Қазақстанда ауыл шаруашылығын
ұжымдастыру
Жаңа экономикалық саясат нəтижесінде кооперативтік қозғалыс дами түсті. Мал саны 40,5
млн-ға жетті. Ф.И.Голощекин “ауылды кеңестендіру” ұранымен “жаңа революция” жүргізудің
идеялық-cаяси негізін жасады. Наразылық білдірген Т.Рысқұлов БК(б)П Орталық Комитетінің
қарамағына шақырылды, ал С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев “ұлтшыл”
деп айыпталды. Шабындық жəне егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды
ауырлата түсті. И.В.Сталиннің нұсқауымен астық дайындау барысында төтенше шаралар
қолдануға рұқсат етілді. Ф.Голощекин ауылдарға 4800 уәкіл жіберді, 31 мыңдай шаруа
жазаланды, 277 шаруа атылды.
Ұжымдастыру бай-кулактарды тəркілеуден басталды. 1928 жылғы тамызда “Аса ірі бай
шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тəркілеу жəне жер аудару туралы” декрет
жарияланды. Бай-феодалдар өздерінің мүліктік жəне қоғамдық ықпалымен ауылды
Кеңестендіруге кедергі жасайды деп саналды. Ең ірі 657 байлар мен жартылай феодалдар
жер аударылды. Олардан 145 мың мал тартып алынып, ауылшаруашылық құралдары 877
ұжымшарға, 24 491 шаруашылыққа бөлініп берілді.
1927 жылы желтоқсанда өткен Компартияның ХV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
бағытын жариялады. Ауылда кооперативтік қозғалыстың дамуы барысында еріктілік,
дербестік, материалдық мүдделілік, кооперативтендірудің жоғары формаларына кезеңмен
өту ұстанымдары жарияланды. ҚазақАКСР-де ұжымдастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай
аяқтау белгіленді.
Қазақстанның астықты аудандарындағы колхоздық құрылыстың негізгі формасы – ауыл
щаруашылығы артелі, ал мал шаруашылығы аудандарында – жерді бірлесіп өңдеу жəне шөп
шабу серіктестігі болуға тиіс еді. Жарғы бойынша мал қоғамдастырылмай, жеке мал мен
құрал-саймандарды пайдалануға ақы төленуі керек болатын.
1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада ұжымшар құрылысы жедел дамыды.
Алғашқы
МТC
(машина-трактор
станциялары)
құрылды.
Ұжымдастыру
мен
отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін қосымша 8 мың жұмысшы “ұжымдастырушылар”
тартылды. Мəскеу, Ленинград, Харьков, Иваново-Вознесенскіден 1204 адам жіберілді. Олар
Ресейдегі жобаны қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.
Ұжымдастыру идеясы мейлінше қатаң жүргізіліп, жаппай қуғындау мен лаңкестікке
негізделді. Ұжымдастыру даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен әкімшілдік-күштеу
əдістерімен жеделдете жүргізілді. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мəдени
тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады.
Белсенділер отырықшыландыруды жоспарланған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап
Достарыңызбен бөлісу: |