз, сол бойынша банк шешім шығарды. Соның хабарын 
жеткізушімін. 
— Ойбу, әйелім ӛліп, есім шығып, несие алғанымды ұмытып та кетіппін, 
— деді бала алдында бүгжеңдеп, ұмытпағанда тӛлейтін қаржысы бардай. 
— Міне, мынау ескерту қағазы. Мында қол қойып беріңіз, алғаныңызды 
растап, — деп зыпылдаған жігіт жылдамдата қаламсабын шығарып, 
пәпкісінің үстіне алақандай қағазды жайды да, қол қоятын жерін сұқ 
саусағымен нұқып кӛрсетті. Жайсаңғали ӛзі білетін шимайымен хабар 
алғанын дәлелдеп қол қойды. 
— Ата, сау болыңыз! Кӛрсетілген уақытта ертең банкке келіңіз. Әйтпесе, 
үйіңіз кепіл ретінде банкке ӛтіп кетеді, — деп жылдам-жылдам айтып шықты 
да, одан да жылдам басып сыртқы есіктен шыға жӛнелді. 
Жайсаңғалидың шала еститін құлағында «үйіңіз кепіл ретінде банкке 
ӛтіп кетеді», — деген суық сӛз бен қолында алақандай хабарлама қағазы ғана 


қалды. Бойын суық сӛзден үрей биледі. Шиқылдап жабылған есігі де ӛзімен 
бірге шырылдап жабылғандай. 
Қалтаңдап ескі диванына қайта келді. Үстел үстінде жатқан кӛзілдірігіне 
қолын созып алып, хабарламаны оқыды. Жаны шырылдап ұлына телефон 
соқты. Дауысы дірілдеп суық хабарды айтып шықты. Ұлы: 
— Мен сол кезде сендерге айттым: «несиеден аулақ жүріңдер», — деп. 
Тыңдадыңдар ма?! Не ол қаржы анама кӛмектеспеді. Енді баспанаңнан 
айырылатын шығарсың, — деп ӛккілене сӛйлеп, есін алды. Қайырымсыз 
ұлдан қайыр болмасын білсе де: 
— Жәрәйды! Ең болмаса, ертең ме­ні банкке апарып қайтшы, сӛйлесіп, 
мән-жай­ды түсіндіріп келейік, — деді жалынғандай. 
— Менің уақытым жоқ ертең. Қызыңа айтсаңшы, үйінде бос отыр ғой, — 
деген ұлы «ит итті жұмсайды, ит құйрығын жұмсайды» дегендей етіп сӛзбен 
шығарып салды телефонда. 
*** 
Қызына телефон шалды. Ол ертесіне келетін болды, Құдай оңдағанда. 
Жайсаңғалидан ұйқы қашты. Құлағында «үйіңіз кепіл ретінде банкке ӛтіп 
кетеді», — деген суық сӛз жаңғырығып тұрып алды. Қатты қорыққанынан ба 
дәреті ұстамай, он рет тұрды. Таңды кӛзімен атырды. Жоғарғы 
қабаттағылардың баспалдақпен тарсылдата түсіп сыртқа шығып бара 
жатқандарын, кішкентай балалардың жылап бала-бақшаға бармаудың 
амалын жасап жатқандарын, аналарының шаңқылдап, ұрсып, еркектердің 
әйелдеріне зіркілдеп сӛйлеп бара жат­қандарын естіп, тӛсегінен тұрып, 
терезенің алдына барып, жұмысқа кетіп бара жатқандардың соңынан қарап, 
шығарып салды. Бір кезде қоңырауды баспай, ӛзі сынайын деп тұрған есікті 
жұдырығымен тӛмпештеп қызы келгенінен хабар берді. Мектептегі кезінен 
әдеті сол. Әбден шолжаң. Ӛзіне ерекше назар аударғанды жақсы кӛреді. 
«Моя принцесса!» — деп шешесі әбден бетімен ӛсірген. 
— Не болды, папа, әлі ұйықтап жатырсың ба? — деп аттандай есіктен 
енді. 
— Қайдағы ұйқы! Банктің хабарламасынан шошып ұйықтамай шықтым, 
— деп ақталды әкесі ерке қызына тезірек есік аша салмағанына ӛзін кінәлі 
сезініп. Шашынан иіскемекке ұмтылып еді, қызы: 
— Қане қағазы? — деп топылайын есік алдына томпылдатып тастай сала 
құдды шешесіне ұқсап құйрығын былғаңдата басып, тӛргі бӛлмеге тартты. 
Кӛріспегендеріне жарты жыл болды-ай, байқұс әке не ішіп, не жеп жүр, кір-
қоңын қалай жуып жүр онымен жұмысы жоқ. Осы банктің мәселесі болмаса, 


тағы жарты жыл кӛрмесе де уайымдайтын түрі жоқ. Мына түрлерімен ұл да, 
қыз да Жайсаңғали үйінде ӛліп қалса да іздемейтіндей. 
ЖО-О-ОҚ! Іздейді екен. Іздегенде қандай! 
Қызы әкесімен банкке барып, менеджермен сӛйлесіп жағдайды білген 
күннен бастап «әкежан» болып шыға келді. Бейшара әке оны «қызым менің 
басыма түскен сордан жаны ашып күнде бір табақ кӛжесі мен бәлішін алып 
келіп жүр», — деп жақсылыққа балап еді. Үміті құмға сіңген судай жоғалды. 
Үй мен әкесінің құжаттарын қағаз пәпкіге салып алып, үйге тұрмайтын 
шолжың қыз банктегі несие мен ӛсімін пәтерді сатып тӛлейтін болып 
келісімге келіпті. Мына сұмдық үкімді әкесіне жұқалап жеткізді. «Қарыздан 
қалған қаржыға басқа ауданнан бір бӛлмелі пәтер алып берем», — деп 
кӛндірді. Қарызға белшеден батқан Жайсаңғали қайтіп қарсылассын?! 
Келісті. Үміттеніп, заттарын үйдің жанындағы дүкеннен тасыған қораптарға 
салып, жиналып жүрді. 
Бір күні қызы дедектетіп жетектеп, банкке апарып біраз қағаздарға қол 
қойғызды, одан нотариуске апарып тағы біраз қағазға қол қойғызды. Сол 
наториуске барғанда еріп жүрген ерлі-зайыптылар кӛңіліне жақпаған. 
Сӛйтсе, қарашаңырағы соларға сатылыпты. Енді оның құтмекеніне 
таңертеңнен бері кӛшіп кіріп жатқан сол екеуі. Таң азаннан келді де 
қарсыласқанына қарамай, үстіне киімін де ілгізбей пәтерден айдап шықты. 
Қызын наториустегі құжаттарға қол қойғалы бері кӛрмеді. Қанша телефон 
шалды, тұтқаны кӛтермеді. «Қарыз тӛлегеннен қалған ақшамен маған пәтер 
іздеп жүр ме екен», — деп әлі үмітті. «Дүние-мүлкімді жинап алайын, — деп 
жалынып еді, «Қызың сені қарттар үйіне ӛткіземіз деген, саған не дүние 
керек», — деп есіктен итеріп шығарып, есігін тарс жауып алды. Содан бері 
ауладағы сәкіде күнге қақталып отыр. 
*** 
Степан жағдайдан хабарланған соң кӛршісін үйге шақырды. 
Тамақтандырды. Үйлерінің артында кооперативтік гаражы бар еді, соған 
ертіп барып: 
— Жора, сен енді осында тұр, суық түскенше. Оған дейін балаларың да 
хабарласып қалар. Тіпті болмаса, амал жоқ, қарттар үйіне барасың, — деді 
қырық жылғы кӛршісіне аяушылықпен қинала қарап. 
Ата-бабасынан қалған туған жерінде баспанасыз, қанынан жаралған 
балаларына күшіктей де керексіз болған Жайсаңғали белі бүкірейіп, басы 
салбырап, гараждың суық босағасына сүйенген қалпы есеңгіреп қала берді. 


Бір шәйқайнатым уақытта есін жиған Жайсаңғали қарашаңырағының 
алдына қораптарға салып шығарып тастаған ескі-құсқы заттарын жаңа 
қонысы — темір гаражға сүйретіліп жүріп, тасып алды. Сонда жиналмалы 
тӛсек бар екен, соған кӛрпелерді жайып салып, жастық тастап ӛзіне 
ыңғайлады. Бір жақсысы, Ильич шамын тӛбеден жалғыз ләмпішкемен қосып 
қойыпты. Кӛлік тұрағында күзетшіліктен қалған қос алақанның кӛлеміндей 
теледидарды тастамағаны жақсы болыпты. Соны қосып алды. Тоқ шәйнек те 
табыла кетті. Енді кешке қарай ішіне ел қондырмаса , шұрқырап түнімен 
ұйықтатпасын ойлап, кӛшенің арғы бетіндегі дүкенге беттеді. 
Зейнетақысынан қалған тиын-тебенді санап жұмыртқа мен нан алды. Белі 
қиралаңдап қайтып келді де жұмыртқаны шәугімге салып пісірді. «Қап, шәй 
алуды ұмытып кеткенім-ай», — деп қиналып тұрды да, «қойшы, шәй менің 
не теңім», — деп кӛңілі босап кесесіне қайнақ су құйып, тамаын жібітуге 
кірісті. Ӛзінше әзірлеген кешкі ас мәзірін қабылдап алып, үстел орнындағы 
ескі отырғышты тӛсегінің бас жағына қарай жылжытып қойды. Үстіндегі 
тамақтың қалдығы мен жалғыз кесені тӛсегінің астына қойып, енді 
отырғышқа теледидарын жайғастырды. 
«Қазақстан» арнасы халық әндерінен концерт беріп жатыр. Ұлттық киім 
киген орта жастағы әнші Ақансерінің «Маңмаңгерін» нақышына келтіре 
шырқап отыр. Қазақтың әйгілі әншісі Ақансері туған топырақ — Солтүстік 
Қазақстанның Айыртау ауданындағы Үлкен Қоскӛл маңында Жайсаңғали да 
туып еді. Шыққан тегі де — Арғын ішіндегі Қарауыл. Бала күнінде күллі 
ауылда Ақанның «Балқадиша», «Ләйлім шырақ», «Сырымбет» пен осы 
«Маңмаңгерді» шырқамайтын адам болмайтын. Әкесі керемет домбыра 
шертетін. Бұл да замандастары қатарлы сол әндерді айтатын. Мектеп бітіріп, 
Политехникалық институтқа түсем деп Алматыға келіп еді. Жоғарғы оқуға 
түсе алмады. Елге қайтпай, топты жолдаспен қалада қалып қойды. Киров 
атындағы зауыттың жұмысшысына айналды. Сол қалғаннан зауыттың топты 
орыс тілді жұмысшысына қосылып, одан Светасына үйленіп ана тілден де, 
ұлттық дәстүр-салттан да алшақтады. Халық әні тұрмақ, елге барар жолды 
ұмытты. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет